Об утверждении "Правил назначения и выплаты адресного социального пособия на детей-инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дому"

Решение 29 сессии Саранского городского маслихата Карагандинской области от 24 апреля 2003 года N 381. Зарегистрировано Управлением юстиции Карагандинской области 26 мая 2003 года за N 1200. Утратило силу решением Саранского городского маслихата Карагандинской области от 19 февраля 2016 года № 543

      Сноска. Утратило силу решением Саранского городского маслихата Карагандинской области от 19.02.2016 № 543.
      В целях назначения адресного социального пособия одному из родителей либо лицу его заменяющему, воспитывающих и обучающих на дому детей-инвалидов, руководствуясь статьей 35 Закона Республики Казахстан от 21 июня 1991 года "О социальной защищенности инвалидов в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2001 года N 1758 "О Программе реабилитации инвалидов на 2002-2005 годы" и статьями 31, 37 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года N 148-II "О местном государственном управлении в Республике Казахстан" Саранский городской Маслихат решил:
      1. Утвердить "Правила назначения и выплаты адресного социального пособия на детей-инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дому" согласно приложения.
      2. Городскому отделу образования (Овчаренко Е.Н.) в установленном законом порядке оказывать помощь родителям, воспитывающим и обучающим детей-инвалидов на дому.
      3. Отделу труда и социальной помощи населению города Сарани (Тунгушбаева К.О.) обеспечить своевременность назначения и выплату адресного социального пособия на детей-инвалидов.
      4. Городскому финансовому отделу (Кауырулы Ш.К.) по заявкам отдела труда и социальной помощи населению города Сарани обеспечить финансирование один раз в квартал адресного социального пособия на детей-инвалидов, обучающихся и воспитывающихся на дому, в размерах и суммах, утвержденных решением 27 сессии Саранского городского Маслихата от 27 февраля 2003 года N 357 "О городском бюджете на 2003 год".
      5. Контроль за исполнением данного решения возложить на заместителя акима города Сарани Ким Л.Н.

Председатель сессии
 
Секретарь маслихата
 

      

  Приложение к решению
29 сессии городского маслихата
N 381 от 24 апреля 2003 года
"Об утверждении "Правил назначения и
выплаты адресного социального пособия
на детей-инвалидов, воспитывающихся
и обучающихся на дому"

Правила
назначения и выплаты адресного социального пособия на детей-инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дому

      Настоящие Правила на основании статьи 35 Закона Республики Казахстан от 21 июня 1991 года "О социальной защищенности инвалидов в Республике Казахстан" с внесенными в него последующими изменениями и дополнениями, постановления Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2001 года N 1758 "О Программе реабилитации инвалидов на 2002-2005 годы" определяют порядок назначения и выплаты адресного социального пособия детям-инвалидам, воспитывающимся и обучающимся на дому.

1. Общие положения

      1. Правом на получение адресного социального пособия пользуется один из родителей либо лицо, его заменяющее, воспитывающее и обучающее на дому детей-инвалидов, если отсутствует возможность осуществлять воспитание и обучение таких детей-инвалидов в общих или специальных дошкольных организациях и учебных заведениях города, а также с учетом желания и возможности на это родителей, опекунов (попечителей).
      2. Адресное социальное пособие выплачивается на детей-инвалидов с детства в возрасте до 18 лет один раз в квартал из средств Саранского городского бюджета.
      3. Адресное социальное пособие назначается независимо от получения на детей-инвалидов других видов социальной помощи или алиментов.

2. Порядок назначения адресного социального пособия

      4. Граждане, имеющие право на получение адресного социального пособия, предоставляют в Отдел труда и социальной помощи населению города Сарани следующие документы:
      1) заявление по форме;
      2) документ, удостоверяющий личность;
      3) свидетельство о присвоении социального индивидуального кода (СИК);
      4) поквартирную карточку, заверенную миграционной полицией;
      5) справку медико-социальной экспертной комиссии об установлении инвалидности (установленного образца);
      6) справку Межведомственной психолого-медико-педагогической консультативной комиссии при Карагандинском областном департаменте образования о необходимости обучения и воспитания ребенка-инвалида на дому;
      7) копию свидетельства о рождении ребенка;
      8) к заявлению опекуна (попечителя) о назначении адресного социального пособия прилагается выписка из решения органа опеки и попечительства об установлении опеки (попечительства);
      9) акт обследования условий проживания семьи, обратившейся за назначением адресного социального пособия на детей-инвалидов.
      5. Личное дело получателя адресного социального пособия формируется Отделом труда и социальной помощи населению города Сарани.
      6. Адресное социальное пособие назначается с месяца обращения за назначением социальной помощи после возникновения права на пособие. Днем обращения считается день подачи заявления со всеми необходимыми документами.
      7. Адресное социальное пособие назначается на период, указанный в справке о необходимости обучения ребенка-инвалида на дому, выданной Межведомственной психолого-педагогической консультативной комиссией при Карагандинском областном департаменте образования.
      8. Отдел труда и социальной помощи населению города Сарани в десятидневный срок со дня поступления документов принимает решение о назначении адресного социального пособия из местного бюджета либо письменно и мотивированно отказывает в его назначении и возвращает заявителю документы.
      9. Решение об отказе может быть обжаловано в вышестоящем уполномоченном органе либо в судебном порядке.
      10. При наступлении обстоятельств, влекущих прекращение или возобновление назначения и выплаты адресного социального пособия (смерть ребенка, помещение ребенка-инвалида в школу-интернат, дом инвалида и так далее), назначение и выплата адресного социального пособия прекращается или возобновляется с месяца, следующего за тем месяцем, в котором наступят соответствующие обстоятельства.
      11. Обратившиеся с заявлением граждане несут полную ответственность за достоверность представленных сведений, в случае выявления нарушений, выплаченные суммы взыскиваются с виновных лиц в порядке, установленном действующим законодательством.
      12. В тех случаях, когда в квартале произошли изменения, право на получение адресного социального пособия пересматривается в следующем квартале.

3. Выплата пособия

      13. Адресное социальное пособие носит заявительную форму, назначается и выплачивается с зачислением суммы пособия на лицевой счет гражданина, открытый в филиалах Народного банка города.
      14. Адресное социальное пособие назначается один раз в квартал в размере и сумме, утвержденной решением 27 сессии Саранского городского Маслихата от 27 февраля 2003 года N 357 "О городском бюджете на 2003 год".
      15. Суммы адресного социального пособия не зачисленные своевременно по вине отдела труда и социальной помощи населению, назначающего и выплачивающего социальное пособие, зачисляются за прошлое время без ограничения каким-либо сроком единовременно.

4. Учет, контроль, отчетность

      16. Реализация мер, ведение учета, контроля и отчетности по назначению и выплате адресного социального пособия на детей-инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дому, возлагается на Отдел труда и социальной помощи населению города Сарани.
      17. Отдел труда и социальной помощи населению города Сарани ежемесячно предоставляет в городской финансовый отдел сведения о назначении и выплате адресного социального пособия одному родителю или лицу, его заменяющему, воспитывающему и обучающему на дому детей-инвалидов.

"Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек-балаларға атаулы әлеуметтік жәрдемақы тағайындау және төлеу Қағидасын" бекіту туралы

Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 29 сессиясының 2003 жылғы 24 сәуірдегі N 381 шешімі. Қарағанды облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 26 мамырда N 1200 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 2016 жылғы 19 ақпандағы N 543 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 19.02.2016 N 543 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 21 маусымдағы "Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 желтоқсандағы "Мүгедектердi оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" N 1758 қаулысына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" N 148-II Заңының 31, 37 баптарын басшылыққа ала отырып, үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек- балалардың ата-аналарының біреуіне не оның орнындағы тұлғаға атаулы әлеуметтік жәрдемақы тағайындау мақсатында Саран қалалық Мәслихат шешті:
      1. Қосымша беріліп отырған "Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек-балаларға атаулы әлеуметтік жәрдемақы тағайындау және төлеу Қағидасы" бекітілсін.
      2. Қалалық білім беру бөлімі (Е.Н. Овчаренко) заңмен белгіленген тәртіпке сәйкес үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек-балалардың ата-аналарына көмек көрсетсін.
      3. Саран қаласының еңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөлімі (К.О. Тұңғышбаева) мүгедек-балаларға атаулы әлеуметтік жәрдемақы тағайындау және төлеуді дер кезінде қамтамасыз етсін.
      4. Қалалық қаржы бөлімі (Ш.К. Қауырұлы) Саран қаласының еңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің өтініші бойынша, Саран қалалық Мәслихаттың 2003 жылғы 27 ақпандағы 27 сессиясының "2003 жылға арналған қалалық бюджет туралы" N 357 шешімімен бекітілген мөлшері және сомада, үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек-балаларға атаулы әлеуметтік жәрдемақыны тоқсанда бір рет қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      5. Осы шешімнің орындалуын бақылау Саран қаласы әкімінің орынбасары Л.Н. Кимге жүктелсін.

Сессия төрағасы
 
Мәслихат хатшысы
 

      

  Қалалық мәслихаттың 2003 жылғы
24 сәуірдегі 29 сессиясының N 381
шешіміне "Үйде тәрбиеленетін және
оқитын мүгедек-балаларға атаулы
әлеуметтік жәрдемақы тағайындау
және төлеу Қағидасын" бекіту
туралы" қосымша

Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек-балаларға атаулы әлеуметтік жәрдемақы тағайындау және төлеу
Қағидасы

      Осы Қағида Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 21 маусымдағы "Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы" Заңының 35 бабына, оған келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізумен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 желтоқсандағы "Мүгедектердi оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" N 1758 қаулысы негізінде үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек-балаларға атаулы әлеуметтік жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртібін белгілейді.

1. Жалпы ережелер

      1. Егер осындай мүгедек-балаларды қалада жалпы немесе арнаулы мектепке дейінгі ұйымдарда және оқу орындарында тәрбиелеу және оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік жоқ болса, сондай-ақ ата-аналардың, қамқоршылардың (қорғаншылардың) тілегі мен мүмкіндіктерін есепке ала отырып, атаулы әлеуметтік жәрдемақы алу құқығына үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек-балалардың ата-аналарының біреуі не оның орнындағы тұлға иеленеді.
      2. Мүгедек-балаларға атаулы әлеуметтік жәрдемақы бала жасынан 18 жасқа дейін тоқсанда бір рет Саран қалалық бюджет қаражатынан төленеді.
      3. Атаулы әлеуметтік жәрдемақы мүгедек-балаларға әлеуметтік көмектердің басқа түрлерінен немесе алименттен тәуелсіз тағайындалады.

2. Атаулы әлеуметтік жәрдемақы тағайындау тәртібі

      4. Атаулы әлеуметтік жәрдемақы алуға құқығы бар азаматтар Саран қаласының еңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөліміне келесі құжаттарды тапсырады:
      1) форма бойынша өтініш;
      2) жеке басын куәландыратын құжат;
      3) әлеуметтік жеке код беруі туралы куәлік (ӘЖК);
      4) көші-қон полициясымен куәландырылған, отбасы мүшелері жөніндегі, тұрғылықты жердің анықтамасы;
      5) мүгедектікті анықтау туралы медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясының анықтамасы (белгіленген үлгіде);
      6) мүгедек-баланы үйде оқыту және тәрбиелеу қажеттілігі туралы Қарағанды облыстық білім беру департаментінің жанындағы ведомствоаралық психологиялық - медициналық - педагогикалық консультативтік комиссиясының анықтамасы;
      7) баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі;
      8) қамқоршының (қорғаншының) атаулы әлеуметтік жәрдемақы тағайындау туралы өтінішіне қамқорлық (қорғаныш) белгілеу жөнінде қамқорлық және қорғаныш органының шешімінің көшірмесі қоса беріледі;
      9) мүгедек-балаларға әлеуметтік жәрдемақы тағайындауға өтініш берген отбасының тұрмыстық жағдайын зерттеу актісі.
      5. Атаулы әлеуметтік жәрдемақы алушының жеке ісі Саран қаласының еңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөлімімен қалыптастырылады.
      6. Жәрдемақы алу құқығы пайда болғаннан кейін, әлеуметтік көмек тағайындау үшін өтініш берген айдан бастап атаулы әлеуметтік жәрдемақы тағайындалады. Келген күні болып барлық қажетті құжаттармен өтініш берген күні есептеледі.
      7. Атаулы әлеуметтік жәрдемақы Қарағанды облыстық білім беру департаментінің жанындағы ведомствоаралық психологиялық-педагогикалық консультативтік комиссия берген мүгедек-баланы үйде оқыту қажеттілігі туралы анықтамада көрсетілген кезеңге тағайындалады.
      8. Саран қаласының еңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөлімі құжат түскен күннен он күндік мерзімде жергілікті бюджеттен атаулы әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау туралы шешім қабылдайды не жазбаша және дәлелді оны тағайындаудан бас тартады және өтініш берушіге құжаттарын қайтарып береді.
      9. Бас тарту туралы шешім жоғарғы уәкілетті органда не соттық тәртіпте шағымдалуы мүмкін.
      10. Атаулы әлеуметтік жәрдемақы тағайындады және төлеуді тоқтату немесе қайта жаңғырту жағдайы пайда болғанда (баланың қайтыс болуы, мүгедек-баланы мектеп-интернатқа, мүгедектер үйіне орналастыру және тағы басқа), атаулы әлеуметтік жәрдемақы тағайындау және төлеу тоқтатылады немесе сәйкес жағдайлар пайда болған айдан бастап кейінгі келесі айдан қайта төленеді.
      11. Өтінішпен келген азаматтар тапсырған мәліметтерінің дұрыстығына толық жауапкершілік артады, кемшіліктер белгілі болған жағдайда төленген сомалар қолданыстағы заңмен белгіленген тәртіпке сәйкес кінәлілерден өндіріліп алынады.
      12. Тоқсанда өзгерістер болған жағдайда, атаулы әлеуметтік жәрдемақы алу құқығы келесі тоқсанда қарастырылады.

3. Жәрдемақы төлеу

      13. Атаулы әлеуметтік жәрдемақы өтініш үлгісінде жасалып, қаладағы Халық банкі филиалында ашылған азаматтың жеке шотына жәрдемақы сомасы есепке қосылуымен тағайындалады және төленеді.
      14. Атаулы әлеуметтік жәрдемақы Саран қалалық Мәслихаттың 2003 жылғы 27 ақпандағы 27 сессиясының "2003 жылға арналған қалалық бюджет туралы" N 357 шешімімен бекітілген, мөлшері және сомасында тоқсанда бір рет тағайындалады.
      15. Атаулы әлеуметтік жәрдемақы сомалары халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің кінәсі бойынша мезгілімен есепке қосылмаса, әлеуметтік жәрдемақы, өткен уақыт үшін шектеусіз қандай да мерзіммен бір мезгілде есепке қосылады.

4. Есеп, бақылау, есеп беру

      16. Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек-балаларға атаулы әлеуметтік жәрдемақы тағайындау және төлеу бойынша есеп бақылау және есеп беруді жүргізу, шараларды жүзеге асыру Саран қаласының еңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөліміне жүктеледі.
      17. Саран қаласының еңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөлімі ай сайын қалалық қаржы бөліміне үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек-балалардың ата-анасының біреуіне немесе оның орнындағы тұлғаға атаулы әлеуметтік жәрдемақы тағайындау және төлеу туралы мәлімет тапсырады.