Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 21 маусымдағы "Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 желтоқсандағы "Мүгедектердi оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" N 1758 қаулысына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" N 148-II Заңының 31, 37 баптарын басшылыққа ала отырып, үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек- балалардың ата-аналарының біреуіне не оның орнындағы тұлғаға атаулы әлеуметтік жәрдемақы тағайындау мақсатында Саран қалалық Мәслихат шешті:
1. Қосымша беріліп отырған "Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек-балаларға атаулы әлеуметтік жәрдемақы тағайындау және төлеу Қағидасы" бекітілсін.
2. Қалалық білім беру бөлімі (Е.Н. Овчаренко) заңмен белгіленген тәртіпке сәйкес үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек-балалардың ата-аналарына көмек көрсетсін.
3. Саран қаласының еңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөлімі (К.О. Тұңғышбаева) мүгедек-балаларға атаулы әлеуметтік жәрдемақы тағайындау және төлеуді дер кезінде қамтамасыз етсін.
4. Қалалық қаржы бөлімі (Ш.К. Қауырұлы) Саран қаласының еңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің өтініші бойынша, Саран қалалық Мәслихаттың 2003 жылғы 27 ақпандағы 27 сессиясының "2003 жылға арналған қалалық бюджет туралы" N 357 шешімімен бекітілген мөлшері және сомада, үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек-балаларға атаулы әлеуметтік жәрдемақыны тоқсанда бір рет қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау Саран қаласы әкімінің орынбасары Л.Н. Кимге жүктелсін.
Сессия төрағасы | |
Мәслихат хатшысы | |
Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек-балаларға атаулы әлеуметтік жәрдемақы тағайындау және төлеу
Қағидасы
Осы Қағида Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 21 маусымдағы "Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы" Заңының 35 бабына, оған келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізумен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 желтоқсандағы "Мүгедектердi оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" N 1758 қаулысы негізінде үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек-балаларға атаулы әлеуметтік жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртібін белгілейді.1. Жалпы ережелер
1. Егер осындай мүгедек-балаларды қалада жалпы немесе арнаулы мектепке дейінгі ұйымдарда және оқу орындарында тәрбиелеу және оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік жоқ болса, сондай-ақ ата-аналардың, қамқоршылардың (қорғаншылардың) тілегі мен мүмкіндіктерін есепке ала отырып, атаулы әлеуметтік жәрдемақы алу құқығына үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек-балалардың ата-аналарының біреуі не оның орнындағы тұлға иеленеді.2. Мүгедек-балаларға атаулы әлеуметтік жәрдемақы бала жасынан 18 жасқа дейін тоқсанда бір рет Саран қалалық бюджет қаражатынан төленеді.
3. Атаулы әлеуметтік жәрдемақы мүгедек-балаларға әлеуметтік көмектердің басқа түрлерінен немесе алименттен тәуелсіз тағайындалады.
2. Атаулы әлеуметтік жәрдемақы тағайындау тәртібі
4. Атаулы әлеуметтік жәрдемақы алуға құқығы бар азаматтар Саран қаласының еңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөліміне келесі құжаттарды тапсырады:1) форма бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат;
3) әлеуметтік жеке код беруі туралы куәлік (ӘЖК);
4) көші-қон полициясымен куәландырылған, отбасы мүшелері жөніндегі, тұрғылықты жердің анықтамасы;
5) мүгедектікті анықтау туралы медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясының анықтамасы (белгіленген үлгіде);
6) мүгедек-баланы үйде оқыту және тәрбиелеу қажеттілігі туралы Қарағанды облыстық білім беру департаментінің жанындағы ведомствоаралық психологиялық - медициналық - педагогикалық консультативтік комиссиясының анықтамасы;
7) баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі;
8) қамқоршының (қорғаншының) атаулы әлеуметтік жәрдемақы тағайындау туралы өтінішіне қамқорлық (қорғаныш) белгілеу жөнінде қамқорлық және қорғаныш органының шешімінің көшірмесі қоса беріледі;
9) мүгедек-балаларға әлеуметтік жәрдемақы тағайындауға өтініш берген отбасының тұрмыстық жағдайын зерттеу актісі.
5. Атаулы әлеуметтік жәрдемақы алушының жеке ісі Саран қаласының еңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөлімімен қалыптастырылады.
6. Жәрдемақы алу құқығы пайда болғаннан кейін, әлеуметтік көмек тағайындау үшін өтініш берген айдан бастап атаулы әлеуметтік жәрдемақы тағайындалады. Келген күні болып барлық қажетті құжаттармен өтініш берген күні есептеледі.
7. Атаулы әлеуметтік жәрдемақы Қарағанды облыстық білім беру департаментінің жанындағы ведомствоаралық психологиялық-педагогикалық консультативтік комиссия берген мүгедек-баланы үйде оқыту қажеттілігі туралы анықтамада көрсетілген кезеңге тағайындалады.
8. Саран қаласының еңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөлімі құжат түскен күннен он күндік мерзімде жергілікті бюджеттен атаулы әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау туралы шешім қабылдайды не жазбаша және дәлелді оны тағайындаудан бас тартады және өтініш берушіге құжаттарын қайтарып береді.
9. Бас тарту туралы шешім жоғарғы уәкілетті органда не соттық тәртіпте шағымдалуы мүмкін.
10. Атаулы әлеуметтік жәрдемақы тағайындады және төлеуді тоқтату немесе қайта жаңғырту жағдайы пайда болғанда (баланың қайтыс болуы, мүгедек-баланы мектеп-интернатқа, мүгедектер үйіне орналастыру және тағы басқа), атаулы әлеуметтік жәрдемақы тағайындау және төлеу тоқтатылады немесе сәйкес жағдайлар пайда болған айдан бастап кейінгі келесі айдан қайта төленеді.
11. Өтінішпен келген азаматтар тапсырған мәліметтерінің дұрыстығына толық жауапкершілік артады, кемшіліктер белгілі болған жағдайда төленген сомалар қолданыстағы заңмен белгіленген тәртіпке сәйкес кінәлілерден өндіріліп алынады.
12. Тоқсанда өзгерістер болған жағдайда, атаулы әлеуметтік жәрдемақы алу құқығы келесі тоқсанда қарастырылады.
3. Жәрдемақы төлеу
13. Атаулы әлеуметтік жәрдемақы өтініш үлгісінде жасалып, қаладағы Халық банкі филиалында ашылған азаматтың жеке шотына жәрдемақы сомасы есепке қосылуымен тағайындалады және төленеді.14. Атаулы әлеуметтік жәрдемақы Саран қалалық Мәслихаттың 2003 жылғы 27 ақпандағы 27 сессиясының "2003 жылға арналған қалалық бюджет туралы" N 357 шешімімен бекітілген, мөлшері және сомасында тоқсанда бір рет тағайындалады.
15. Атаулы әлеуметтік жәрдемақы сомалары халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің кінәсі бойынша мезгілімен есепке қосылмаса, әлеуметтік жәрдемақы, өткен уақыт үшін шектеусіз қандай да мерзіммен бір мезгілде есепке қосылады.
4. Есеп, бақылау, есеп беру
16. Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек-балаларға атаулы әлеуметтік жәрдемақы тағайындау және төлеу бойынша есеп бақылау және есеп беруді жүргізу, шараларды жүзеге асыру Саран қаласының еңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөліміне жүктеледі.17. Саран қаласының еңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөлімі ай сайын қалалық қаржы бөліміне үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек-балалардың ата-анасының біреуіне немесе оның орнындағы тұлғаға атаулы әлеуметтік жәрдемақы тағайындау және төлеу туралы мәлімет тапсырады.