Об утверждении Правил инвестирования активов инвестиционного фонда за пределами Республики Казахстан

Постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 21 августа 2004 года № 258. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 5 октября 2004 года № 3131. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 24 февраля 2012 года № 60

      Сноска. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка РК от 24.02.2012 № 60 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 4 статьи 37 Закона Республики Казахстан "Об инвестиционных фондах" Правление Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций (далее - Агентство) ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить Правила инвестирования активов инвестиционного фонда за пределами Республики Казахстан. 

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении четырнадцати дней со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      3. Департаменту стратегии и анализа (Еденбаев Е.С.):
      1) совместно с Юридическим департаментом (Байсынов М.Б.) принять меры к государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления;
      2) в десятидневный срок со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан довести настоящее постановление до сведения заинтересованных подразделений Агентства, Объединения юридических лиц "Ассоциация финансистов Казахстана", Объединения юридических лиц "Ассоциация Управляющих активами", управляющих инвестиционным портфелем.

      4. Департаменту по обеспечению деятельности Агентства (Несипбаев Р.Р.) принять меры к публикации настоящего постановления в средствах массовой информации Республики Казахстан.

      5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Агентства Бахмутову Е.Л.


      Председатель 

      

Утверждены                 
постановлением Правления Агентства   
Республики Казахстан по регулированию  
и надзору финансового рынка и финансовых 
организаций от 21 августа 2004 года N 258
"Об утверждении Правил инвестирования   
активов инвестиционного фонда за пределами 
Республики Казахстан"             


Правила 
инвестирования активов инвестиционного фонда 
за пределами Республики Казахстан


      1. Настоящие Правила устанавливают условия и порядок инвестирования активов инвестиционного фонда за пределы Республики Казахстан.
      2. Управляющая компания инвестиционного фонда инвестирует активы инвестиционного фонда за пределы Республики Казахстан самостоятельно или с использованием услуг третьих лиц в соответствии с требованиями пункта 7  статьи 37 и  статьи 41 Закона Республики Казахстан "Об инвестиционных фондах" и иного законодательства Республики Казахстан.
      3. Активы инвестиционного фонда инвестируются за пределами Республики Казахстан в следующие виды имущества:
      1) иностранная валюта стран, присоединившихся к Статье 8 Устава Международного валютного фонда; 
      2) аффинированные драгоценные металлы, соответствующие международным стандартам качества, принятым Лондонской ассоциацией рынка драгоценных металлов (London bullion market association) и обозначенным в документах данной ассоциации как стандарт "Лондонская качественная поставка" ("London good delivery");
      3) ценные бумаги, эмитированные следующими международными финансовыми организациями:
      Международным банком реконструкции и развития;
      Европейским банком реконструкции и развития;
      Межамериканским банком развития;
      Банком международных расчетов;
      Азиатским банком развития;
      Африканским банком развития;
      Международной финансовой корпорацией;
      Исламским банком развития;
      Европейским инвестиционным банком;
      4) ценные бумаги иностранных государств и агентские облигации финансовых агентств государств, имеющих долгосрочную рейтинговую оценку в иностранной валюте по международной шкале кредитного рейтинга не ниже "ВВ-" (по классификации рейтинговых агентств "Standard & Poor's" или "Fitch") или "Ва3" (по классификации рейтингового агентства "Moody's Investors Service");
      5) вклады в банках-нерезидентах, имеющих долгосрочную рейтинговую оценку в иностранной валюте по международной шкале кредитного рейтинга не ниже "ВВ-" (по классификации рейтинговых агентств "Standard & Poor's" или "Fitch") или "Ва3" (по классификации рейтингового агентства "Moody's Investors Service");
      6) векселя, долговые ценные бумаги нерезидентов, имеющих долгосрочную рейтинговую оценку в иностранной валюте по международной шкале кредитного рейтинга не ниже "ВВ-" (по классификации рейтинговых агентств "Standard & Poor's" или "Fitch") или "Ва3" (по классификации рейтингового агентства "Moody's Investors Service");
      7) акции, обращающиеся в торговых системах организаторов торгов и эмитенты которых имеют долгосрочную рейтинговую оценку в иностранной валюте по международной шкале кредитного рейтинга не ниже "ВB-" (по классификации рейтинговых агентств "Standard & Poor's" или "Fitch") или "В3" (по классификации рейтингового агентства "Moody's Investors Service");
      8) финансовые инструменты инвестиционных фондов, имеющих рейтинговую оценку по международной шкале не ниже "ВВ-" (по классификации рейтинговых агентств "Standard & Poor's" или "Fitch") или "Ва3" (по классификации рейтингового агентства "Moody's Investors Service"), выпущенные в соответствии с законодательством иных, помимо Республики Казахстан, государств;
      9) депозитарные расписки, базовым активом которых являются ценные бумаги эмитентов, имеющих рейтинговую оценку в иностранной валюте по международной шкале кредитного рейтинга не ниже "ВВ-" (по классификации рейтинговых агентств "Standard & Poor's" или "Fitch") или "Ва3" (по классификации рейтингового агентства "Moody's Investors Service");
      10) приобретаемые в целях хеджирования производные ценные бумаги нерезидентов, имеющих долгосрочную рейтинговую оценку в иностранной валюте по международной шкале кредитного рейтинга не ниже "ВВ+" (по классификации рейтинговых агентств "Standard & Poor's" или "Fitch") или "Ва1" (по классификации рейтингового агентства "Moody's Investors Service").
 

      4. Управляющая компания инвестиционного фонда осуществляет за пределами Республики Казахстан операции "РЕПО" и "обратное РЕПО" с активами инвестиционного фонда.
 

      5. Требования настоящих Правил не применяются в отношении активов инвестиционных фондов рискового инвестирования. 
      Перечень видов имущества за пределами Республики Казахстан, в которые могут инвестироваться активы инвестиционного фонда рискового инвестирования, определяется инвестиционной декларацией инвестиционного фонда.
 

      6. Вопросы, неурегулированные настоящими Правилами, разрешаются в порядке, предусмотренном законодательством Республики Казахстан.



Инвестициялық қордың активтерін Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде инвестициялау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 258 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 5 қазанда тіркелді. Тіркеу N 3131. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 60 қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Инвестициялық қорлар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  37-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы қаулы етеді:
      1. Инвестициялық қордың активтерін Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде инвестициялау ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
      3. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалардың бірлестігіне, "Активтерді басқарушылар қауымдастығы" Заңды тұлғалардың бірлестігіне, инвестициялық портфельді басқарушыларға жіберсін.
      4. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е. Бахмутоваға жүктелсін.

      Төраға

Қазақстан Республикасының    
Қаржы нарығын және қаржы     
ұйымдарын реттеу мен      
қадағалау жөніндегі агенттігі  
Басқармасының "Инвестициялық   
қордың активтерін Қазақстан   
Республикасынан тыс жерлерде  
инвестициялау ережесін бекіту  
туралы" 2004 жылғы 21 тамыздағы 
N 258 қаулысымен бекітілген 

Инвестициялық қордың активтерін Қазақстан
Республикасынан тыс жерлерде инвестициялау
ережесі

      1. Осы Ереже Инвестициялық қордың активтерін Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде инвестициялау талаптары мен тәртібін белгілейді.
 

      2. Инвестициялық қордың басқарушы компаниясы инвестициялық қордың активтерін Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде дербес немесе "Инвестициялық қорлар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының   37-бабы 7-тармағының әрі  41-баптың талаптарына және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес үшінші тұлғалардың қызметтерін пайдалана отырып инвестициялайды.
 

      3. Инвестициялық қордың активтері Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде мүліктің мынадай түрлеріне инвестицияланады:
      1) Халықаралық валюталық қор Жарғысының 8-бабына қосылатын елдердің шетел валютасына;
      2) Лондонның қымбат металдар рыногының қауымдастығында (London bullion market association) қабылданған халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетін және осы қауымдастықтың құжаттарында "Лондондық сапалы жеткізілім" ("London good delivery") стандарты ретінде белгіленген тазартылған қымбат металдарға;
      3) мынадай халықаралық қаржы ұйымдары эмиссиялаған бағалы қағаздарға:
      Халықаралық Қайта құру және даму банкі;
      Еуропа Қайта құру және даму банкі;
      Америкааралық даму банкі;
      Халықаралық есеп айырысу банкі;
      Азия даму банкі;
      Африка даму банкі;
      Халықаралық қаржы корпорациясы;
      Ислам даму банкі;
      Еуропа инвестициялық банкі;
      4) кредиттік рейтингтің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ"-дан ("Standard & Poor's" немесе "Fitch" рейтингтік агенттіктердің жіктемесі бойынша) немесе "Ва3"-тен ("Moody's Investors Service" рейтингтік агенттік жіктемесі бойынша) төмен емес шетел валютасында ұзақ мерзімді рейтингтік бағасы бар шетел мемлекеттерінің бағалы қағаздары мен қаржы агенттіктерінің агенттік облигацияларына;
      5) кредиттік рейтингтің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ"-дан ("Standard & Poor's" немесе "Fitch" рейтингтік агенттіктердің жіктемесі бойынша) немесе "Ва3"-тен ("Moody's Investors Service" рейтингтік агенттік жіктемесі бойынша) төмен емес шетел валютасында ұзақ мерзімді рейтингтік бағасы бар резидент емес банктердегі салымдарға;
      6) кредиттік рейтингтің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ"-дан ("Standard & Poor's" немесе "Fitch" рейтингтік агенттіктердің жіктемесі бойынша) немесе "Ва3"-тен ("Moody's Investors Service" рейтингтік агенттік жіктемесі бойынша) төмен емес шетел валютасында ұзақ мерзімді рейтингтік бағасы бар резидент еместердің вексельдеріне, борыштық бағалы қағаздарына;
      7) кредиттік рейтингтің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ"-дан ("Standard & Poor's" немесе "Fitch" рейтингтік агенттіктердің жіктемесі бойынша) немесе "Ва3"-тен ("Moody's Investors Service" рейтингтік агенттік жіктемесі бойынша) төмен емес шетел валютасында ұзақ мерзімді рейтингтік бағасы бар сауда-саттықты ұйымдастырушылардың сауда жүйелерінде айналыста болатын акцияларға;
      8) кредиттік рейтингтің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ"-дан ("Standard & Poor's" немесе "Fitch" рейтингтік агенттіктердің жіктемесі бойынша) немесе "Ва3"-тен ("Moody's Investors Service" рейтингтік агенттік жіктемесі бойынша) төмен емес шетел валютасында рейтингтік бағасы бар инвестициялық қорлардың қаржы құралдарына;
      9) базалық активі кредиттік рейтингтің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ"-дан ("Standard & Poor's" немесе "Fitch" рейтингтік агенттіктердің жіктемесі бойынша) немесе "Ва3"-тен ("Moody's Investors Service" рейтингтік агенттік жіктемесі бойынша) төмен емес шетел валютасында ұзақ мерзімді рейтингтік бағасы бар эмитенттердің бағалы қағаздары болып табылатын депозитарлық қолхаттар;
      10) хеджирлеу мақсатында сатып алынатын кредиттік рейтингтің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ+"-тен ("Standard & Poor's" немесе "Fitch" рейтингтік агенттіктердің жіктемесі бойынша) немесе "Ва1"-ден ("Moody's Investors Service" рейтингтік агенттік жіктемесі бойынша) төмен емес шетел валютасында ұзақ мерзімді рейтингтік бағасы бар резидент еместердің туынды бағалы қағаздары.
 

      4. Инвестициялық қордың басқарушы компаниясы Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде инвестициялық қордың активтерімен "РЕПО" және "кері РЕПО" операцияларын жүзеге асырады.
 

      5. Осы Ереженің талаптары тәуекелді инвестициялаудың инвестициялық қордың активтеріне қатысты қолданылмайды.
      Тәуекелді инвестициялаудың инвестициялық қордың активтері инвестициялана алатын Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі мүлік түрлерінің тізбесі инвестициялық қордың инвестициялық декларациясымен айқындалады.
 

      6. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен шешіледі.