Қаржы құралдарын және инвестициялық қор активтерінің құрамына кіретін өзге де мүлікті инвестициялау қағидаларын және акционерлік және инвестициялық пай қорлары активтерінің құрамына кіруі мүмкін қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 60 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 10 сәуірде № 7540 тіркелді.

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 22.12.2023 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Мыналар:

      1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Қаржы құралдарын және инвестициялық қор активтерінің құрамына кіретін өзге де мүлікті инвестициялау қағидалары;

      2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Акционерлік және инвестициялық пай қорлары активтерінің құрамына кіруі мүмкін қаржы құралдарының тізбесі бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының "Инвестициялық қордың активтерін Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде инвестициялау ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 21 тамыздағы № 258 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3131 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Басқарушы компаниялар осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап үш айдың ішінде өз қызметін осы қаулының талаптарына сәйкес келтірсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Г. Марченко

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 ақпандағы
№ 60 қаулысына
1-қосымша

Қаржы құралдарын және инвестициялық қор активтерінің құрамына кіретін өзге де мүлікті инвестициялау қағидалары

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Осы Қаржы құралдарын және инвестициялық қор активтерінің құрамына кіретін өзге де мүлікті инвестициялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Заңына сәйкес әзірленді және акционерлік және инвестициялық пай қорлары активтерінің құрамына кіретін қаржы құралдарын және өзге мүлікті инвестициялау тәртібін белгілейді.

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 22.12.2023 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) баға белгілеу – почта, электронды немесе факсимильді байланыс арқылы алынған қаржы құралдары бойынша қарсы әріптестерінің баға ұсыныстары;

      2) басқарушы компания - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) берген лицензиясы негізінде инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы;

      3) биржалық ивестициялық пай қоры (Exchange Traded Fund) (ETF) (Эксчейндж Трэйдэд Фандс) – пайлары қор биржасында айналыста болатын индекстік инвестициялаудың аралық ивестициялық пай қоры;

      4) инвестициялық қор – Заңға сәйкес құрылған акционерлік немесе инвестициялық қор;

      5) қарсы әріптес – Қазақстан Республикасының немесе шетел мемлекеттің заңнамасына сәйкес қаржы құралдарымен мәмілелер жасау құқығына ие заңды тұлға;

      6) халықаралық қаржы ұйымы – халықаралық шарты (келісімі) не жарғы негізінде құрылған және қолданыстағы халықаралық мәртебесі бар ұйым;

      7) Exchange Traded Funds (ETF) (Эксчейндж Трэйдэд Фандс) пайлары – баға белгілеу сол немесе өзге активтер (акциялар, облигациялар, тауар өнімдері) сыныбына не индекстерге байланысты гибридтік сауда құралы;

      8) principal protected notes (принципл протектед ноутс) – негізгі борыш сомасын толық қайтару бойынша эмитенттің кепілдігі белгіленген борыштық бағалы қағаздары.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 22.12.2023 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Басқарушы компания инвестициялық қордың активтерін инвестициялық басқаруды Заңның, осы Қағидалардың, "Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 10 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9248 тіркелген), "Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 214 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8796 тіркелген) талаптарына және инвестициялық қордың инвестициялық декларациясына сәйкес жүзеге асырады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 250 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Басқарушы компания брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы болған кезде не Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің (Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде инвестициялық қор активтерінің есебінен мәмілелер жасаған кезде) заңнамасына сәйкес қаржы құралдарымен мәмілелер жасау құқығына ие заңды тұлғалардың қызметтерін пайдалана отырып, инвестициялық басқаруға қабылданған инвестициялық қорлар активтерінің есебінен мәмілелерді дербес жасайды.

      Басқарушы компания инвестициялық басқаруға қабылдаған инвестициялық қор активтерінің есебінен бастапқы ұйымдастырылмаған нарықтағы мемлекеттік емес бағалы қағаздармен (оларды орналастырған кезде), сондай-ақ бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында айналысқа жіберілмеген бағалы қағаздармен және заңды тұлғалардың жарғылық капиталында қатысу үлестерімен мәмілелерді басқарушы компания дербес жасайды.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 239 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      4. Басқарушы компания қаржы құралдарымен мәмілелер жасаған кезде "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, "Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидаларын, брокердің және (немесе) дилердің банк операцияларын жүргізу тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 9 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9249 болып тіркелген) белгіленген талаптарды басшылыққа алады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 22.12.2023 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Егер инвестициялық қордың инвестициялық портфелін басқару бойынша шартымен басқарушы компания осы шарттың талаптарын орындалуын үшінші тұлғаға беру мүмкіндігі көзделсе, онда шарт мыналарды:

      1) акционерлік инвестициялық қордың не инвестициялық пай қорының ұстаушылары алдындағы міндеттемелері бойынша басқарушы компанияның жауапкершілігін;

      2) осы Қағидаларды және осы инвестициялық қордың инвестициялық декларациясын сақтауымен инвестициялық қордың активтерін басқару шартын көздейді.

      6. Басқарушы компания инвестициялық басқарудағы ашық және аралық инвестициялық пай қорларының және жылжымайтын мүлік қорларының активтерін Заңның 37-бабының 3-тармағына сәйкес белгіленген акционерлік және инвестициялық пай қорлары активтерінің құрамына кіруі мүмкін қаржы құралдарының тізбесіне инвестициялайды.

      Басқарушы компанияда инвестициялық басқаруындағы акционерлік инвестициялық қорлардың (жылжымайтын мүлік қорларын қоспағанда) және жабық инвестициялық қорларының активтері инвестициялық қордың инвестициялық декларациясында белгіленген инвестициялау объектілерінің тізбесінде инвестицияланады.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Жылжымайтын мүлік қорларының, ашық және аралық инвестициялық пай қорларының активтері есебінен туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасауға осы туынды қаржы құралдары Заңның 37-бабының 3-тармағына сәйкес айқындалған акционерлік және инвестициялық пай қорлары активтерінің құрамына кіре алатын қаржы құралдарының тізбесінде көзделген жағдайда хеджирлеу мақсаты үшін рұқсат етіледі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 250 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Басқарушы компания инвестициялық қор активтерін инвестициялауды Қағидаларда және инвестициялық қордың инвестициялық декларациясында белгіленген инвестициялау лимиттерін сақтаған кезде жүзеге асырады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8-1. Инвестициялық қордың активтерінің есебінен жасалған инвестициялардың жиынтық мөлшері Қағидалардың 8-2-тармағында белгіленген қаржы құралдарын қоспағанда, инвестициялық қордың активтерінің есебінен бір тұлға және оның үлестес тұлғалары шығарған (ұсынған) қаржы құралдарына инвестициялардың жиынтық мөлшері:

      1) ашық немесе аралық инвестициялық пай қоры үшін таза активтер құнының жиырма пайызынан;

      2) акционерлік инвестициялық қор және жабық инвестициялық пай қоры үшін таза активтер құнының отыз пайызынан;

      3) ақшаға, орталық контрагенттің қатысуымен жасалған кері репо операцияларының мәні болып табылатын бағалы қағаздарға, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына, Exchange Traded Funds-тың (Эксчейндж Трэйдэд Фандстың) баға құру қор индекстеріне байланысты пайларына қатысты ашық, аралық және жабдық инвестициялық пай қорының және акционерлік инвестициялық қорының активтері құнының бір жүз пайызынан аспайды.

      Ескерту. 8-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8-2. Дауыс беретін акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке немесе ұлттық басқарушы холдингке немесе ұлттық холдингке және оның қызметін ұлттық экономиканың бір саласында жүзеге асыратын үлестес тұлғаларына тиесілі болатын бір тұлға шығарған (ұсынған) қаржы құраларына инвестициялық қордың активтерінің есебінен жасалған инвестициялардың жиынтық мөлшері:

      1) ашық немесе аралық инвестициялық пай қоры үшін таза активтер құнының отыз пайызынан;

      2) акционерлік инвестициялық қор және жабық инвестициялық пай қоры үшін таза активтер құнының елу пайызынан аспайды.

      Ескерту. 8-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8-3. Қағидалардың 8-1 және 8-2-тармақтарыда көрсетілген қаржы құралдарына инвестициялық қорлар активтерінің есебінен инвестициялардың жиынтық мөлшері тәуекелмен инвестицияланатын инвестициялық қорлардың активтері құнының бір жүз пайызынан және жылжымайтын мүлік қорының таза активтері құнының жиырма пайызынан аспайды.

      Ескерту. 8-3-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9. Басқарушы компания инвестициялық қор (тәуекелмен инвестицияланатын инвестициялық қорларды қоспағанда) активтерін басқару процесінде мыналарды болжайтын инвестициялық шешімдерді қабылдамайды:

      1) эмитентте дефолт болған (эмитенттің бағалы қағаздарын және басқа міндеттемелерін эмитенттің міндеттемелерін қайта құрылымдау мақсатында шығарылған осы эмитенттің бағалы қағаздарына айырбастауды қоспағанда) не қор биржасының осы қаржы құралдарымен сауда-саттықты тоқтау күнінен бастап акционерлік инвестициялық қордың, сондай-ақ ашық және инвестициялық аралық пай қорының активтері есебінен қаржы құралдарын сатып алу;

      2) ұйымдастырылмаған нарықта талаптарында мәміле мәні болып табылатын қаржы құралдарын қайта сатып алу не қайта сату міндеттемесі көзделген қаржы құралдарымен мәмілелер жасау;

      3) ашық және инвестициялық аралық пай қорларының активтерімен жай серіктестіктерде қатысу;

      4) инвестициялық шешім қабылдау күнінде теріс меншікті капиталы бар шаруашылық серіктестіктерде қатысу үлесін сатып алу;

      5) активтерінің елу пайызынан астамы сот талқылауының мәні болып табылатын заңды тұлғалар шығарған (ұсынған) қаржы құралдарын сатып алу.

      10. Инвестициялық қордың активтері есебінен мәмілелер мынадай талаптарды орындау кезінде халықаралық (шетелдік) бағалы қағаздар нарығында жасалады:

      1) акцияларды (акциялар олардың базалық активі болып табылатын депозитарлық сенімхаттарды) сатып алу бойынша мәміле Bloomberg немесе Reuters ақпараттық талдау жүйелерінде ұсынылған ақпаратқа сәйкес осы қаржы құралы айналысында болған халықаралық (шетелдік) қор биржаларында мәміле жасау күнінде болған осы қаржы құралы бойынша бағасының барынша көп мәнінен аспайтын баға бойынша жасалады;

      2) акцияларды (акциялар олардың базалық активі болып табылатын депозитарлық сенімхаттарды) сату бойынша мәміле Bloomberg немесе Reuters ақпараттық талдау жүйелерінде ұсынылған ақпаратқа сәйкес осы қаржы құралдары айналысында болған халықаралық (шетелдік) қор биржаларында мәміле жасау күнінде болған осы қаржы құралы бойынша бағасының ең аз мәнінен аспайтын баға бойынша жасалады;

      3) борыштық бағалы қағаздар бойынша, principal protected notes қоспағанда, сондай-ақ туынды қаржы құралдары бойынша Bloomberg немесе Reuters ақпараттық талдау жүйелерінен сатып алуға және (немесе) сатуға баға белгілеулердің талдамасы бар не осындай баға белгілеулер болмаған жағдайда әртүрлі үш қарсы әріптестің кем дегенде үш баға белгілеуі болады. Қарсы әріптестің осы қаржы құралы бойынша баға ұсыныстары болмаған жағдайда қарсы әріптестің баға белгілеулерінің жоқтығы немесе қаржы құралына баға белгілеуден бас тартуы туралы хабарламасы мәміле жасау туралы есепке (құжатқа) енгізіледі.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      11. Инвестициялық қордың активтері есебінен рrincipal protected notes сатып алу кезінде есеп айырысулар "жеткізілім төлемге қарсы" қағидаты бойынша жүзеге асырылады.

      12. Басқарушы компания инвестициялық қордың активтері есебінен мүлікті сатып алуды сатып алынатын мүлікке қатысты инвестициялық қордың меншік құқығын белгілейтін құжаттарды ресімдеу жолымен жүзеге асырады.

      13. Инвестициялық қор активтері құрылымының осы Қағидаларда және (немесе) инвестициялық декларацияда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуіне әкеп соқтырған, басқарушы компанияның іс-қимылына байланысты емес жағдайлар туындаған кезде басқарушы компания осындай сәйкессіздікке байланысты инвестициялық қызметін тоқтатады және бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органға іс-шаралардың атауын, оларды орындауға жауапты басқарушы компанияның басшы қызметкерлерін және орындау мерзімін көрсете отырып, сәйкессіздікті жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын қоса беріп, осындай сәйкессіздік фактісі мен себептері туралы хабарлайды.

      Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын бес жұмыс күні ішінде қарайды. Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын мақұлдаған жағдайда басқарушы компания оны іске асыруға кіріседі және уәкілетті органға іс-шаралар жоспарында белгіленген іс-шараларды орындаудың мерзімі аяқталған соң бес жұмыс күнінен кешіктірмей іс-шаралардың орындалуы туралы есеп береді. Іс-шаралар жоспарына қатысты уәкілетті органның ескертулерін алған кезде басқарушы компания уәкілетті органның іс-шаралар жоспарын қарау нәтижелері туралы хат алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей түзетілген іс-шаралар жоспарын ұсынады.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 250 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.12.2019 № 262 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 ақпандағы
№ 60 қаулысына
2-қосымша

Акционерлік және инвестициялық пай қорлары активтерінің құрамына кіруі мүмкін қаржы құралдарының тізбесі

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 22.12.2023 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Басқарушы компания инвестициялық басқаруындағы әрбір жеке ашық не аралық инвестициялық пай қорының активтерін инвестициялайтын қаржы құралдарының тізбесі және оларға қойылатын талаптар:

Қаржы құралының атауы

1.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (оның ішінде шет мемлекеттердің заңнамасына сәйкес эмиссияланған), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдігімен шығарылған бағалы қағаздар

2.

Қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған және (немесе) "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында қызметті жүзеге асыратын қор биржасында жария саудаға салуға рұқсат етілген облигациялар

3.

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы және оның еншілес ұйымдары шығарған борыштық бағалы қағаздар

4.

Мына талаптардың біріне сәйкес келгенде Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар:
Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі "В-" төмен емес немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингілік бағасы немесе Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) ұлттық шәкілі бойынша "kzBВ-" төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктерінің бірінің ұлттық шәкілі бойынша ұқсас деңгейдегі рейтингі бар банктер;
банктер бейрезидент бас банкі Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі "А-" төмен емес немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингілік бағасы бар бейрезидент еншілес банктер, бейрезидент бас банк болып табылады

5.

Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттердің заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған мемлекеттік емес бағалы қағаздар:
Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "В-" төмен емес рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингілік бағасы немесе Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) ұлттық шәкілі бойынша "kzBВ-" төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктерінің бірінің ұлттық шәкілі бойынша ұқсас деңгейдегі рейтингі бар эмитенттердің акциялары және (немесе) қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, қор биржасының ресми тізімінің "акциялар" секторларының талаптарына сәйкес келетін эмитенттердің акциялары және (немесе) "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында қызметті жүзеге асыратын қор биржасында жария саудаға салуға рұқсат етілген эмитенттердің акциялары;
Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша рейтингі "В-" төмен емес немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингілік бағасы немесе Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) ұлттық шәкілі бойынша "kzBВ-" төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктерінің бірінің ұлттық шәкілі бойынша ұқсас деңгейдегі рейтингі бар борыштық бағалы қағаздар немесе қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, қор биржасының ресми тізімінің "борыштық бағалы қағаздар" секторларының талаптарына сәйкес келетін борыштық бағалы қағаздар және (немесе) шетел валютасында номинирленген және "Астана" Халықаралық қаржы орталығының аумағында қызметті жүзеге асыратын қор биржасында жария саудаға салуға рұқсат етілген борыштық бағалы қағаздар;
қор биржасының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасы ұйымдарының инфрақұрылымдық облигациялары және (немесе) "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында қызметті жүзеге асыратын қор биржасында жария саудаға салуға рұқсат етілген Қазақстан Республикасы ұйымдарының инфрақұрылымдық облигациялары;
басқарушы компаниясы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға болып табылатын аралық инвестициялық пай қорларының (басқарушы компаниясы активтері есебінен осы пайлар сатып алынатын инвестициялық пай қорларының басқарушы компаниясы болып табылатын инвестициялық пай қорларын қоспағанда), қор биржасының ресми тізіміне енгізілген және (немесе) "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында қызметті жүзеге асыратын қор биржасында жария саудаға салуға рұқсат етілген пайлары;
осы эмитенттің бұрын шығарылған бағалы қағаздарына не өзге міндеттемелеріне айырбастау мақсатында эмитент міндеттемелерін қайта құрылымдау шеңберінде шығарылған бағалы қағаздар;

6.

Mornіngstar (Морнинстар) рейтингтік агенттігінің "3 жұлдыздан" төмен емес рейтингтік бағасы бар Exchange Traded Funds (ETF) (Эксчейндж Трэйдэд Фандс), Exchange Traded Commodіtіes (ETC) (Эксчейндж Трэйдэд Коммодитис), Exchange Traded Notes (ETN) (Эксчейндж Трэйдэд Ноутс) пайлары

7.

Базалық активі осы тармақтың 5, 12, 13-жолдарында көрсетілген акциялар болып табылатын не базалық активі Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша рейтингісі "В-" төмен емес немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингілік бағасы бар эмитенттердің бағалы қағаздары болып табылатын депозитарлық қолхаттар

8.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ" төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар

9.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ" төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар елдердің шетел валютасы

10.

Лондон қымбат металдар нарығының қауымдастығы (London bullіon market assocіatіon) (Лондон биллион маркет асоциэйшн) қабылдаған халықаралық сапа стандартына сәйкес келетін және осы қауымдастықтың құжаттарында Лондондық сапалы жеткізілім (London good delіvery) ("Лондон гуд деливери") стандарты ретінде белгіленген тазартылған қымбат металдар мен он екі айдан аспайтын мерзімі бар металл депозиттері, оның ішінде Standard & Рооr's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "А-" төмен емес рейтингілік бағасы бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банктеріндегі металл депозиттер

11.

Мынадай халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар:
Азия даму банкі;
Африка даму банкі;
Халықаралық есеп айырысу банкі;
Еуразиялық даму банкі;
Еуропа инвестициялық банкі;
Еуропа Қайта құру және даму банкі;
Ислам даму банкі;
Америкааралық даму банкі;
Халықаралық Қайта құру және даму банкі;
Халықаралық қаржы корпорациясы

12.

Шетел ұйымдары шығарған мемлекеттік емес бағалы қағаздар:
Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВ-" төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасымен танылатын шетел аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізіміне енгізілген борыштық бағалы қағаздар;
Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВ-" төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар шетел ұйымдары шығарған акциялар және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасымен танылатын шетел аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізіміне енгізілген акциялар

13.

Қазақстан Республикасының резиденттері "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 22-1-бабының 3-тармағына сәйкес танитын шетел ұйымы шығарған, Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасымен танылатын шетел аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізіміне енгізілген мемлекеттік емес бағалы қағаздар

14.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "А-" төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар ұйымдар шығарған Prіncіpal protected notes (Принципл протектед ноутс), ол мына талаптардың біріне сәйкес келеді:
айналыс мерзімі бес жылдан аспайды;
prіncіpal protected notes (принципл протектед ноутс) шығарылым талаптарымен қандай да бір мемлекеттің, эмитенттің өз міндеттемелері бойынша дефолт жағдайы көзделмеген

15.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "А-" төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар бейрезидент банктердегі салымдары

16.

Базалық активі ашық және аралық инвестициялық пай қорлары активтерінің құрамына кіретін қаржы құралдары, шетел валютасы, сондай-ақ мынадай есепті көрсеткіштер (индекстер) болып табылатын, хеджирлеу мақсатында жасалған туынды қаржы құралдары (фьючерстер, опциондар, своптар, форвардтар):
AІX (Astana Іnternatіonal Exchange) (Астана Интернейшнл Эксчейндж);
САС 40 (Compagnіe des Agents de Change 40 Іndex) (Компани дэ Эжон дэ Шанж 40 Индекс);
DAX (Deutscher Aktіenіndex) (Дойтче Акциениндекс)
DJІA (Dow Jones Іndustrіal Average) (Доу Джонс Индастриал Эвередж);
EURO STOXX 50 (EURO STOXX 50 Prіce Іndex) (Юроп Эс Ти Оу Экс Экс 50 Прайс Индекс)
FTSE 100 (Fіnancіal Tіmes Stock Exchange 100 Іndex) (Файнэншл Таймс Сток Эксчейндж 100 Индекс);
HSІ (Hang Seng Іndex) (Ханг Сенг Индекс)
KASE (Kazakhstan Stock Exchange Іndex) (Казахстан Сток Эксчейндж Индекс)
MSCІ World Іndex (Morgan Stanley Capіtal Іnternatіonal World Іndex) (Морган Стэнли Кэпитал Интернешнл Ворлд Индекс);
MOEX Russіa (Moscow Exchange Russіa Іndex) (Москоу Эксчейндж Раша Индекс)
NІKKEІ 225 (Nіkkeі-225 Stock Average Іndex ) (Никкэй-225 Сток Эвередж Индекс)
RTSІ (Russіan Trade System Іndex) (Рашен Трейд Систем Индекс)
S&P 500 (Standard and Poor's 500 Іndex) (Стандард энд Пурс 500 Индекс)
TOPІX 100 (Tokyo Stock Prіce 100 Іndex) (Токио Сток Прайс 100 Индекс)
NASDAQ-100 (Nasdaq-100 Іndex) (Насдак-100 Индекс)

17.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысу үлесі

18.

Активтерінің құрылымы негізгі қор индекстерінің бірінің құрылымын қайталайтын Exchange Traded Funds (ETF) (Эксчейндж Трэйдэд Фандс) пайлары немесе негізгі қор индекстеріне байланыстырылған пайлары бойынша баға құру

      2. Басқарушы компания инвестициялайтын қаржы құралдарының тізбесі, жылжымайтын мүлік әрбір жеке қорының инвестициялық басқарудағы активтері және оларға қойылатын талаптар:

Қаржы құралының атауы

1.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (оның ішінде басқа мемлекеттің заңнамасына сәйкес эмиссияланған), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдігімен шығарылған бағалы қағаздар

2.

Қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған облигациялар

3.

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздар

4.

Мына талаптардың біріне сәйкес келгенде Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар: Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі "В-" төмен емес немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингілік бағасы немесе Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) ұлттық шәкілі бойынша "kzBВ-" төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша ұқсас деңгейдегі рейтингі бар банктер;
банктер бейрезидент бас банкі Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі "А-" төмен емес немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингілік бағасы бар бейрезидент еншілес банктер болып табылады

5.

Мәміле жасау күніне олардың Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасы индексінің өкілдік тізімінде болған жағдайдағы акциялар

6.

Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттердің заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВ-" төмен емес рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингілік бағасы немесе Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) ұлттық шәкілі бойынша "kzА" төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша ұқсас деңгейдегі рейтингі бар борыштық бағалы қағаздар

7.

Шетел ұйымдары шығарған Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "АА-" төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар

8.

Шетел ұйымдары шығарған Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "АА-" төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар акциялар

9.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ" төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар мынадай халықаралық қаржы ұйымдары:
Азия даму банкі;
Америкааралық даму банкі;
Африка даму банкі;
Еуропа Даму банкі;
Еуропа инвестициялық банкі;
Еуропа Қайта құру және даму банкі;
Ислам даму банкі;
Халықаралық есеп айырысу банкі;
Халықаралық Қайта құру және даму банкі;
Халықаралық қаржы корпорациясы

10.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ" төмен емес тәуелсіз рейтинг немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар

11.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ" төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шетел валютасы

12.

Лондон қымбат металдар нарығының қауымдастығы (London bullіon market assocіatіon) (Лондон биллион маркет асоциэйшн) қабылдаған халықаралық сапа стандартына сәйкес келетін және осы қауымдастықтың құжаттарында Лондондық сапалы жеткізілім (London good delіvery) ("Лондон гуд деливери") стандарты ретінде белгіленген тазартылған қымбат металдар мен он екі айдан аспайтын мерзімі бар металл депозиттері, оның ішінде Standard & Рооr's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "А-" төмен емес рейтингілік бағасы бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банктеріндегі металл депозиттер

13.

Хеджирлеу мақсатында жасалған туынды қаржы құралдары осы Тізбеге сәйкес базалық активі жылжымайтын мүлік қоры активтерінің есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдары болып табылады

14.

Жылжымайтын мүлік қорына кіретін мүлікке қызмет көрсетуді жүзеге асыратын заңды тұлғаға қатысу үлесі

      3. Басқарушы компания инвестициялық басқаруындағы әрбір жеке биржалық инвестициялық пай қорының (Exchange Traded Fund) (ETF) (Эксчейндж Трэйдэд Фандс) активтерін инвестициялайтын қаржы құралдарының тізбесі және оларға қойылатын талаптар:

Қаржы құралының атауы

1.

Индекс KASE (Kazakhstan Stock Exchange) (Қазақстан Сток Эксчейндж)

2.

Индекс KZGB (Kazakhstan Government Bonds) (Қазақстан Гавемент Бондс)

3.

Индекс KASE_BM (Kazakhstan Stock Exchange Bond Market) (Қазақстан Сток Эксчейндж Бонд Маркет)

4.

Индекс TONIA (Tenge OverNight Index Average) (Теңге ОверНайт Индекс Эвередж)

5.

Халықаралық қор биржаларының индекстері:
САС 40 (Compagnie des Agents de Change 40 Index) (Компани дэ Эжон дэ Шанж 40 Индексі);
DAX (Deutscher Aktienindex) (Дойтче Акциениндекс);
DJIA (Dow Jones Industrial Average) (Доу Джонс Индастриал Эвередж);
EURO STOXX 50 (EURO STOXX 50 Price Index) (Юроп Эс Ти Оу Экс Экс 50 Прайс Индексі);
FTSE 100 (Financial Times Stock Exchange 100 Index) (Файнэншл Таймс Сток Эксчейндж 100 Индексі);
HSI (Hang Seng Index) (Ханг Сенг Индексі);
MSCI World Index (Morgan Stanley Capital International World Index) (Морган Стэнли Кэпитал Интернешнл Ворлд Индексі);
MOEX Russia (Moscow Exchange Russia Index) (Москоу Эксчейндж Раша Индексі);
NIKKEI 225 (Nikkei-225 Stock Average Index) (Никкэй-225 Сток Эвередж Индексі);
RTSI (Russian Trade System Index) (Рашен Трейд Систем Индексі);
S&P 500 (Standard and Poor's 500 Index) (Стандард энд Пурс 500 Индексі);
TOPIX 100 (Tokyo Stock Price 100 Index) (Токио Сток Прайс 100 Индексі);
NASDAQ-100 (Nasdaq-100 Index) (Насдак-100 Индексі)

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады