Об утверждении Стандарта бухгалтерского учета 33 "Учет и раскрытие информации об операциях по брокерской деятельности"

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 10 ноября 2004 года № 140. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 13 декабря 2004 г. за № 3270. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 26 августа 2011 года № 108

      Сноска. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка РК от 26.08.2011 № 108 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В целях совершенствования бухгалтерского учета в организациях, осуществляющих брокерскую деятельность на основании лицензии уполномоченного органа, Правление Национального Банка Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемый Стандарт бухгалтерского учета 33 "Учет и раскрытие информации об операциях по брокерской деятельности".
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении четырнадцати дней со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.
      3. Департаменту бухгалтерского учета (Шалгимбаева Н.Т.):
      1) совместно с Юридическим департаментом Национального Банка Республики Казахстан (Шарипов С.Б.) принять меры к государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления;
      2) в десятидневный срок со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления довести до его сведения заинтересованных подразделений центрального аппарата, территориальных филиалов Национального Банка Республики Казахстан и организаций, осуществляющих брокерскую деятельность.
      4. Управлению по обеспечению деятельности руководства Национального Банка Республики Казахстан (Терентьев А.Л.) в трехдневный срок со дня получения настоящего постановления принять меры к опубликованию его в средствах массовой информации Республики Казахстан.
      5. Контроль над исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан Абдулину Н.К.

      Председатель


            "СОГЛАСОВАНО"
          Министр финансов 
        Республики Казахстан
         

 

Утвержден           
постановлением Правления   
Национального Банка     
Республики Казахстан    
от 10 ноября 2004 года N 140



Стандарт бухгалтерского учета 33
"Учет и раскрытие информации об 
операциях по брокерской деятельности" Глава 1. Цель и сфера действия

      1. Настоящий Стандарт разработан в соответствии с Законами Республики Казахстан от 28 февраля 2007 года "О бухгалтерском учете и финансовой отчетности", от 30 марта 1995 года "О Национальном Банке Республики Казахстан", постановлением Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 27 августа 2005 года № 317 "Об утверждении Правил осуществления брокерской и дилерской деятельности на рынке ценных бумаг Республики Казахстан", зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 3870, и предназначен для применения организацией, осуществляющей брокерскую деятельность (далее - брокер) на основании лицензии уполномоченного органа по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций, при составлении финансовой отчетности.
      Сноска. Пункт 1 в редакции постановления Правления Нац.Банка РК от 29.03.2010 № 21 (порядок введения в действие см. п.2). 
      2. Целью настоящего Стандарта является определение особенностей ведения бухгалтерского учета и представления информации, подлежащей раскрытию в финансовой отчетности по брокерской деятельности.
      3. Настоящий Стандарт рассматривает вопросы, не урегулированные международными стандартами финансовой отчетности и не противоречащие им.
      4. Настоящий Стандарт не распространяется на банки второго уровня, имеющие лицензию на осуществление брокерско-дилерской деятельности.
      5. Для ведения учета и составления брокером отчетности по портфелю собственных средств применяются соответствующие международные стандарты финансовой отчетности.

 

Глава 2. Понятия, используемые 
в настоящем Стандарте

      6. Портфель активов, принадлежащих клиентам - не принадлежащие брокеру деньги, ценные бумаги и иные финансовые инструменты, приобретенные брокером по поручению, за счет и в интересах клиента.
      7. Портфель собственных средств брокера - деньги, ценные бумаги и иные финансовые инструменты, приобретаемые брокером в своих интересах и за счет собственных средств. 
      8. Комиссионные доходы (расходы) брокера - вознаграждение (расходы), взимаемое (понесенные) брокером от оказания услуг по брокерской деятельности. 

 

Глава 3. Учет и первоначальное признание

      9. Учет совершенных сделок с ценными бумагами и иными финансовыми инструментами, принадлежащими клиентам, брокером ведется во вспомогательном учете без отражения на балансовых счетах. Деньги клиента, зачисленные на счет, открытый на имя брокера, учитываются у брокера на балансовых счетах, в иных случаях - без отражения на балансовых счетах.
      Решение о включении денег, полученных от клиентов, в бухгалтерский баланс брокера зависит от того, соответствуют ли данные деньги определению актива, приведенному в пункте 1 статьи 13 Закона Республики Казахстан от 28 февраля 2007 года "О бухгалтерском учете и финансовой отчетности".
      Основой для определения наличия актива является установление того, ожидается ли поступление в предприятие будущих экономических выгод, связанных с активом.
      При принятии решения о включении денег клиентов в бухгалтерский баланс необходимо произвести оценку условий договора между брокером и клиентом.
      В случае, если брокер выступает исключительно в качестве агента клиента и не получает выгод, зависящих от исхода сделки, он не признает деньги, полученные от клиента, в своем бухгалтерском балансе в качестве активов.
      Если по условиям заключенного с клиентом соглашения брокер имеет определенные экономические выгоды, которые зависят от исхода сделки, или возможность обмена рассматриваемых денег на другие экономические активы на потенциально благоприятных для брокера условиях, то он признает деньги, полученные от клиентов, в собственном бухгалтерском балансе в качестве собственных активов.
      Сноска. Пункт 9 в редакции постановления Правления Нац.Банка РК от 29.03.2010 № 21 (порядок введения в действие см. п.2). 
      10. Затраты, связанные с оказанием брокерских услуг, понесенные брокером и подлежащие возмещению клиентом, отражаются на балансовых счетах дебиторской задолженности до полного их возмещения клиентом.

 

Глава 4. Доходы (расходы) от оказания услуг 
по брокерскому обслуживанию


      11. Доходами (расходами) брокера от оказания услуг по брокерскому обслуживанию признаются комиссионные доходы (расходы). Данные доходы (расходы) отражаются на балансовых счетах и в финансовой отчетности в портфеле собственных средств брокера.

   
Глава 5. Раскрытие информации

      12. При оказании услуг по брокерскому обслуживанию в финансовой отчетности раскрывается следующая информация, но не ограничиваясь ею:
      1) количество клиентов, обслуживающихся у брокера;
      2) портфель активов, принадлежащих клиентам, в суммовом выражении по видам финансовых инструментов;
      3) отношение портфеля активов, принадлежащих клиентам, к портфелю собственных средств брокера в суммовом выражении;
      4) обязательства, возникшие от оказания услуг по брокерскому обслуживанию;
      5) доходы и расходы от оказания услуг по брокерскому обслуживанию.

 

Глава 6. Заключительные положения

      13. Вопросы, не урегулированные настоящим Стандартом, подлежат разрешению в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.




"Брокерлік қызмет бойынша операциялар туралы ақпаратты есепке алу және ашу" 33 бухгалтерлік есеп стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 10 қарашадағы N 140 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 13 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3270. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 108 Қаулысымен.

      Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының 2011.08.26 № 108 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Уәкілетті органның лицензиясы негізінде брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда бухгалтерлік есепті жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ұсынылып отырған "Брокерлік қызмет бойынша операциялар туралы ақпаратты есепке алу және ашу" 33 бухгалтерлік есеп стандарты бекітілсін.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      3. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):
      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.
      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны алған күннен бастап үш күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға шаралар қабылдасын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Н.Қ.Абдулинаға жүктелсін.

       Ұлттық Банк
      Төрағасы

       "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      _________________________
      2004 жылғы "____"________

Қазақстан Республикасының   
Ұлттық Банкі Басқармасының  
2004 жылғы 10 қарашадағы   
N 140 қаулысымен бекітілген 

  "Брокерлік қызмет бойынша операциялар туралы
ақпаратты есепке алу және ашу" 33 бухгалтерлік
есеп стандарты 1-тарау. Мақсаты және қолданылу аясы

      1. Осы Стандарт «Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3870 тіркелген «Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 27 тамыздағы № 317 қаулысына сәйкес әзірленді және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы негізінде брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымның (бұдан әрі – брокер) қаржылық есеп жасаған кезде қолдануына арналған.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2010.03.29 N 21 Бұйрығымен.

      2. Осы Стандарттың мақсаты брокерлік қызмет бойынша бухгалтерлік есеп жүргізудің және қаржылық есеп беруде ашуға жататын ақпарат берудің ерекшеліктерін айқындау болып табылады.

      3. Осы Стандарт қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарымен реттелмеген және оларға қайшы келмейтін мәселелерді қарастырады.

      4. Осы Стандарт брокерлік-дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар екінші деңгейдегі банктерге қолданылмайды.

      5. Брокер меншік қаражатының портфелі бойынша есеп жүргізу және есеп беруді жасау үшін қаржылық есеп берудің тиісті халықаралық стандарттарын қолданады.

  2-тарау. Осы Стандартта пайдаланылатын ұғымдар

      6. Клиенттерге тиесілі активтер портфелі - клиенттің тапсырмасы бойынша, есебінен және мүддесіне брокер алған, брокерге тиесілі емес ақша, бағалы қағаздар және өзге де қаржы құралдары.

      7. Брокердің меншік қаражатының портфелі - брокердің өз мүддесіне және меншік қаражаты есебінен алған ақшасы, бағалы қағаздар және өзге де қаржы құралдары.

      8. Брокердің комиссиялық кірістері (шығыстары) - брокердің брокерлік қызмет бойынша қызмет көрсетуден алатын (шеккен) сыйақысы (шығыстары).

  3-тарау. Есепке алу және бастапқы тану

      9. Брокер клиенттерге тиесілі бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен жасалған мәмілелердің есебін баланстық шоттарда көрсетпей-ақ қосалқы есепте жүргізеді. Брокердің атына ашылған шотқа есептелген клиенттің ақшасы брокерде баланстық шоттарда, өзге жағдайларда баланстық шоттарда көрсетілместен есепке алынады.
      Клиенттерден алынған ақшаны брокердің бухгалтерлік балансына қосу туралы шешім бұл ақшаның «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 1-тармағында келтірілген активтің анықтамасына сәйкес келуіне байланысты.
      Кәсіпорынға активпен байланысты болашақ экономикалық пайда түсуінің күтілуін не күтілмеуін белгілеу активтің бар екендігін айқындауға негіз болып табылады.
      Клиенттердің ақшасын бухгалтерлік балансқа қосу туралы шешімді қабылдау кезінде брокер мен клиент арасындағы шарт талаптарын бағалау қажет.
      Егер брокер клиенттің агенті ретінде ғана болса және мәміленің нәтижесімен байланысты пайда алмайтын болса, ол клиенттен алынған ақшаны өзінің бухгалтерлік балансында активтер ретінде танымайды.
      Егер клиентпен жасалған келісімнің талаптары бойынша брокердің мәміленің нәтижесімен байланысты белгілі бір экономикалық пайдасы немесе қарастырылатын ақшаны брокер үшін әлеуеті қолайлы талаптармен басқа экономикалық активтерге ауыстыру мүмкіндігі болса, онда ол клиенттерден алынған ақшаны меншікті бухгалтерлік балансында меншікті активтері ретінде таниды.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2010.03.29 N 21 Бұйрығымен.

      10. Брокерлік қызмет көрсетуге байланысты және клиенттің өтеуіне жататын брокердің шеккен шығындары клиент оларды толық өтегенге дейін дебиторлық берешектің баланстық шоттарында көрсетіледі.

  4-тарау. Брокерлік қызмет көрсету бойынша
қызмет көрсету кірістері (шығыстары)

      11. Брокерлік қызмет көрсету бойынша қызмет көрсету кірістері (шығыстары) болып комиссиялық кірістер (шығыстар) танылады. Мұндай кірістер (шығыстар) брокердің меншік қаражатының портфеліндегі баланстық шоттарда және қаржылық есепте көрсетіледі.

  5-тарау. Ақпаратты ашу

      12. Қаржылық есепте брокерлік қызмет көрсету бойынша қызмет көрсеткен кезде мынадай ақпарат ашылады, алайда онымен шектелмейді:
      1) брокер қызмет көрсететін клиенттердің саны;
      2) клиенттерге тиесілі активтер портфелі, қаржы құралдарының түрлері бойынша сомамен көрсеткенде;
      3) клиенттерге тиесілі активтер портфелінің брокердің меншік қаражаты портфеліне сомамен көрсеткендегі қатынасы;
      4) брокерлік қызмет көрсету бойынша қызмет көрсетуден туындаған міндеттемелер;
      5) брокерлік қызмет көрсету бойынша қызмет көрсетуден кірістер және шығыстар.

  6-тарау. Қорытынды ережелер

      13. Осы Стандартпен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шешілуге жатады.