О передаче жилых домов и квартир, находящихся на балансе областного управления труда, занятости и социальной защиты населения, в жилищные фонды акимов городов Актау, Жанаозен и Каракиянского района

Постановление Акимата Мангистауской области от 27 августа 2004 года N 183. Зарегистрировано Департаментом юстиции Мангистауской области от 21 сентября 2004 года N 1755

      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года  N 148 -II "О местном государственном управлении в Республике Казахстан", от 16 апреля 1997 года  N 94 -I "О жилищных отношениях", от 13 декабря 1997 года  N 204 -I "О миграции населения",  постановлением  Правительства Республики Казахстан от 19 августа 2003 года N 831 "О распределении целевых трансфертов из республиканского бюджета на 2003 год на приобретение, строительство, реконструкцию и капитальный ремонт жилья для предоставления семьям оралманов",  постановлением  Кабинета Министров Республики Казахстан от 24 января 1992 года N 66 "Об утверждении Положения о приватизации государственного жилищного фонда в Республике Казахстан", акимат области  ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Передать безвозмездно жилые дома и квартиры в городах Актау, Жанаозен и Каракиянском районе, находящиеся на балансе областного управления труда, занятости и социальной защиты населения, предоставленные семьям оралманов, прибывшим в соответствии с квотой иммиграции оралманов на 2003 год, в жилищные фонды акимов городов Актау, Жанаозен и Каракиянского района. <*>
      Сноска: внесено дополнение -постановлением акимата Мангистауской области от 3 декабря 2004 года  231-п .

      2. Акимам городов Актау, Жанаозен и Каракиянского района обеспечить в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан приватизацию жилых домов и квартир оралманов, получивших гражданство Республики Казахстан. 

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима области Макежанова С.А.

 

      Аким области                                    

Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы балансында тұрған тұрғын үйлер мен пәтерлерді Ақтау, Жаңаөзен қалалары мен Қарақия ауданы әкімдерінің тұрғын үй қорларына беру туралы

Маңғыстау облыстық әкімиятының 2004 жылғы 27 тамыздағы N 183 қаулысы. Маңғыстау облыстық Әділет Департаментінде 2004 жылғы 21 қыркүйекте N 1755 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы  N 148 -II, "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі  N 94 -I, "Халықтың көші-қоны туралы" 1997 жылғы 13 желтоқсандағы  N 204 -I Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Оралмандардың отбасыларына беру үшін тұрғын үйлер сатып алуға, салуға, оларды қайта жаңартуға және күрделі жөндеуден өткізуге 2003 жылға арналған республикалық бюджеттен мақсатты трансферттер бөлу туралы" 2003 жылғы 19 тамыздағы N 831  қаулысына , Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Қазақстан Республикасында мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру туралы Ережені бекіту туралы" 1992 жылғы 24 қаңтардағы N 66 қаулысына сәйкес, облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

     1. Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы балансында тұрған, 2003 жылға арналған көшіп келу квотасы бойынша келген оралмандар отбасыларына берілген, Ақтау, Жаңаөзен қалалары мен Қарақия ауданындағы тұрғын үйлер мен пәтерлер Ақтау, Жаңаөзен қалалары мен Қарақия ауданы әкімдерінің тұрғын үй қорларына өтеусіз берілсін.  <*>
      Ескерту: 1-тармақ толықтырылды - Маңғыстау облыстық әкімиятының 2004 жылғы 3 желтоқсандағы  N 231-қ  қаулысымен.

     2. Ақтау, Жаңаөзен қалалары мен Қарақия ауданы әкімдері Қазақстан Республикасының азаматтығын алған оралмандарға тұрғын үйлер мен пәтерлерді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жекешелендіруді жүзеге асырсын.

     3. Осы қаулының орындалысын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.А. Макежановқа жүктелсін. 

      Облыс әкімі