Об областном совете по экологии и охране окружающей среды

Постановление акимата Павлодарской области от 22 апреля 2004 года N 113/5. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 5 мая 2004 года за N 2430. Утратило силу постановлением акимата Павлодарской области от 18 сентября 2009 года N 178/13

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Павлодарской области от 18 сентября 2009 года N 178/13.

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении в Республике Казахстан" в целях осуществления единой природоохранной политики и координации деятельности государственных органов, предприятий и учреждений области, а также неправительственных организаций, занимающихся вопросами экологии, природопользования и охраны окружающей среды, акимат области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Образовать областной совет по экологии и охране окружающей среды (далее - Совет).
      2. Утвердить прилагаемое Положение Совета.
      3. Департаменту природоохранных программ области представить в установленном законодательством порядке персональный состав Совета на утверждение областного маслихата.
      4. Контроль за исполнением данного постановления возложить на заместителя акима области Нургалиева Ж.Ж. 

      Аким области К. Нурпеисов

Утверждено        
постановлением акимата области
от 22 апреля 2004 года N 113/5

Положение
областного совета по экологии и охране окружающей среды

 
1. Общие положения

      1. Областной совет по экологии и охране окружающей среды (далее - Совет) является консультативно-совещательным органом по вопросам улучшения окружающей среды и рассмотрения экологических проблем, природоохранных программ и проектов.
      2. Совет осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией, законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, акимата и акима области, иными нормативными правовыми актами Республики Казахстан, а также настоящим Положением.
      3. Персональный состав Совета формируется департаментом природоохранных программ области и утверждается областным маслихатом.
      4. Решения Совета носят рекомендательный характер. 

 
2. Цель, задачи и функции Совета

      5. Целью Совета является обеспечение экологической безопасности и устойчивого развития области.
      6. Основными задачами Совета являются:
      1) координация природоохранной деятельности государственных органов, предприятий, учреждений области, неправительственных организаций и субъектов независимо от форм собственности, выполняющих проектные, строительные и демеркуризационные работы, радиологическое обследование;
      2) проведение мероприятий по пропаганде экологического образования и просвещения в сфере охраны окружающей среды;
      3) выработка обоснованных предложений, рекомендаций по проведению природоохранных мероприятий, направленных на улучшение экологической ситуации в области;
      4) организация общественных независимых экспертиз проектов;
      5) обсуждение вопросов по организации планирования природоохранных мероприятий и их реализация;
      6) участие в разработке нормативных правовых актов по вопросам охраны окружающей среды, природопользования, земельных, водных ресурсов и обсуждение хода реализации программ по охране окружающей среды;
      7) выработка, внесение предложений и рекомендаций акимату и акиму области, участие в подготовке актов акимата и акима области по вопросам охраны окружающей среды;
      8) обсуждение реализации актов Президента и Правительства Республики Казахстан, акимата и акима области по вопросам охраны окружающей среды;
      9) участие в подготовке для согласования и утверждения схем комплексного использования средств на охрану окружающей среды;
      10) содействие организации пропаганды по вопросам охраны окружающей среды;
      11) защита интересов государства и общества в сфере охраны окружающей среды;
      12) осуществление иных полномочий в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан. 

 
3. Права Совета

      7. Совет имеет право:
      1) вносить предложения на рассмотрение акимата и акима области по обеспечению экологической стабильности в области, распределению и расходованию средств на природоохранные мероприятия;
      2) создавать в пределах своей компетенции рабочие группы экологического направления с привлечением (по согласованию) специалистов заинтересованных государственных органов и ведомств для разработки и внесения предложений по экологии и охране окружающей среды в области;
      3) привлекать (по согласованию) ученых,
высококвалифицированных специалистов для решения вопросов, входящих в компетенцию Совета;
      4) запрашивать и получать в установленном законодательством порядке соответствующую информацию по вопросам, входящих в компетенцию Совета;
      5) привлекать (по согласованию) в пределах своей компетенции представителей государственных органов, средств массовой информации и иных организации области, для решения вопросов, относящихся к ведению Совета;
      6) вносить в установленном законодательством порядке предложения об изменении состава Совета;
      7) заслушивать информацию (отчет) природопользователей, природоохранных органов. 

 
4. Организация деятельности Совета

      8. Совет возглавляет председатель - заместитель акима области. Председатель организует работу Совета и руководит его деятельностью, несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Совет задач и осуществление им своих функций, дает в рамках компетенции поручения и указания членам Совета.
      9. Заседания Совета проводятся ежеквартально, план работы утверждается на заседании Совета.
      10. Организационное обеспечение работы Совета осуществляет департамент природоохранных программ области. 

Экология және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі облыстық кеңес туралы

Павлодар облысы әкімиятының 2004 жылғы 22 сәуірдегі N 113/5 қаулысы. Павлодар облысының әділет департаментінде 2004 жылғы 5 мамырда N 2430 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімдігінің 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 178/13 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімдігінің 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 178/13 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңына сәйкес, бiрыңғай табиғатты қорғау саясатын жүзеге асыру және облыстың экология, табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерiмен айналысатын мемлекеттiк органдарының, кәсiпорындары мен ұйымдарының, сондай-ақ үкiметтiк емес ұйымдардың қызметiн үйлестiру мақсатында облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Экология және қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi облыстық кеңес (бұдан әрi - Кеңес) құрылсын.
      2. Кеңестiң қоса берiлiп отырған Ережесi бекiтiлсiн.
      3. Облыс табиғатты қорғау бағдарламалары департаментi Кеңестiң дербес құрамын заңнамамен белгiленген тәртiпте облыстық Мәслихаттың бекiтуiне ұсынсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Ж.Ж. Нұрғалиевке жүктелсiн.

      Облыс әкiмi Қ. Нұрпейiсов

Облыс әкiмдiгiнiң    
      2004 жылғы 22 сәуірдегі 
      N 113/5 қаулысымен бекiтiлген

Экология және қоршаған ортаны
қорғау жөнiндегi облыстық кеңестiң
ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Экология және қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi облыстық кеңес (бұдан әрi - Кеңес) қоршаған ортаны жақсарту және экологиялық мәселелердi, табиғатты қорғау бағдарламаларын және жобаларды қарау жөнiндегi консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
      2. Кеңес өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, облыс әкiмдiгi мен әкiмiнiң актiлерiне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Кеңестiң дербес құрамын облыс табиғатты қорғау бағдарламалары департаментi құрастырады және оны облыстық Мәслихат бекiтедi.
      4. Кеңес шешiмдерi ұсыныстық сипатта болады.

2. Кеңестiң мақсаты, мiндеттерi мен функциялары

      5. Кеңестiң мақсаты аймақтың экологиялық қауiпсiздiгiн және тұрақты дамуын қамтамасыз ету болып табылады.
      6. Мыналар:
      1) жобалау, құрылыс және зарарсыздандыру жұмыстарын, радиологиялық зерттеулердi орындайтын облыс мемлекеттiк органдарының, кәсiпорындарының, мекемелерiнiң, үкiметтiк емес ұйымдардың және субъектiлердiң меншiк түрiне қарамастан табиғатты қорғау қызметiн үйлестiру;
      2) қоршаған ортаны қорғау саласында экологиялық бiлiм мен ағартуды насихаттау жөнiндегi iс-шараларды өткiзу;
      3) облыстың экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау iс-шараларын өткiзу жөнiндегi негiзделген ұсыныстарды, ұсынымдарды пысықтау;
      4) жобаларды қоғамдық тәуелсiз сараптауларды ұйымдастыру;
      5) табиғатты қорғау iс-шараларын жоспарлау және оларды iске асыруды ұйымдастыру мәселелерiн талқылау;
      6) қоршаған ортаны қорғау, табиғатты пайдалану, жер, су ресурстары мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеуге қатысу және қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi бағдарламаларды iске асыру барысын талқылау;
      7) облыс әкiмдiгiне және әкiмiне ұсыныстар мен ұсынымдарды тұжырымдау, енгiзу, қоршаған ортаны қорғау мәселелерi жөнiнде облыс әкiмдiгiнiң және әкiмiнiң актiлерiн дайындауға қатысу;
      8) Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң, облыс әкiмдiгi мен әкiмiнiң қоршаған ортаны қорғау мәселелерi жөнiндегi актiлерiнiң iске асырылуын талқылау;
      9) қоршаған ортаны қорғауға арналған қаражатты кешендi пайдалану сұлбаларын келiстiру және бекiту дайындығына қатысу;
      10) қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi насихатты ұйымдастыруға көмектесу;
      11) мемлекеттiң және қоғамның қоршаған ортаны қорғау саласындағы мүдделерiн қорғау;
      12) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру Кеңестiң негiзгi мiндеттерi болып табылады.

3. Кеңес құқығы

      7. Кеңестiң:
      1) облыс әкiмдiгiне және әкiмiне облыстағы экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету, табиғатты қорғау iс-шараларына арналған қаражатты бөлу және қолдану жөнiндегi ұсыныстар енгiзуге;        
      2) өз құзыретi шеңберiнде мүдделi мемлекеттiк органдар мен ведомстволардың мамандарын тарта отырып (келiсiм бойынша) облыстағы экология мен қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу және енгiзу үшiн экологиялық бағыттағы жұмыс топтарын құруға;
      3) Кеңестiң құзыретiне енетiн мәселелердi шешу үшiн ғалымдарды, жоғары бiлiктi мамандарды (келiсiм бойынша) тартуға;
      4) заңнамамен белгiленген тәртiпте Кеңес құзыретiне енетiн мәселелер бойынша тиiстi ақпаратты сұратуға және алуға;
      5) өз құзыретi шеңберiнде келiсiм бойынша мемлекеттiк органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, облыстың өзге де ұйымдарының өкiлдерiн (келiсiм бойынша) Кеңестiң құзыретiне енетiн мәселелердi шешуге тартуға;
      6) заңнамамен белгiленген тәртiпте Кеңес құрамын өзгерту туралы ұсыныстарды енгiзуге;
      7) табиғатты пайдаланушылардың, табиғатты қорғау органдарының ақпаратын (есебiн) тыңдауға құқығы бар.

4. Кеңестiң қызметiн ұйымдастыру

      8. Кеңестi облыс әкiмiнiң орынбасары - төраға басқарады. Төраға Кеңестiң жұмысын ұйымдастырады және оның қызметiн басқарады, Кеңеске жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауап бередi, өз құзыретi шеңберiнде Кеңестiң мүшелерiне тапсырмалар мен нұсқаулар бередi.
      9. Кеңестiң мәжiлiсi тоқсан сайын өткiзiледi, жұмыс жоспары Кеңес мәжiлiсiнде бекiтiледi.
      10. Кеңес жұмысының ұйымдастырылуын қамтамасыз етудi облыс табиғатты қорғау бағдарламалары департаментi жүзеге асырады.