О правилах оказания социальной помощи специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, проживающим в сельской местности, по приобретению топлива

Решение маслихата Акжарского района Северо-Казахстанской области N 7-2 от 20 апреля 2004 года. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 18 мая 2004 года N 1251. Утратило силу - решением маслихата Акжарского района Северо-Казахстанской области N 33-3 от 27 июля 2011 года

      Сноска. Утратило силу - решением маслихата Акжарского района Северо-Казахстанской области N 33-3 от 27.07.2011

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении в Республике Казахстан" и статьей 44 Закона Казахской Советской Социалистической Республики от 13 февраля 1991 года "О приоритетности развития аула (села) и агропромышленного комплекса в Республике Казахстан" сессия Акжарского районного маслихата решила:
      Утвердить Правила оказания социальной помощи специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, проживающим в сельской местности, по приобретению топлива (правила прилагаются).

      Председатель сессии:

      Секретарь районного маслихата:

УТВЕРЖДЕНО
решением районного маслихата N 7-2
от 20 апреля 2004 года "О правилах
оказания социальной помощи специалистам
здравоохранения, образования, социального
обеспечения, культуры и спорта, проживающим
в сельской местности, по приобретению топлива".

ПРАВИЛА
оказания социальной помощи специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, проживающим в сельской местности, по приобретению топлива.

1. Общие положения.

      1. Настоящие Правила разработаны во исполнение Закона Казахской Советской Социалистической Республики от 13 февраля 1991 года "О приоритетности развития аула (села) и агропромышленного комплекса в Республике Казахстан".
      2. Единовременная денежная выплата на приобретение топлива специалистами государственных организаций здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, проживающим и работающим в сельской местности (далее денежная выплата специалистам социальной сферы), назначается и выплачивается один раз в год.
      3. Незаконно выплаченная сумма денежной выплаты специалистам социальной сферы подлежат восстановлению за счет виновных лиц в порядке, установленном действующим законодательством.

2. Порядок назначения.

      1. Денежные выплаты специалистам социальной сферы назначаются на основании предоставляемых в орган труда, занятости и социальной защиты населения документов.
      1) заявление о назначении единовременной денежной выплаты;
      2) номер лицевого счета по вкладам, который получатель денежной выплаты обязан открыть в банке;
      3) справка из учреждения о занимаемой должности;
      4) справка о подтверждении места жительства.
      2. При проживании совместно двух и более лиц, на которых распространяется действие настоящих Правил, единовременные денежные выплаты специалистам социальной сферы предоставляется каждому из них.

3. Порядок финансирования и выплаты.

      1. Финансирование денежных выплат специалистам социальной сферы, проживающим и работающим в сельской местности осуществляется за счет средств местного бюджета, предусмотренных на эти цели в соответствующем году.

4. Порядок ведения учета, контроля и отчетности.

      1. Ведение учета, контроля и отчетности единовременных денежных выплат возлагается на орган труда, занятости и социальной защиты населения.
      2. Местный орган труда, занятости и социальной защиты населения ежеквартально до 10 числа первого месяца каждого квартала составляет акты сверок с банком второго уровня по выплаченным суммам единовременной денежной выплаты на приобретение топлива в истекшем квартале.

Ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету ережесі туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихаттың 2004 жылғы 20 сәуірдегі N 7-2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2004 жылғы 18 мамырда N 1251 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 27 шілдедегі N 33-3 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихаттың 2011.07.27 N 33-3 Шешімімен

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабына және 1991 жылғы 13 ақпандағы Қазақ Совет Социалистік Республикасының "Қазақстан Республикасындағы ауыл (село) және агроөнеркәсіптік кешенді дамытудағы басымдықтар туралы" Заңының 44-бабына сәйкес Ақжар аудандық мәслихатының сессиясы ШЕШТІ:
      Ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету Ережесі бекітілсін (ереже қосымша берілген).

      Сессия төрағасы

      Аудандық мәслихат хатшысы

"Ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім,
әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт
мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек
көрсету ережесі туралы" 2004 жылғы 20 сәуірдегі N 7-1
аудандық мәслихат сессиясының шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету
ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже 1991 жылғы 13 ақпандағы Қазақ Совет Социалистік Республикасының "Қазақстан Республикасындағы ауыл (село) және агроөнеркәсіптік кешенді дамытудағы басымдықтар туралы" Заңын орындау мақсатында жасалынған.
      2. Ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алуға берілетін бір жолғы ақшалай төлем (ары қарай - әлеуметтік сала мамандарына берілетін ақшалай төлем), жылына бір рет тағайындалады және төленеді.
      3. Әлеуметтік сала мамандарына заңсыз төленген ақшалай төлем сомасы кінәлі деп танылған тұлға есебінен, қолданыстағы бекітілген заңнамаларға сәйкес қайтаруға жатады.

2. Тағайындау тәртібі

      1. Әлеуметтік сала мамандарына берілетін ақшалай төлем еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау органына тапсырылған құжаттар негізінде тағайындалады.
      1) бір жолғы ақшалай төлемді тағайындау туралы өтініш;
      2) ақшалай төлемді алушының банкте міндетті түрде ашатын салымы бойынша есепшотының номері;
      3) мекемесінен атқаратын лауазымы жөніндегі анықтама;
      4) тұрғылықты мекен жайын растайтын анықтама.
      2. Осы Ереженің негізінде төлем алуға лайық екі немесе одан да көп тұлғалар бірге тұрған жағдайда, әлеуметтік сала мамандарына берілетін ақшалай төлем әрқайсысына беріледі.

3. Қаржыландыру және төлеу тәртібі

      1. Ауылдық жерлерде тұратын және жұмыстайтын әлеуметтік сала мамандарын ақшалай төлеммен қаржыландыру осы мақсатқа сол жылы қарастырылған жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

4. Есеп беру, бақылау және есеп жүргізу тәртібі

      1. Біржолғы ақшалай төлемге бақылау жасау, есеп беру және есеп жүргізу еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау органына жүктеледі.
      2. Жергілікті еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау органы тоқсан сайын әр тоқсанның бірінші айының 10-күніне дейін екінші деңгейлі банкпен сәйкестендіру актісін жасап, төленген бір жолғы ақшалай төлем сомасын жасап отырады.