Об утверждении Правил представления отчетности и информации о ходе и результатах использования связанных грантов

Приказ и.о. Министра экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан от 16 марта 2005 года N 36. Зарегистрирован Министерством юстиции Республики Казахстан 28 марта 2005 года N 3519. Утратил силу совместным приказом Министра экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан от 6 августа 2009 года № 166 и Министра финансов Республики Казахстан от 25 августа 2009 года № 351

     Сноска. Утратил силу совместным приказом Министра экономики и бюджетного планирования РК от 06.08.2009 № 166 и Министра финансов РК от 25.08.2009 № 351.

     В соответствии с пунктом 2 статьи 161 и пунктом 3 статьи 162 Бюджетного кодекса Республики Казахстан ПРИКАЗЫВАЮ :

     1. Утвердить прилагаемые Правила представления отчетности и информации о ходе и результатах использования связанных грантов.
     2. Департаменту планирования государственного заимствования и кредитования (Утегулов М.А.) и Юридическому управлению (Айтенов М.Д.) обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан.
     3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на Вице-министра экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан Коржову Н.А.
     4. Настоящий приказ вводится в действие со дня его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

     и.о. Министра      

Утверждены              
приказом и.о. Министра      
экономики и бюджетного планирования
Республики Казахстан       
от 16 марта 2005 года N 36.    

Правила
представления отчетности и
информации о ходе и результатах
использования связанных грантов

     1. Настоящие Правила представления отчетности и информации о ходе и результатах использования связанных грантов (далее - Правила) разработаны в соответствии с пунктом 2 статьи 161 , а также пунктом 3 статьи 162 Бюджетного кодекса Республики Казахстан (далее - Бюджетный кодекс), и определяют порядок представления отчетности и информации о ходе и результатах использования связанных грантов.
     2. Целями представления отчетности и информации о ходе и результатах использования связанных грантов в рамках осуществления мониторинга их реализации являются оценка эффективности использования связанных грантов, совершенствование процесса планирования привлечения связанных грантов и выработка рекомендаций по формированию и осуществлению государственной политики в области привлечения связанных грантов.
     3. Составление отчета о ходе и результатах использования связанных грантов осуществляется поэтапно и включает:
     1) отражение запланированных данных согласно паспорту бюджетной программы;
     2) сравнение достигнутых результатов (фактических данных) с запланированными;
     3) указание источников и методов сбора, а также использованных методов обработки и анализа информации для оценки эффективности использования связанных грантов.
     Отчетность о ходе и результатах использования связанных грантов, является источником для подготовки информации по оценке эффективности использования связанных грантов.
     Оценка эффективности использования связанных грантов проводится на основе ниже перечисленных методов обработки и анализа информации.
     При проведении оценки результатов, являющихся прямыми материальными или нематериальными последствиями, достигнутыми в ходе реализации связанных грантов, применяются следующие методы:
     устанавливается степень соответствия объемов работ в натуральном выражении, сроков реализации и финансовых затрат соответствующим показателям, предусмотренным на стадии планирования связанного гранта;
     устанавливается степень соответствия показателей требованиям стандартов и иным требованиям, сформулированным на стадии планирования;
     устанавливается степень подтверждения предпосылок, принятых на стадии планирования (исходных данных), а также ожидаемых текущих затрат и источников их финансирования;
     анализируются препятствия, возникшие в ходе реализации проекта, и меры их устранения и оцениваются действия сторон - участников реализации;
     делается вывод об эффективности достижения запланированных показателей.
     При проведении оценки влияния завершенного проекта на социально-экономическую ситуацию применяются следующие методы:
     устанавливается соотношение вклада проекта в числе других проектов в достижение запланированных целей государственных, отраслевых и секторальных программ;
     анализируются фактические сведения о текущих затратах и степень подтверждения предпосылок, созданных на стадии планирования (исходных данных);
     делается вывод об эффективности вклада проекта в достижение запланированных целей государственных, отраслевых и секторальных программ;
     4) результаты оценки эффективности использования связанных грантов;
     5) оценку соответствия хода и результатов использования средств связанных грантов условиям соглашения о гранте, заключенном с донором, а также процедурам и политике предоставления связанных грантов донорами;
     6) рекомендации по формированию и осуществлению государственной политики в области привлечения связанных грантов.

     4. Центральный уполномоченный орган по экономическому планированию запрашивает у центральных государственных органов информацию, необходимую для оценки эффективности использования связанных грантов, по вопросам, входящим в компетенцию данных органов.
     5. При выполнении всех видов оценки формулируются рекомендации по улучшению подготовки и реализации связанных грантов в рамках разработки среднесрочного плана социально-экономического развития и страновых программ доноров (при наличии).
     6. Отчетность и информация о ходе и результатах использования связанных грантов представляется центральными государственными органами с учетом отчетности местных представительных и исполнительных органов, по заявкам которых привлекались связанные гранты, в центральный уполномоченный орган по экономическому планированию в письменной форме согласно вышеперечисленным требованиям в срок не позднее 10 марта года, следующего за отчетным.

Байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы есептілікті және ақпаратты табыс ету ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2005 жылғы 16 наурыздағы N 36 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 28 наурызда тіркелді. Тіркеу N 3519. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 6 тамыздағы N 166 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 25 тамыздағы N 351 бірлескен бұйрығымен.

      Күші жойылды - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009.08.06 N 166 және ҚР Қаржы министрінің 2009.08.25 N 351 бірлескен бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 161-бабының 2-тармағы және 162-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
     1. Қоса беріліп отырған Байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы есептілікті және ақпаратты табыс ету ережесі бекітілсін.
     2. Мемлекеттік қарыз алуды және кредит беруді жоспарлау департаменті (М.А.Өтеғұлов) мен Заң басқармасы (М.Д.Әйтенов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
     3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Н.А.Коржоваға жүктелсін.
     4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

     Министрдің міндетін
     атқарушы

Қазақстан Республикасы     
Экономика және бюджеттік    
жоспарлау министрінің міндетін
атқарушының 2005 жылғы    
16 наурыздағы N 36 бұйрығымен
бекітілген          

Байланысты гранттарды пайдалану
барысы мен нәтижелері туралы
есептілікті және ақпаратты табыс ету
ережесі

     1. Осы Байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы есептілікті және ақпаратты табыс ету ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі - Бюджет кодексі) 161-бабының 2-тармағына, сондай-ақ 162-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы есептілікті және ақпаратты табыс ету тәртібін айқындайды.
 

     2. Байланысты гранттардың іске асырылу мониторингін жүзеге асыру шеңберінде оларды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы есептілікті және ақпаратты табыс етудің мақсаты байланысты гранттарды пайдалану тиімділігін бағалау, байланысты гранттарды тартуды жоспарлау процесін жетілдіру және байланысты гранттарды тарту саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру жөнінде ұсыныстар тұжырымдау болып табылады.
 

     3. Байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы есепті жасау кезең-кезеңмен жүзеге асырылады және онда мыналар қамтылады:
     1) бюджеттік бағдарлама паспортына сәйкес жоспарланған мәліметтер көрінісі;
     2) қол жеткен нәтижелерді (нақты мәліметтерді) жоспарланғандармен салыстыру;
     3) жинау көздері мен әдістерін, сондай-ақ байланысты гранттарды пайдалану тиімділігін бағалау үшін ақпаратты өңдеу мен талдаудың пайдаланылған әдістерін көрсету.
     Байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы есептілік байланысты гранттарды пайдалану тиімділігін бағалау жөніндегі ақпаратты дайындау көзі болып табылады.
     Байланысты гранттарды пайдалану тиімділігін бағалау төменде көрсетілген ақпаратты өңдеу және талдау әдістерінің негізінде жүргізіледі.
     Байланысты гранттарды іске асыру барысында қол жеткізілген тікелей материалдық немесе материалдық емес салдарлар болып табылатын нәтижелерге бағалау жүргізген кезде мынадай әдістер қолданылады:
     заттай көріністегі жұмыстар көлемінің, іске асыру мерзімдері мен қаржы шығындарының байланысты грантты жоспарлау сатысында көзделген тиісті көрсеткіштерге сәйкес келу дәрежесі белгіленеді;
     көрсеткіштердің стандарттар талаптарына және жоспарлау сатысында құралған өзге де талаптарға сәйкес келу дәрежесі белгіленеді;
     жоспарлау сатысында қабылданған алғы шарттарды (бастапқы мәліметтерді), сондай-ақ күтілетін ағымдағы шығыстар мен оларды қаржыландыру көздерін растау дәрежесі белгіленеді;
     жобаны іске асыру барысында туындаған кедергілер мен оларды жою шаралары талданады және іске асыруға қатысушы тараптардың іс-әрекеті бағаланады;
     жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу тиімділігі туралы қорытынды жасалады.
     Аяқталған жобаның әлеуметтік-экономикалық жағдайға әсер етуіне бағалау жүргізген кезде мынадай әдістер қолданылады:
     басқа жобалар қатарындағы жобаның мемлекеттік, салалық және секторалдық бағдарламалардың жоспарланған мақсаттарына қол жеткізуге үлесінің ара қатынасы белгіленеді;
     ағымдағы шығыстар туралы нақты мәліметтер және жоспарлау сатысында құрылған алғы шарттарды (бастапқы мәліметтерді) растау дәрежесі талданады;
     мемлекеттік, салалық және секторалдық бағдарламалардың жоспарланған мақсаттарына қол жеткізуге жоба үлесінің тиімділігі
туралы қорытынды жасалады;
     4) байланысты гранттарды пайдалану тиімділігін бағалау нәтижелері;
     5) байланысты гранттардың қаражатын пайдалану барысы мен нәтижелерінің донормен жасалған грант туралы келісім шарттарына, сондай-ақ донорлардың байланысты гранттарды беру рәсімдері мен саясатына сәйкестігін бағалау;
     6) байланысты гранттарды тарту саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру жөніндегі ұсынымдар.
 

     4. Экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган орталық мемлекеттік органдардың құзыретіндегі мәселелер бойынша осы органдардан байланысты гранттарды пайдалану тиімділігін бағалау үшін қажетті ақпаратты сұрайды.
 

     5. Бағалаудың барлық түрлерін орындаған кезде әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарын және донорлардың (бар болған жағдайда) елдік бағдарламаларын әзірлеу шеңберінде байланысты гранттарды дайындау мен іске асыруды жақсарту жөніндегі ұсынымдар жасалады.
 

     6. Байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы есептілікті және ақпаратты өтінімдері бойынша байланысты гранттар тартылған жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың есептілігін ескере отырып, орталық мемлекеттік органдар экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес есепті жылдан кейінгі жылдың 10 наурызынан кешіктірмей жазбаша түрде тапсырады.