Об утверждении Перечня документов, подтверждающих легальность происхождения вывозимой наличной иностранной валюты

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 29 октября 2005 года № 133. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 28 ноября 2005 года № 3951. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 13 февраля 2012 года № 23

      Сноска. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка РК от 13.02.2012 № 23.

      В целях реализации положений статьи 18 Закона Республики Казахстан "О валютном регулировании и валютном контроле" Правление Национального Банка Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ :

      1. Утвердить прилагаемый Перечень документов, подтверждающих легальность происхождения вывозимой наличной иностранной валюты.

      2. Настоящее постановление вводится в действие с 18 декабря 2005 года.

      3. Департаменту платежного баланса и валютного регулирования (Дюгай Н.Н.):

      1) совместно с Юридическим департаментом (Шарипов С.Б.) принять меры к государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления;

      2) в десятидневный срок со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления довести его до сведения заинтересованных подразделений центрального аппарата, территориальных филиалов Национального Банка Республики Казахстан и заинтересованных государственных органов.

      4. Управлению по обеспечению деятельности руководства Национального Банка Республики Казахстан (Терентьев А.Л.) в десятидневный срок со дня получения настоящего постановления принять меры к опубликованию его в средствах массовой информации Республики Казахстан.

      5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан Айманбетову Г.З.

       Председатель
      Национального Банка

      "СОГЛАСОВАНО"

      Министерство финансов
      Республики Казахстан
       Министр

      15 ноября 2005 года

Утвержден             
постановлением Правления    
Национального Банка       
Республики Казахстан      
от 29 октября 2005 года N 133 

      Сноска. Перечень документов с изменениями, внесенными постановлением Правления НБ РК от 22.06.2009 № 58  (вводится в действие с 01.09.2009).

Перечень документов, подтверждающих легальность
происхождения вывозимой наличной иностранной валюты

      1) Налоговая декларация по любой из следующих форм (экземпляр налогоплательщика):
      декларация по индивидуальному подоходному налогу (форма 220.00);
      декларация по индивидуальному подоходному налогу и имуществу (форма 230.00);
      декларация по индивидуальному подоходному налогу (форма 240.00);
      2) Таможенная декларация, подтверждающая ввоз наличной иностранной валюты в Республику Казахстан.

Әкетілетін қолма-қол шетел валютасының шығу заңдылығын растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқарамысының 2005 жылғы 29 қазандағы N 133 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 28 қарашада тіркелді. Тіркеу N 3951. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының 2012 жылғы 13 ақпандағы № 23 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2012 жылғы 13 ақпандағы № 23 Қаулысымен.

      "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының ережелерін іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Әкетілетін қолма-қол шетел валютасының шығу заңдылығын растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы 2005 жылғы 18 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
      3. Төлем балансы және валюталық реттеу департаменті (Дюгай Н.Н.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және мүдделі мемлекеттік органдарға жіберсін.
      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны алған күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға шаралар қабылдасын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Г.З.Айманбетоваға жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрлігі
      Министрі
      2005 жылғы 15 қараша

Қазақстан Республикасының  
Ұлттық Банкі Басқармасының  
2005 жылғы 29 қазандағы  
N 133 қаулысымен бекітілген 

Әкетілетін қолма-қол шетел валютасының
шығу заңдылығын растайтын құжаттардың тізбесі

       Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.06.22. N 58 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      1) Төмендегі кез келген нысан бойынша салық декларациясы (салық төлеушінің данасы):
      жеке табыс салығы жөніндегі декларация (220.00 нысаны);
      жеке табыс салығы мен мүлік жөніндегі декларация (230.00 нысаны);
      жеке табыс салығы жөніндегі декларация (240.00 нысаны);
      2) Қолма-қол шетел валютасының Қазақстан Республикасына әкелінуін растайтын кеден декларациясы.