Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Әкетілетін қолма-қол шетел валютасының шығу заңдылығын растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" 2005 жылғы 29 қазандағы N 133 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 22 маусымдағы N 58 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 18 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5751 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының 2012 жылғы 13 ақпандағы № 23 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2012 жылғы 13 ақпандағы № 23 Қаулысымен.

      Әкетілетін қолма-қол шетел валютасының шығу заңдылығын растайтын құжаттар тізбесін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Әкетілетін қолма-қол шетел валютасының шығу заңдылығын растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" 2005 жылғы 29 қазандағы N 133 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3951 тіркелген, 2006 жылғы 25 қаңтарда N 11 (817) "Заң газеті" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Әкетілетін қолма-қол шетел валютасының шығу заңдылығын растайтын құжаттар тізбесінде :
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) Төмендегі кез келген нысан бойынша салық декларациясы (салық төлеушінің данасы):
      жеке табыс салығы жөніндегі декларация (220.00 нысаны);
      жеке табыс салығы мен мүлік жөніндегі декларация (230.00 нысаны);
      жеке табыс салығы жөніндегі декларация (240.00 нысаны);".
      2. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.
      3. Төлем балансы және валюталық реттеу департаменті (Дюгай Н.Н.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және мүдделі мемлекеттік органдарға жіберсін.
      4. Ұйымдастыру жұмысы, сыртқы және қоғамдық байланыстар департаменті (Терентьев А.Л.) Төлем балансы және валюталық реттеу департаментінен (Дюгай Н.Н.) жариялауға өтінім алған күннен бастап үш күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға шаралар қабылдасын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ақышевқа жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасының міндетін атқарушы                        Д. Ғалиева

      "КЕЛІСІЛДІ"
       Қазақстан Республикасы
       Қаржы министрлігі
       Министр __________ Б. Жәмішев
       2009 жыл 25 маусым

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады