Об утверждении Инструкции об определении контроля одного юридического лица над другим юридическим лицом

Постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 9 января 2006 года № 18. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 27 января 2006 года № 4052. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 4 июля 2012 года № 217

      Сноска. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка РК от 04.07.2012 № 217 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В целях совершенствования нормативных правовых актов, регулирующих деятельность банков второго уровня, страховых (перестраховочных) организаций, открытых накопительных пенсионных фондов, Правление Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций (далее - Агентство)  ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемую Инструкцию об определении контроля одного юридического лица над другим юридическим лицом.

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении четырнадцати дней со дня его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      3. Департаменту стратегии и анализа (Еденбаев Е.С.):
      1) совместно с Юридическим департаментом (Байсынов М.Б.) принять меры к государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления;
      2) в десятидневный срок со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан довести настоящее постановление до сведения заинтересованных подразделений Агентства, Объединения юридических лиц в форме ассоциации "Ассоциация финансистов Казахстана", банков, страховых организаций и накопительных пенсионных фондов.

      4. Отделу международных отношений и связей с общественностью Агентства (Пернебаев Т.Ш.) обеспечить публикацию настоящего постановления в средствах массовой информации Республики Казахстан.

      5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Агентства Бахмутову Е.Л.

      Председатель

Утверждена                
постановлением Правления Агентства   
Республики Казахстан по регулированию 
и надзору финансового рынка и    
финансовых организаций       
от 9 января 2006 года N 18      


  Инструкция
об определении контроля одного юридического лица
над другим юридическим лицом  

      1. Настоящая Инструкция об определении контроля одного юридического лица над другим юридическим лицом (далее - Инструкция) разработана в соответствии с Законами Республики Казахстан " О банках и банковской деятельности  в Республике Казахстан", " О страховой  деятельности", " О пенсионном обеспечении  в Республике Казахстан" (далее - Законы) и устанавливает критерии определения уполномоченным органом по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций (далее - уполномоченный орган) контроля одного юридического лица над другим юридическим лицом.

      2. Наличие возможности одного юридического лица определять решения другого юридического лица помимо случаев, предусмотренных Законами, возникает в следующих случаях:
      1) наличие у одного юридического лица договора доверительного управления на голосование более пятьюдесятью процентами размещенных (за вычетом привилегированных или выкупленных обществом) акций другого юридического лица либо на право определения решений более пятьюдесятью процентами долей участия в уставном капитале другого юридического лица;
      2) финансирование одним юридическим лицом другого юридического лица, руководящими работниками и/или акционерами (учредителями, участниками) которого являются сотрудники финансирующего юридического лица, в размере, превышающем собственный капитал финансируемого юридического лица;
      3) получение одним юридическим лицом услуг от другого юридического лица, имеющего задолженность перед юридическим лицом, являющимся получателем услуг, оплата за которые составила не менее половины доходов юридического лица, предоставившего данные услуги. <*>
     Сноска. В пункт 2 внесены изменения постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору фин.рынка и фин.организаций от 17 июня 2006 года N  133 (вводится в действие по истечении 14 дней со дня гос.регистрации в МЮ РК). 
      3. В целях осуществления надзора на консолидированной основе уполномоченный орган в пределах своей компетенции истребует от юридических лиц информацию, необходимую для определения наличия контроля над юридическим лицом либо его отсутствия.

      4. В целях определения наличия контроля над юридическим лицом уполномоченный орган:
      1) запрашивает информацию или документы, подтверждающие наличие либо отсутствие возможности одного юридического лица определять решения другого юридического лица;
      2) проводит совместные заседания, встречи с участием заинтересованных сторон, а также иных лиц, имеющих информацию о наличии контроля у третьих лиц;
      3) проводит проверки финансовых организаций и их аффилиированных лиц, осуществляющих контроль над другим юридическим лицом.

      5. В случае непредставления информации, указанной в подпункте 1) пункта 4 настоящей Инструкции, в течение 30 дней со дня получения запроса уполномоченного органа, лицо, в адрес которого был направлен запрос, признается лицом, которое имеет контроль над другим юридическим лицом.

      6. В случае определения уполномоченным органом наличия контроля со стороны одного лица над другим юридическим лицом в ходе совместных заседаний, встреч с участием заинтересованных сторон, контролирующее лицо финансовой организации в течение 30 дней со дня получения соответствующего письменного уведомления уполномоченного органа представляет документы в соответствии с нормативными правовыми актами уполномоченного органа на получение соответствующего статуса крупного участника финансовой организации или банковского холдинга.

      7. В случае выявления наличия контроля у лиц, не имеющих соответствующего письменного согласия уполномоченного органа, уполномоченный орган применяет к данным лицам ограниченные меры воздействия и санкции, предусмотренные законодательством Республики Казахстан. В случае невыполнения требований уполномоченного органа по получению соответствующего статуса крупного участника финансовой организации или банковского холдинга, уполномоченным органом к контролирующим лицам юридических лиц могут быть применены принудительные меры, принимаемые в отношении аффилиированных лиц финансовых организаций, предусмотренные Законами.

Бір заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаға бақылау жасауын анықтау туралы Нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасы төрағасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 18 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 27 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 4052. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 4 шілдедегі № 217 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.07.04 № 217 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, ашық жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін  реттеп отыратын нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бір заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаға бақылау жасауын анықтау туралы ұсынылып отырған Нұсқаулық бекітілсін.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
      3. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" қауымдастығы нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігіне, банктерге, сақтандыру ұйымдарына және жинақтаушы зейнетақы қорларына жіберсін.
      4. Агенттіктің Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

       Төраға

Қазақстан Республикасы Қаржы     
нарығын және қаржы ұйымдарын     
реттеу мен қадағалау         
агенттігі Басқармасының         
2006 жылғы 9 қаңтардағы        
18 қаулысымен бекітілген       

  Бір заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаға
бақылау жасауын анықтау туралы
Нұсқаулық

      1. Бір заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаға бақылау жасауын анықтау туралы осы Нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы  банктер және банк қызметі туралы", " Сақтандыру қызметі туралы ", "Қазақстан Республикасындағы  зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңдарына (бұдан әрі - Заңдар) сәйкес әзірленді және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) бір заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаға бақылау жасауын анықтау критерийлерін белгілейді.

      2. Заңдарда көзделген жағдайлардан басқа жағдайларда бір заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаның шешімдерін анықтау жөніндегі мүмкіндіктерінің болуы мынадай жағдайларда пайда болады:
      1) бір заңды тұлғада басқа заңды тұлғаның орналасқан акцияларының елу процентінен астамына (артықшылықты немесе қоғам сатып алғанды шегере отырып) дауыс беруге сенімгерлік басқару шартының болуы не басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесінің елу процентінен астамына шешім белгілеу құқығының болуы;
      2) бір заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаны, қаржыландырып отырған заңды тұлғаның қызметкерлері болып табылатын басшы қызметкерлерді және/немесе акционерлерді (құрылтайшылар, қатысушылар) қаржыландырып отырған заңды тұлғаның меншікті капиталынан асатын мөлшерде қаржыландыруы;
      3) бір заңды тұлғаның төленген ақысы осы қызметті көрсеткен заңды тұлға кірісінің кемінде жартысын құраған қызметті алушы болып табылатын заңды тұлғаның алдында берешегі бар басқа заңды тұлғадан қызмет алуы.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасы төрағасының 2006 жылғы 17 маусымдағы N  133 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Уәкілетті орган қадағалауды шоғарландырылған негізде жүзеге асыру мақсатында өз құзыреті шегінде заңды тұлғалардан бақылау жасаудың болуын не оның болмауын анықтау үшін қажетті ақпаратты талап етеді.

      4. Уәкілетті орган заңды тұлғаға бақылау жасаудың болуын   анықтау мақсатында:
      1) бір заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаның шешімін анықтау мүмкіндігінің болуы не болмауын растайтын ақпаратты немесе құжаттарды сұратады;
      2) мүдделі тараптарды, сондай-ақ үшінші тұлғаларда бақылаудың болуы туралы ақпараты бар өзге тұлғаларды қатыстыра отырып, бірлескен мәжілістер өткізеді;
      3) басқа заңды тұлғаны бақылауды жүзеге асырушы қаржы ұйымдары мен олардың аффилиирленген тұлғаларына тексеру жүргізеді.

      5. Осы Нұсқаулықтың 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берілмеген жағдайда уәкілетті органның сұратуын алған күннен бастап 30 күн ішінде атына сұрату жіберілген тұлға басқа заңды тұлғаға бақылау жасаушы тұлға болып табылады.

      6. Уәкілетті орган бір тұлғаның тарапынан басқа заңды тұлғаға бақылау жасауын мүдделі тараптардың бірлескен мәжілісі, кездесулер барысында анықтаған жағдайда қаржы ұйымының бақылаушы тұлғасы уәкілетті органның тиісті жазбаша хабарламасын алған күннен бастап 30 күн ішінде қаржы ұйымының немесе банк холдингінің тиісті ірі қатысушысы мәртебесін алуға арналған уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес құжаттарды ұсынады.

      7. Тұлғаларда бақылаушы болу үшін қажетті уәкілетті органның тиісті жазбаша келісімі болмаған жағдайда, уәкілетті орган осы тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген  шектеулі ықпал ету шаралары мен санкцияларын қолданады. Қаржы ұйымының немесе банк холдингінің тиісті ірі қатысушысы мәртебесін алу жөніндегі уәкілетті органның талаптары орындалмаған жағдайда уәкілетті орган заңды тұлғалардың бақылаушы тұлғаларына Заңда көзделген қаржы ұйымдарының аффилиирленген тұлғаларына қатысты қолданылатын мәжбүрлеу шараларын қолдануы мүмкін.