Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бір заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаға бақылау жасауын анықтау туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 18 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 17 маусымдағы N 133 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 13 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 4294. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 4 шілдедегі № 217 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.07.04 № 217 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, ашық жинақтаушы зейнетақы қорларының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Агенттік Басқармасының "Бір заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаға бақылау жасауын анықтау туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 18  қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4052 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Бір заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаға бақылау жасауын анықтау туралы Нұсқаулықта:
      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) бір заңды тұлғаның төленген ақысы осы қызметті көрсеткен заңды тұлға кірісінің кемінде жартысын құраған қызметті алушы болып табылатын заңды тұлғаның алдында берешегі бар басқа заңды тұлғадан қызмет алуы.".

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      3. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, екінші деңгейдегі банктерге, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және жинақтаушы зейнетақы қорларына жіберсін.

      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.

      Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады