Об утверждении Правил проведения тестирования государственных строительных инспекторов, осуществляющих архитектурно-строительный контроль

Приказ Председателя Комитета по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства индустрии и торговли Республики Казахстан от 30 мая 2006 года № 213. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 1 июня 2006 года № 4245. Утратил силу приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства от 1 февраля 2010 года № 34

      Сноска. Утратил силу приказом Председателя Агентства РК по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства от 01.02.2010 № 34 (порядок введения в действие см. п. 5).

      В целях реализации постановления Правительства Республики Казахстан от 22 мая 2006 года № 437 "Об утверждении Правил аттестации государственных инспекторов, осуществляющих архитектурно-строительный контроль"  ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила проведения тестирования государственных строительных инспекторов, осуществляющих архитектурно-строительный контроль.

      2. Управлению архитектурно-строительного контроля и инспектирования:
      обеспечить в установленном порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      после государственной регистрации опубликовать настоящий приказ в средствах массовой информации.

      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования. 

      Председатель

Утверждены                    
приказом Председателя Комитета по       
делам строительства и жилищно-        
коммунального хозяйства           
Министерства индустрии и торговли      
Республики Казахстан             
от 30 мая 2006 года N 213          

  Правила
проведения тестирования государственных строительных
инспекторов, осуществляющих архитектурно-
строительный контроль

  1. Общие положения

      1. Настоящие Правила проведения тестирования государственных строительных инспекторов, осуществляющих архитектурно-строительный контроль (далее - Правила) разработаны в соответствии  с  Правилами аттестации государственных строительных инспекторов, осуществляющих архитектурно-строительный контроль, утвержденными  постановлением Правительства Республики Казахстан от 22 мая 2006 года N 437, (далее - Правила аттестации).

      2. Правила определяют порядок проведения тестирования государственных строительных инспекторов, осуществляющих архитектурно-строительный контроль (далее - инспекторы), и подлежащих аттестации в соответствии с Правилами аттестации.

      3. Цель проведения тестирования - объективная оценка уровня профессиональной компетентности инспекторов в области архитектуры, градостроительства и строительства, а также знаний ими действующего законодательства Республики Казахстан.

      4. Тестирование проводится центральной (постоянной) и региональной (выездной) аттестационными комиссиями, формируемыми в соответствии с Правилами аттестации (далее - аттестационные комиссии).

      5. Формирование тестовых вопросов для оценки уровня знаний аттестуемых лиц осуществляется уполномоченным органом.
      6. Тестирование проводиться с использованием вопросников, в виде заполнения листов ответов.
      7. Объективность тестирования обеспечивается стандартностью условий, времени, подсчета результатов, инструкции, содержания тестирования.

      8. Тестирование состоит из 3 этапов:
      1) подготовка к тестированию;
      2) прохождение тестов тестируемыми;
      3) подсчет результатов.

  2. Подготовка к тестированию

      9. Структурное подразделение, определяемое руководителем уполномоченного органа (далее - рабочий орган) уведомляет инспекторов о времени проведения тестирования.

      10. Помещение для проведения тестирования должно соответствовать условию удобного расположения тестируемых в случае, если тестируется несколько человек одновременно. Во время тестирования участники не должны разговаривать и покидать помещение, в котором проводится тестирование до окончания времени, отпущенного на выполнения тестовых заданий.

      11. Все материалы тестирования должны быть подготовлены рабочим органом и проверены заранее аттестационной комиссией.

  3. Прохождение тестов тестируемыми

      12. Тестирование проводится на государственном или русском языках по выбору тестируемого.

      13. Общее время, отпущенное на выполнение тестовых заданий - 90 минут. Тестовый вопросник состоит из 100 вопросов.

      14. По истечении времени отведенного на выполнение теста, завершается заполнение листов ответов.

  4. Подсчет результатов

      15. Подсчет результатов тестирования проводится аттестационными комиссиями с использованием кодов правильных ответов в течение 3 часов. После ознакомления тестируемые расписываются на листе с результатами.

      16. Отрицательным считается результат тестирования при менее 70% правильных ответов для руководителей областных (города республиканского значения, столицы) органов, осуществляющих архитектурно-строительный контроль, а для остальной категории лиц, подлежащих аттестации - менее 60%.

      17. Тестируемый, получивший при прохождении тестирования оценку ниже пороговых значений, к собеседованию не допускается.
      При этом, тестируемый может пройти повторное тестирование, но не ранее чем через шесть месяцев.
      Если при повторном прохождении тестирования тестируемым вновь получена оценка ниже пороговых значений, аттестационная комиссия принимает решение о несоответствии тестируемого занимаемой должности инспектора.

      18. После проведения тестирования один экземпляр результата хранится в течение 3 лет в рабочем органе аттестационных комиссий, а второй экземпляр постоянно хранится в личном деле аттестуемого.

      19. Споры, возникающие при проведении тестирования, рассматриваются в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.

Сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларына тестілеу өткізудің ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Төрағасының 2006 жылғы 30 мамырдағы N 213 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 1 маусымда тіркелді. Тіркеу N 4245. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2010 жылғы 1 ақпандағы N 34 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2010.02.01 N 34 бұйрығымен.

      "Сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 мамырдағы N 437  қаулысын іске асыру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларына тестілеу өткізудің ережесі бекітілсін.
      2. Сәулет-құрылыс бақылау және инспекциялау басқармасы:
      осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
      мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

       Төраға

Қазақстан Республикасы Индустрия  
және сауда министрлігінің Құрылыс  
және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
істері комитеті төрағасының    
2006 жылғы 30 мамырдағы      
N 213 бұйрығымен бекітілген    

  Сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын
мемлекеттік құрылыс инспекторларына тестілеу
өткізудің ережесі

  1. Жалпы ережелер

       1. Сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларына тестілеу өткізудің осы ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 мамырдағы N 437  қаулысымен бекітілген Сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттау ережесіне (бұдан әрі - Аттестаттау ережесі) сәйкес әзірленді.
      2. Ереже Аттестаттау ережесіне сәйкес аттестатталатын сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларына (бұдан әрі - инспекторлар) тестілеу өткізудің тәртібін белгілейді.

      3. Тестілеуді өткізудің мақсаты - сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы инспекторлардың кәсіптік біліктілігі, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын білу деңгейін объективті бағалау.

      4. Тестілеуді Аттестаттау ережесіне сәйкес орталық (тұрақты) және өңірлік (көшпелі) аттестаттау комиссиясы (бұдан әрі - аттестаттау комиссиясы) өткізеді.

      5. Аттестатталушылардың білім деңгейін бағалауға арналған тест сұрақтарын жинақтауды уәкілетті орган жүзеге асырады.

      6. Тестілеу жауап парақтарын толтыру түрінде сұрақ кітапшаларын пайдалану арқылы өткізіледі.

      7. Тестілеудің дұрыстығы жағдайдың, уақыттың, нәтижелерді санаудың, нұсқаулықтың, тестілеу мазмұнының стандартқа сай келуі арқылы қамтамасыз етіледі.

      8. Тестілеу:
      1) тестілеуге дайындау;
      2) тестіленушілердің тестіден өтуі;
      3) нәтижелерді санау сияқты 3 кезеңнен тұрады.

  2. Тестілеуге дайындалу

      9. Уәкілетті органның басшысы айқындаған құрылымдық бөлімше (бұдан әрі - жұмысшы орган) инспекторларға тестілеу өткізудің мерзімі туралы хабарлайды.

      10. Егерде бір мезгілде бірнеше адам тестілеуден өтетін болса, онда тест өтетін бөлме тестіленушілердің жайғасуына ыңғайлы болуы керек. Тест кезінде оған қатысушыларға тест тапсырмаларын орындауға бөлінген уақыт аяқталғанға дейін тест өтіп жатқан жерді тастап шығуға, сөйлеуге рұқсат етілмейді.

      11. Барлық тестілеу материалдары алдын ала дайындалуы және аттестаттау комиссиясы оны тексеруі тиіс.

  3. Тестіленушілердің тесттен өтуі

      12. Тестілеу тестіленушінің таңдауы бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде өтеді.

      13. Тест тапсырмаларын орындауға 90 минут беріледі. Тест сұрақтары 100 сұрақтан тұрады.

      14. Тесті орындауға берілген уақыт біткен соң жауаптар парағын толтыруға тыйым салынады.

  4. Нәтижелерді санау

      15. Тестілеудің нәтижелерін санауды сұрақ кітапшаларды, дұрыс жауаптардың кодтарын пайдалана отырып 3 сағат ішінде аттестаттау комиссиясы өткізеді. Таныстырылғаннан кейін тестен өтушілер нәтижесі жазылған параққа қол қояды.

      16. Сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) органдар басшыларының дұрыс жауаптары 80 пайыздан, ал аттестаттауға жататын адамдардың санатына жататындардікі 70 пайыздан төмен болса өтпеді деп есептеледі.

      17. Тесттен өту кезінде шекті мәннен төмен баға алған тестіленуші әңгімелесуге жіберілмейді.
      Бұл ретте, тестіленуші кемінде алты ай өткеннен кейін қайта тесттен өтуі мүмкін.
      Қайта тесттен өту кезінде тестіленуші тағы да шекті мәннен төмен баға алса, аттестаттау комиссиясы инспектор аттестатталмады және атқаратын лауазымына сәйкес келмейді деген шешім қабылдайды.

      18. Тестілеу өткен соң тест нәтижелерінің бір данасы аттестаттау комиссиясының жұмысшы органында 3 жыл бойы, ал екінші данасы аттестатталушының жеке ісінде тұрақты сақталады.

      19. Тестілеу кезінде туындаған даулы мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіппен қаралады.