Об утверждении Правил выдачи документа о регистрации охотничьих собак в Республике Казахстан

Приказ Председателя Комитета лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 14 марта 2007 года № 103. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 9 апреля 2007 года № 4609. Утратил силу приказом Председателя Комитета лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 20 апреля 2010 года № 160

      Сноска. Утратил силу приказом Председателя Комитета лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства РК от 20.04.2010 № 160.

      В соответствии с Законом Республики Казахстан "Об охране, воспроизводстве и использовании животного мира" и Правилами охоты на территории Республики Казахстан, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2004 года N 1458,  ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила выдачи документа о регистрации охотничьих собак в Республике Казахстан.

      2. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя Председателя Комитета Мусабаева X.Ш.

      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

       Председатель

Утверждены                      
приказом Председателя Комитета  
лесного и охотничьего хозяйства 
Министерства сельского хозяйства
Республики Казахстан            
от 14 марта 2007 года N 103     

  Правила
выдачи документа о регистрации охотничьих собак
в Республике Казахстан 1. Общие положения

      1. Правила выдачи документа о регистрации охотничьих собак в Республике Казахстан (далее - Правила) разработаны в соответствии с  Законом Республики Казахстан "Об охране, воспроизводстве и использовании животного мира" и Правилами охоты на территории Республики Казахстан, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2004 года N 1458.

      2. Настоящие Правила определяют порядок выдачи документа о регистрации охотничьих собак используемых при проведении охоты в охотничьих угодьях Республики Казахстан.

      3. Выдачу документа о регистрации охотничьих собак осуществляют территориальные органы уполномоченного органа в области охраны, воспроизводства и использования животного мира (далее - территориальный орган).

      4. Документ о регистрации охотничьих собак выдаются в целях предотвращения ущерба, наносимого бродячими собаками, животным и недопущения распространения ими заболеваний, опасных для здоровья человека и животных.

      5. К охотничьим собакам относятся породные и беспородные собаки, используемые физическими лицами, имеющими право на охоту (далее - охотники) для поиска, преследования и ловли диких зверей и птиц в охотничьих угодьях.

  2. Порядок рассмотрения и выдачи документа
о регистрации охотничьих собак

      6. Для получения документа о регистрации охотничьих собак в территориальный орган по месту проживания направляется заявка, подписанная охотником.

      7. В заявке указываются:
      1) цель регистрации;
      2) порода, масть;
      3) год рождения.

      8. К заявке прилагаются следующие документы:
      1) справка о происхождении охотничьей собаки или свидетельство на охотничью собаку, выдаваемые на породных собак клубами кинологов, их ассоциациями, обществами охотников, ведущими племенную работу с охотничьими собаками;
      2) паспорт установленного образца, выдаваемый охотникам на породных и беспородных собак соответствующими ветеринарными организациями в рамках общей идентификации сельскохозяйственных животных, утвержденный приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 2 апреля 2003 года N 164 "Об идентификации сельскохозяйственных животных" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 2247);
      3) две фотографии охотничьей собаки размером 6 х 8 сантиметров, сфотографированные с правого и с левого боков.

      9. Территориальный орган рассматривает заявку и в течение десяти дней на основании удостоверяющих документов выдает сертификат о регистрации охотничьей собаки установленной формы, согласно приложению, с занесением сведении в Удостоверение охотника и Учетную карточку, утвержденные приказом Председателя Комитета лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 19 ноября 2004 года N 246 "Об утверждении Правил выдачи удостоверения охотника Республики Казахстан" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 3274).

Приложение         
к Правилам выдачи документа 
о регистрации охотничьих собак
в Республике Казахстан  

                        Сертификат
             о регистрации охотничьей собаки

N
п/п

Порода,
масть

Год
рождения

Документ
ветеринарной регистрации
собаки, паспорт









Место для фотографии

Вид
охотничьей собаки
с правого бока

Вид
охотничьей собаки
с левого бока



М.П.
(территориального органа)

Руководитель
территориального органа __________  ____________
                         (Ф.И.О.)    (подпись) 

Қазақстан Республикасында аңшы иттерді тіркеу туралы құжат беру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2007 жылғы 14 наурыздағы N 103 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 9 сәуірдегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4609 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Төрағасының 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 160 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - ҚР Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Төрағасының 2010.04.20 № 160 Бұйрығымен.

      "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы N 1458 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағындағы аң аулау ережесіне сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында аңшы иттерді тіркеу туралы құжат беру ережесі бекітілсін.
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасының орынбасары Қ.Ш.Мұсабаевқа жүктелсін.
      3. Осы бұйрық ол алғашқы рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Төраға

Қазақстан Республикасы     
Ауыл шаруашылығы министрлігінің
Орман және аңшылық шаруашылығы 
комитеті төрағасының     
2007 жылғы 14 наурыздағы   
N 103 бұйрығымен бекітілген 

  Қазақстан Республикасында аңшы иттерді
тіркеу туралы құжат беру ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасында аңшы иттерді тіркеу туралы құжат беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы N 1458 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесіне сәйкес әзірленді.

      2. Осы Ереже Қазақстан Республикасының аң аулайтын алқаптарында аң аулау кезінде пайдаланылатын аңшы иттерді тіркеу туралы құжат беру тәртібін айқындайды.

      3. Аңшы иттерді тіркеу туралы құжат беруді жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдары (бұдан әрі - аумақтық органдар) жүзеге асырады.

      4. Аңшы иттерді тіркеу туралы құжат қаңғыбас иттердің жануарларға келтірілетін нұқсанға жол бермеу және олардың адамдар мен жануарлардың денсаулығына қауіпті ауруларды таратуын болдырмау мақсатында беріледі.

      5. Аңшы иттерге аң аулайтын алқаптарда жабайы аңдар мен құстарды іздеу, ізіне түсу және аулау үшін аң аулауға құқығы бар жеке тұлғалар (бұдан әрі - аңшылар) пайдаланатын асыл тұқымды және тұқымсыз иттер жатады.

  2. Аңшы иттерді тіркеу туралы құжаттарды
қарау және беру тәртібі

      6. Аңшы итті тіркеу туралы құжат алу үшін тұрғылықты жер бойынша аумақтық органға аңшы қол қойған тапсырыс жіберіледі.

      7. Тапсырыста мыналар көрсетіледі:
      1) тіркеудің мақсаты;
      2) тұқымы, түр-түсі;
      3) туған жылы.

      8. Тапсырысқа мынадай құжаттар қоса тіркеледі:
      1) аңшы иттермен олардың тұқымын асылдандыру жұмысын жүргізетін кинологтар клубтары, олардың қауымдастықтары, аңшылар қоғамдары асыл тұқымды иттерге беретін аңшы иттің шығу тегі туралы анықтама немесе куәлік;
      2) "Ауыл шаруашылығы жануарларын ұқсастандыру туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 2 сәуірдегі N 164 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2247 нөмірмен тіркелген) ауыл шаруашылығы жануарларын жалпы ұқсастандыру шеңберінде тиісті ветеринариялық ұйымдар аңшыларға беретін асыл тұқымды және тұқымсыз иттердің белгіленген үлгідегі  төлқұжаты;
      3) оң жақ бүйірінен және сол жақ бүйірінен түсірілген көлемі 6 х 8 сантиметр аңшы иттің екі фотосуреті.

      9. Аумақтық орган тапсырысты қарап, он күн ішінде куәландыру құжаттарының негізінде мәліметтерді "Қазақстан Республикасының аңшы куәлігін беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2004 жылғы 19 қарашадағы N 246 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3274 нөмірмен тіркелген) бекітілген Аңшы куәлігі мен Есеп карточкасына енгізіп, қосымшаға сәйкес аңшы итті тіркеу туралы белгіленген үлгідегі сертификат береді.

                                         Қазақстан Республикасында
                                         аңшы иттерді тіркеу туралы
                                            құжат беру ережесіне
                                                    қосымша

                    Аңшы итті тіркеу туралы
                           сертификат

р/с

Тұқымы,
түр-түсі

Туған жылы

Итті ветеринариялық
тіркеу құжаты, төлқұжат









Фотосуретке арналған орын

Аңшы иттің оң жақ бүйірінен
көрінісі

Аңшы иттің сол жақ
бүйірінен көрінісі



      М.О. (орталық орган)

Орталық органның басшысы ___________________  ___________
                              (Т.А.Ж.)          (қолы)