О внесении изменений и дополнений в решение от 17 июля 2007 года N 24/388-III "О предоставлении материальной помощи некоторым категориям граждан"

Решение III сессии Восточно-Казахстанского областного маслихата IV созыва от 14 декабря 2007 года N 3/41-IV. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 11 января 2008 года за N 2468. Утратило силу решением Восточно-Казахстанского областного маслихата от 03 июля 2012 года № 4/63-V

       Сноска. Утратило силу решением Восточно-Казахстанского областного маслихата от 03.07.2012 № 4/63-V.

      В соответствии со  статьей 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении в Республике Казахстан" и статьей 20 Закона Республики Казахстан "О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним", Восточно-Казахстанский областной маслихат РЕШИЛ:
      1. Внести в решение Восточно-Казахстанского областного маслихата "О предоставлении материальной помощи некоторым категориям граждан" от 17 июля 2007 года N 24/388-III (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 2452, опубликовано в газетах "Дидар" от 7 августа 2007 года N 94-95, "Рудный Алтай" от 7 августа 2007 года N 118) следующие изменения и дополнения: 
      1) абзац четвертый пункта 1 изложить в следующей редакции:
      "лица, приравненные к инвалидам войны";
      2) пункт 3 изложить в следующей редакции:
      "3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и распространяется на отношения, возникшие с 01 июля 2007 года.";
      3) в Инструкции предоставления материальной помощи некоторым категориям граждан, утвержденной указанным решением:
      пункт 1 дополнить подпунктами 4)-7) следующего содержания:
      "4) лица начальствующего и рядового состава органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза ССР, ставшие инвалидами вследствие ранения, контузии, увечья, полученных при исполнении служебных обязанностей, либо вследствие заболевания, связанного с пребыванием на фронте или выполнением служебных обязанностей в государствах, где велись боевые действия;
      5) лица из числа бойцов и командного состава истребительных батальонов, взводов и отрядов защиты народа, действовавших в период с 1 января 1944 года по 31 декабря 1951 года на территории Украинской ССР, Белорусской ССР, Литовской ССР, Латвийской ССР, Эстонской ССР, ставшие инвалидами вследствие ранения, контузии или увечья, полученных при исполнении служебных обязанностей в этих батальонах, взводах, отрядах;
      6) рабочие и служащие соответствующих категорий, обслуживающие действующие воинские контингенты в других странах и ставшие инвалидами вследствие ранения, контузии, увечья либо заболевания, полученных в период ведения боевых действий;
      7) лица, ставшие инвалидами вследствие катастрофы на Чернобыльской АЭС и других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, испытания ядерного оружия, и их дети, инвалидность которых генетически связана с радиационным облучением одного из родителей";
      пункт 4 изложить в следующей редакции:
      "4. Материальная помощь гражданам, указанным в подпунктах 1)-3) пункта 1 настоящей Инструкции, предоставляется в размере 5000 тенге.
      Материальная помощь гражданам, указанным в подпунктах 4)-7) пункта 1 настоящей Инструкции, предоставляется в размере 2000 тенге.". 
      2. Настоящее решение вводится в действие со дня его официального опубликования и распространяется на отношения, возникшие с 1 января 2008 года.

      Председатель сессии 

      Секретарь 
      Восточно-Казахстанского 
      областного маслихата 

"Азаматтардың кейбір санаттарына материалдық көмек ұсыну туралы" 2007 жылғы 17 шілдедегі N 24/388-ІІІ шешімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының ІІІ сессиясының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы N 3/41-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысының әділет департаментінде 2008 жылғы 11 қаңтарда N 2468 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 03 шілдедегі № 4/63-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2012.07.03 № 4/63-V шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына және "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  20-бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Азаматтардың кейбір санаттарына материалдық көмек ұсыну туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2007 жылғы 17 шілдедегі  N 24/388-ІІІ шешіміне (N 2452 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде тіркелген 2007 жылғы 7 тамыздағы N 94-95 "Дидар", 2007 жылғы 7 тамыздағы N 118 "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланды) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) 1-тармағындағы төртінші азатжолы мынадай редакцияда жазылсын: 
      "соғыс мүгедектерiне теңестiрiлген адамдарға";
      2)  3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Осы шешім оның бірінші ресми жарияланған күнінен кейінгі он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2007 жылғы 01 шілдеден бастап туындаған қарым-қатынастарға таралады.";
      3) аталған шешіммен бекітілген Азаматтардың кейбір санаттарына материалдық көмек ұсыну нұсқаулықтағы:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 4)-7) тармақшалармен толықтырылсын:
      "4) әскери мiндетiн орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан, яки майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген мемлекеттерде әскери мiндетiн орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдар;
      5) 1944 жылдың 1 қаңтарынан 1951 жылдың 31 желтоқсанына дейiнгi кезеңде Украин ССР-i, Беларусь ССР-i, Литва ССР-i, Латыш ССР-i, Эстон ССР-i аумақтарында қимыл жасаған халықты қорғаушы истребительдiк батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлерi мен командалық құрамы қатарында болған, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызмет мiндетiн атқаруға кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе зақымдануы салдарынан мүгедек болған адамдар;
      6) басқа елдерде қимыл жасаған әскер құрамдарына қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдарын жүргiзу кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы немесе ауруы салдарынан мүгедек болған тиiстi санаттағы жұмысшылар мен қызметшiлер;
      7) Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, сондай-ақ ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуы себебiнен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балалары";
      4 тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "4. Осы нұсқаулықтың 1 тармақтың 1)-3) тармақшасында аталған азаматтарға материалдық көмек 5000 теңге мөлшерінде ұсынылады.
      Осы нұсқаулықтың 1 тармақтың 4)-7) тармақшасында аталған азаматтарға материалдық көмек 2000 теңге мөлшерінде ұсынылады.".
      2. Осы шешім оның ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2008 жылғы 01 қаңтардан бастап туындаған қарым-қатынастарға таралады.

      Сессия төрағасы

      Шығыс Қазақстан облыстық
      мәслихатының хатшысы