Об утверждении Правил применения принудительных мер к лицам, обладающим признаками крупного участника, а также к крупным участникам открытого накопительного пенсионного фонда

Постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 28 ноября 2008 года № 193. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 5 января 2009 года № 5473. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 13 февраля 2012 года № 32

      Сноска. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка РК от 13.02.2012 № 32 (вводится в действие по истечении десяти дней после дня его первого официального опубликования).

      В целях реализации Закона Республики Казахстан от 23 октября 2008 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам устойчивости финансовой системы", Правление Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций (далее - Агентство) ПОСТАНОВЛЯЕТ :
      1. Утвердить прилагаемые Правила применения принудительных мер к лицам, обладающим признаками крупного участника, а также к крупным участникам открытого накопительного пенсионного фонда.
      2. Признать утратившим силу постановление Правления Агентства от 25 февраля 2006 года № 60 "Об утверждении Правил применения принудительных мер к крупному участнику открытого накопительного пенсионного фонда" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 4156).
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      4. Департаменту надзора за субъектами рынка ценных бумаг и накопительными пенсионными фондами (Хаджиева М.Ж.):
      1) совместно с Юридическим департаментом (Сарсенова Н.В.) принять меры к государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления;
      2) в десятидневный срок со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления довести его до сведения заинтересованных подразделений Агентства и Объединения юридических лиц "Ассоциация финансистов Казахстана".
      5. Службе Председателя Агентства (Кенже А.А.) принять меры по опубликованию настоящего постановления в средствах массовой информации Республики Казахстан.
      6. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Агентства Алдамберген А.У.

      Председатель                               Е. Бахмутова

Утверждены              
постановлением Правления Агентства 
Республики Казахстан по регулированию
и надзору финансового рынка и финансовых
организаций от 28 ноября 2008 года № 193

Правила
применения принудительных мер к лицам, обладающим признаками
крупного участника, а также к крупным участникам открытого
накопительного пенсионного фонда

      1. Настоящие Правила разработаны в соответствии с Законами Республики Казахстан от 20 июня 1997 года «О пенсионном обеспечении в Республике Казахстан » (далее - Закон), от 4 июля 2003 года «О государственном регулировании и надзоре финансового рынка и финансовых организаций » и устанавливают порядок применения уполномоченным органом по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций (далее - уполномоченный орган) в отношении лиц, обладающих признаками крупного участника, а также крупным участникам открытого накопительного пенсионного фонда принудительных мер за нарушение законодательства Республики Казахстан о пенсионном обеспечении.
      2. В целях обеспечения стабильности накопительной пенсионной системы, а также защиты интересов вкладчиков (получателей) накопительных пенсионных фондов уполномоченный орган применяет к лицам, обладающим признаками крупного участника, а также к крупным участникам открытого накопительного пенсионного фонда принудительные меры, предусмотренные статьей 42-7 Закона .
      3. Применение одной принудительной меры не исключает применения другой в случаях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан, и не приостанавливает и не прекращает действия ранее принятых мер.
      4. Лицо, обладающее признаками крупного участника или крупный участник открытого накопительного пенсионного фонда в течение десяти календарных дней со дня получения уведомления уполномоченного органа о применении к нему принудительных мер, представляет в уполномоченный орган план-график мероприятий по выполнению требований уполномоченного органа с приложением, при необходимости, прочих документов.
      5. Уполномоченный орган рассматривает план-график и представляет свое заключение лицу, обладающему признаками крупного участника или крупному участнику открытого накопительного пенсионного фонда в течение десяти календарных дней.
      В случае несогласия с планом-графиком, уполномоченный орган направляет указание лицу, обладающему признаками крупного участника, или крупному участнику открытого накопительного пенсионного фонда о выполнении конкретных мероприятий в определенные сроки.
      6. Лицо, обладающее признаками крупного участника, или крупный участник открытого накопительного пенсионного фонда уведомляет уполномоченный орган об исполнении решения по выполнению требований уполномоченного органа в срок, указанный в решении.
      В случае, если установленный срок исполнения решения будет превышать один месяц, лицо, обладающее признаками крупного участника или крупный участник открытого накопительного пенсионного фонда ежемесячно уведомляет уполномоченный орган о поэтапном его исполнении.
      7. Началом срока выполнения лицом, обладающим признаками крупного участника, или крупным участником открытого накопительного пенсионного фонда требований, предусмотренных решением уполномоченного органа, считается дата получения им данного решения.
      8. Вопросы, не урегулированные настоящими Правилами, разрешаются в порядке, определенном законодательством Республики Казахстан.

Ірі қатысушы белгісін иеленетін тұлғаларға, сондай-ақ ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушыларына мәжбүрлеу шараларын қолдану ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 28 қарашадағы N 193 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 5 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5473 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 13 ақпандағы № 32 қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.13 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін  күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 23 қазандағы  Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Басқармасы (бұдан әрі – Агенттік) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ұсынылып отырған Ірі қатысушы белгісін иеленетін тұлғаларға, сондай-ақ ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушыларына мәжбүрлеу шараларын қолдану ережесі бекітілсін.
      2. Агенттік Басқармасының "Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысына мәжбүрлеу шараларын қолдану ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 60 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4156 тіркелген) өзінің күшін жойды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Хаджиева М.Ж.):
      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, екінші деңгейдегі банктерге және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.
      5. Агенттіктің Төраға Қызметі (Кенже А. А.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

       Төрайым                                         Е. Бахмутова

Қазақстан Республикасы Қаржы  
нарығын және қаржы ұйымдарын  
реттеу мен қадағалау агенттігі 
Басқармасының 2008 жылғы    
28 қ арашадағы N 193 қаулысымен
бекітілген           

Ірі қатысушы белгісін иеленетін тұлғаларға, сондай-ақ ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушыларына мәжбүрлеу шараларын қолдану ережесі

      1. Осы Ереже " Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы " Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы, " Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы " Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңдарына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) ірі қатысушы белгісін иеленетін тұлғаларға, сондай-ақ ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушыларына Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасын бұзғаны үшін мәжбүрлеу шараларын қолдану тәртібін белгілейді.
      2. Уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының (алушыларының) мүдделерін қорғау мақсатында Заңның 42-7-бабында көзделген мәжбүрлеу шараларын ірі қатысушы белгісін иеленетін тұлғаларға, сондай-ақ ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушыларына қолданады.
      3. Бір мәжбүрлеу шарасын қолдану Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда екінші мәжбүрлеу шарасын қолдануды жоққа шығармайды және ертеректе қолданылған шараларды тоқтата тұрмайды әрі олардың қолдануын тоқтатпайды.
      4. Ірі қатысушы белгісін иеленетін тұлға немесе ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы уәкілетті органның оған қатысты мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы хабарламасын алғаннан кейін он күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органға, қажет болған жағдайда басқа құжаттарды қоса бере отырып, уәкілетті органның талаптарын орындау жөніндегі іс-шаралардың жоспар-кестесін ұсынады.
      5. Уәкілетті орган жоспар-кестені қарап, өз қорытындысын ірі қатысушы белгісін иеленетін тұлғаға немесе ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысына он күнтізбелік күн ішінде ұсынады.
      Уәкілетті орган жоспар-кестемен келіспеген жағдайда, ірі қатысушы белгісін иеленетін тұлғаға немесе ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысына нақты іс-шараларды белгіленген мерзімде орындау жөнінде нұсқау жібереді.
      6. Ірі қатысушы белгісін иеленетін тұлға немесе ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы уәкілетті органды шешімде көрсетілген мерзімде уәкілетті органның талаптарын орындағандығы жөнінде хабардар етеді.
      Егер шешімді орындаудың белгіленген мерзімі бір айдан асатын болса, ірі қатысушы белгісін иеленетін тұлға немесе ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы оны кезең-кезеңмен орындау туралы уәкілетті органға ай сайын хабардар етеді.
      7. Ірі қатысушы белгісін иеленетін тұлғаның немесе ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысының уәкілетті органның шешімімен көзделген талаптарды орындау мерзімінің басталуы оның осы шешімді алған күні болып есептеледі.
      8. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалған тәртіппен шешілетін болады.