Об организации приема и обустройства оралманов, прибывающих в Жамбылскую область по квоте иммиграции

Постановление акимата Жамбылской области от 29 мая 2008 года N 188. Зарегистрировано Департаментом юстиции Жамбылской области 09 июля 2008 года за номером 1706. Утратило силу постановлением акимата Жамбылской области 26.02.2009 № 58 (на государственном языке см. п. 9)

       Сноска. Утратило силу постановлением акимата Жамбылской области 26.02.2009 № 58 (на государственном языке см. п. 9 )

      Сноска. Наименование с изменениями, внесенными постановлением акимата Жамбылской области от 25 декабря 2008 года № 396 .

      В целях реализации Указа Президента Республики Казахстан "О квоте иммиграции оралманов на 2008 год" от 30 декабря 2007 года N 506, Постановления Правительства Республики Казахстан "О распределении квоты иммиграции оралманов на 2008 год" от 15 февраля 2008 года N 137 и на основании Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении в Республике Казахстан" от 23 января 2001 года акимат Жамбылской области ПОСТАНОВЛЯЕТ :

      1. Разместить 1498 семей оралманов, прибывающих из зарубежных стран в Жамбылскую область по квоте иммиграции оралманов на 2008 год в районах и городе Тараз.
       Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными постановлением акимата Жамбылской области от 25.12.2008 № 396.

      2. Государственному учреждению "Управление Комитета по миграции по Жамбылской области" (по согласованию) рекомендовать:
      1) обеспечить прием оралманов, произвести выплату средств для приобретения жилья, единовременных пособий и возмещение транспортных расходов в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан;
      2) осуществить связь с соседними зарубежными казахскими культурными центрами и организовать работу по добровольному переселению лиц казахской национальности согласно установленной для Жамбылской области квоты иммиграции оралманов.

      3. Акимам районов и города Тараз обеспечить размещение семей оралманов в населенных пунктах, при необходимости выделять им земельные участки в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан, организовать подготовку и переподготовку оралманов профессиям, востребованным на рынке труда и обеспечение работой трудоспособных граждан.

      4. Государственному учреждению "Департамент внутренних дел Жамбылской области Министерства внутренних дел Республики Казахстан" (по согласованию) рекомендовать обеспечить личную и имущественную безопасность оралманов при приеме, в пути следования, в местах постоянного проживания на территории области, своевременную регистрацию и выдачу им в установленном законом порядке необходимых документов, разрешающих проживание по месту размещения и получение гражданства Республики Казахстан.

      5. Государственному учреждению "Управление образования акимата Жамбылской области" осуществлять изучение документов об образовании, полученных детьми оралманов за рубежом, при необходимости, организовать их дополнительное обучение по переходным учебным планам с сокращенным сроком, чтобы обеспечить соответствие их образования Государственным стандартам образования Республики Казахстан.

      6. Государственному учреждению "Управление здравоохранения акимата Жамбылской области" обеспечить медицинское обследование прибывающих оралманов и лечение больных на общих основаниях наравне с гражданами Республики Казахстан.

      7. Государственному учреждению "Департамент Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан по Жамбылской области" (по согласованию) и Жамбылскому областному филиалу республиканского государственного казенного предприятия "Государственный центр по выплате пенсий Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан" (по согласованию) рекомендовать совместно с государственным учреждением "Управление координации занятости и социальных программ акимата Жамбылской области" в соответствии с действующим законодательством и положениями Республики Казахстан проводить работы по назначению пенсий и пособий прибывшим оралманам.

      8. Государственному учреждению "Управление внутренней политики акимата Жамбылской области" обеспечить информирование населения области через средства массовой информации о проводимой работе по обустройству оралманов.

      9. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима области Иманалиева Б.З.

      10. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким области                        Б. Жексембин

Көшіп келу квотасы бойынша Жамбыл облысына келетін оралмандарды қабылдау мен орналастыруды ұйымдастыру туралы

Жамбыл облысы әкімиятының 2008 жылғы 29 мамырдағы N 188 қаулысы. Жамбыл облыстық Әділет департаментінде 2008 жылғы 09 маусымда 1706 нөмірімен тіркелді. Қаулының атауына өзгеріс енгізілді - Жамбыл облысы акімиятының 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 396 Қаулысымен. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімиятының 2009.02.26 № 58 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімиятының 2009.02.26 № 58 Қаулысымен .

      Ескерту. Қаулының атауына өзгеріс енгізілді - Жамбыл облысы акімиятының 2008.12.25. № 396 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Оралмандардың 2008 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы" 2007 жылғы 30 желтоқсандағы N 506 Жарлығын , Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Оралмандардың 2008 жылға арналған көшіп келу квотасын бөлу туралы" 2008 жылғы 15 ақпандағы N 137 Қаулысын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының негізінде Жамбыл облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. 2008 жылға арналған оралмандардың көшіп келу квотасы бойынша шет елдерден Жамбыл облысына көшіп келетін 1498 оралман отбасылары аудандар мен Тараз қаласына қоныстандырылсын.

       Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілген - Жамбыл облысы акімиятының 2008.12.25 № 396 қаулысымен.

      2. "Көші-қон комитетінің Жамбыл облысы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша):
      1) оралмандарды қабылдауды, оларға қолданыстағы заңнамаларға сәйкес үй-жай алуға, біржолғы жәрдемақылар төлеуге және көлік шығындарын өтеуге республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен төлемдер төлеуді қамтамасыз ету;
      2) көршілес шет елдердегі қазақ мәдени орталықтарымен байланыса отырып, Жамбыл облысына бөлінген көшіп келу квотасы бойынша өз ыхтиярымен облысқа көшіп келетін ұлты қазақ адамдардың көшіп келуін ұйымдастыру ұсынылсын.

      3. Аудандар мен Тараз қаласы әкімдері оралмандар отбасыларын елді мекендерге орналастыруды қамтамасыз етсін, қажет болған жағдайда оларға тұрғын үй салу және шаруа қожалықтарын ұйымдастыру үшін жер телімдерін бөліп, оралмандарды еңбек нарығындағы сұранысқа ие кәсіптерге даярлау мен қайта даярлауды, еңбекке қабілетті азаматтарды жұмыспен қамтуды ұйымдастырсын.

      4. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жамбыл облысы ішкі істер департаменті" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) оралмандарды қабылдау кезінде, жол жүріп келе жатқанда және облыс аумағындағы тұрғылықты жерінде олардың жеке басы мен мүліктік қауіпсіздігін, заңда белгіленген тәртіппен уақтылы тіркеуді және орналасқан жерінде тұруға және Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға рұқсат беретін қажетті құжаттардың берілуін қамтамасыз ету ұсынылсын.

      5. "Жамбыл облысы әкімиятының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі оралмандар балаларының шетелде алған білімі туралы құжаттарын зерделеуді жүзеге асырсын, қажет болған жағдайда олардың білімінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік білім стандарттарына сәйкестігін қамтамасыз ету үшін оларды қысқартылған мерзімді өтпелі оқу жоспарлары бойынша қосымша оқытуды ұйымдастырсын.

      6. "Жамбыл облысы әкімиятының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі көшіп келген оралмандардың Қазақстан Республикасы азаматтарымен бірдей жалпы негізде медициналық тексерілуін және науқастарының емделуін қамтамасыз етсін.

      7. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) және "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Жамбыл облыстық филиалына (келісім бойынша) "Жамбыл облысы әкімиятының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесімен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалары мен ережелеріне сәйкес көшіп келген оралмандарға зейнетақы және жәрдемақы тағайындау бойынша жұмыстарды жүргізу ұсынылсын.

      8. "Жамбыл облысы әкімиятының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы облыс халқын оралмандарды орналастыру бойынша жүргізіліп отырған жұмыстар жөнінде хабардар етсін.

      9. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.З. Иманәлиевке жүктелсін.

      10. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                        Б. Жексембин