2009 жылға көшіп келу квотасы бойынша Жамбыл облысына келетін оралмандарды қабылдау мен орналастыруды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы әкімиятының 2009 жылғы 26 ақпандағы N 58 қаулысы. Жамбыл облыстық Әділет департаментінде 2009 жылғы 03 сәуірде N 1722 тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 116 Қаулысымен

       Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 2010.04.29 №  116 Қаулысымен.

      "Халықтың көшi-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының , "Оралмандардың 2009-2011 жылдарға арналған көшіп келу квотасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 17 қарашадағы № 690 Жарлығының негізінде және "Оралмандардың 2009 жылға арналған көшіп келу квотасын бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қаңтардағы № 32 қаулысын іске асыру мақсатында Жамбыл облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. 2009 жылға арналған оралмандардың көшіп келу квотасы бойынша шет елдерден Жамбыл облысына көшіп келетін 1800 оралман отбасылары аудандар мен Тараз қаласына қоныстандырылсын.
      2. "Көші-қон комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша):
      1) оралмандарды қабылдауды, оларға қолданыстағы заңнамаларға сәйкес үй-жай алуға, біржолғы жәрдемақылар төлеуге және көлік шығындарын өтеуге республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен төлемдер төлеуді қамтамасыз ету;
      2) көршілес шет елдердегі қазақ мәдени орталықтарымен байланыса отырып, Жамбыл облысына бөлінген көшіп келу квотасы бойынша өз ыхтиярымен облысқа көшіп келетін ұлты қазақ адамдардың көшіп келуін ұйымдастыру ұсынылсын.
      3. Аудандар мен Тараз қаласы әкімдері оралмандар отбасыларын елді мекендерге орналастыруды қамтамасыз етсін, қажет болған жағдайда оларға тұрғын үй салу және шаруа қожалықтарын ұйымдастыру үшін жер телімдерін бөліп, оралмандарды еңбек нарығындағы сұранысқа ие кәсіптерге даярлау мен қайта даярлауды, еңбекке қабілетті азаматтарды жұмыспен қамтуды ұйымдастырсын.
      4. "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Жамбыл облысының Ішкі істер департаменті" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) оралмандарды қабылдау кезінде, жол жүріп келе жатқанда және облыс аумағындағы тұрғылықты жерінде олардың жеке басы мен мүліктік қауіпсіздігін, заңда белгіленген тәртіппен уақытылы тіркеуді және орналасқан жерінде тұруға және Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға рұқсат беретін қажетті құжаттардың берілуін қамтамасыз ету ұсынылсын.
      5. "Жамбыл облысы әкімиятының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі оралмандар балаларының шетелде алған білімі туралы құжаттарын зерделеуді жүзеге асырсын, қажет болған жағдайда олардың білімінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік білім стандарттарына сәйкестігін қамтамасыз ету үшін оларды қысқартылған мерзімді өтпелі оқу жоспарлары бойынша қосымша оқытуды ұйымдастырсын.
      6. "Жамбыл облысы әкімиятының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі көшіп келген оралмандардың Қазақстан Республикасы азаматтарымен бірдей жалпы негізде медициналық тексерілуін және науқастарының емделуін қамтамасыз етсін.
      7. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің Жамбыл облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) және "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Жамбыл облыстық филиалына (келісім бойынша) "Жамбыл облысы әкімиятының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесімен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес көшіп келген оралмандарға зейнетақы және жәрдемақы тағайындау бойынша жұмыстарды жүргізу ұсынылсын.
      8. "Жамбыл облысы әкімиятының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы облыс халқын оралмандарды орналастыру бойынша жүргізіліп отырған жұмыстар жөнінде хабардар етсін.
      9. "Көшіп келу квотасы бойынша Жамбыл облысына келетін оралмандарды қабылдау мен орналастыруды ұйымдастыру туралы" Жамбыл облысы әкімиятының 2008 жылғы 29 мамырдағы № 188 қаулысының ((нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1706 болып тіркелген, 2008 жылдың 15 шілдесінде № 117 "Ақ жол" және № 106 "Знамя труда" облыстық газеттерінде жарияланған), "Жамбыл облысы әкімиятының 2008 жылғы 29 мамырдағы "2008 жылғы көшіп келу квотасы бойынша Жамбыл облысына келетін оралмандарды қабылдау мен орналастыруды ұйымдастыру туралы" № 188 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Жамбыл облысы әкімиятының 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 396
қаулысымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1720 болып тіркелген, 2009 жылдың 12 ақпанында № 25-26 "Ақ жол" және № 25 "Знамя труда" облыстық газеттерінде жарияланған) өзгерістер енгізілді)) күші жойылды деп танылсын.
      10. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      11. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Облыс әкімінің
      міндетін атқарушы                 Б. Иманалиев

Келісілді:

"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және
әлеуметтік қорғау комитетінің Жамбыл облысы
бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау
департаменті" мемлекеттік мекемесінің директоры
Ә. Тұрысов
27 ақпан 2009 жыл

"Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі
Жамбыл облысының Ішкі істер департаменті"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
М. Жаманбаев
27 ақпан 2009 жыл

"Көші–қон комитетінің Жамбыл облысы
бойынша департаменті"
мемлекеттік мекемесінің директоры
Қ. Тоқтағұлов
27 ақпан 2009 жыл

"Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
Министрлігінің мемлекеттік зейнетақы
төлеу орталығы" республикалық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорнының Жамбыл облыстық
филиалының директоры
А. Аймағамбетов
27 ақпан 2009 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады