О внесении дополнения в решение областного маслихата от 12 февраля 2008 года N 4/53 "О ставках платы за эмиссии в окружающую среду на 2008 год по Мангистауской области"

Решение маслихата Мангистауской области N 5/77 от 16 мая 2008 года. Зарегистрировано Департаментом юстиции Мангистауской области N 2014 от 26 мая 2008 года

      В соответствии со статьей 462 Кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый Кодекс)", статьей 19 Экологического кодекса Республики Казахстан и пунктом 5 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении в Республике Казахстан" от 23 января 2001 года областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение областного маслихата от 12 февраля 2008 года N 4/53 "О ставках платы за эмиссии в окружающую среду на 2008 год по Мангистауской области" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 1999, опубликовано в газете "Огни Мангистау" от 26 февраля 2008 года N 32) следующее дополнение:

      примечание в приложении N 1 к указанному решению дополнить подпунктом 5) следующего содержания:

      "5) за объемы сброса сточных вод, используемых для стабилизации уровня водного зеркала хвостохранилища "Кошкар-Ата", принимается нулевая ставка".

       2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования.

      Председатель сессии     Секретарь областного маслихата
        Н. Карасаев                Б. Чельпеков

      "СОГЛАСОВАНО"
      Начальник управления природных
      ресурсов и регулирования
      природопользования области
      Б. Бисенов
      "___" _________ 2008 г.

      "СОГЛАСОВАНО"
      И. о. председателя Налогового
      комитета по Мангистауской области
      А. Жумагалиев
      "___" _________ 2008 г.

      "СОГЛАСОВАНО"
      Начальник областного территориального
      управления охраны окружающей среды
      Ы. Ногаев
      "___" _________ 2008 г.

"Маңғыстау облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін 2008 жылға арналған төлемақы ставкалары туралы" облыстық мәслихаттың 2008 жылғы 12 ақпандағы N 4/53 шешіміне толықтыру енгізу туралы

Маңғыстау облыстық мәслихаттың 2008 жылғы 16 мамырдағы N 5/77 шешімі. Маңғыстау облыстық Әділет департаментінде 2008 жылғы 26 мамырда N 2014 тіркелді.

     "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 462-бабына , Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 19-бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 5-тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. "Маңғыстау облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін 2008 жылға арналған төлемақы ставкалары туралы" облыстық мәслихаттың 2008 жылғы 12 ақпандағы N 4/53 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 1999 болып тіркелген, "Маңғыстау" газетінің 2008 жылғы 26 ақпандағы N 32 санында жарияланған) мына толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасындағы ескертпе мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) "Қошқар-Ата" қалдықтар қоймасының су деңгейін қалыпты ұстауға қолданылатын ақпа сулардың төгінділері үшін нөлдік ставка қолданылады".

       2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы           Облыстық мәслихат хатшысы
      Н. Қарасаев              Б. Шелпеков

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Облыстық табиғи ресурстар және
      табиғат пайдалануды реттеу
      басқармасының бастығы
      Б. Бисенов
      "___" ________ 2008 ж.

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Маңғыстау облысы  бойынша
      Салық комитеті төрағасының
      міндетін атқарушы
      А. Жұмағалиев
      "___" ________ 2008 ж.

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Облыстық аумақтық қоршаған ортаны
      қорғау басқармасының бастығы
      Ы. Ноғаев
      "___" ________ 2008 ж.