Маңғыстау облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін 2008 жылға арналған төлемақы ставкалары туралы

Жаңартылған

Маңғыстау облысы маслихатының 2008 жылғы 12 ақпандағы N 4/53 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2008 жылғы 22 ақпанда N 1999 тіркелді.

      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық Кодексi)" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң 462-бабына , "Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексiнiң  19-бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 5-тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШIМ ЕТТI:
      1. Қосымшаға сәйкес Маңғыстау облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн 2008 жылға арналған төлемақы ставкалары бекiтiлсiн.
      2. Осы шешiм ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Сессия төрағасы

      Облыстық мәслихат хатшысы

      "КЕЛIСIЛДI"
      Облыстық табиғи ресурстар және
      табиғат пайдалануды реттеу
      басқармасының бастығы
      Б. Бисенов
       "__" ________ 2008 ж.

      "КЕЛIСIЛДI"
      Облыстық аумақтық қоршаған ортаны
      қорғау басқармасының бастығы
      Ы. Ноғаев
      "___" ________ 2008 ж.

      "КЕЛIСIЛДI"
      Маңғыстау облысы  бойынша
      Салық комитетінің төрағасы
      А. Теңгебаев
      "___" ________ 2008 ж.

                                             Облыстық мәслихаттың 
                                           2008 жылғы 12 ақпандағы
                                           N 4/53 шешіміне қосымша

    Маңғыстау облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар
       үшін 2008 жылға арналған төлемақы ставкалары

Р/с
N

Көрсеткіштер

Өлшем
бірлігі

қалдық-
тардың
қауіп-
тілік
деңгейі

Норматив-
тік тө-
лемдер
(теңге)

1.

Ластаушы заттардың тұрақты
көздерден шығарындылары 1

шартты
тонна


2600

2.

Ластаушы заттардың қозғалмалы
көздерден шығарындылары:

пайдала-
нылған
отынның
тоннасы
(бұдан
әрі -
тонна)



этилденбеген бензин үшін

890

дизель отыны үшін

1411

сұйытылатын, сығылған газ үшін

800

3.

Ластаушы заттардың төгінділері:

шартты
тонна



су көздеріне 2

35000

жинақтауыштарға, сүзу
алаңдарына, жер бедеріне

21000

4.

Коммуналдық (қатты тұрмыстық)
қалдықтар 3

тонна


770

5.

Өнеркәсіптік қалдықтар




өндіріс пен тұтынудың қауіпті
қалдықтарын полигондарда,
жинақтауыштарда, санкцияланған
үйінділерде және арнайы берілген
орындарда орналастыру

тонна

"қызыл"
тізім

38500

"Янтарь"
тізім

19200

"Жасыл"
тізім

4800

Жіктел-
мегендер

2500

Бұдан басқа:




аршынды жыныстар 4

тонна

10

байыту шлактары, шламдары,
қалдықтары 4

109

күл мен күлшлактар 4

1536

ауыл шаруашылығы өндірісінің
қалдықтары

512

6.

Радиоактивті қалдықтар:




трансуранды қалдықтар

гигабек-
керель

2060

альфа-радиоактивті қалдықтар

1030

бета-радиоактивті қалдықтар

103

шынақты радиоактивті көздер

1030

7.

Белгіленген заңдық тәртіппен
жүзеге асырылатын, табиғи және
ілеспе газ алауларын жағудан
атмосфераға ластағыш заттардың
таралуы

шартты тонна


61134

      Ескертпе:
      1) ISO 14001:2004 халықаралық стандарттарына сәйкес сертификатталған кәсіпорындар үшін қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлем ставкаларына мына коэффициенттер енгізіледі:
      1 0,75 коэффиценті;
      4 2) халыққа коммуналдық қызмет көрсететін табиғи монополиялар субъектілері болып табылатын кәсіпорындар үшін қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлем ставкаларына мына коэффициенттер енгізіледі
      1 0,3 коэффиценті;
      2 0,43 коэффиценті;
      4 0,25 коэффиценті;
      3) коммуналдық қалдықтарды орналастыруды жүзеге асыратын полигондар үшін халықтан құрылған (жиналған) тұрмыстық қатты қалдықтардың көлемі үшін қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлем ставкаларына мына коэффициенттер енгізіледі:
      3 0,2 коэффиценті;
      4) кәсіпорындар төлемінің ставкалары бір мезгілде ескертпенің 1) және 2) тармақшаларына жатқызылған жағдайда ескертпенің 2) тармақшасының коэффициенттерін қолданған жөн.
      5) "Қошқар-Ата" қалдықтар қоймасының су деңгейін қалыпты ұстауға қолданылатын ақпа сулардың төгінділері үшін нөлдік ставка қолданылады.
      Ескерту: 1-қосымшасындағы ескертпеге 5 тармақша енгізілді - Маңғыстау облыстық мәслихатының 2008.05.16 N 5/77 шешімімен (жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады