Об увековечении памяти видного композитора, Народного артиста Казахстана А. Бейсеуова

Решение ХI-й сессии маслихата города Алматы IV-го созыва от 2 июля 2008 года N 126 и постановление акимата города Алматы от 14 июля 2008 года N 3/555. Зарегистрировано Департаментом юстиции города Алматы 8 августа 2008 года за N 780

      В соответствии с пунктом 4 статьи 13 закона Республики Казахстан "Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан", совместно, на основании рекомендации городской комиссии по ономастике акимат города Алматы постановил и маслихат города Алматы IV-го созыва решил:

      1. Переименовать улицу Райымбека (1700 метров, Медеуский район расположенного в микрорайоне Бутаковка) в улицу имени Асета Бейсеуова.

      2. Управлению экономики и бюджетного планирования города Алматы предусмотреть в местном бюджете города Алматы необходимые средства на изготовление и установление указателей улиц, нумерацию домов.

      3. Акиму Медеуского района Бейдали М., Центру по недвижимости по городу Алматы и ОАО "Алматыгороформление"  (по согласованию), изготовить и установить новые указатели улиц, произвести нумерацию домов.

      4. Акиму Медеуского района Бейдали М. довести данный нормативный правовой акт до соответствующих служб.

      5. Отменить совместное решение VI-й сессии маслихата города Алматы IV-го созыва и акимата города Алматы "Об увековечении памяти видного композитора, Народного артиста Казахстана А. Бейсеуова", утвержденного постановлением акимата города Алматы от 26 декабря 2007 года N 10/1242 и решением VI-й сессии маслихата города Алматы IV-го созыва от 12 декабря 207 года N 48.

      6. Контроль за исполнением настоящего нормативного правового акта возложить на постоянную комиссию по социальным вопросам и общественного согласия маслихата города Алматы IV-го созыва (Тажиев Е.) и управление по развитию языков города Алматы.

      7. Настоящее нормативный правовой акт вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким города Алматы                         А.Есимов

      Председатель ХI-й сессии
      маслихата города Алматы
      ІV-го созыва                               Т. Есполов

      Секретарь маслихата
      города Алматы ІV-го созыва                 Т.Мукашев

Көрнекті композитор, Қазақстанның Халық әртісі Ә.Бейсеуовты есте қалдыру туралы

ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХІ сессиясының 2008 жылғы 2 шілдедегі N 126 бірлескен шешімі және Алматы қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 14 шілдедегі N 3/555 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2008 жылғы 8 тамызда N 780 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" заңының 13-бабы 4 тармағына   сәйкес және қалалық ономастика комиссиясы ұсынысының негізінде, бірлесе отырып Алматы қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және ІV сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Райымбек көшесі (Медеу ауданы, 1700 метр, Бутаковка ықшам-ауданында орналасқан) Әсет Бейсеуов көшесі болып өзгертілсін.
      2. Алматы қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау  басқармасы көшелердің есім көрсеткіштерін, үйлердің рет сандарын жасап және орнатуға Алматы қаласының жергілікті бюджетінде қажетті қаражатты қарастырсын.
      3. Медеу ауданының әкімі М.Бейдәліге, Алматы қаласының жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы және "Алматықалабезендіру" ЖАҚ (келісім бойынша), көшелердің жаңа есім көрсеткіштерін және үйлердің рет сандарын жасап орнатсын.
      4. Медеу ауданының әкімі М.Бейдәлі осы нормативті құқықтық актіні тиісті мекемелерге жеткізсін.
      5. Алматы қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы N 10/1242 қаулысы мен ІV сайланған Алматы қаласы маслихатының VI сессиясының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 48 шешімдерімен бекітілген ІV сайланған Алматы қаласы маслихатының VІ сессиясы мен Алматы қаласы әкімдігінің "Көрнекті композитор, Қазақстанның Халық әртісі Ә.Бейсеуовты есте қалдыру туралы"  бірлескен шешімінің күші жойылсын.
      6. Осы нормативті құқықтық актінің орындалуын бақылау ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік мәселелер және қоғамдық келісім жөніндегі тұрақты комиссияға (Е.Тәжиев) және Алматы қалалық тілдерді дамыту басқармасына жүктелсін.
      7. Осы нормативті құқықтық акті алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
       Алматы қаласы әкімі                       А. Есімов
 
      ІV сайланған Алматы қаласы
      мәслихаты ХІ сессиясының
      төрағасы                                   Т. Есполов
 
      ІV сайланған Алматы қаласы
      мәслихатының хатшысы                       Т. Мұқашев