О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 23 февраля 2007 года № 49 "Об утверждении Правил ведения документации по кредитованию"

Постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 27 февраля 2009 года N 22. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 27 марта 2009 года N 5611. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 29 октября 2018 года № 257 (вводится в действие с 01.01.2019)

      Сноска. Постановление утратило силу постановлением Правления Национального Банка РК от 29.10.2018 № 257 (вводится в действие с 01.01.2019).

      В целях совершенствования нормативных правовых актов, регулирующих деятельность банков второго уровня, защиты прав и законных интересов потребителей финансовых услуг, Правление Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций (далее - Агентство) ПОСТАНОВЛЯЕТ :

      1. Внести в постановление Правления Агентства от 23 февраля 2007 года № 49 "Об утверждении Правил ведения документации по кредитованию" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 4602, опубликованное в марте - апреле 2007 года в Собрании актов центральных исполнительных и иных государственных органов Республики Казахстан), с изменениями и дополнениями, внесенными постановлением Правления Агентства от 16 июля 2007 года № 209 "О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 23 февраля 2007 года № 49 "Об утверждении Правил ведения банками документации по кредитованию" (зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 4901), постановлением Правления Агентства от 2 октября 2008 года № 144 "О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 23 февраля 2007 года № 49 "Об утверждении Правил ведения документации по кредитованию" (зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 5369) следующие изменения и дополнения:

      в Правилах ведения документации по кредитованию, утвержденных указанным постановлением:

      в пункте 3 :

      абзац первый изложить в следующей редакции:

      "3. Договор о предоставлении кредита составляется на государственном и русском языках с приложением в необходимых случаях перевода на других языках, а в случае заключения договора с иностранными лицами - на государственном и приемлемом для сторон языках, размером шрифта не менее 12 и содержит:";

      подпункт 4) изложить в следующей редакции:

      "4) порядок, периодичность погашения кредита и вознаграждения, очередность погашения задолженности по кредиту, порядок исчисления и размер неустойки за несвоевременные погашения и уплату вознаграждения;";

      подпункт 5) изложить в следующей редакции:

      "5) способ (наличными, в безналичном порядке) и метод (аннуитетный, с погашением основного долга равными долями либо способом, по соглашению сторон) погашения кредита;";

      дополнить подпунктом 6-1) следующего содержания:

      "6-1) меры, принимаемые банком, при неисполнении либо ненадлежащим образом исполнении заемщиком обязательств по договору о предоставлении кредита;";

      подпункт 7) изложить в следующей редакции:

      "7) вид ставки вознаграждения: фиксированная или плавающая, порядок ее расчета (в год, годовых) и размер на дату заключения договора, размер ставки вознаграждения в достоверном годовом эффективном сопоставимом исчислении в соответствии с порядком, установленным уполномоченным органом, на дату заключения договора о предоставлении кредита;";

      абзац двенадцатый после слова "быть" дополнить словами "завизированы руководителем юридической службы банка (в филиале банка - юристом филиала банка) и";

      дополнить абзацами тринадцатым, четырнадцатым и пятнадцатым следующего содержания:

      "Условия, указанные в подпунктах 1)-7), 9) настоящего пункта, отражаются на первых двух страницах договора о предоставлении кредита и не могут быть дополнены или уточнены на иных страницах договора.

      В графике погашения кредита, являющемся неотъемлемой частью договора о предоставлении кредита, указываются даты погашения основного долга и вознаграждения, суммы погашения основного долга, вознаграждения, и их суммарное значение, остаток основного долга на дату следующего погашения за весь период займа.

      Если дата погашения основного долга или вознаграждения выпадает на выходной либо праздничный день, то уплата вознаграждения или основного долга производится заемщиком в следующий за ним рабочий день.";

      предложение второе абзаца второго пункта 4 исключить;

      в пункте 8 :

      в подпункте 4) слово "акционеров," заменить словом "акций,";

      подпункт 11) изложить в следующей редакции:

      "11) прошитая, скрепленная печатью, полистно пронумерованная и продублированная в электронном виде копия или выписка из решения уполномоченного органа банка об одобрении выдачи кредита (установление кредитного лимита по платежным карточкам), зарегистрированного (по номеру и дате принятия решения) в специальном журнале учета уполномоченного органа банка;";

      в подпункте 7-1) пункта 25 слово "акционеров," заменить словами "держателей акций,".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении двух месяцев со дня его первого официального опубликования.

      3. Департаменту защиты прав потребителей финансовых услуг (Усенбекова Л.Е.):

      1) совместно с Юридическим департаментом (Сарсенова Н.В.) принять меры к государственной регистрации настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в десятидневный срок со дня государственной регистрации настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан довести его до сведения заинтересованных подразделений Агентства, Объединения юридических лиц "Ассоциация финансистов Казахстана".

      4. Службе Председателя Агентства (Кенже А.А.) принять меры по опубликованию настоящего постановления в средствах массовой информации Республики Казахстан.

      5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Агентства Кожахметова К.Б.

Председатель

Е. Бахмутова


Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 23 ақпандағы N 49 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы Нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агеттігі Басқармасының 2009 жылғы 27 ақпандағы N 22 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 27 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5611 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 257 қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 257 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Екінші деңгейдегі банктердің қызметін, қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғауды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Агенттік Басқармасының "Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 23 ақпандағы N 49 қаулысына ( Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4602 тіркелген , Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2007 жылғы наурыз-сәуірде жарияланған), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банктердің кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу туралы" 2007 жылғы 23 ақпандағы N 49 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 16 шілдедегі N 209 қаулысымен ( Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4901 тіркелген ), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 23 ақпандағы N 49 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 2 қазандағы N 144 қаулысымен ( Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5369 тіркелген ) енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен бірге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесінде:

      3-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Кредит беру туралы шарт қажет болған жағдайда басқа тiлдердегi аудармасы қоса берiлiп, мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады, ал шетелдік тұлғалармен шарт жасасқан жағдайда мемлекеттік және тараптарға қолайлы тілдерде жасалады, шрифтінің мөлшері 12-ден кем емес, оған мыналар кіреді:";

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) кредитті өтеу тәртібі, кезектілігі және ол бойынша сыйақы, кредит жөніндегі берешекті өтеу кезектілігі, есептеу тәртібі және уақтылы өтемегені үшін тұрақсыздық мөлшері және сыйақы төлеу;";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) кредитті өтеу тәсілі (қолма-қол ақшамен, қолма-қол ақшасыз) және әдісі (аннуитеттік, негізгі борышты теңдей үлеспен өтеу арқылы не тараптардың келісімі бойынша тәсілмен);";

      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "6-1) заемшының кредитті беру туралы шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған не тиісінше тәсілмен орындамаған жағдайдағы банк қабылдайтын шаралар;";

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) сыйақы ставкасының түрі: тіркелген немесе құбылмалы, оны есептеу тәртібі (жылына, жылдық) және шартты жасау күніне сыйақы мөлшері, кредитті беру туралы шартты жасау күніне уәкілетті органмен белгіленген тәртіпке сәйкес сенімді жылдық тиімді салыстырмалы есептеудегі сыйақы ставкасының мөлшері;";

      он екінші абзацта "түпнұсқаларына" деген сөзден кейін "банктің заң қызметінің басшысының қолы қойылып (банк филиалында – банк филиалының заңгерінің) және" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы он үшінші, он төртінші және он бесінші абзацтармен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың 1)-7), 9) тармақшаларында көрсетілген шарттар кредитті беру туралы шарттың алғашқы екі парағында көрсетіледі және шарттың өзге беттерінде толықтырылуы немесе нақтылануы мүмкін емес.

      Кредитті беру туралы шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын кредитті өтеу кестесінде негізгі борыш пен сыйақыны өтеу күні көрсетіледі, негізгі борышты өтеу сомасы, сыйақы және оның жиынтық мәні, заемның барлық кезеңіне келесі өтемақы жасалатын күнге негізгі борыштың қалдығы.

      Егер, негізгі борышты немесе сыйақыны өтеу күні демалыс не мереке күніне түсетін болса, онда сыйақыны немесе негізгі борышқа төлемді заемшы осыдан кейінгі жұмыс күнінде жүзеге асырылады.";

      4-тармақтың екінші абзацындағы екінші сөйлем алынып тасталсын;

      8-тармақта:

      4) тармақшада "акционерлер" деген сөз "акцияларды ұстаушылар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) банктің уәкілетті органының арнайы есепке алу журналында тіркелген (нөмірі және шешімді қабылдау күні бойынша) кредит беруді (төлем карточкалары бойынша кредиттік лимитті белгілеу) мақұлдау жөніндегі банктің уәкілетті органының шешімінен үзінді көшірме немесе тігілген, мөр басылған, әр парағы нөмірленген электронды түрде қайталанған көшірмесі; ";

      25-тармақтың 7-1) тармақшасында "акционерлер" деген сөз "акцияларды ұстаушылар" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы оны бірінші ресми жариялаған күннен бастап, екі ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      3. Қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті (Л.Е. Үсенбекова):

      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.

      4. Агенттіктің Төрайым қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.

Төрайым

Е. Бахмутова