О внесении изменений и дополнений в некоторые постановления Правления Национального Банка Республики Казахстан

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 24 августа 2009 года № 85. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 2 октября 2009 года № 5806

      В целях приведения нормативных правовых актов Национального Банка Республики Казахстан в соответствие с Кодексом Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый Кодекс) и Законом Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам совершенствования законодательства о платежах и переводах денег, бухгалтерском учете и финансовой отчетности финансовых организаций, банковской деятельности и деятельности Национального Банка Республики Казахстан" от 11 июля 2009 года Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести изменения и дополнения в некоторые постановления Правления Национального Банка Республики Казахстан согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его официального опубликования, за исключением абзаца девятого пункта 2 приложения к настоящему постановлению, который вводятся в действие с 1 января 2010 года.
      3. Департаменту платежных систем (Мусаев Р.Н.):
      1) совместно с Юридическим департаментом (Сизова С.И.) принять меры к государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления;
      2) в десятидневный срок со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан довести настоящее постановление до сведения заинтересованных подразделений центрального аппарата, территориальных филиалов Национального Банка Республики Казахстан, банков второго уровня, акционерного общества "Банк Развития Казахстана", организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций, Объединения юридических лиц "Ассоциация финансистов Казахстана" и Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций.
      4. Департаменту организационной работы, внешних и общественных связей (Терентьев Л.А.) в трехдневный срок со дня получения от Департамента платежных систем заявки на опубликование принять меры к опубликованию настоящего постановления в средствах массовой информации Республики Казахстан.
      5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан Альжанова Б.А.

      Председатель
      Национального Банка                        Г. Марченко

Приложение        
к постановлению Правления 
Национального Банка    
Республики Казахстан   
от 24 августа 2009 года № 85

Перечень постановлений Правления Национального Банка
Республики Казахстан, в которые вносятся изменения и дополнения

      1. Утратил силу постановлением Правления Национального Банка РК от 03.02.2014 № 14 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      2. Утратил постановлением Правления Национального Банка РК от 31.08.2016 № 203 (вводится в действие с 01.01.2017).
      3. Утратил силу постановлением Правления Национального Банка РК от 31.08.2016 № 212 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      4. Утратил силу постановлением Правления Национального Банка РК от 28.01.2016 № 30 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      5. Утратил силу постановлением Правления Национального Банка РК от 31.08.2016 № 207 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      6. Утратил силу постановлением Правления Национального Банка РК от 31.08.2016 № 205 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 24 тамыздағы N 85 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 2 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5806 болып енгізілді

      Қолданушылардың назарына!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақша төлемі мен аударымы, қаржы ұйымдарының бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігі, банк қызметі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 11 шілдедегі Заңына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
      2. Осы қаулы осы қаулыға қосымшаның 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 2-тармағының тоғызыншы абзацын қоспағанда, ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төлем жүйелері департаменті (Мұсаев Р.Н.):
      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен (Сизова С.И.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, екінші деңгейдегі банктерге, "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамына, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне жіберсін.
      4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұйымдастыру жұмысы, сыртқы және қоғамдық байланыстар департаменті (Терентьев А.Л.) Төлем жүйелері департаментінен жариялауға өтінімді алғаннан кейін үш күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға шаралар қабылдасын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.А. Әлжановқа жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                        Г. Марченко

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2009 жылғы 24 тамыздағы  
N 85 қаулысына қосымша   

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Басқармасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін
қаулыларының тізбесі

      1. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 03.02.2014 № 14 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 203 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      4. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      5. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 207 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      6. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 205 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.