О внесении изменений и дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 15 сентября 2005 года № 108 "Об утверждении Правил выпуска, размещения, обращения и погашения краткосрочных нот Национального Банка Республики Казахстан"

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 29 декабря 2009 года № 117. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 8 февраля 2010 года № 6036. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 28 января 2016 года № 21

      Сноска. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка РК от 28.01.2016 № 21 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 30 марта 1995 года "О Национальном Банке Республики Казахстан" Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. В постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 15 сентября 2005 года № 108 "Об утверждении Правил выпуска, размещения, обращения и погашения краткосрочных нот Национального Банка Республики Казахстан" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 3894) внести следующие изменения и дополнение:
      в Правилах выпуска, размещения, обращения и погашения краткосрочных нот Национального Банка Республики Казахстан, утвержденных указанным постановлением:
      в подпункте 2) пункта 1:
      слова "профессиональный участник" заменить словами "банк, являющийся профессиональным участником";
      слова "и дилерской" исключить;
      после слова "держателя" дополнить словами "либо лицензией на осуществление дилерской деятельности на рынке ценных бумаг".
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении       четырнадцати дней со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.
      3. Департаменту монетарных операций (Герасименко Ю.В.):
      1) совместно с Юридическим департаментом (Уртембаев А.К.) принять меры к государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления;
      2) в десятидневный срок со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан довести настоящее постановление до сведения заинтересованных подразделений центрального аппарата, территориальных филиалов и представительств Национального Банка Республики Казахстан, Объединения юридических лиц "Ассоциация финансистов Казахстана", Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций, банков второго уровня, профессиональных участников рынка ценных бумаг, акционерного общества "Центральный депозитарий ценных бумаг".
      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан Альжанова Б.А.

      Председатель
      Национального Банка                        Г. Марченко

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталарын шығару, орналастыру, айналысқа шығару және өтеу ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 15 қыркүйектегі № 108 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 29 желтоқсандағы N 117 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 8 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6036 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 21 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталарын шығару, орналастыру, айналысқа шығару және өтеу ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 15 қыркүйектегі № 108 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3894 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталарын шығару, орналастыру, айналысқа шығару және өтеу ережесінде:
      1-тармақтың 2) тармақшасы мемлекеттік тілде мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
      «2) Бастапқы агент – нақтылы ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыруға қолданылып жүрген лицензиясы не бағалы қағаздар нарығында дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен (бұдан әрі Ұлттық Банк) қысқа мерзімді ноталармен операциялар жасау тәртібі туралы шарт жасасқан бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы болып табылатын банк;».
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      3. Монетарлық операциялар департаменті (Герасименко Ю.В.):
      1) Заң департаментімен (Өртембаев А.Қ.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және өкілдігіне, «Қазақстан Қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне, екінші деңгейдегі банктерге, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына, «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» акционерлік қоғамына жіберсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.А. Әлжановқа жүктелсін.

     Ұлттық Банк
      Төрағасы                                 Г. Марченко