Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қысқамерзімді ноттарын шығару, орналастыру, айналысқа шығару және өтеу қағидалары мен талаптарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 15 қыркүйектегі N 108 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 14 қазанда тіркелді. Тіркеу N 3894. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 21 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 24.12.2014 № 252 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік екі күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталарын шығару, орналастыру, айналысқа шығару және өтеу тәртібін айқындау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қысқамерзімді ноттарын шығару, орналастыру, айналысқа шығару және өтеу қағидалары мен талаптары бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 24.12.2014 № 252 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік екі күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулы қолданысқа енген күннен бастап мыналардың:
      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноттарын шығару, орналастыру, айналысқа шығару және өтеу ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 20 желтоқсандағы N 554 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1748 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында 2002 жылғы 28 қаңтар - 10 ақпанда жарияланған);
      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1748 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноттарын шығару, орналастыру, айналысқа шығару және өтеу ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 20 желтоқсандағы N 554 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 10 сәуірдегі N 109 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2277 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында 2003 жылғы 19 мамыр - 1 маусымда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      4. Монетарлық операциялар департаменті (Герасименко):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігіне және Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығына жіберсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары А.Р.Елемесовке жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасының 
Ұлттық Банкі Басқармасының 
2005 жылғы 15 қыркүйектегі 
N 108 қаулысымен     
бекітілген        

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қысқамерзімді ноттарын шығару, орналастыру, айналысқа шығару және өтеу қағидалары мен талаптары

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 24.12.2014 № 252 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік екі күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Осы Қағидалар «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Ұлттық Банк туралы заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қысқамерзімді ноттарын (бұдан әрі – қысқамерзімді ноттар) шығару, орналастыру, айналысқа шығару және өтеу тәртібі мен талаптарын айқындайды.
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 24.12.2014 № 252 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік екі күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Осы Ережеде пайдаланылатын ұғымдар

       Ескерту. 1-тарау жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының 2008.09.22 N 73 Қаулысымен; тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 243 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) аукцион - ең жоғары дисконтталған бағадан бастап және аукционный жарияланған талаптары шегінде кесімді бағамен аяқталатын (бағалардың көптігін қанағаттандыратын) Бастапқы агенттердің өтінімдерінде көрсетілген дисконтталған бағалар бойынша тиісті шығарылымның қысқа мерзімді ноталарын орналастыру;
      2) Бастапқы агент – нақтылы ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыруға қолданылып жүрген лицензиясы не бағалы қағаздар нарығында дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен (бұдан әрі Ұлттық Банк) қысқа мерзімді ноталармен операциялар жасау тәртібі туралы шарт жасасқан бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы болып табылатын банк;
      3) дисконтталған баға - номиналдық құнынан төмен баға;
      4) кесімді баға - өтінімдерді қанағаттандыру тоқтатылатын ең төменгі дисконтталған баға;5) қысқа мерзімді ноталарды мерзімінен бұрын өтеу - Ұлттық Банктің бағалы қағаздардың қайталама нарығында қысқа мерзімді ноталарды өтеу мерзімі аяқталғанға дейін күні, саны және өтеу бағасы бойынша Бастапқы агентпен алдын ала келісілген толық немесе ішінара айналыстан шығаруы;
      6) қысқа мерзімді ноталарды сатып алу - Ұлттық Банктің бағалы қағаздардың қайталама нарығында қысқа мерзімді ноталарды өтеу мерзімі өткенге дейін күні, саны және сатып алу бағасы бойынша олардың бұдан әрі айналыста болу мүмкіндігімен Бастапқы агентпен алдын ала келісілген сатып алуы;
      7) қысқа мерзімді ноталарды шығару және орналастыру талаптары-ақша-кредит саясатының мақсаттарына сәйкес Ұлттық Банк айқындайтын және жариялайтын және орналастыру күні, айналысқа шығару мерзімі, өтеу күні, орналастыру көлемі, өтінімдерді қанағаттандыру жөніндегі шектеулер, төлем жасау күні, орналастыру нысаны кіретін қысқа мерзімді ноталарды шығару мен орналастырудың негізгі талаптары;
      8) орташа алынған дисконтталған баға - кесімді баға бойынша аукционда қалыптасқан қысқа мерзімді ноталардың жалпы көлеміне қарай алынған орташа дисконтталған баға;
      9) Уәкілетті бөлімше - қысқа мерзімді ноталарды орналастыруды және бағалы қағаздармен операцияларды жүзеге асыруға жауапты Ұлттық Банктің бөлімшесі;
      10) алып тасталды - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 24.12.2014 № 252 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік екі күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының 2009.12.29 N 117; 24.12.2014 № 252 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік екі күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

2-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 243 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      9. Қысқа мерзімді нота айналыстағы эмиссиялық мемлекеттік дисконтталған құжаттандырылмаған бағалы қағазды білдіреді, оны мерзімінен бұрын өтеу жағдайларын қоспағанда, Ұлттық Банк дисконтталған баға бойынша орналастырады, номиналдық құны бойынша өтейді.
       Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 243 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      10. Қысқа мерзімді ноталар Ұлттық Банктің қаржы нарығында сыйақы ставкаларын реттеуге арналған ақша-кредит саясатының құралы болып табылады.
      11. Қысқа мерзімді нотаның номиналдық құны 100 теңге болады.
      12. Ұлттық Банктің бағалы қағаздар нарығының субъектілерін қадағалау бөлімшесі қысқамерзімді ноттардың әрбір шығарылымына ұлттық сәйкестендіру нөмірін береді.
      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 24.12.2014 № 252 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік екі күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      13. Қысқамерзімді ноттарды орналастыру осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарымен операцияларды жасау тәртібі туралы шарттың негізінде Бастапқы агенттер арқылы жүзеге асырылады.
      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 24.12.2014 № 252 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік екі күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      14. Алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының 2008.09.22 N 73 Қаулысымен.
      15. Қысқа мерзімді ноталар бойынша сыйақы ставкасы қысқа мерзімді ноталардың дисконтталған бағасына номиналдық құн мен дисконтталған баға арасындағы айырмашылықтар қатынасын білдіреді, осы Ереженің 2-тармағына сәйкес формула бойынша қысқа мерзімді ноталардың сыйақы ставкаларын есептеу тәртібіне сәйкес пайызбен көрсетіледі және айқындалады.
      16. Қысқа мерзімді ноталарды шығаруға және операциялар жасауға салық салу тәртібі 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» (Салық кодексi) Қазақстан Республикасының Кодексiмен реттеледі.
      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 243 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

3-тарау. Қысқа мерзімді ноталарды орналастыру

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 243 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      17. Ұлттық Банк қысқа мерзімді ноталарды мынадай нысандарда:
      1) аукцион;
      2) қысқа мерзімді ноталарды Бастапқы агенттермен келісілген дисконтталған баға бойынша сату (бұдан әрі - сату);
      3) Ұлттық Банк белгілеген баға бойынша жазылым (бұдан әрі - жазылым) арқылы орналастырады.
      18. Қысқа мерзімді ноталарды орналастыруға байланысты ақпарат Ұлттық Банк анықтайтын деректерді берудің электрондық жүйесі арқылы беріледі.
      19. Деректерді берудің электрондық жүйесі бойынша берілетін электрондық хабарлар Ұлттық Банк пайдаланатын бағдарламалық-криптографиялық қорғау жүйесінің көмегімен шифрланады.
      20. Техникалық себептерге байланысты деректерді берудің электрондық жүйесі арқылы хабар беру мүмкін болмаған жағдайда осы хабарды қағазбен беруге рұқсат етіледі.
      21. Ұлттық Банк тиісті шығарылымдағы қысқа мерзімді ноталардың аукционын өткізерден бұрын бір жұмыс күнінен кешіктірмей Бастапқы агенттерге және орталық депозитарийге аукцион өткізу шарттарын хабарлайды.
       Ескерту. 21-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының 2008.09.22 N 73 Қаулысымен.
      22. Бастапқы агенттер қысқа мерзімді ноталар аукционы өтетін күні Астана қаласының уақыты бойынша сағат 9.00-ден сағат 11.30-ға дейін осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарын сатып алуға арналған өтінімдерді уәкілетті бөлімшеге тапсырады.
       Ескерту. 22-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының 2008.09.22 N 73 Қаулысымен.
      23. Бастапқы агенттер қысқа мерзімді ноталарды сатып алуға бәсекелес және (немесе) бәсекелес емес ұсыныстары бар өтінімдер береді.
      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 243 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      24. Бәсекелес ұсыныстары бар өтінімде қысқа мерзімді ноталардың саны, бір нотаның шамамен дисконтталған бағасы, номиналдық құны және дисконтталған бағасы бойынша сатып алудың жалпы көлемі көрсетіледі.
      25. Бәсекелес емес ұсыныстары бар өтінімде Бастапқы агенттер аукционда қалыптасқан орташа алынған дисконтталған баға бойынша сатып алуға дайын қысқа мерзімді ноталардың жалпы саны ғана көрсетіледі.
      26. Аукционды өткізген кезде бірінші кезекте аукционда қалыптасқан орташа алынған баға бойынша аукционның жарияланған талаптары шегінде бәсекелес емес ұсыныстары бар өтінімдер, ал содан кейін бәсекелес ұсыныстары бар өтінімдер қанағаттандырылады.
      27. Уәкілетті бөлімше қысқамерзімді ноттарды сатып алуға берілген өтінімдерді осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттары аукционының жиынтық ведомосына Астана қаласының уақытымен сағат 11.30-ға жинақтайды.
      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 24.12.2014 № 252 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік екі күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      28. Уәкілетті бөлімшенің басшысы не ол болмаған жағдайда оның міндетін атқаратын адам аукцион жөнінде алынған деректер негізінде Астана қаласының уақытымен сағат 11.30-дан 12.00-ге дейін баға талаптары, аукционда қысқамерзімді ноттарды сатып алуға берілген өтінімдерді қанағаттандыру көлемі және қосымша орналастыруды жүргізу қажеттілігі туралы дереу шешім қабылдайды, бұдан кейін аукционның жиынтық ведомосына қол қояды.
      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 24.12.2014 № 252 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік екі күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      29. Ұлттық Банктің шешімі бойынша аукцион өткізілетін күні қысқа мерзімді ноталар аукционының жарияланған талаптарын:
      1) Бастапқы агенттердің немесе инвесторлардың қысқа мерзімді ноталарды сатып алуы;
      2) Қазақстан Республикасының резиденті еместердің қатысуы;
      3) бәсекелес емес ұсыныстары бар өтінімдерді қанағаттандыруы бөлігінде өзгертуге жол беріледі.
      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 243 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      30. Уәкілетті бөлімше баға жағдайлары және өтінімдерді қанағаттандыру көлемі туралы шешімдер негізінде қысқа мерзімді ноталарды орналастыруды жүзеге асырады және Бастапқы агентке осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қысқа мерзімді ноталардың қанағаттандырылған көлемі туралы хабарлайды.
      31. Ұлттық Банк өз бетінше бәсекелес емес ұсыныстармен өтінімдерді қанағаттандыру үлесін, сондай-ақ қаржы нарығы конъюнктурасын негізге ала отырып, аукционның талаптары жарияланған кезде Бастапқы агенттерге және резидент еместерге қысқа мерзімді ноталарды сату көлемінің үлесін айқындайды.
      32. Ұлттық Банк өзі жүргізіп отырған ақша-кредит саясатының бағыттарына және қаржы нарығының конъюнктурасына сәйкес, уәкілетті бөлімшеден алынған деректер негізінде қысқа мерзімді ноталарды шығару мен орналастырудың белгіленген шарттарының көлемінен төмен не жоғары мөлшерде қысқа мерзімді ноталарды орналастыруды жүзеге асырады.
      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 243 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      33. Ұлттық Банк уәкілетті бөлімшеден алынған деректер негізінде осы шығарылымның аукционында (бұдан әрі – қосымша орналастыру) қалыптасқан орташа алынған дисконтталған баға бойынша тиісті шығарылымның қысқа мерзімді ноталарының қосымша көлемін орналастыруды жүргізеді.
      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 243 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      34. Қысқа мерзімді ноталарды қосымша орналастыру туралы шешім қабылданған жағдайда уәкілетті бөлімше аукцион өткізген күні Астана қаласының уақытымен сағат 12.00-ге дейін Бастапқы агентке тиісті шығарылымның қысқа мерзімді ноталарын қосымша орналастыруды жүргізу шарттарын хабарлайды.
      35. Қысқа мерзімді ноталарды қосымша орналастыруға өтінім қосымша орналастыру жүргізу талаптарында көрсетілген уақыт басталғанға дейін қабылданады.
      36. Келіп түскен өтінімдер осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын қосымша орналастырудың жиынтық ведомосына жинақталады.
      Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 24.12.2014 № 252 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік екі күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      37. Уәкілетті бөлімшенің басшысы не оның орнындағы адам қосымша орналастыру жөніндегі алынған деректердің негізінде қысқамерзімді ноттарды қосымша орналастыруға қабылданған өтінімдерді қанағаттандыру көлемі туралы шешімді қабылдайды, бұдан кейін жиынтық ведомосқа қол қояды. Уәкілетті бөлімше осы шешім негізінде қысқамерзімді ноттарды қосымша орналастыруды жүргізеді. Қосымша орналастыру кезінде өтінімдерді қанағаттандыруда олардың Ұлттық Банкке нақты келіп түсу уақытына басымдық беріледі.
      Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 24.12.2014 № 252 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік екі күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      38. Уәкілетті бөлімше қосымша орналастыруды аяқтағаннан кейін Бастапқы агенттерге осы Ереженің 5-қосымшасындағы нысан бойынша қысқа мерзімді ноталарды сатып алу өтінімдерінің көлемін қанағаттандыру жөнінде хабарлама береді.
      39. Бастапқы агенттермен келісілген дисконтталған бағалар бойынша қысқамерзімді ноттарды сату нысанында қысқамерзімді ноттарды орналастыруды жүргізу туралы шешім қабылданған жағдайда, уәкілетті бөлімше сату жүргізілген күні уәкілетті бөлімшенің басшысы не ол болмаған жағдайда оның міндетін атқаратын адам белгілеген бағалар шегінде, дисконтталған бағалар мен көлемді олармен келіскеннен кейін, тиісті шығарылымның қысқамерзімді ноттарын сатуды жүргізу талаптарын Астана қаласының уақытымен сағат 12.00-ге дейін оларға жібереді.
      Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 24.12.2014 № 252 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік екі күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      40. Қысқа мерзімді ноталарды сатып алуға өтінім сату жүргізілетін талаптарда көрсетілген уақыт басталғанға дейін қабылданады.
      41. Келіп түскен өтінімдер осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын сатудың жиынтық ведомосына жинақталады.
      Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 24.12.2014 № 252 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік екі күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      42. Уәкілетті бөлімшенің басшысы не ол болмаған жағдайда оның міндетті атқаратын адам дисконтталған бағалар бойынша қысқамерзімді ноттарды сату нысанында алынған деректер негізінде қысқамерзімді ноттарды сатып алуға қабылданған өтінімдерді қанағаттандыру көлемі туралы шешім қабылдайды, бұдан кейін жиынтық ведомосқа қол қояды. Уәкілетті бөлімше осы шешім негізінде қысқамерзімді ноттарды орналастыруды жүргізеді.
      Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 24.12.2014 № 252 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік екі күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      43. Уәкілетті бөлімше сату аяқтағаннан кейін Бастапқы агенттерге осы Ереженің 5-қосымшасындағы нысан бойынша қысқа мерзімді ноталарды сатып алу өтінімдерінің көлемін қанағаттандыру жөнінде хабарлама береді.
      44. Ұлттық Банк белгілеген баға бойынша жазылу нысанында қысқа мерзімді ноталарды орналастыруды жүргізу туралы шешім қабылданған жағдайда уәкілетті бөлімше жазылу жүргізілген күні Астана қаласының уақыты бойынша 12.00 сағатқа дейін Бастапқы агенттерге тиісті шығарылымның қысқа мерзімді ноталарына жазылуды жүргізу шарттарын хабарлайды.
      45. Ұлттық Банк белгілеген баға бойынша жазылу нысанында қысқамерзімді ноттарды орналастыруды жүргізуге арналған бағаны уәкілетті бөлімшенің басшысы не ол болмаған жағдайда оның міндетін атқаратын адам айқындайды.
      Ескерту. 45-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 24.12.2014 № 252 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік екі күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      46. Қысқа мерзімді ноталарды сатып алуға арналған өтінімдер жазылуды жүргізу шарттарында көрсетілген уақыт басталғанға дейін қабылданады.
      47. Келіп түскен өтінімдер осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарына жазылудың жиынтық ведомосына жинақталады.
      Ескерту. 47-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 24.12.2014 № 252 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік екі күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      48. Жазылу туралы алынған деректер негізінде уәкілетті бөлімшенің басшысы не ол болмаған жағдайда оның міндетін атқаратын адам қысқамерзімді ноттарға жазылу үшін қабылданған өтінімдерді қанағаттандыру көлемі туралы шешім қабылдайды, бұдан кейін жиынтық ведомосқа қол қояды. Уәкілетті бөлімше осы шешім негізінде қысқамерзімді ноттарды орналастыруды жүргізеді. Жазылу кезінде өтінімдер қанағаттандырылған кезде олардың Ұлттық Банкке нақты келіп түскен уақыты ескеріледі.
      Ескерту. 48-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 24.12.2014 № 252 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік екі күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      49. Уәкілетті бөлімше жазылу аяқталғаннан кейін осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Бастапқы агенттерге қысқа мерзімді ноталардың қанағаттандырылған көлемі туралы хабарлама береді.
      50. Тиісті шығарылымның қысқамерзімді ноттарын орналастырудың жиынтық көлемі уәкілетті бөлімше басшысының не ол болмаған жағдайда оның міндетін атқаратын адамның өкімімен бекітіледі.
      Ескерту. 50-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 24.12.2014 № 252 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік екі күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      51. Ұлттық Банк тиісті шығарылымның қысқамерзімді ноттарын орналастыру толық аяқталғаннан кейін Астана қаласының уақытымен сағат 17.00-ден кешіктірмей орталық депозитарийге және Бастапқы агенттерге орналастыру нәтижелерін жібереді.
       Ескерту. 51-тармақта және бұдан әрі мәтін бойынша "Орталық депозитарий", "Орталық депозитарийге", "Орталық депозитарийдің", "Орталық депозитарийде", "Орталық депозитарийдегі" деген сөздер тиісінше "орталық депозитарий", "орталық депозитарийге", "орталық депозитарийдің", "орталық депозитарийде", "орталық депозитарийдегі" деген сөздермен ауыстырылсын - ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының 2008.09.22 N 73 Қаулысымен.
      Ескерту. 51-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 24.12.2014 № 252 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік екі күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      52. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 24.12.2014 № 252 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік екі күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      53. Ұлттық Банк көлемі шамалы және ақша-кредит саясатының міндеттерін орындау үшін жеткіліксіз, қанағаттандырмайтын баға талаптары болған жағдайда, уәкілетті бөлімшеден алынған деректер негізінде қысқамерзімді ноттарды орналастырудың өтпегендігін жариялайды. Орналастырудың өтпегендігі туралы хабарландыру уәкілетті бөлімше басшысының не ол болмаған жағдайда оның міндетін атқаратын адамның өкімімен бекітіледі.
      Ескерту. 53-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 24.12.2014 № 252 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік екі күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

4-тарау. Қысқа мерзімді ноталар үшін ақы төлеу

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 243 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      54. Ұлттық Банк шығарылым талаптарымен белгілеген ақы төлеу және қысқамерзімді ноттарды орналастыру күні уәкілетті бөлімше және Бастапқы агенттер тиісті шығарылымның қысқамерзімді ноттарын орналастыру нәтижесін алғаннан кейін бір сағат ішінде, бірақ Астана қаласының уақытымен сағат 17.00-ден кешіктірмей орталық депозитарийдің Қағидалар жиынтығына сәйкес тиісті бұйрықтарды орталық депозитарийге береді.
      Ескерту. 54-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 24.12.2014 № 252 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік екі күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      55. Сол күні, Ұлттық Банктен және Бастапқы агенттерден бұйрықтар түсуіне қарай орталық депозитарийде салыстырып тексеру жүргізіледі және салыстырып тексеру нәтижесі бойынша Бастапқы агенттің банкаралық ақша аудару жүйесіндегі позициясынан (бұдан әрі - Бастапқы агенттің позициясы) ақшаны есептен шығаруға және оларды орталық депозитарийдің банкаралық ақша аудару жүйесіндегі позициясына (бұдан әрі - орталық депозитарийдің позициясы) есепке алуға төлем тапсырмасы қалыптастырылады және "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыннан беріледі.
      56. Ұлттық Банк және Бастапқы агенттер орталық депозитарийге ұсынған бұйрықтар сәйкес келмеген жағдайда орталық депозитарий Орталыққа тек бұйрықтардың сәйкес келетін тармақтары Бастапқы агенттің позициясынан бойынша ғана ақшаны есептен шығаруға және оларды Орталық депозитарийдің позициясына есепке алуға төлем тапсырмасын береді.
      57. Орталық Бастапқы агенттің позициясындағы қолма-қол ақшаны төлем тапсырмасындағы көрсетілген ақша сомасымен салыстырып тексереді. Бастапқы агенттің позициясындағы ақша жетпеген жағдайда Орталық Бастапқы агенттің позициясынан орталық депозитарийдің позициясына ақша аударуды жүзеге асырады. орталық депозитарийде оның позициясына ақша есепке алынғаннан кейін он бес минут ішінде Ұлттық Банктің банкаралық ақша аудару жүйесіндегі позициясына ақша аудару туралы төлем тапсырмасы қалыптастырылады және Орталыққа жіберіледі.
      58. Бастапқы агенттің позициясында ақша жетпеген жағдайда орталық депозитарий Ұлттық Банкке және Бастапқы агентке Орталықтан алынған ақшаның жетпейтіні туралы хабарлама негізінде тапсырманың орындалмағаны туралы хабарлама жібереді.
      59. Орталықтан алынған Ұлттық Банк позициясына ақша есептеу туралы хабарламаның негізінде орталық депозитарий қысқа мерзімді ноталарды Бастапқы агенттің жеке шотына есептейді.
      60. Бастапқы агенттің жеке шотына қысқа мерзімді ноталарды есептегеннен кейін орталық депозитарий Ұлттық Банкке және Бастапқы агентке бұйрықтың орындалғаны жөнінде хабарлама жібереді.
      61. Бастапқы агент және Ұлттық Банк бұйрықтың орындалмағаны туралы хабарлама алған жағдайда, Бастапқы агент пен Ұлттық Банк бұйрықты орындамауға әкеп соқтырған себептерді жойып, орталық депозитарийге бұйрықты қайтадан береді.
      Ескерту. 61-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 243 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      62. орталық депозитарийден бұйрықтың орындалғаны жөнінде хабарлама алғаннан кейін Бастапқы агенттер инвесторға Бастапқы агент инвестормен жасалған шартта өзгеше көзделмесе, қысқа мерзімді ноталарға оның меншік құқығын растайтын қағазға шығарылған куәлікті береді.

5-тарау. Қысқа мерзімді ноталар айналысы

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 243 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      63. Қысқа мерзімді ноталар айналысы қысқа мерзімді ноталарды шығару және орналастыру талаптарына сәйкес Ұлттық Банк белгілеген ақы төлеу күнінен басталады.
      64. Қысқамерзімді ноттардың айналысы өтеу күніне дейін бір жұмыс күні бұрын аяқталады.
      Ескерту. 64-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 24.12.2014 № 252 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік екі күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      65. Қысқа мерзімді ноталарды және олар бойынша құқықтарды есепке алу Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын орталық депозитарий депоненттерінің жеке шоттары бойынша және депоненттердің жеке шоттарында ашылған инвесторлардың дербес қосалқы шоттарында жүзеге асырылады. Қысқа мерзімді ноталарды есепке алу және олар бойынша құқықтар Бастапқы агенттердің ррталық депозитарийдегі жеке шоттары және Бастапқы агенттердің жеке шоттарында ашылған инвесторлардың жеке қосалқы шоттары бойынша жүзеге асырылады. Орталық депозитарий бастапқы нарықта қысқа мерзімді ноталар бойынша орналастыру кезінде, қайталама нарықта қысқа мерзімді ноталар айналысы және өтеу кезінде есеп айырысуды жүзеге асыру үшін жасалатын төлем агенті функцияларын жүзеге асырады.
       Ескерту. 65-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының 2008.09.22 N 73 Қаулысымен.
      66. Қысқамерзімді ноттармен операциялар Ұлттық Банк туралы заңға сәйкес жүзеге асырылады және өтеу күніне дейін бір жұмыс күні бұрын тоқтатылады.
      Ескерту. 66-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 24.12.2014 № 252 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік екі күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

6-тарау. Қысқа мерзімді ноталарды өтеу

      Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 243 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      67. Орталық депозитарий қысқамерзімді ноттарды өтеу күнінің алдындағы жұмыс күні Астана қаласының уақытымен сағат 16.00-ден кешіктірмей қысқамерзімді ноттарды өтеуден ақша алуға құқығы бар қысқамерзімді ноттарды ұстаушылардың тізімін қалыптастырады және белгілейді.
      Ескерту. 67-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 24.12.2014 № 252 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік екі күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      68. Орталық депозитарий қысқамерзімді ноттарды өтеу күнінің алдындағы жұмыс күні Астана қаласының уақытымен сағат 16.30-ден кешіктірмей қысқамерзімді ноттар саны, тиісті шығарылымды өтеу кезінде төленуге тиіс сома және орталық депозитарийдің деректемелері көрсетілген қысқамерзімді ноттардың тиісті шығарылымының алдағы өтелуі туралы мәліметтерді уәкілетті бөлімшеге береді.
      Ескерту. 68-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 24.12.2014 № 252 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік екі күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      69. Ұлттық Банк қысқа мерзімді ноталарды өтеу күні Астана қаласы уақытымен 11:00 сағатқа дейін алда болатын өтеу туралы мәліметтерге сәйкес орталық депозитарийдің позициясына ақша аударуды жүзеге асырады.
      70. Орталық депозитарий депоненттердің позициясына қысқа мерзімді ноталарды өтеуге ақша аударуды Астана қаласы уақытымен 12:00 сағатқа дейін өтеу күнгі олардың номиналдық құны бойынша жүзеге асырады.
       Ескерту. 70-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының 2008.09.22 N 73 Қаулысымен.
      71. Орталық депозитарий қысқа мерзімді ноталарды өтеуге ақша аударуды жүзеге асырғаннан кейін депоненттердің жеке шоттарынан қысқа мерзімді ноталарды есептен шығаруды (өтеуді) жүзеге асырады.
       Ескерту. 71-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының 2008.09.22 N 73 Қаулысымен.
      72. Қысқа мерзімді ноталарды өтегеннен кейін жасалған өтеу туралы хабарлама сол күні Ұлттық Банкке жіберіледі.

7-тарау. Ұлттық Банктің қысқа мерзімді
ноталарды мерзімінен бұрын өтеуі

       Ескерту. 7-тарау жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының 2008.09.22 N 73 Қаулысымен; тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 243 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      73. Ұлттық Банк ақша-кредит саясатын іске асыру мақсатында Бастапқы агенттердің келісімімен қысқа мерзімді ноталарды оларды сатып алу жолымен мерзімінен бұрын өтеуді жүргізеді.
      Ескерту. 73-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 243 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      74. Ұлттық Банк сатып алынған қысқа мерзімді ноталарды мерзімінен бұрын өтеу және есепке алу үшін орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде жеке шот шеңберінде сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің қосалқы шотын өз атына ашады.
      75. Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарды сатып алуы Бастапқы агентпен қысқа мерзімді ноталарды сатып алу-сату мәмілесін жасау арқылы бағалы қағаздардың ұйымдасқан және ұйымдаспаған нарығында жүзеге асырылады.
      76. Ұлттық Банктің ұйымдастырылған нарықта қысқамерзімді ноттарды сатып алуы қор биржасының сауда жүйесі арқылы жүзеге асырылады және мәміле паспортымен немесе биржа куәлігімен ресімделеді.
      Ескерту. 76-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 24.12.2014 № 252 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік екі күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      76-1. Мәміле паспортында, биржа куәлігінде мынадай мәліметтер болады:
      1) қысқамерзімді ноттардың ұлттық сәйкестендіру нөмірі немесе сауда коды;
      2) қысқамерзімді ноттарды шығару және өтеу күні;
      3) қысқамерзімді ноттардың саны;
      4) бір қысқамерзімді ноттың құны;
      5) өтеу мерзімі;
      6) операция көлемі (жалпы сомасы теңгемен);
      7) өтеуге кірістілік (пайызбен көрсетілген);
      8) мәміле күні.
      Ескерту. 76-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 24.12.2014 № 252 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік екі күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      76-2. Орталық депозитарий қор биржасының бұйрығы негізінде қысқамерзімді ноттарды ұйымдастырылған нарықта сатып алуды тіркейді.
      Ескерту. 76-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 24.12.2014 № 252 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік екі күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      77. Қысқа мерзімді ноталарды ұйымдаспаған нарықта сатып алу-сату мәмілесін тіркеу Уәкілетті бөлімшенің және Бастапқы агенттің қарсы бұйрықтары ңегізінде жүзеге асырылады.
      78. Қор биржасының бұйрығы немесе Уәкілетті бөлімшенің және Бастапқы агенттің қарсы бұйрықтары негізінде орталық депозитарий Бастапқы агенттің жеке шотындағы қысқа мерзімді ноталар санының жеткілікті болуын тексереді және олардың саны жеткілікті болған жағдайда, есеп айырысу аяқталғанға дейін қысқа мерзімді ноталарды оқшаулауды жүзеге асырады.
      79. Қор биржасының бұйрығы немесе Уәкілетті бөлімшенің және Бастапқы агенттің қарсы бұйрықтары негізінде орталық депозитарий Ұлттық Банктің позициясынан ақшаны есептен шығаруға және орталық депозитарийдің позициясына есептеуге төлем тапсырмасын қалыптастырады және Орталыққа береді.
      80. Орталық орталық депозитарийдің төлем тапсырмасы негізінде Ұлттық Банктің позициясынан орталық депозитарийдің позициясына ақшаны есептен шығаруды жүзеге асыра отырып, орталық депозитарийге ақша аударуды жүзеге асырғаны туралы тиісті растауды жібереді.
      81. Орталық депозитарийдің позициясына ақша есептелгеннен кейін орталық депозитарий орталық депозитарийдің позициясынан ақшаны есептен шығаруға және Бастапқы агенттің позициясына есептеуге төлем тапсырмасын қалыптастырады және Орталыққа береді.
      82. Орталық орталық депозитарийдің төлем тапсырмасы негізінде орталық депозитарийдің позициясынан депоненттің позициясына ақшаны есептен шығаруды жүзеге асыра отырып, орталық депозитарийге ақша аударуды жүзеге асырғаны туралы тиісті растауды жібереді.
      83. Орталықтың ақша аударымын жүзеге асыру туралы растауы негізінде орталық депозитарий қысқа мерзімді ноталарды сатып алу-сату мәмілесін тіркеуді қысқа мерзімді ноталарды Бастапқы агенттің жеке шотынан есептен шығару арқылы жүзеге асырады және сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алу үшін оларды эмитенттің қосалқы шотына есептейді.
      84. Ұлттық Банктің уәкілетті бөлімшеден алынған деректер негізінде сатып алған қысқа мерзімді ноталары айналыс мерзімі аяқталғанға дейін толық немесе ішінара өтеледі.
      Ескерту. 84-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 243 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      85. Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарды мерзімінен бұрын өтейтіні туралы шешім уәкілетті бөлімше басшысының не ол болмаған жағдайда оның міндетін атқарушының өкімімен ресімделеді.
      Ескерту. 85-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 24.12.2014 № 252 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік екі күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      86. Орталық депозитарий сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алу және оларды орталық депозитарийдің қызмет көрсетуінен шығару үшін уәкілетті бөлімше басшысының не ол болмаған жағдайда оның міндетін атқарушының қысқа мерзімді ноттарды эмитенттің қосалқы шотынан есептен шығару арқылы мерзімінен бұрын өтеу туралы өкімі негізінде қысқа мерзімді ноттарды мерзімінен бұрын өтеуді тіркейді.
      Ескерту. 86-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 24.12.2014 № 252 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік екі күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      87. Орталық депозитарий Ұлттық Банкке ұсынатын қысқа мерзімді ноталардың тиісті шығарылымын алда болатын өтеу туралы мәліметтерде мерзімінен бұрын өтелген қысқа мерзімді ноталар Ұлттық Банк сатып алған қысқа мерзімді ноталардың жалпы тізіміне кіргізілмейді, бөлек жолда көрсетіледі.

Қазақстан Республикасы   
Ұлттық Банкінің қысқа   
мерзімді ноталарын шығару,
орналастыру, айналысқа шығару
және өтеу ережесіне   
1-қосымша        

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының 2008.09.22 N 73, 2012.08.24 № 243 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.12.2014 № 252 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік екі күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарымен
операциялар жасау тәртібі туралы
N ___ ШАРТ

      Алматы қаласы                     20__ жылғы «___» ____________

      «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі, бұдан әрі «Ұлттық Банк» деп аталады, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы негізінде іс-әрекет жасайтын _________________________ арқылы, бір жағынан және ______________________________, бұдан әрі «Бастапқы агент» деп аталады, __________ негізінде іс-әрекет жасайтын ____________________ арқылы, екінші жағынан, бұдан әрі бірлесіп Тараптар деп аталып, төмендегілер туралы осы Шартты жасады:

1. ШАРТТЫҢ МӘНІ

      1.1. Ұлттық Банк Бастапқы агентке Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы "__"_______________ N ____ қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталарын шығару, орналастыру, айналысқа шығару және өтеу ережесіне (бұдан әрі - Ереже) және осы Шарттың талаптарына сәйкес Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарымен (бұдан әрі - операциялар) жүргізуге уәкілеттік береді.

2. ШАРТТЫҢ ЖАЛПЫ СОМАСЫ ЖӘНЕ АҚЫ ТӨЛЕУ ТӘРТІБІ

      2.1. Ұлттық Банк:
      2.1.1. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, қысқа мерзімді ноталарды орналастыру кезінде Бастапқы агенттің іс-әрекетін бақылау барысында алынған ақпарат туралы мәліметтерді жарияламауға;
      2.1.2. Осы өзгерістер мен толықтырулар күшіне енген күннен бастап он күндік мерзімде Ережеге енгізілген барлық өзгерістер мен толықтырулар туралы Бастапқы агентке хабарлауға;
      2.1.3. Бастапқы агентпен жасалған осы Шарт бұзылған жағдайда бұл туралы шартты бұзу күнінен бір ай бұрын Бастапқы агентті, сондай-ақ осы бастапқы агенттің барлық инвесторларын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жазбаша хабарлауға;
      2.1.4. Ережеге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қысқа мерзімді ноталармен операциялар жүргізуге міндетті.
      2.2. Ұлттық Банк:
      2.2.1. Бастапқы агенттің қызметін бақылау мақсатында қысқа мерзімді ноталар нарығында олар жүзеге асыратын Бастапқы агенттің кез келген операциясы туралы қажетті ақпаратты сұратуға;
      2.2.2. Ереженің талаптары бұзылған, сондай-ақ осы Шарттың 2.4.3-тармағы сақталмаған немесе Бастапқы агент сатып алынған қысқа мерзімді ноталарды төлеуге ақша аударудан ішінара бас тартқан жағдайда қысқа мерзімді ноталардың қатарынан болатын бес аукционынан бір жақты тәртіппен Бастапқы агентті шеттетуге;
      2.2.3. Бастапқы агент немесе оның инвесторы қысқа мерзімді ноталарды төлеуге ақша аударудан толық бас тартқан немесе ішінара бас тартуды қайталаған жағдайда, Ұлттық Банк Бастапқы агенттің номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясынан не бағалы қағаздар нарығында дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясынан айырған немесе қолданылуын тоқтатқан жағдайда, осы Шарттың бір күнтізбелік жылы ішінде осы Бастапқы агенттің қол қою құқығынсыз осы Шартты бір жақты тәртіппен бұзуға құқылы.
      Ескерту. 2.2.3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 243 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2.3. Ұлттық Банктің Ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы хабарламауы салдарынан Бастапқы агенттің Ереже қағидаларын бұзуы қысқа мерзімді ноталардың аукционына қатысу жөніндегі Бастапқы агенттің құқықтарын Ұлттық Банктің шектеуі үшін негіз бола алмайды.
      2.4. Бастапқы агент:
      2.4.1. Осы Шарттың талаптарын сақтауға және Ереже мен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қысқа мерзімді ноталармен мәмілелерді жүзеге асыруға;
      2.4.2. деректемелер өзгерген жағдайда, оларды өзгерткен күнге дейінгі 2 (екі) жұмыс күннен кешіктірмей бұл туралы жазбаша хабарлауға;
      2.4.3. Қысқа мерзімді ноталарды орналастыруға қатысу кезінде орналастырудың толық аяқталғанына сенімді болуға міндетті. Орналастыру нәтижелерінің болмауына байланысты сатып алынған қысқа мерзімді ноталар үшін төлеу жөніндегі міндеттемелерін орындамау Бастапқы агентті оның міндеттемелерін орындаудан босатпайды;
      2.4.4. Бастапқы нарықта аукционның баға жағдайына, сондай-ақ қайталама нарықта қысқа мерзімді ноталардың нарықтық бағасына әсер ету мақсаты бар бағалы қағаздар нарығының басқа қатысушыларымен жазбаша немесе ауызша келісімге келмеуге;
      2.4.5. Ұлттық Банктің мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялар жүргізуге уәкілетті бөлімшесіне орналастыруға қатысуға арналған, қағазға басылып ұсынылған жағдайда, өтінішке қол қоюға уәкілетті тұлғалардың қолдарының үлгілерін ұсынуға;
      2.4.6. Ақы төлеу күні қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі туралы хабарлама алғаннан кейін бір сағаттың ішінде, бірақ Астана уақыты бойынша 19.00 сағаттан кешіктірмей сатып алынған қысқа мерзімді ноталар үшін ақы төлеуге қолма-қол ақшамен қамтамасыз етуге;
      2.4.7. Ұлттық Банк тарапынан Бастапқы агентке санкцияларды, шектеулі ықпал ету шараларын, ертерек ден қою шараларын қолданудың барлық жағдайлары туралы Уәкілетті бөлімшеге хабарлауға міндетті.
      2.5. Бастапқы агент:
      2.5.1. Ұлттық Банкке бұл туралы бір ай бұрын жазбаша хабарлай отырып бір жақты тәртіппен осы Шартты бұзуға құқылы.

3. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШIЛIГI

      3.1. Тараптар осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес жауапкершілік атқарады.
      3.2. Сатып алынған қысқа мерзімді ноталар үшін ақша уақтылы түспегенде Бастапқы агенттен әрбір кешіктірілген күн үшін төлемнің барлық сомасынан Ұлттық Банктің ресми қайта қаржыландыру ставкасының (жылдық пайызбен) екі есесінен аспайтын мөлшерде өсімпұл өндіріп алынады.

4. ФОРС-МАЖОР

       4.1. Шарт бойынша Тараптардың өз міндеттемелерін жүзеге асыруға кедергі келтіретін табиғи апаттар, апаттар, өрт, электр энергиясын өшіру, байланыс желілерінің бұзылуы, жаппай тәртіпсіздік, ереуілдер, әскери іс-әрекеттер жататын дүлей күштің пайда болуы, қызмет түрлері осы Шарттар көрсетілгендерге тікелей және жанама тыйым салатын заң актілерінің, үкіметтің қаулылары мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының өкімдерінің күшіне енуі, сондай-ақ осы Шарт бойынша міндеттемелердің орындалуына кедергі келтіретін шетел мемлекеттерінің мемлекеттік органдарының заң және өзге де актілерінің күшіне енуі және Тараптардың ерік-күшіне байланыссыз оқиғалар туындаған жағдайда, егер осындай жағдай туған сәттен бастап және байланыс болған жағдайда 10 күн ішінде дүлей күштен зардап шеккен Тарап екінші Тарапқа болған оқиға туралы хабарласа, сондай-ақ форс-мажорлық жағдайдың зардаптарын тез жою үшін оның тарапынан барлық мүмкіндіктерді қолданған жағдайда Тараптар өзінің міндеттемелеріне алған жауапкершіліктерді орындаудан босатылады.
      4.2. Дүлей күштің объектісі болған Тарап дүлей күштің әсерінен болған іс-әрекет тоқтағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде бұл туралы екінші Тарапқа хабарлауға міндетті.
      4.3. Форс-мажорлық жағдайларға байланысты зиян шеккен Тарап дүлей күштің объектісі болған Тараптан болған оқиғалардың дәлелдерін, сондай-ақ келтірілген зиянның көлемін есептеуге байланысты кез келген құжатты талап ете алады.

5. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ ТӘРТIБI

      5.1. Шарт бойынша міндеттемелерді орындау барысында келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар оларды соттан тыс тәртіппен реттеу үшін барлық мүмкін болатын шараларды қолдануға міндетті.
      5.2. Егер Тараптар келісімге келмеген жағдайда, барлық реттелмеген даулар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес сотта қаралады.
      5.3. Осы Шартпен реттелмеген барлық мәселелерді шешу кезінде Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.

6. ШАРТТЫҢ ҚОЛДАНУ МЕРЗІМІ

      6.1. Осы Шарт оған Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және бір жыл ішінде қолданылады.
      6.2. Осы Шарттың қолдану мерзімі аяқталғанға дейін бір ай бұрын Тараптардың бірде біреуі басқа Тарапты осы Шартты бұзу туралы өзінің ниетін білдіріп хабарламаса, онда осы Шарт әрбір күнтізбелік жылға ұзартылған болып есептеледі.
      6.3. Тараптар осы Шартты кем дегенде бір ай бұрын басқа Тарапты ескерте отырып кез келген уақытта бір жақты тәртіппен бұзуға құқылы.

7. БАСҚА ТАЛАПТАР

      7.1. Осы Шарт төрт дана етіп жасалған: екі данасы мемлекеттік тілде және екі данасы орыс тілінде, әрқайсысының заң күші бірдей.
      7.2. Осы Шартты орындау кезінде Тараптар Ережені және Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.
      7.3. Тараптар осы Шартқа өзара келісім болған жағдайда кез келген өзгерістерді және/немесе толықтыруларды енгізуге құқылы. Барлық өзгерістер және/немесе толықтырулар жазбаша түрде ресімделуге және оған Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қоюға тиіс.

8. ТАРАПТАРДЫҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ ЖӘНЕ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРI

      Ұлттық Банк                            Бастапқы агент

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық Банкінің қысқа   
мерзімді ноталарын шығару,
орналастыру, айналысқа шығару
және өтеу ережесіне   
2-қосымша         

Қысқа мерзімді ноталар бойынша сыйақы
ставкасын есептеу тәртібі

       Рн - Рд                   365
      ---------- көбейтілсін   ------- 100-ге көбейтілсін
         Рд                       То

      мұнда: Рн - номиналдық құны
             Рд - дисконтталған бағасы
             То - айналыс кезеңі (күнмен).

                                         Қазақстан Республикасы
                                          Ұлттық Банкінің қысқа
                                        мерзімді ноталарын шығару,
                                       орналастыру, айналысқа шығару
                                           және өтеу ережесіне
                                                 3-қосымша

      Ескерту. 3-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 24.12.2014 № 252 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік екі күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

__________________
шығыс нөмірі
20__ жылғы «___»____________
__________________
(Бастапқы агенттің жіберілетін хат-хабарларды тіркеу журналы
негізінде шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі)

орналастыру нысаны (аукцион (қосымша орналастыру),
сату, жазылу)

     Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарын сатып алуға
                           өтінім

      шығыс бойынша 20__ жылғы «___»____________ N_________ (қысқа
мерзімді ноталарды шығару және орналастыру талаптарын негізге ала
отырып шығарылым нөмірі көрсетіледі)

      ________________________________________________________,
               (толық атауы мен оның дербес шоты)

Бастапқы агент ретінде көрінетін бағалы қағаздар нарығының кәсіби
қатысушысы, ______________________жеке бірегейлендіру коды немесе
банктік бірегейлендіру коды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
__________ күн айналысқа шығару мерзімі және мынадай баға шарттары
бойынша _________ өтеу күні бар қысқа мерзімді ноталарын сатып
алуға дайын екендігін білдіреді:

N

Қысқа
мерзімді ноталардың саны
(дана)

Бастапқы
агенттің
дербес
шоты
(Бастапқы агенттің немесе оның инвесторының дербес шоты)

Бір нотаның номиналдық құны (теңге)

Номиналдық құны бойынша сатып алу көлемі (теңге)

Бір нотаның дисконтталған бағасы (теңге)

Дисконтталған баға бойынша сатып алу көлемі (теңге)








бәсекелес ұсыныстар








Жиынтығы







бәсекелес емес ұсыныстар








Жиынтығы







Басшы             ______________     аты-жөні
Бас бухгалтер     ______________     аты-жөні

                                          Қазақстан Республикасы
                                          Ұлттық Банкінің қысқа
                                        мерзімді ноталарын шығару,
                                       орналастыру, айналысқа шығару
                                           және өтеу ережесіне
                                                 4-қосымша

      Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталар аукционының
                      жиынтық ведомосі
   _____________________________________________________________
     ұлттық бірегейлендіру нөмірі, өтеу күні, айналыс мерзімі
                _________  жылғы N____ шығарылым

             Аукцион шарттары мыналар болып белгіленді

Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарын сатуға жарияланған көлемі
____миллион теңге
Бір қатысушыға өтінімін қанағаттандыруды шектеу пайызы    ____пайыз
Жарияланған көлемнен бәсекелес емес ұсыныстарды
қанағаттандыру пайызы                                     ____пайыз
Қазақстан Республикасының резидент емес инвесторларының
қатысу пайызы                                             ____пайыз
Резидент еместер үшін жарияланған көлемнен бәсекелес емес
ұсыныстарды қанағаттандыру пайызы                         ____пайыз

Өтінімде
көрсе-
тілген
дисконт-
талған
баға

Өтінімде
көрсе-
тілген
баға
бойынша
сыйақы
ставка-
сы,
пайызбен

Осы
дисконт-
талған
баға
бойынша
берілген
өтінім
саны,
дана

Резиденттердің
қысқа мерзімді
ноталарды сатып
алу көлемі

Резидент еместердің қысқа мерзімді ноталарды сатып алу көлемі

Қысқа мерзім-
ді
нота-
лардың
саны,
дана

Өтінім
қанағат-
танды-
рылған
кезде
түскен
сома,
теңге

Қысқа
мерзімді
ноталар-
дың
саны,
дана

Өтінім
қана-
ғаттан-
дырыл-
ған
кезде
түскен
сома,
теңге






















жиынтығы







  кестенің жалғасы

Өсетін қорытынды
Аукцион бойынша ақша түсу
көлемі

Аукционда
қалыптас-
қан орташа
алынған
дисконт-
талған
баға

Орташа
алынған
дисконт-
талған
баға
бойынша
жылдық
сыйақы
ставкасы,
пайызбен

Көрсетілген шектеулерді қоса алғанда

Көрсетілген шектеулерді ескермей отырып

дана

теңге

дана

теңге

























   Қабылданған өтінімнің бір мемлекеттік          Бәсекелес емес бағалы
бағалы қағаздарына арналған                    қағаздардың барлық
орташа дисконтталған бағасы:  ______           саны ______ дана

Мына баға шарттары бойынша қысқа
мерзімді ноталарды орналастырсын

Кесімді баға __(теңге)   Орташа алынған баға __ (теңге)
Шектеу _________________

Аукцион көлемі ____ (теңге) мөлшерінде бекітілсін

Мына шарттармен қысқа мерзімді ноталарды
қосымша орналастыру жариялансын

Орташа алынған баға ___ (теңге)     Қосымша орналастырылған
                                    көлем __________ (теңге)

Уәкілетті бөлімшенің басшысы _______ (аты-жөні)

                                         Қазақстан Республикасы
                                          Ұлттық Банкінің қысқа
                                        мерзімді ноталарын шығару,
                                       орналастыру, айналысқа шығару
                                           және өтеу ережесіне
                                                 5-қосымша

      Ескерту. 5-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 24.12.2014 № 252 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік екі күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі

Бастапқы агентке
(толық атауы)

Бірінші басшы
(қызметі, аты-жөні)

Орналасқан жері

_____ ______  ______
N ______________


                ______________________________________
           аукцион (қосымша орналастыру), сату, жазылу
         бойынша қысқа мерзімді ноталарға өтінімнің
           қанағаттанарлық көлемі туралы хабарлама

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі осымен Сіздің 20__ жылғы «___»____________ N _________ шығарылым бойынша қысқа мерзімді
ноталарды сатып алуға өтініміңіз _______________ теңге сомаға
қанағаттандырылғандығын хабарлайды.
Аукционның бір қысқа мерзімді нотаға арналған орташа алынған
дисконтталған бағасы  ____ теңге.

N
Өтінім пункті

Бастапқы агенттің дербес шоты

Қысқа мерзімді ноталардың саны (дана)

Бір қысқа мерзімді нотаға арналған дисконтталған бағасы (теңге)

Сатып алудың қанағаттандырылған көлемі, (теңге)











Жиынтығы





Уәкілетті бөлімшенің басшысы  ____________ (аты-жөні)

                                         Қазақстан Республикасы
                                          Ұлттық Банкінің қысқа
                                        мерзімді ноталарын шығару,
                                       орналастыру, айналысқа шығару
                                           және өтеу ережесіне
                                                6-қосымша

            Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарын
            қосымша орналастырудың (сату, жазылу)
                        жиынтық ведомосі

                    ____________________________
                     өтеу күні, айналыс мерзімі
                _____________ жылғы N____ шығарылым

Қосымша орналастыру (сату, жазылу) шарттары болып мыналар белгіленді

Осы шығарылымның аукционында орташа есептелген дисконтталған баға
(Ұлттық Банк белгілеген баға) ______ теңге
Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарын қосымша орналастырудың
(сату, жазылу) жарияланған көлемі ________миллион теңге
Бір қатысушыға өтінімді қанағаттандыруды шектеу пайызы ______пайыз
Қазақстан Республикасының резидент емес  инвесторларының
өтінімдерін қанағаттандыруды шектеу пайызы _______ пайыз

Өтінім-
нің
рет нөмірі
мен түскен
уақыты

Өтінімде
көрсе-
тілген
баға
бойынша
жылдық
сыйақы
ставка-
сы,
пайызбен

Өтінім саны

Резиденттердің
қысқа мерзімді
ноталарды қосымша орналастыру (сату, жазылу) көлемі

Резидент еместердің қысқа мерзімді ноталарды қосымша орналастыру (сату, жазылу) көлемі

Қысқа мерзім-
ді
нота-
лардың
саны,
дана

Өтінімді
қанағат-
тандыру
кезінде
түскен
сома,
теңге

Қысқа
мерзімді
ноталар-
дың
саны,
дана

Өтінімді
қана-
ғаттан-
дыру
кезінде
түскен
сома,
теңге
























жиынтығы





  кестенің жалғасы

Өсетін қорытынды
Қосымша орналастыру (сату, жазылу) көлемі

көрсетілген шектеулерді ескере отырып

көрсетілген шектеулерді ескерусіз

Саны, дана

Сома,
теңге

Аукционды
қоса есептегенде

Саны,
дана

Сома,
теңге

Аукцион-
ды қоса
есепте-
генде

























  Қысқа мерзімді ноталарды___ (теңге) көлемде қосымша орналастырылсын

Уәкілетті бөлімшенің басшысы  ______ (аты-жөні)   Күні ___

                                         Қазақстан Республикасы
                                          Ұлттық Банкінің қысқа
                                        мерзімді ноталарын шығару,
                                       орналастыру, айналысқа шығару
                                           және өтеу ережесіне
                                                7-қосымша

       Ескерту. 7-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының 2008.09.22 N 73, 2012.08.24 № 243 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулылармен.

    Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталары шығарылымының
                   N _________ бас сертификаты

2005 жылғы "___"__________                          Алматы қаласы

      Осы бас сертификат мына төмендегі қысқа мерзімді ноталардың
шығарылуына байланысты ресімделді:
      1. Мемлекеттік бағалы қағаздардың түрі: қысқа мерзімді ноталар.
      2. Шығарылымның рет нөмірі ____________.
      3. Шығарылымның ұлттық бірегейлендіру нөмірі _________.
      4. Бір қысқа мерзімді нотаның номиналдық құны_______.
      5. Шығарылым көлемі ______.
      6. Айналысқа шығару мерзімі _____.
      7. Айналыстың басталу күні _____.
      8. Өтеу күні ______.
      9. Орналастырудың орташа алынған бағасы _______.
      10. Сатып алудың кірістілігі _______.

      Осы маңызды сертификат:
      1) эмитент;
      2) орталық депозитарий;
      3) Ұлттық Банктің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті үшін үш дана етіп ресімделді.

      Уәкілетті бөлімшенің
      басшысы _________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады