Об организации проведения приписки граждан к призывному участку в 2009 году

Решение акима Егиндыкольского района Акмолинской области от 9 января 2009 года № 1. Зарегистрировано Управлением юстиции Егиндыкольского района Акмолинской области 30 января 2009 года № 1-8-76. Утратило силу - решением акима Егиндыкольского района Акмолинской области от 29 января 2010 года № 1

      Утратило силу - решением акима Егиндыкольского района Акмолинской области от 29.01.2010 года № 1

      В соответствии с пунктом 3 статьи 17 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года «О воинской обязанности и воинской службе», с подпунктом 13 пункта 1 статьи 33 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении в Республике Казахстан», а также в целях принятия граждан на воинский учет, определения их количества, степени годности к воинской службе, установления общеобразовательного уровня, полученной специальности и уровня физической подготовленности, аким Егиндыкольского района РЕШИЛ:
      1. Рекомендовать государственному учреждению «Объединенный отдел по делам обороны Астраханского района Акмолинской области» (по согласованию) провести в январе – марте 2009 года приписку к призывному участку граждан мужского пола Республики Казахстан, которым в год приписки исполняется семнадцать лет, а также граждан старших возврастов, не прошедших ранее приписку, проживающих постоянно на территории Егиндыкольского района.
      2. Образовать на период проведения приписки призывной участок в государственном учреждении «Объединенный отдел по делам обороны Астраханского района Акмолинской области» по адресу: село Астраханка, улица Алтынсарина, 63.
      3. Акимам сельских округов и сел района:
      1) вручить повестки всем гражданам, подлежащим приписке;
      2) обеспечить явку на призывной участок;
      3) выделить сопровождающих и необходимый транспорт для доставки граждан на призывной участок, принять меры для предотвращения несчастных случаев при перевозке людей.
      4. Рекомендовать руководителям предприятий, организаций и учебных заведений независимо от форм собственности освободить граждан, подлежащих приписке от работы (учебы) на время, необходимое для выполнения обязанностей, связанных с постановкой допризыников на воинский учет с сохранением за ними места работы и занимаемой должности.
      5. Начальнику государственного учреждения «Отдел внутренних  дел Егиндыкольского района» (по согласованию):
      1) проводить розыск, задержание лиц уклоняющихся от приписки;
      2) организовать взаимодействие с государственным учреждением «Объединенный отдел по делам обороны Астраханского района Акмолинской области» по обеспечению общественного порядка и дисциплины на призывном участке в период работы комиссии.
      6. Районному государственному коммунальному предприятию  «Районная поликлиника Егиндыкольского района» (по согласованию) выделить врачей-специалистов и медицинских сестер для проведения медицинского освидетельствования приписываемых граждан.
      7. Начальнику государственного учреждения «Объединенный отдел по делам обороны Астраханского района Акмолинской области» (по согласованию):
      1. принять меры по обеспечению организованного проведения приписки граждан к призывному участку;
      2. информировать акима района о состоянии воинского учета призывников.
      8. Расходы, связанные с выполнением мероприятий по приписке граждан, осуществлять за счет средств предусмотренных в районном бюджете за 2009 год.
      9. Признать утратившим силу решение акима Егиндыкольского района от 21 января 2008 года № 1 «Об организации и  проведении приписки граждан 1991 года рождения к призывному участку», (зарегистрированного в Региональном Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 1-8-49, опубликованного 20 марта 2008 года в районной газете «Шұғыла – Целинная нива»).
      10. Контроль за выполнением настоящего решения возложить на заместителя акима района Искакову Ж.С.
      11. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Управлении юстиции Егиндыкольского района и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Аким Егиндыкольского
      района                                     Б.Султанов

      СОГЛАСОВАНО

      Начальник государственного
      учреждения «Объединенный
      отдел по делам обороны
      Астраханского района
      Акмолинской области»                       А.Аубакиров

      Начальник государственного
      учреждения «Отдел внутренних
      дел Егиндыкольского района»                Е.Каппель

      Начальник государственного
      учреждения «Отдел образования
      Егиндыкольского района»                    З.Жуматова

      Главный врач районного
      государственного коммунального
      предприятия «Районная поликлиника
      Егиндыкольского района»                    А.Касенова

2009 жылы азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тізімге алуды өткізуді ұйымдастыру туралы

Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімінің 2009 жылғы 9 қаңтардағы № 1 шешімі. Ақмола облысы Егіндікөл ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы № 1-8-76 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімінің 2010.01.29 № 1 шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 33 бабы 1 тармағының 13 тармақшасына сәйкес, сонымен қатар әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу, олардың санын, әскери қызметке дайындық деңгейін анықтау, жалпы білім деңгейін, алған мамандығын және дене тәрбиесімен дайындық деңгейін анықтау үшін Егіндікөл ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. «Ақмола облысы Астрахан ауданының қорғаныс істері жөніндегі бірлескен бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) 2009 жылғы қаңтар-наурызда Егіндікөл ауданының аумағында тұрақты тұратын, есепке алу жылы он жеті жасқа толатын, сондай-ақ жасы үлкен бұрын тізімге алынбаған еркек жынысты Қазақстан Республикасының азаматтарын әскерге  шақыру учаскесіне тізімге алуды жүргізу ұсынылсын.
      2. «Ақмола облысы Астрахан ауданының қорғаныс істері жөніндегі бірлескен бөлімі» мемлекеттік мекемесінде тізімге алуды жүргізу кезеңінде әскерге шақыру учаскесі құрылсын, мекен жайы: Астрахан ауданы, Алтынсарин көшесі, 63.
      3. Ауыл және ауылдық округ әкімдері:
      1) тізімге алынуға жататын барлық азаматтарға шақыру қағаздарын тапсырсын;
      2) әскерге шақыру учаскесіне келуін қамтамасыз етсін;
      3) азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне жеткізу үшін шығарып салушыларды және қажетті көлік бөлсін, адамдарды тасу кезінде қайғылы оқиғалардың алдын алу шараларын қолдансын.
      4. Меншік түріне қарамай, кәсіпорындар, ұйымдар мен білім беру мекемелерінің басшыларына тізімге алынуға жататын азаматтарды әскерге  ақырылушыларды әскери есепке алумен байланысты міндеттерді орындауға қажетті уақытқа, олардың жұмыс орны мен лауазымын сақтап, жұмыстан (оқудан) босату ұсынылсын.
      5. «Егіндікөл ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік  мекемесінің бастығы (келісім бойынша):
      1) тізімге алынудан жалтарып жүрген тұлғаларды іздестірсін;
      2) «Ақмола облысы Астрахан ауданының қорғаныс істері жөніндегі бірлескен бөлімі» мемлекеттік мекемесімен өзара әрекеттесіп, комиссияның жұмыс кезеңінде әскерге шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіптің сақталуын ұйымдастырсын.
      6. «Егіндікөл ауданының аудандық емханасы» аудандық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (келісім бойынша) тізімге алынатын азаматтарды медициналық куаландыру үшін дәрігер-мамандар мен медициналық бикелерді бөлсін.
      7. «Ақмола облысы Астрахан ауданының қорғаныс істері жөніндегі бірлескен бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша):
      1) азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тізімге алуды ұйымдасқан түрде жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдасын;
      2) аудан әкіміне әскерге шақырылушылардың әскери есебі туралы хабарласын.
      8. Азаматтарды тізімге алу жөніндегі іс-шаралардың орындалуымен байланысты шығыстар 2009 жылға арналған аудандық бюджетте
қарастырылған қаражаттар есебінен жүзеге асырылсын.
      9. Егіндікөл ауданы әкімінің 2008 жылғы 21 қаңтардағы № 1 «1991 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тізімге алуды ұйымдастыру және өткізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің аймақтық Тізілімінде № 1-8-49 тіркелген, 2008 жылғы 20 наурызда аудандық «Шұғыла-Целинная нива» газетінде жарияланған) шешімі күшін жойды деп танылсын.
      10. Осы шешімінің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.С.Ысқақоваға жүктелсін.
      11. Осы шешім Егіндікөл ауданының әділет басқармасында  мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Егіндікөл ауданының
      әкімі                                       Б.Сұлтанов

      КЕЛІСІЛДІ

      «Ақмола облысы Астрахан
      ауданының қорғаныс істері
      жөніндегі бірлескен бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы                А.Әубәкіров

      «Егіндікөл ауданының аудандық
      емханасы» аудандық мемлекеттік
      коммуналдық кәсіпорнының бас дәрігері          А.Қасенова

      «Егіндікөл ауданының білім бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы                З.Жұматова

      «Егіндікөл ауданының ішкі істер бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы                 Е.Каппель