Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімінің 2010.12.20 № 14 шешімімен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасында Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережеге» сәйкес, Егіндікөл ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2010 жылдың қаңтар-наурызында тіркеу өткізілетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды «Ақмола облысы Астрахан ауданының қорғаныс істер бойынша бірлескен бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу ұйымдастырылсың және қамтамасыз етілсін.
2. Егіндікөл ауданы әкімінің «2009 жылы азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тізімге алуды ұйымдастыру және өткізу туралы» 2009 жылғы 9 қаңтардағы № 1 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тізілімінде № 1-8-76 тіркелген, аудандық «Шұғыла-Целинная нива» газетінде 2009 жылғы 23 наурызда жариялған) күшін жойды деп танылсын.
3. Осы шешімінің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.С.Ысқақоваға жүктелсін.
4. Осы шешім Егіндікөл ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Б.Сұлтанов
КЕЛІСІЛДІ:
«Ақмола облысы
Астрахан ауданының
қорғаныс істері
бойынша бірлескен
бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы С.Кантемиров