Постановление Атырауского областного Акимата от 3 апреля 2009 года N 70. Зарегистрировано Департаментом юстиции Атырауской области 12 мая 2009 года за N 2546. Утратило силу - постановлением Атырауского областного Акимата от 24 мая 2011 года N 151
Атырау облыстық әкімиятының 2009 жылғы 3 сәуірдегі N 70 қаулысы. Атырау облыстық Әділет департаментінде 2009 жылғы 12 мамырда N 2546 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 2011 жылғы 24 мамырдығы N 151 қаулысымен.
Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 2011.05.24 N 151 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, облыстық әкімиятының 2009 жылғы 27 қаңтардағы N 19 "Атырау облысында мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары мен регламенттерін бекіту туралы" қаулысына сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса берілген Атырау облысы Білім беру басқармасының мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Аманғалиевке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Б. Рысқалиев
Облыс әкімиятының
2009 жылғы 3 сәуірдегі N 70
қаулысымен бекітілген
Атырау облысы Білім беру басқармасының "Білім беру
қызметін лицензиялау" мемлекеттік қызмет көрсету
стандарты
1. Негізгі ұғымдар
1. Мемлекеттік қызметтің анықтамасы:
Білім беру қызметін лицензиялау – сәйкесінше лицензиялардың заңды тұлғаға қызметтің білім беру түрімен айналысуға берілетін рұқсат.
2. Осы мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны – автоматтандырылмаған.
3. Білім беру қызметін лицензиялау Қазақстан Республикасының мынадай заңнамасы негізінде көрсетіледі:
1) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі N 319 "Білім туралы" Заңы;
2) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы N 214 "Лицензиялау туралы" Заңы;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы N 452 "Білім беру қызметіне қойылатын лицензиялау ережесі мен оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" қаулысы;
4) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрінің 2003 жылғы 11 наурыздағы N 147 "Білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензия алу үшін құжаттарды ұсыну мен қарау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" бұйрығы.
4. Осы мемлекеттік қызметті Атырау қаласы, Әйтеке-би көшесі, 77 www.e-atyrau.kz мекен-жайында орналасқан Атырау облысы Білім беру басқармасының кәсіптік білім беру және кадрлар даярлау бөлімі ұсынады.
5. Осы мемлекеттік қызметтің нәтижесі Атырау облысы Білім беру басқармасының білім беру қызметіне лицензия беру болып табылады.
6. Осы мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға көрсетіледі.
7. Осы мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
1) заңды тұлғалардың жазбаша өтініші тіркелген сәттен бастап осы мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері – отыз жұмыс күннен кеш емес;
2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде (тіркеу, талон алу кезінде) кезекте тұрудың рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 40 минуттан артық емес;
3) осы мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі ретінде, құжаттарды алуда кезек күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 минут.
8. Осы мемлекеттік қызмет ақылы. Қызметтің білім беру қызметімен айналысуға құқық үшін 10 (он) айлық есептік көрсеткіштеңге көлеміндегі лицензиялық жинақ лицензияларды (лицензиялар қосалқы данасы) берілген кезде алынады.
Ескерту. Өзгерту енгізілді - Атырау облысы әкімиятының 2009.12.25 № 355 қаулысымен.
9. Осы мемлекеттік қызметті көрсету стандарты Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77 www.e-atyrau.kz мекен-жайындағы Атырау облысы Білім беру басқармасы, N 206 кабинетте орналастырылған және "Атырау" газетінде ресми жарияланған.
10. Атырау облысы Білім беру басқармасының жұмыс кестесі: сенбі және жексенбіден басқа, күн сайын 09.00-сағаттан 18.00 - сағатқа дейін. Қызметті алу үшін алдын ала жазылу және жедел қызмет көрсету қарастырылмаған.
11. Қызмет көрсетілетін орын: Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77 мекен-жайында орналасқан. Атырау облысы Білім беру басқармасы, N 206 кабинет.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар:
1) өтініш;
2) өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
3) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
4) білім беру қызметін жүргізу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төлегенін растайтын құжаты;
5) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар.
13. Атырау облысы Білім беру басқармасының кәсіптік білім беру және кадрлар даярлау бөлімі, N 206 кабинет, білім беру қызметіне лицензияны беру орны болып табылады.
14. Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77, мекен-жайында орналасқан Атырау облысы Білім беру басқармасының кәсіптік білім беру және кадрлар даярлау бөліміне, N 206 кабинетке, барлық қажетті құжаттарды тапсырады.
15. Тұтынушы барлық құжаттарды тапсырғаннан кейін тұтынушының осы мемлекеттік қызметті алған күні көрсетілген талон алады.
16. Білім беру қызметіне лицензия беру, тұтынушы Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77 мекен-жайында орналасқан Атырау облысы Білім беру басқармасының кәсіптік білім беру және кадрлар даярлау бөлімі, N 206 кабинетте жеке болған кезде, жүзеге асырылады.
17. Мемлекеттік қызмет ұсынуды тоқтата тұру немесе бас тарту үшін толық негіздер тізбесі:
1) субъектілерінің осы санаты үшін Қазақстан Республикасы заңдарымен тыйым салынған қызметтің білім беру түрімен айналысу;
2) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес барлық қажетті құжаттар ұсынылмаған;
3) қызметтің білім беру түріне лицензия беруге өтініш берген жағдайда, қызметтің білім беру түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алым төленбегенде;
4) өтініш беруші біліктілік талаптарға сәйкес келмейді;
5) өтініш берушіге қызметтің білім беру түрімен айналысуға тыйым салынған оған қатысты заңдылық күшіне енген сот үкімі бар;
6) әрекеттерді тоқтату, лицензияларды кері қайтару Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамасымен қарастырылған тәртіпте жүзеге асырылады.
18. Атырау облысы Білім беру басқармасының кәсіптік білім беру және кадрлар даярлау бөлімінің мамандары осы мемлекеттік қызметті тұтынушыға қатысты мынадай жұмыс қағидаттарын басшылыққа алады:
1) сыпайылық және осы мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат беру;
2) ақпараттың сақталуын қамтамасыз ету;
3) тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету.
Егер заңды тұлға белгіленген мерзімде көрсетілген мемлекеттік қызмет туралы құжаттарды алуға өтініш жасамаған жағдайда, Атырау облысы Білім беру басқармасының кәсіптік білім беру және кадрлар даярлау бөлімі екі ай ішінде олардың сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін акт бойынша құжаттар белгіленген тәртіпте жойылады.
19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы Стандарттың қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
20. Осы мемлекеттік қызметті көрсететін Атырау облысы Білім беру басқармасының кәсіптік білім беру және кадрлар даярлау бөлімінің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмысшы топтары бекітеді.
21. Атырау облысы Білім беру басқармасының кәсіптік білім беру және кадрлар даярлау бөлімі мамандарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін Атырау облысы Білім беру басқармасы бастығының орынбасары түсіндіреді, N 214 кабинет, байланыс телефоны: 27-17-96.
22. Шағым Атырау облысы Білім беру басқармасы бастығының атына, N 210 кабинет, байланыс телефоны: 35-49-65, сондай-ақ Атырау облысы аппарат әкіміне беріледі, байланыс телефоны: 27-09-12, 35-45-32.
23. Шағымның қабылдауын растайтын құжат Атырау облысы Білім беру басқармасының кәсіптік білім беру және кадрлар даярлау бөлімінің тіркеу журналында тіркеліп, берілген шағымға жауаптың мерзімі мен алу күні көрсетілген талон болып табылады. 32-10-06 байланыс телефоны арқылы шағымның қаралу барысы туралы білуге болады.
24. Атырау облысы Білім беру басқармасының байланыс деректері:
пошталық мекен-жайы: 060010, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77.
Қабылдау бөлменің телефоны (факсы): 35-49-65, 35-49-67.
Атырау облысы Білім беру басқармасының кәсіптік білім беру және кадрлар даярлау бөлімі бастығының телефоны: 32-10-06, N 206 кабинет.
Электрондық поштаның мекен-жайы: uoatyrau@rambler .ru
Жұмыс кестесі: күн сайын сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
Демалыс күндері: сенбі және жексенбі.
Заңды тұлғаларды қабылдау кестесі:
Атырау облысы Білім беру басқармасының бастығы - әр айдың бірінші сәрсенбісі күні сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін;
Атырау облысы Білім беру басқармасы бастығының орынбасары - әр айдың үшінші бейсенбісі күні сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
Жоғары тұрған ұйымның байланыс деректері: Атырау облысы әкімінің аппараты: Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77, телефон: 35-45-32, факс: 35-45-32.
25. Қосымша ақпарат алу үшін Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77 мекен-жайында орналасқан Атырау облысы Білім беру басқармасының кәсіптік білім беру және кадрлар даярлау бөлімі, N 206 кабинет, 32-10-06 телефоны бойынша жолығу қажет.
"Білім беру қызметін лицензиялау"
мемлекеттік қызмет көрсетудің
стандартына қосымша
Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері |
Стандарт (көрсеткіштің нормативтік мәні) |
Кейінгі жылғы көрсеткіштің нысаналы мәні |
Есепті жылғы көрсеткіштің ағымдағы мәні |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
|
1. Уақтылығы |
||||
1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызмет ұсыну жағдайларының % (үлесі) |
100% |
95% |
90% |
|
1.2. Қызмет алуды кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың % (үлесі) |
85% |
80% |
75% |
|
2. Сапасы |
||||
2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) |
90% |
85% |
80% |
|
2.2. Құжаттарды лауазымды тұлға дұрыс ресімдеген жағдайлардың (жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар және т.б.) % (үлесі) |
100% |
95% |
90% |
|
3. Қол жетімділік |
||||
3.1. Қызметті ұсыну тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) |
90% |
85% |
80% |
|
3.2. Тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырған жағдайлардың % (үлесі) |
80% |
75% |
70% |
|
3.3. Интернет арқылы қол жетімді қызметтердің ақпарат % (үлесі) |
50% |
45% |
40% |
|
4. Шағымдану үдерісі |
||||
4.1. Қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың %(үлесі) |
0,5% |
0,3% |
0,2% |
|
4.2. Белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізделген шағымдардың %(үлесі) |
100% |
95% |
90% |
|
4.3. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) |
90% |
85% |
80% |
|
4.4. Шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) |
90% |
85% |
80% |
|
5. Сыпайылық |
||||
5.1. Қызметкерлердің сыпайылығына қанағатанған тұтынушылардың % (үлесі) |
90% |
85% |
80% |