Білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы N 452 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 ақпандағы № 195 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.02.2013 № 195 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.01 N 1426 (2012.01.31 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі және "Лицензиялау туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.05.28 N 506 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған:
      1) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.12.01 N 1426 (2012.01.31 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2) білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.12.01 N 1426 (2012.01.31 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2007 жылғы 2 маусымдағы
N 452 қаулысымен   
бекітілген     

Білім беру қызметін лицензиялау ережесі

      Ескерту. Ереже алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.12.01 N 1426 (2012.01.31 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2007 жылғы 2 маусымдағы
N 452 қаулысымен 
бекітілген   

Білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары

      Ескерту. Біліктілік талаптары жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.11 № 778 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      1. Бастауыш білімнің жалпы білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметіне қойылатын біліктілік талаптары:
      1) жұмыс оқу жоспарларының үлгілік оқу жоспарларына сәйкестігі;
      2) жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдердің үлесі олардың жалпы санының 20 %-нан кем болмауы;
      3) білім алушылар контингентіне шаққанда бір білім алушыға толық оқу цикліне саны кемінде 15 бірлік басылымнан келетін оқу әдебиеті қорының болуы;
      4) білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы;
      5) білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы;
      6) меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында тиесілі білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін материалдық және материалдық емес активтердің болуы.
      2. Негізгі орта білімнің жалпы білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметіне қойылатын біліктілік талаптары:
      1) жұмыс оқу жоспарларының үлгілік оқу жоспарларына сәйкестігі;
      2) жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдердің үлесі олардың жалпы санының 30 %-нан кем болмауы;
      3) білім алушылар контингентіне шаққанда бір білім алушыға толық оқу цикліне саны кемінде 15 бірлік басылымнан келетін оқу әдебиеті қорының болуы;
      4) білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы;
      5) білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы;
      6) меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында тиесілі білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін материалдық және материалдық емес активтердің болуы;
      7) интернет желісіне қосылған компьютерлік сыныптармен, оқу-зертхана жабдықтарымен жарақтандырылуы.
      3. Жалпы орта білімнің жалпы білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметіне қойылатын біліктілік талаптары:
      1) жұмыс оқу жоспарларының үлгілік оқу жоспарларына сәйкестігі;
      2) жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдердің үлесі олардың жалпы санының 30 %-нан кем болмауы;
      3) білім алушылар контингентіне шаққанда бір білім алушыға толық оқу цикліне саны кемінде 25 бірлік басылымнан келетін оқу әдебиеті қорының болуы;
      4) білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы;
      5) білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы;
      6) меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында тиесілі білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін материалдық және материалдық емес активтердің болуы;
      7) интернет желісіне қосылған компьютерлік сыныптармен, оқу-зертхана жабдықтарымен жарақтандырылуы.
      4. Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметіне қойылатын біліктілік талаптары:
      1) жұмыс оқу жоспарларының үлгілік оқу жоспарларына сәйкестігі;
      2) штаттағы оқытушылар үлесінің олардың жалпы санының 70 % кем болмауы;
      3) жоғары және бірінші санаттағы оқытушылар және (немесе) магистрлер үлесінің олардың жалпы санының 30 %-нан кем болмауы;
      4) білім алушылар контингентіне шаққанда бір білім алушыға толық оқу цикліне саны кемінде 25 бірлік басылымнан келетін оқу әдебиеті қорының болуы;
      5) интернет желісіне қосылған компьютерлік сыныптармен, оқу-зертхана жабдықтарымен, арнайы оқу жабдығымен жарақтандырылуы;
      6) практикадан өткізу базалары ретінде белгіленген ұйымдармен жасалған шарттардың болуы;
      7) білім алушының бір жылғы оқуына жұмсалатын ең төменгі шығыстардың Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті оқу жылына арналған техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты бекіту жөніндегі қаулысында көзделген шығыстар деңгейіне сәйкестігі;
      8) білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы;
      9) білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы;
      10) меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында тиесілі білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін материалдық және материалдық емес активтердің болуы.
      5. Орта білімнен кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметіне қойылатын біліктілік талаптары:
      1) штаттағы оқытушылар үлесінің олардың жалпы санының 70 %-нан кем болмауы;
      2) жоғары және бірінші санаттағы оқытушылар және (немесе) магистрлердің, ғылыми дәрежелері және атақтары бар оқытушылар үлесінің олардың жалпы санының 40 %-нан кем болмауы;
      3) білім алушылар контингентіне шаққанда бір білім алушыға толық оқу цикліне саны кемінде 25 бірлік басылымнан келетін оқу және оқу-әдістемелік әдебиеті қорының және цифрлы тасымалдағыштарда оқу жоспарының кемінде 20 % (әскери мамандықтардан басқа) болуы;
      4) жұмыс оқу жоспарларының үлгілік оқу жоспарларына сәйкестігі;
      5) интернет желісіне қосылған компьютерлік сыныптармен, оқу-зертхана жабдықтарымен, арнайы оқу жабдығымен жарақтандырылуы;
      6) практикадан өткізу базалары ретінде белгіленген ұйымдармен жасалған шарттарының болуы;
      7) білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы;
      8) білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы;
      9) меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында тиесілі білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін материалдық және материалдық емес активтердің болуы.
      6. Рухани (діни) бiлiм беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары:
      1) даярлық бейіні бойынша жоғары діни білімі бар және діни бірлестіктер қоятын талаптарға сәйкес келетін штаттағы оқытушылардың болуы;
      2) білім алушылар контингентіне шаққанда бір білім алушыға толық оқу цикліне дінтану сараптамасынан өткен саны кемінде 50 бірлік басылымнан келетін оқу әдебиеті қорының және цифрлы тасымалдағыштарда оқу жоспарының кемінде 20 % болуы;
      3) меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында тиесілі оқу-материалдық активтердің болуы;
      4) интернет желісіне қосылған компьютерлік сыныптармен жарақтандырылуы;
      5) білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы;
      6) білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы;
      7) осы діни білім беру мекемесінің жұмыс істеу орындылығының негіздемесі бар тиісті республикалық діни бірлестіктер мен өңірлік діни бірлестіктер қолдаухатының және Қазақстан Республикасының аумағында діни бірлестікті тіркеу туралы куәлік көшірмесінің болуы;
      8) діни бірлестік басшылығы бекіткен даярлық бейіні бойынша білім беру бағдарламаларының және оқу жоспарларының болуы;
      9) мәлімделген діни білім беру бағдарламаларына Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің сараптама қорытындысының болуы.
      7. «Бакалавр» академиялық дәрежесін бере отырып, жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметіне қойылатын біліктілік талаптары:
      1) жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыру;
      2) ұлттық зерттеу университеттері, зерттеу университеттері, ұлттық жоғары оқу орындары, университеттер, академиялар үшін ғылыми-зерттеу және педагогикалық қызмет жүргізу, кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау;
      институттар (консерваториялар, жоғары мектептер, жоғары училищелер) үшін педагогикалық қызмет, кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау;
      3) бір оқытушыға есептегенде студенттер контингентінің білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкестігі;
      4) штаттағы оқытушылар үлесінің олардың жалпы санының, оның ішінде білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының базалық циклдері мен бейінді пәндері бойынша:
      ұлттық зерттеу университеттері, зерттеу университеттері, ұлттық жоғары оқу орындары, университеттер, академиялар үшін 80 %-дан кем болмауы;
      институттар (консерваториялар, жоғары мектептер, жоғары училищелер) үшін 70 %-дан кем болмауы;
      педагогикалық мамандықтар үшін білім беру ұйымының түріне қарамастан 80 %-дан кем болмауы;
      5) ғылыми дәрежелері және атақтары бар оқытушылар үлесінің штаттағы оқытушылар санының:
      ұлттық зерттеу университеттері, зерттеу университеттері үшін 70 %-дан кем болмауы;
      ұлттық жоғары оқу орындары (өнер және мәдени білім беру ұйымдарынан басқа) үшін 55 %-дан кем болмауы;
      университеттер, академиялар үшін 50 %-дан кем болмауы;
      институттар (жоғары мектептер, жоғары училищелер) үшін 45 %-дан кем болмауы;
      педагогикалық институттар үшін 50 %-дан кем болмауы;
      өнер және мәдени білім беру ұйымдары үшін ғылыми дәрежелері, сонымен қатар құрметті атақтары бар және оларға теңестірілген оқытушылар үлесінің 35 %-дан кем болмауы;
      Қорғаныс, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар министрліктеріне және Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне (қаржы полициясы) ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары үшін әскери (арнайы) атағы полковниктен төмен емес, «спорт шебері» және одан жоғары атағы бар ғылыми дәрежелері және атақтары бар оқытушылар үлесінің 40 %-дан кем болмауы;
      6) студенттердің келтірілген контингентіне шаққанда толық оқу цикліне саны кемінде 140 бірлік басылымнан келетін оқу және ғылыми әдебиет қорының болуы. Бұл ретте қазақ және орыс тілдеріндегі басылымдар оқыту тілдері бойынша оқушылар контингентіне барабар болуы тиіс.
      Кітапхана қоры соңғы 5 жылдағы әлеуметтік-гуманитарлық бейіндегі пәндер бойынша; жаратылыстану, техникалық, ауыл шаруашылығы пәндер бойынша соңғы 10 жылдағы басылып шығарылған негізгі оқу әдебиетін қамтуға тиіс.
      Мамандықтың (әскери мамандықтардан басқа) оқу жоспарының базалық және бейінді пәндерінің цифрлы тасымалдағыштардағы оқу әдебиетімен қамтамасыз етілуі - 40 %-нан кем болмауы.
      Басқа кітапхана және ғылыми қорлармен, оның ішінде республикалық жоғары оқу орындары аралық электрондық кітапханамен шарттарының болуы;
      7) жұмыс оқу жоспарларының үлгілік оқу жоспарларына сәйкестігі;
      8) кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыру үшін қажетті оқу-зертхана жабдықтарымен жарақтандырылуы;
      9) студенттің бір жылғы оқуына жұмсалатын ең төменгі шығыстардың Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті оқу жылына жоғары білімді мамандар даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты бекіту жөніндегі қаулысында көзделген шығыстар деңгейіне сәйкестігі;
      10) практикадан өткізу базалары ретінде белгіленген ұйымдармен жасалған шарттардың болуы;
      педагогикалық мамандықтар үшін педагогикалық практика базалары бойынша мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарымен тікелей шарттардың болуы;
      11) әскери мамандықтардан басқа, ұйымдармен және кәсіпорындармен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуге шарттардың болуы;
      12) білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы;
      13) білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы;
      14) меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында тиесілі білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін материалдық және материалдық емес активтердің болуы.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.06.11 N 778 (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      8. «Магистр» академиялық дәрежесін бере отырып, жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының және ғылыми ұйымдардың қызметіне қойылатын біліктілік талаптары:
      1) жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыру; педагогикалық мамандықтар үшін қазіргі заманғы педагогикалық оқу технологиялары саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;
      2) магистранттарды даярлау мамандығының білім беру ұйымдары ғылыми зерттеулерінің тақырыптарына сәйкестігі;
      3) тиісті даярлау бағыттары бойынша ғылыми, ғылыми-білім беру, өндірістік және ғылыми-өндірістік орталықтармен ынтымақтастық туралы келісімдердің болуы;
      педагогикалық мамандықтар үшін бірлескен білім беру және ғылыми жобаларды, оқытушылар және магистранттардың тағылымдамадан өтуін орындау жөнінде шетелдік университеттермен тікелей шарттардың болуы;
      4) жұмыс оқу жоспарларының үлгілік оқу жоспарларына сәйкестігі;
      5) тиісті мамандық бойынша штатта ғылым докторының немесе екі философия (PhD) докторының болуы; әскери мамандықтар үшін ғылым докторының немесе философия (PhD) докторының болуы;
      6) ғылыми дәрежелері және атақтары бар оқытушылар үлесінің штаттағы оқытушылар санының 70 %-дан кем болмауы;
      мәдениет және өнер білім беру ұйымдары үшін, оның ішінде Қазақстан Республикасының құрметті атағы бар және оларға теңестірілген оқытушылар үлесінің 60 %-дан кем болмауы;
      Қорғаныс, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар министрліктеріне және Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне (қаржы полициясы) ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары үшін әскери (арнайы) атағы полковниктен төмен емес ғылыми дәрежелері және атақтары бар оқытушылар үлесінің 60 %-дан кем болмауы;
      7) тиісті бейіндегі ғылыми дәрежесі, кемінде үш жыл ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі, отандық және шетелдік басылымдарда ғылыми жарияланымдары, магистрлік даярлық мамандығы бойынша оқу құралдары бар жетекші мамандардың, штаттағы оқытушылардың магистранттарға ғылыми жетекшілікті жүзеге асыруы;
      8) әскери мамандықтардан басқа, ұйымдармен және кәсіпорындармен ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуге шарттардың болуы;
      9) тиісті ғылыми даярлық мамандықтары бойынша мамандандырылған ғылыми-техникалық, ғылыми-әдістемелік, клиникалық, эксперименттік базаның болуы;
      10) меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін материалдық және материалдық емес активтердің болуы;
      11) магистранттың бір жылғы оқуына арналған ең төменгі шығыстардың Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті оқу жылына арналған жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты бекіту жөніндегі қаулысында көзделген шығыстар деңгейіне сәйкестігі;
      12) білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін қажетті және қазіргі заманғы талаптарға сай келетін оқу-зертхана жабдықтарымен жарақтандырылуы;
      13) практикадан өткізу базалары ретінде белгіленген ұйымдармен, оның ішінде шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтуге жасалған шарттардың болуы;
      14) білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы;
      15) білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.06.11 N 778 (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      9. Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім берудің (резидентура) кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының және ғылыми ұйымдардың қызметіне қойылатын біліктілік талаптары:
      1) кемінде үш жыл ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі, даярлық бейіні бойынша отандық және шетелдік басылымдарда, халықаралық конференциялардағы еңбектерінде ғылыми жарияланымдары, оқу құралдары бар кемінде екі даярлық бейіні бойынша ғылыми дәрежелі штаттық маманның болуы;
      2) тиісті ғылыми даярлық мамандықтары бойынша мамандандырылған ғылыми-әдістемелік, клиникалық, материалдық-техникалық базаның болуы;
      3) қажетті жабдықпен, зертханалармен, кітапханамен қамтамасыз етілуі;
      4) жұмыс оқу жоспарларының үлгілік оқу жоспарларына сәйкестігі;
      5) тыңдаушының бір жылғы оқуына жұмсалатын ең төменгі шығыстардың Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті оқу жылына арналған жоғары оқу орнынан кейінгі білімді мамандар даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты бекіту жөніндегі қаулысында көзделген шығыстар деңгейіне сәйкестігі;
      6) практикадан өткізу базалары ретінде белгіленген ұйымдармен (ғылыми ұйымдарды қоспағанда) жасалған шарттардың болуы;
      7) білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы;
      8) білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы;
      9) меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында тиесілі білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін материалдық және материалдық емес активтердің болуы.
      10. Философия (PhD) докторы және бейіні бойынша доктор (адъюнктура) ғылыми дәрежесін бере отырып, Қорғаныс, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар министрліктеріне және Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне (қаржы полициясы) ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарының, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі әскери білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметіне қойылатын біліктілік талаптары:
      1) кемінде үш жыл ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі, даярлық бейіні бойынша отандық және шетелдік басылымдарда, халықаралық конференциялардың еңбектерінде ғылыми жарияланымдары, оқу құралдары бар әрбір ғылыми даярлау мамандығы бойынша кемінде бір штаттық ғылым докторының болуы;
      2) ғылыми дәрежелері мен атақтары бар, оқытушылар үлесінің әскери (арнайы) атағы полковниктен төмен емес штаттағы оқытушылар санының 100 %-нан кем болмауы;
      3) тиісті мамандық бойынша ғылыми алмасу мәселелерін регламенттейтін ведомствоаралық шарттардың болуы;
      4) тиісті ғылыми даярлық мамандықтары бойынша мамандандырылған ғылыми-техникалық, ғылыми-әдістемелік, тәжірибелік және материалдық-техникалық базаның болуы;
      5) қажетті жабдықпен, зертханалармен, кітапханамен қамтамасыз етілуі;
      6) жұмыс оқу жоспарларының үлгілік оқу жоспарларына сәйкестігі;
      7) тыңдаушының бір жылғы оқуына жұмсалатын ең төменгі шығыстардың тиісті оқу жылына жоғары оқу орнынан кейінгі білімді мамандар даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты бекіту жөніндегі тиісті нормативтік актілерде көзделген шығыстар деңгейіне сәйкестігі;
      8) практикадан өткізу базалары ретінде белгіленген ұйымдармен жасалған шарттардың болуы;
      9) білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы;
      10) білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы;
      11) меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында тиесілі білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін материалдық және материалдық емес активтердің болуы.
      11. Философия докторы (PhD) және бейіні бойынша доктор дәрежесін бере отырып, докторантура бағдарламалары бойынша біліктілігі жоғары ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау жөніндегі білім беру ұйымдарының және ғылыми ұйымдардың қызметіне қойылатын біліктілік талаптары:
      1) бакалавриаттың және магистратураның кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыру;
      2) ғылыми дәрежелері мен атақтары бар оқытушылар үлесінің штаттағы оқытушылар санының 100 %-нан кем болмауы;
      3) даярлаудың тиісті мамандығы бойынша философия докторы (PhD) және бейіні бойынша доктор дәрежелері бар шетелдік ғалымдардың болуы;
      4) даярлаудың тиісті мамандығы бойынша шетелдік ғалымдармен келісімдердің болуы;
      5) ұйымдармен және кәсіпорындармен ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуге шарттардың болуы;
      6) жұмыс оқу жоспарларының үлгілік оқу жоспарларына сәйкестігі;
      7) докторантура бағдарламаларын іске асыратын аккредиттелген шетелдік жоғары оқу орындарымен және (немесе) ғылыми ұйымдармен ғылыми алмасу туралы шарттардың болуы;
      8) тиісті ғылыми даярлық мамандықтары бойынша мамандандырылған ғылыми-техникалық, ғылыми-әдістемелік, клиникалық, эксперименттік және материалдық-техникалық базаның болуы;
      9) докторантура мамандығы бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін қажетті ақпараттық желіге кіре алатын компьютерлік сыныптармен, тиісті мамандық бойынша электрондық дерекқоры бар кітапханалық қормен жарақтандырылуы, ғылыми зертханалардың және мультимедиялық оқу материалдардың болуы;
      10) практикадан өткізу базалары ретінде белгіленген ұйымдармен, оның ішінде шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтуге жасалған шарттардың болуы;
      11) білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы;
      12) білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы;
      13) меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында тиесілі білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін материалдық және материалдық емес активтердің болуы.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2007 жылғы 2 маусымдағы
N 452 қаулысына  
қосымша  

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Білім беру қызметін лицензиялаудың ережесін бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 18 сәуірдегі N 596  қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 20, 219-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 18 сәуірдегі N 596 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы N 297 қаулысы.

      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 18 сәуірдегі N 596 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 желтоқсандағы N 1747 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 49-50, 587-құжат).

      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 18 сәуірдегі N 596 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 2 тамыздағы N 861 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 26, 276-құжат).

      5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 18 сәуірдегі N 596 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 желтоқсандағы N 1281 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 48, 614-құжат).

      6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 қыркүйектегі N 964 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 36, 500-құжат).

      7. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 18 сәуірдегі N 596 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 желтоқсандағы N 1253 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 48, 621-құжат).

      8. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 18 сәуірдегі N 596 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 сәуірдегі N 250 қаулысы (Қазақстан   Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 12, 115-құжат).

      9.»"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 18 сәуірдегі N 596 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 12 желтоқсандағы N 1195 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 47, 502-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады