Об утверждении Критериев оценки степени риска в области физической культуры и спорта

Совместный приказ Министра туризма и спорта Республики Казахстан от 3 марта 2010 года № 01-01-07/34 и Министра экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан от 10 марта 2010 года № 127. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 2 апреля 2010 года № 6146. Утратил силу совместным приказом Министра туризма и спорта Республики Казахстан от 14 апреля 2011 года № 02-02-18/56 и и.о. Министра экономического развития и торговли Республики Казахстан от 16 мая 2011 года № 134

      Сноска. Утратил силу совместным приказом Министра туризма и спорта РК от 14.04.2011 № 02-02-18/56 и и.о. Министра экономического развития и торговли РК от 16.05.2011 № 134 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      Примечание РЦПИ!
      Порядок введения в действие совместного приказа см. п. 5.

      В соответствии с пунктом 1 статьи 38 Закона Республики Казахстан "О частном предпринимательстве" и подпунктом 27) статьи 23 Закона Республики Казахстан "О физической культуре и спорте" ПРИКАЗЫВАЕМ:
      1. Утвердить прилагаемые Критерии оценки степени риска в области физической культуры и спорта.
      2. Комитету по спорту Министерства туризма и спорта Республики Казахстан (Кульназаров А.К.):
      1) обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) после государственной регистрации настоящего приказа обеспечить его официальное опубликование;
      3) обеспечить размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства туризма и спорта Республики Казахстан.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на Вице-министра туризма и спорта Республики Казахстан Ермегияева Т.А.
      4. Настоящий приказ вступает в силу со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.
      5. Настоящий приказ вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Министр туризма и спорта                Министр экономики и
      Республики Казахстан                    бюджетного планирования
      ___________ Т. Досмухамбетов            Республики Казахстан
                                              ___________ Б. Султанов

Утверждены
совместным приказом
Министра туризма и спорта
Республики Казахстан
от 3 марта 2010 года № 01-01-07/34
и Министра экономики
и бюджетного планирования
Республики Казахстан
от 10 марта 2010 года № 127

Критерии оценки степени риска
в области физической культуры и спорта

      1. Критерии оценки степени риска в области физической культуры и спорта (далее - критерии) разработаны для определения степени риска физических и юридических лиц, оказывающих физкультурно-оздоровительные, спортивные услуги на основании лицензии на данную деятельность, за исключением деятельности в организациях образования (далее - физические и юридические лица) по категориям высокого, среднего и незначительного риска с целью отбора физических и юридических лиц для проведения плановых проверок в разрезе регионов.
      2. В настоящих критериях использовано следующее понятие, риск - вероятность причинения вреда в результате деятельности физических и юридических лиц жизни или здоровью человека, вызванных отсутствием постоянного квалифицированного тренерско-преподавательского состава, постоянного квалифицированного медицинского обслуживания, изношенности спортивного сооружения, оборудования и инвентаря.
      3. В зависимости от степени риска физические и юридические лица относятся к группам высокого, среднего и незначительного риска.
      4. Первично уровень риска определяется в зависимости от категории спортивных сооружений, на которых физические и юридические лица оказывают физкультурно-оздоровительные и спортивные услуги:
      1) к группе высокого риска отнесены физические и юридические лица, оказывающие физкультурно-оздоровительные и спортивные услуги на спортивных сооружениях высшей категории.
      К спортивным сооружениям высшей категории отнесены сооружения, основные параметры которых позволяют проводить международные соревнования (чемпионаты мира, Азии, Европы, этапы кубков мира, международные турниры класса "А" на кубок Президента Республики Казахстан и другие соревнования);
      2) к группе среднего риска отнесены физические и юридические лица, оказывающие физкультурно-оздоровительные и спортивные услуги на спортивных сооружениях первой категории.
      К спортивным сооружениям первой категории относятся сооружения, основные параметры которых позволяют проводить республиканские соревнования (Спартакиады, чемпионаты, первенства, кубки Республики Казахстан, республиканские турниры и другие соревнования);
      3) к группе незначительного риска отнесены физические и юридические лица, оказывающие физкультурно-оздоровительные и спортивные услуги на спортивных сооружениях второй и третей категории, а также федерации по видам спорта, осуществляющие деятельность, направленную на развитие видов спорта, подготовку спортсменов к участию в соревнованиях.
      К спортивным сооружениям второй категории относятся сооружения, основные параметры которых по размерам и оснащению позволяют обеспечивать условия массовых физкультурно-оздоровительных и спортивных занятий или массовых соревнований.
      К спортивным сооружениям третьей категории относятся сооружения, параметры которых позволяют обеспечивать ведение физкультурно-оздоровительной работы.
      5. В дальнейшем, по результатам проведенных проверок в соответствии с суммой набранных баллов, исчисленной на основании критериев оценки степени риска, физические и юридические лица относятся к соответствующим группам риска.
      6. Сумма набранных баллов является основанием для отнесения физических и юридических лиц в соответствующую группу риска:
      физические и юридические лица, набравшие по результатам проверок от 14 баллов и выше, относятся к группе высокого риска;
      физические и юридические лица, набравшие по результатам проверок от 4 до 13 баллов, относятся к группе среднего риска;
      физические и юридические лица, набравшие по результатам проверок до 3 баллов, относятся к группе незначительного риска.
      7. Критерии определения степени риска, согласно которым начисляются соответствующие баллы:
      получение травм и увечий при занятиях физической культурой и спортом - 10 баллов;
      оказание физкультурно-оздоровительных и спортивных услуг в объектах, изношенность которых составляет свыше 30 % - 7 баллов;
      оказание физкультурно-оздоровительных и спортивных услуг в объектах с изношенным спортивным оборудованием - 7 баллов;
      отсутствие постоянного квалифицированного тренерско-преподавательского состава - 7 баллов;
      отсутствие постоянного медицинского обслуживания - 4 балла;
      оказание физкультурно-оздоровительных и спортивных услуг в помещениях с несоответствующими санитарно-гигиеническими и противопожарными нормами - 3 балла.
      8. Основанием для первоочередного отбора на проверку физических и юридических лиц внутри одной группы степени риска является наибольшая сумма набранных баллов.

Дене шынықтыру және спорт саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2010 жылғы 3 наурыздағы № 01-01-07/34 және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 10 наурыздағы № 127 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 2 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6146 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2011 жылғы 14 сәуірдегі № 02-02-18/56 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 2011 жылғы 16 мамырдағы № 134 бірлескен бұйрығымен.

      Күші жойылды - ҚР Туризм және спорт министрінің 2011.04.14 № 02-02-18/56 және ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 2011.05.16 № 134 бірлескен бұйрығымен.

      «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабының 1-тармағына және «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 27) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса беріліп отырған Дене шынықтыру және спорт саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті (А.Қ. Құлназаров):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін, оның ресми түрде жариялануын қамтамасыз етсін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице-министрі Т.А. Ермегияевке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
      5. Осы бұйрық ресми бірінші жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының        Қазақстан Республикасының
      Туризм және спорт министрі       Экономика және бюджеттік
      ________ Т. Досмұхамбетов        жоспарлау министрі
                                       _____________ Б. Сұлтанов

Қазақстан Республикасы      
Туризм және спорт министрінің
2010 жылғы 3 наурыздағы     
№ 01-01-07/34 және          
Қазақстан Республикасы      
Экономика және бюджеттік    
жоспарлау министрінің       
2010 жылғы 10 наурыздағы    
№ 127 бірлескен бұйрығымен  
бекітілген            

Дене шынықтыру және спорт саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

1. Жалпы ережелер

      1. Дене шынықтыру және спорт саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі - критерийлер) білім беру ұйымдарындағы қызметті қоспағанда, осы қызметке арналған лицензияның негізінде дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық қызметтер көрсететін жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі - жеке және заңды тұлғалар) өңірлер бойынша жоспарлы тексерулер өткізу үшін жеке және заңды тұлғаларды іріктеу мақсатында жоғары, орта және болмашы тәуекел санаттары бойынша тәуекел дәрежесін анықтау үшін әзірленді.
      2. Осы критерийде келесі түсінік қолданылған, тәуекел – тұрақты білікті жаттықтырушы-оқытушы құрамы болмауына, тұрақты медициналық қызметті көрсете алмауынан, спорт ғимараттарының жабдықтары мен мүліктерінің тозуынан қызметті жеке және заңды тұлғалардың көрсете алмауы салдарынан адамның өміріне немесе денсаулығына зиян келтіру ықтималдығы.
      3. Тәуекел дәрежесіне қарай жеке және заңды тұлғалар жоғары, орташа немесе болмашы тәуекел топтарына жатқызылады.
      4. Ең алдымен жеке және заңды тұлғалар дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық қызметтерді санаттары бар спорт ғимараттарында көрсетуіне байланысты тәуекел деңгейі айқындалады:
      1) жоғары тәуекел дәрежесі тобына жоғары санатты спорт ғимараттарында дене шынықтыру және спорттық қызметтерді көрсететін заңды тұлғалар жатқызылған.
      Жоғары санаттағы спорт ғимараттарына – негізгі параметрлері халықаралық жарыстарды (әлем, Азия, Еуропа чемпионаттары, әлем кубогінің кезеңдері, Қазақстан Республикасы Президентінің кубогі үшін «А» дәрежелі халықаралық турнирлер және басқа жарыстар) өткізуге мүмкіндік беретін ғимараттар жатады;
      2) орташа тәуекел дәрежелі топқа – бірінші санатты спорт ғимараттарында дене шынықтыру және спорт қызметтерін көрсететін заңды тұлғалар жатады.
      Бірінші санаттағы спорт ғимараттарына негізгі параметрлері республикалық жарыстарды (Қазақстан Республикасының Спартакиадасы, чемпионаттар, біріншіліктер, кубоктар, республикалық турнирлер және басқа жарыстар) өткізуге мүмкіндік беретін ғимараттар жатады.
      3) болмашы тәуекел дәрежелі топқа – екінші және үшінші санатты спорт ғимараттарында дене шынықтыру және спорттық қызметтерді көрсететін заңды тұлғалар, сонымен қатар спорт түрлерін дамытуға, спортшыларды жарыстарға қатысуға дайындауға бағытталған қызметті жүзеге асыратын спорт түрлері бойынша федерациялар жатады.
      Екінші санатқа өзінің көлемі мен жарақтандырылуы бойынша негізгі параметрлері бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық жаттығуларға немесе жаппай жарыстар өткізуге мүмкіндік беретін ғимараттар жатады.
      Үшінші санатқа ғимараттық параметрлері дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беретін ғимараттар жатады.
      5. Бұдан әрі, өткізілген тексерістер нәтижесіндегі алған баллдар сомасына сәйкес тәуекел дәрежесінің критерийлері негізінде жеке және заңды тұлғалар тиісті тәуекел топтарына жатады.
      6. Алған баллдар сомасы жеке және заңды тұлғалардың тиісті тәуекел тобына өтуіне негіздеме болып табылады:
      жоспарланған тексерістер нәтижелері бойынша 14 баллдан жоғары алған жеке және заңды тұлғалар жоғары тәуекел тобына жатады;
      жоспарланған тексерістер нәтижелері бойынша 4-тен 13 балл алған жеке және заңды тұлғалар орта тәуекел тобына жатады;
      жоспарланған тексерістер нәтижелері бойынша 0-ден 3 балл алған жеке және заңды тұлғалар болмашы тәуекел тобына жатады.
      7. Мынадай есептелген баллдарға сәйкес тәуекел дәрежелерін айқындайтын критерийлер:
      дене шынықтырумен және спортпен жаттығу кезінде жарақат алғаны және зақымданғаны үшін – 10 балл;
      30 %-дан жоғары тозығы жеткен дене шынықтыру және спорттық объектілерде қызмет көрсеткені үшін – 7 балл;
      спорттық жабдықтары тозған дене шынықтыру және спорт объектілерінде қызмет көрсеткені үшін – 7 балл;
      тұрақты білікті жаттықтырушы-оқытушы құрамы болмағаны үшін – 7 балл;
      тұрақты медициналық қызмет көрсете алмағаны үшін – 4 балл;
      санитарлық-гигиеналық және өрт қауіпсіздігі нормаларына сәйкес келмейтін үй-жайларда дене шынықтыру және спорт қызметтерін көрсеткені үшін – 3 балл.
      8. Бір тәуекел дәрежесіндегі топтың ішінде жеке және заңды тұлғаларды тексеру үшін алған баллдарының ең үлкен сомасы бірінші кезекте іріктеуге негіз болып табылады.