Об утверждении Правил выплаты доплат за условия труда гражданским служащим физической культуры и спорта

Приказ И.о. Министра туризма и спорта Республики Казахстан от 21 апреля 2010 года № 01-01-07/66. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 25 мая 2010 года № 6245. Утратил силу приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам спорта и физической культуры от 20 декабря 2012 года № 438

      Сноска. Утратил силу приказом Председателя Агентства РК по делам спорта и физической культуры от 20.12.2012 № 438 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Примечание РЦПИ!
      Порядок введения в действие приказа см. п. 5.

      В соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2007 года № 1400 "О системе оплаты труда гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий" ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила выплаты доплат за условия труда гражданским служащим физической культуры и спорта.
      2. Департаменту развития туризма, спорта и международного сотрудничества (Камзебаева Д.У.) в установленном законодательством порядке представить настоящий приказ на государственную регистрацию в Министерство юстиции Республики Казахстан.
      3. Департаменту административной работы (Пирметову А.Х.) обеспечить официальное опубликование настоящего приказа в средствах массовой информации после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.
      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра туризма и спорта Республики Казахстан Ермегияева Т.А.
      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      И.о. Министра                              Т. Ермегияев

Утверждены            
приказом И.о. Министра туризма  
и спорта Республики Казахстан   
от 21 апреля 2010 года № 01-01-07/66

Правила
выплаты доплат за условия труда гражданским служащим
физической культуры и спорта

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила разработаны в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2007 года № 1400 "О системе оплаты труда гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет государственного бюджета, работников казенных предприятий".
      2. Для начисления заработной платы установлены следующие доплаты:
      1) доплата за непосредственное обеспечение высококачественного учебно-тренировочного процесса;
      2) доплата за подготовку чемпионов и призеров спортивных соревнований;
      3) доплата за профессиональное (педагогическое) мастерство.
      3. Доплата за непосредственное обеспечение высококачественного учебно-тренировочного процесса и за подготовку чемпионов и призеров спортивных соревнований суммируется по итогам выступлений спортсменов зачисленных в контингент организаций на основании протоколов соревнований.
      В случае, если спортсмен на соревнованиях в течение года показал несколько высоких спортивных результатов доплата производится по одному наивысшему показателю размера доплаты в процентах.
      4. Доплата за непосредственное обеспечение высококачественного учебно-тренировочного процесса и за подготовку чемпионов и призеров спортивных соревнований устанавливается по итогам года в соответствии с показателем процентов, утвержденным администратором бюджетных программ, в зависимости от объема нагрузки каждого работника и фонда заработной платы на соответствующий год.
      6. Доплата за профессиональное (педагогическое) мастерство утверждается:
      руководителям и заместителям спортивных организаций республиканского значения - уполномоченным органом по физической культуре и спорту;
      государственным тренерам, главным тренерам, старшим тренерам и тренерам по видам спорта - приказом руководителя организации.

2. Выплата доплат
за непосредственное обеспечение высококачественного
учебно-тренировочного процесса

      6. Общий размер полученного результата в процентах утверждается уполномоченным органом по физической культуре и спорту на основании представленных протоколов соревнований и действует со дня достижения спортсменом показателя на протяжении периода до проведения аналогичных соревнований (1, 2 или 4 года).
      7. Выплата доплаты производится в следующем порядке:
      руководителю - до 100 % от суммы доплаты;
      заместителю руководителя - до 90 % от суммы доплаты;
      руководителю (подразделения, отдела, менеджеру команды, старшему тренеру, старшему методисту, методисту, инструктору) - до 80 % от суммы доплаты;
      психологу, воспитателю - до 80 % от суммы доплаты;
      хореографу, аккомпаниатору - до 80 % от суммы доплаты;
      бухгалтеру - до 80 % от суммы доплаты;
      врачу, медсестре, массажисту, лаборанту, научному сотруднику - до 70 % от суммы доплаты;
      заведующему спортивным сооружением - до 70 % от суммы доплаты;
      зоотехнику, ветеринарному врачу, лаборанту, конюху, шорнику, коноводу - до 50 % от суммы доплаты;
      инженеру, оператору, технику, механику, оружейнику - до 50 % от суммы доплаты;
      заведующему столовой, повару, кухонному рабочему, диетсестре - до 50 % от суммы доплаты;
      уборщице спортивных сооружений, водителю автобуса, микроавтобуса, сопровождающего спортивную команду - до 50 % от суммы доплаты.

3. Выплата доплат
за подготовку чемпионов и призеров спортивных соревнований

      8. Общий размер полученного результата в процентах утверждается по итогам года приказом руководителя спортивной организации, в зависимости от объема нагрузки каждого тренера и фонда заработной платы на соответствующий год.
      Выплата доплаты за спортсмена, зачисленного на отделение по определенному виду спорта и принимающего участие в другом виде спорта не допускается.
      9. Тренерам, подготовившим спортсменов и передавших из детско-юношеских спортивных школ, специализированных детско-юношеских спортивных школ олимпийского резерва для повышения спортивного мастерства в школы-интернаты для одаренных в спорте детей, школы высшего спортивного мастерства и республиканский колледж спорта выплата доплаты производится в течении одного календарного года.
      10. Тренерам, получившим спортсменов из детско-юношеских спортивных школ и специализированных детско-юношеских спортивных школ олимпийского резерва выплата доплаты производится по истечении одного календарного года с даты зачисления в контингент школы-интерната для одаренных в спорте детей, школы высшего спортивного мастерства и республиканский колледж спорта.

4. Выплата доплат
за профессиональное (педагогическое) мастерство

      11. Выплата доплаты производится в следующих размерах:
      руководителю и заместителю дирекции штатных национальных команд и спортивного резерва - до 115 % от должностного оклада;
      руководителю и заместителю школы высшего спортивного мастерства - до 110 % от должностного оклада;
      руководителю и заместителю центра олимпийской подготовки - до 100 % от должностного оклада;
      руководителю и заместителю школы-интерната для одаренных в спорте детей - до 95 % от должностного оклада;
      руководителю и заместителю Республиканского колледжа спорта - до 90 % от должностного оклада;
      государственному тренеру по олимпийским видам спорта - до 105 % от должностного оклада;
      государственному тренеру по не олимпийским видам спорта - до 80 % от должностного оклада;
      главному тренеру по олимпийским видам спорта - до 105 % от должностного оклада;
      главному тренеру по не олимпийским видам спорта - до 70 % от должностного оклада;
      старшему тренеру по олимпийским видам спорта - до 95 % от должностного оклада;
      старшему тренеру по не олимпийским видам спорта - до 60 % от должностного оклада;
      тренеру по олимпийским видам спорта - до 90 % от должностного оклада;
      тренеру по не олимпийским видам спорта (кроме технических видов спорта) - до 70 % от должностного оклада;
      тренеру по техническим видам спорта - до 55 % от должностного оклада.

Дене шынықтыру және спорт азаматтық қызметшілеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша ақыларды төлеу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрiнiң м.а. 2010 жылғы 21 сәуірдегі N 01-01-07/66 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 25 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6245 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 438 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 20.12.2012 № 438 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Дене шынықтыру және спорт азаматтық қызметшілеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша ақыларды төлеу ережесі бекітілсін.
      2. Туризмді, спортты дамыту және халықаралық ынтымақтастық департаменті (Д.Ү. Қамзебаева) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуге Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынсын.
      3. Әкімшілік жұмыс департаменті (Ә.Х. Пірметов) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице-министрі Т.А. Ермегияевке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы                           Т. Ермегияев

Қазақстан Республикасының 
Туризм және спорт министрінің
міндетін атқарушының    
2010 жылғы 21 сәуірдегі  
№ 01-01-07/66 бұйрығымен 
бекітілді          

Дене шынықтыру және спорт азаматтық қызметшілеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша ақыларды төлеу
ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына сәйкес әзірленді.
      2. Еңбекақысын есептеу үшін қосымша ақылардың мынадай түрлері белгіленген:
      1) жоғары сапалы оқу-жаттығу процесін тікелей қамтамасыз еткені үшін қосымша ақы;
      2) спорттық жарыстардың чемпиондарын және жүлдегерлерін дайындағаны үшін қосымша ақы;
      3) кәсіби (педагогикалық) шеберлігі үшін қосымша ақы.
      3. Жоғары сапалы оқу-жаттығу процесін тікелей қамтамасыз еткені үшін және спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлерін дайындағаны үшін қосымша ақы ұйымның контингентіне алынған спортшылардың өнер көрсетуі қорытындысы бойынша жарыстар хаттамаларының негізінде жинақталады.
      Егер спортшы бір жылдың ішінде жарыстарда бірнеше жоғары спорттық нәтижелер көрсетсе, қосымша ақы төлеу ең жоғары көрсеткіштің біреуі бойынша пайызбен есептеліп жүргізіледі.
      4. Жоғары сапалы оқу-жаттығу процесін тікелей қамтамасыз еткені үшін және спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлерін дайындағаны үшін қосымша ақы әрбір қызметкердің жүктеме көлеміне және тиісті жылға арналған еңбекақы қорына қарай, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі бекіткен пайыз көрсеткішіне сәйкес жыл қорытындысы бойынша белгіленеді.
      5. Кәсіби (педагогикалық) шеберлігі үшін қосымша ақыны:
      республикалық маңызы бар спорттық ұйымдардың басшыларына және орынбасарларына – дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті орган;
      мемлекеттік жаттықтырушыларға, бас жаттықтырушыларға, аға жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша жаттықтырушыларға – ұйым басшысының бұйрығымен бекітіледі.

2. Жоғары сапалы оқу-жаттығу процесін тікелей қамтамасыз еткені үшін қосымша ақы төлеу

      6. Алынған нәтиженің пайызға шаққандағы жалпы мөлшерін жарыстардың ұсынылған хаттамаларының негізінде дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті орган бекітеді және спортшының көрсеткішке қол жеткізген күнінен бастап дәл сондай жарыс өткізгенге дейінгі кезең ішінде (1,2 немесе 4 жыл) қолданыста болады.
      7. Қосымша ақыны төлеу мынадай тәртіпте жүргізіледі:
      басшыға – қосымша ақы сомасынан 100%-ға дейін;
      басшының орынбасарына – қосымша ақы сомасынан 90%-ға дейін;
      басшыға (бөлімше, бөлім басшысы, команда менеджері, аға жаттықтырушы, аға әдіскер, әдіскер, нұсқаушы) – қосымша ақы сомасынан 80%-ға дейін;
      психологқа, тәрбиешіге – қосымша ақы сомасынан 80%-ға дейін;
      хореографқа, аккомпаниаторға – қосымша ақы сомасынан 80%-ға дейін;
      бухгалтерге – қосымша ақы сомасынан 80%-ға дейін;
      дәрігерге, медбикеге, массаж жасаушыға, лаборантқа, ғылыми қызметкерге – қосымша ақы сомасынан 70%-ға дейін;
      спорт ғимаратының меңгерушісіне – қосымша ақы сомасынан 70%-ға дейін;
      зоотехникке, мал дәрігеріне, лаборантқа, ат бағушыға, сайманшыға, атшыға – қосымша ақы сомасынан 50%-ға дейін;
      инженерге, операторға, техникке, механикке, мылтықшыға – қосымша ақы сомасынан 50%-ға дейін;
      асхана меңгерушісіне, аспазға, асхана жұмысшысына, диета бикешіне – қосымша ақы сомасынан 50%-ға дейін;
      спорт ғимараттарын сыпырушыға, спорттық команданы тасымалдаушы автобус, микроавтобус жүргізушісіне – қосымша ақы сомасынан 50%-ға дейін.

3. Спорттық жарыстардың чемпиондарын және жүлдегерлерін дайындағаны үшін қосымша ақы төлеу

      8. Алынған нәтиженің пайызға шаққандағы жалпы мөлшері әрбір жаттықтырушының жүктеме көлеміне және тиісті жылға арналған еңбек ақы қорына қарай, жыл қорытындысы бойынша спорт ұйымының басшысының бұйрығымен бекітіледі.
      Қосымша ақы белгілі бір спорт түрінен бөлімшеге алынған және спорттың басқа түрінен қатысқан спортшы үшін төленбейді.
      9. Қосымша ақы балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептерінен және балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв мектептерінен спорттық шеберлігін жоғарылату үшін спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттарға, жоғары спорт шеберлігі мектептеріне және республикалық спорт колледжіне берілген спортшыларды даярлаған жаттықтырушыларға бір күнтізбелік жыл бойында беріледі.
      10. Қосымша ақы жаттықтырушыларға балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептерінен және балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв мектептерінен берілген спортшылар үшін спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың, жоғары спорт шеберлігі мектебінің және республикалық спорт колледжінің контингентіне алынған күннен бастап бір жыл аяқталған соң жүргізіледі.

4. Кәсіби (педагогикалық) шеберлігі үшін
қосымша ақы төлеу

      11. Қосымша ақыны төлеу мына мөлшерлерде жүргізіледі:
      ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясының басшысына және орынбасарына – лауазымдық жалақыдан 115%-ға дейін;
      жоғары спорт шеберлігі мектебінің басшысына және орынбасарына – лауазымдық жалақыдан 110%-ға дейін;
      олимпиадалық даярлық орталығының басшысына және орынбасарына – лауазымдық жалақыдан 100%-ға дейін;
      спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың басшысына және орынбасарына – лауазымдық жалақыдан 95%-ға дейін;
      Республикалық спорт колледжінің басшысына және орынбасарына – лауазымдық жалақыдан 90%-ға дейін
      олимпиадалық спорт түрлерінен мемлекеттік жаттықтырушыға – лауазымдық жалақыдан 105%-ға дейін;
      олимпиадалық емес спорт түрлерінен мемлекеттік жаттықтырушыға – лауазымды жалақыдан 80%-ға дейін;
      олимпиадалық спорт түрлерінен бас жаттықтырушыға – лауазымдық жалақыдан 105%-ға дейін;
      олимпиадалық емес спорт түрлерінен бас жаттықтырушыға – лауазымдық жалақыдан 70%-ға дейін;
      олимпиадалық спорт түрлерінен аға жаттықтырушыға – лауазымдық жалақыдан 95%-ға дейін;
      олимпиадалық емес спорт түрлерінен аға жаттықтырушыға – лауазымдық жалақыдан 60%-ға дейін;
      олимпиадалық спорт түрлерінен жаттықтырушыға – лауазымдық жалақыдан 90%-ға дейін;
      олимпиадалық емес спорт түрлерінен жаттықтырушыға (техникалық спорт түрлерінен басқа) – лауазымдық жалақыдан 70%-ға дейін;
      техникалық спорт түрлерінен жаттықтырушыға – лауазымдық жалақыдан 55%-ға дейін.