Дене шынықтыру және спорт азаматтық қызметшілеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша ақыларды төлеу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 438 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 17 қаңтарда № 8274 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 190 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.06.2016 № 190 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Дене шынықтыру және спорт азаматтық қызметшілеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша ақыларды төлеу қағидалары бекітілсін.
      2. «Дене шынықтыру және спорт азаматтық қызметшілеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша ақыларды төлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің м.а. 2010 жылғы 21 сәуірдегі № 01-01-07/66 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6245 тіркелді, «Егемен Қазақстан» 2010 жылғы 31 шілдеде № 311-310 (26154) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Стратегиялық даму департаменті (Д. Қамзебаева):
      1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынуды;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін және Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жауапты хатшы Ә.Х. Пірметовке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                     Т. Ермегияев

Қазақстан Республикасы Спорт
және дене шынықтыру істері
агенттігінің Төрағасының 
2012 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 438 бұйрығымен бекітілді

Дене шынықтыру және спорт азаматтық қызметшілеріне еңбек
жағдайлары үшін қосымша ақыларды төлеу
қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы қағидалар «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына (бұдан әрі - қаулы) сәйкес әзірленді және дене шынықтыру және спорт азаматтық қызметшілерінің еңбек жағдайлары үшін қосымша ақыларды төлеу тәртібі мен шарттарын анықтайды (бұдан әрі – Қағида).
      2. Дене шынықтыру және спорт азаматтық қызметшілеріне қосымша ақының жалпы мөлшерін белгілеу азаматтық қызметшілер, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар, дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен және жергілікті атқарушы органмен (бұдан әрі - мемлекеттік басқару органы) қазыналық кәсіпорындар қызметкерлері үшін бекітілген еңбекақы төлеу қорының есебінен және шегінде жүзеге асырылады.

2. Қосымша ақыларды төлеу тәртібі

      3. Еңбекақысын есептеу үшін қосымша ақылардың мынадай түрлері белгіленген:
      1) жоғары сапалы оқу-жаттығу процесін тікелей қамтамасыз еткені үшін қосымша ақы;
      2) спорттық жарыстардың чемпиондарын және жүлдегерлерін дайындағаны үшін қосымша ақы;
      3) кәсіби (педагогикалық) шеберлігі үшін қосымша ақы.
      4. Ұйымдардың қызметкерлеріне қосымша ақының жалпы мөлшерін белгілеуді ұйымның басшысы мемлекеттік органның келісімі бойынша жүзеге асырады.
      Ұйымдардың басшылары мемлекеттік басқару органына жыл сайын, 20 желтоқсаннан кешіктірмей қосымша ақылардың жалпы мөлшерлерін келісуге ұсынады.
      Мемлекеттік басқару органы қосымша ақылардың жалпы мөлшерлерін 5 күндік мерзімде қарайды және келіседі.
      5. Әр ұйымға жоғары сапалы оқу-жаттығу процесін тікелей қамтамасыз еткені үшін және спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлерін дайындағаны үшін қосымша ақының жалпы мөлшері күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша қаулының 9-қосымшасы 4-бағанының 1-тармағының 1)-7) тармақшаларында көрсетілген қосымша ақының әр түрін қосу арқылы жарыстардың хаттамаларымен расталған осы ұйымның контингентіне қабылданған спортшылардың нәтижелері негізінде белгіленеді.
      Егер спортшы бір жылдың ішінде жарыстарда бірнеше жоғары спорттық нәтижелер көрсетсе, соның ішінде әр түрлі спорттық пәндер бойынша, қосымша ақы төлеу ең жоғары көрсеткіштің біреуі бойынша пайызбен есептеліп жүргізіледі.

3. Жоғары сапалы оқу-жаттығу процесін тікелей қамтамасыз еткені
үшін қосымша ақы төлеу

      6. Алынған нәтиженің пайызға шаққандағы жалпы бір күнтізбелік жыл ішінде қолданылады, бұл ретте жарыстардың нәтижелері осы деңгейдегі келесі жарыстар өткізілгенге дейін қолданыста болады. Егер ағымдағы қаржы жылы ішінде спортшы өзінің спорттық нәтижесін жақсартса, онда осы нәтиже келесі (жоспарлы) қаржы жылында есепке алынады.
      7. Егер спортшы ұйымның контингентінде кемінде 6 ай болса және қаржы жылы ішінде басқа ұйымға көшкен жағдайда, қосымша ақы спортшысы нәтижелер көрсеткен ұйымның қызметкерлері үшін осы деңгейдегі келесі жарыстар өткізілгенге дейін қолданыста болады.
      8. Қосымша ақыны төлеу алынған нәтижелердің пайызға шаққандағы жалпы мөлшерінің мынадай пайызында жүргізіледі:
      «басшыға – 80% бастап 100%-ға дейін;
      басшының орынбасарына – 70% бастап 90%-ға дейін;
      команда менеджері, аға жаттықтырушы, аға әдіскер, әдіскер, нұсқаушыға – 80% бастап 100%-ға дейін;
      басшы (бөлімше, бөлім басшысы), психолог, тәрбиеші, хореограф, аккомпаниатор, дәрігер, массаж жасаушы, лаборант, ғылыми қызметкер, бухгалтерге – 50% бастап 80%-ға дейін;
      зоотехник, мал дәрігері, ат бағушы, әбзелші, атшы, инженер, техник, механик, мылтықшы, қайраушы, майлаушы, спорттық команданы тасымалдаушы автобус, микроавтобус жүргізушісіне – 50% бастап 70%-ға дейін;
      спорт ғимаратының меңгерушісі, лаборант, медбике, операторға – 30% бастап 50%-ға дейін.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 20.12.2013 № 476 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

4. Спорттық жарыстардың чемпиондарын және жүлдегерлерін
дайындағаны үшін қосымша ақы төлеу

      9. Қосымша ақы белгілі бір спорт түрінен бөлімшеге алынған спортшылардан, спорттық жарыстардың чемпиондары және жүлдегерлерін дайындағаны үшін төленеді. Олардың спорттың басқа спорт түріне қатысуы кезінде төлемдер төленбейді.
      10. Алынған нәтиженің пайызға шаққандағы жалпы мөлшері бір күнтізбелік жыл ішінде қолданылады, бұл ретте жарыстардың нәтижелері осы деңгейдегі келесі жарысты өткізгенге дейін қолданылады. Егер ағымдағы қаржы жылының ішінде спортшы өзінің спорттық нәтижесін жақсартса, онда бұл нәтиже келесі (жоспарлы) қаржы жылы есепке алынады.
      11. Қосымша ақы:
      1) қаулының 9-қосымшасының 2-тармағының 1-7)-тармақшаларына сәйкес спорттық жарыстардың чемпион спортшылары мен жүлдегерлерін дайындаған;
      2) спортшыларды дайындаған және бір спорттық ұйымнан екінші спорттық ұйымға берген, дайындалған спортшымен бір спорттық ұйымнан екінші спорттық ұйымға өткен жаттықтырушылар үшін осы деңгейдегі келесі жарыстарды өткізгенге дейін қолданылады.
      12. Тиісті нәтижелерге сол ұйымға түскенге дейін қол жеткізген спортшыларды алған спорттық ұйымдардың жаттықтырушылары үшін қосымша ақы қолданылмайды.
      13. Егер спортшымен екі немесе одан көп жаттықтырушы жұмыс істейтін жағдайда, тиісті спорт түрі бойынша қосымша ақының жыл қорытындысы бойынша жалпы пайыздық мөлшері жаттықтырушылардың санына бөлінеді.
      14. Спорттың командалық ойын түрлері бойынша үстемақы коэффициентті командадағы спортшылардың санына көбейту арқылы анықталады. Бұл ретте коэффициент 3-ке тең.
      Егер спорттың командалық ойын түрлерінен жаттықтырушы бір немесе одан көп спортшы дайындаса, оған мынадай мөлшерде қосымша ақы төленеді:
      бір спортшы үшін – қаулының 4-бағанында белгіленген мөлшердің 100%-ы;
      әрбір кейінгі спортшы үшін – қаулының 4-бағанында белгіленген мөлшердің 20%-ы.

5. Кәсіптік (педагогикалық) шеберлігі үшін қосымша ақы төлеу

      15. Кәсіптік (педагогикалық) шеберлігі үшін басшыларға және олардың орынбасарларына қосымша ақы бір жылғы жұмыс қорытындылары бойынша ведомстволық бағыныстағы ұйымдар қызметінің қорытындылары бойынша «тиімділік сараптамасы» рейтинг негізінде белгіленеді.
      Кәсіптік (педагогикалық) шеберлігі үшін мемлекеттік жаттықтырушыларға қосымша ақы мына өлшемдер бойынша және бір жылғы жұмыс қорытындылары бойынша белгіленеді:
      республикада тиісті спорт түрімен айналысатындардың санын ұлғайту;
      республикада спорт түрін дамытудың инновациялық нысандары мен әдістемелерін әзірлеу.
      Кәсіптік (педагогикалық) шеберлігі үшін жаттықтырушыларға, аға жаттықтырушыларға, жаттықтырушыларға қосымша ақы мына өлшемдер бойынша және бір жылғы жұмыс қорытындылары бойынша белгіленеді:
      Шұғылданушылар құрамының тұрақтылығын сақтау, олардың жаттығу сабақтарына қатысуы;
      спортшылардың жеке дайындық жоспарында көзделген жаттығу және жарыс жүктемелерінің көлемін орындауы;
      спортшылар жасаған теріс қылықтар мен бұзушылықтардың болмауы;
      спортшылардың дене тәрбиесінің инновациялық нысандары мен әдістемелерін әзірлеу (жазбаша түрде).
      16. Осы қосымша ақыны бекіту үшін ұйымның басшысы жоғарыда белгіленген өлшемдерді есепке ала отырып, әрбір қызметкерге тиісті ұсыным даярлайды және мемлекеттік басқару органына осы Қағиданың 4-тармағында көрсетілген мерзімде келісуге ұсынады.
      Қосымша ақы күнтізбелік жылдық ішінде қолданыста болады және жыл сайын қайта қаралады.
      17. Қосымша ақыны төлеу мына мөлшерлерде жүргізіледі:
      ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясының басшысына және орынбасарына, жоғары спорт шеберлігі мектебінің, олимпиадалық даярлық орталығының, спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың, республикалық спорт колледжінің басшысына және орынбасарларына - лауазымдық жалақыдан 115%-ға дейін;
      олимпиадалық спорт түрлерінен мемлекеттік жаттықтырушыға, бас жаттықтырушыға - лауазымдық жалақыдан 115%-ға дейін;
      олимпиадалық емес спорт түрлерінен мемлекеттік жаттықтырушыға, бас жаттықтырушыға - лауазымдық жалақыдан 115%-ға дейін;
      аға жаттықтырушыға, жаттықтырушыға - лауазымдық жалақыдан 115%-ға дейін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады