О внесении изменений и дополнений в приказ Министра индустрии и торговли Республики Казахстан от 2 сентября 2007 года № 256 "Об утверждении Правил разработки, утверждения, учета, изменения, отмены, регистрации, обозначения, издания стандартов организаций"

Приказ и.о. Министра индустрии и новых технологий Республики Казахстан от 23 апреля 2010 года № 38. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 2 июня 2010 года № 6275. Утратил силу приказом и.о. Министра индустрии и новых технологий Республики Казахстан от 28 декабря 2012 года № 495

      Сноска. Утратил силу приказом и.о. Министра индустрии и новых технологий РК от 28.12.2012 № 495 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан "О техническом регулировании", ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести в приказ Министра индустрии и торговли Республики Казахстан от 2 сентября 2007 года № 256 "Об утверждении Правил разработки, утверждения, учета, изменения, отмены, регистрации, обозначения, издания стандартов организаций" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4949, опубликован в Собрании актов центральных исполнительных и иных государственных органов Республики Казахстан, 2007 года, сентябрь-октябрь), следующие изменения и дополнения:
      в Правилах разработки, утверждения, учета, изменения, отмены, регистрации, обозначения, издания стандартов организаций, утвержденных указанным приказом:
      пункт 2 дополнить словами "и совершенствованию организации и управления производством, внедрению международных, региональных, национальных стандартов и нормативных документов по стандартизации иностранных государств";
      в пункте 3 слова "является объектом авторского права и может распространяться" заменить словом "распространяется";
      дополнить пунктом 7-1 следующего содержания:
      "7-1. В стандартах организаций устанавливаются требования к одному или нескольким конкретным видам продукции, обладающим общими признаками, единством конструкции при различных параметрах и (или) размерах.";
      дополнить пунктами 11-1 и 11-2 следующего содержания:
      "11-1. В целях информирования заинтересованных лиц о разрабатываемом стандарте организация-разработчик, потенциальный держатель его подлинника, размещает информацию о нем на Интернет-ресурсах и в печатных изданиях.
      11-2. Если на момент разработки стандартов организаций в Республике Казахстан отсутствуют технические регламенты, государственные и (или) межгосударственные стандарты, устанавливающие термины и определения, порядок приемки, контроля, транспортирования и хранения, а также требования к классификации продукции, то указанные требования включаются в разрабатываемый стандарт организации.";
      в пункте 14:
      подпункт 3) исключить;
      абзац восьмой исключить;
      абзац девятый изложить в следующей редакции:
      "Допускается для организаций, имеющих устойчивую сокращенную аббревиатуру в обозначении стандарта указывать: устойчивую сокращенную аббревиатуру и условное обозначение вышестоящего министерства (ведомства).";
      дополнить пунктом 14-1 следующего содержания:
      "14-1. Стандарты, содержащие требования к методам контроля (испытаний) и методикам выполнения измерений, не стандартизованным на государственном и межгосударственном уровне, подлежат метрологической экспертизе в порядке, установленном законодательством об обеспечении единства измерений Республики Казахстан.";
      в абзаце первом пункта 16 слова "проводит уполномоченный орган" заменить словами "проводят территориальные подразделения уполномоченного органа";
      в абзаце втором слова "Перед регистрацией стандарт организации подлежит установлению соответствия с законодательством Республики Казахстан" исключить;
      в пункте 17:
      абзац пятый изложить в следующей редакции:
      "Стандарт организации рассматривается в течение 30 календарных дней. В случае положительного решения проводится регистрация в срок не более 3 рабочих дней. При отрицательном решении направляется на доработку.";
      дополнить абзацем шестым следующего содержания:
      "Представляемый стандарт организации пронумеровывается, прошнуровывается и скрепляется печатью.".
      2. Комитету техническому регулирования и метрологии Министерства индустрии и новых технологий Республики Казахстан (Мухамбетову Г.М.) в установленном законодательством порядке обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан и официальное опубликование в средствах массовой информации.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра индустрии и новых технологий Республики Казахстан Камалиева Б.С.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      и.о. Министра                              А. Рау

Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрінің Ұйым стандарттарын әзірлеу, бекіту, есепке алу, өзгерту және күшін жою, тіркеу, белгілеу, басып шығару ережелерін бекіту туралы 2007 жылғы 2 қыркүйектегі № 256 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 38 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 2 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6275 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 495 Бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 28.12.2012 № 495 Бұйрығымен (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Ұйым стандарттарын әзірлеу, бекіту, есепке алу, өзгерту, күшін жою, тіркеу, белгілеу, басып шығару ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2007 жылғы 2 қыркүйектегі № 256 бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4949 енгізілген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында, 2007 жылы қыркүйек-қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      аталған бұйрықпен бекітілген Ұйым стандарттарын әзірлеу, бекіту, есепке алу, өзгерту, күшін жою, тіркеу, белгілеу, басып шығару ережелерінде:
      2-тармақ «және ұйымды жетілдіру және өндірісті басқару, шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі халықаралық, өңірлік, ұлттық стандарттарын және нормативтік құжаттарын енгізуді» деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақ «авторлық құқық объектісі болып табылады және таратыла алады» деген сөздер «таратылады» деген сөзбен ауыстырылсын.
      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
      «7-1. Ұйым стандарттарында әр түрлі параметрлер және (немесе) өлшемдер кезінде жалпы белгіге, бірдей құрастырылымға ие өнімнің бір немесе бірнеше нақты түрлеріне қойылатын талаптар белгіленеді.»;
      мынадай мазмұндағы 11-1 және 11-2-тармақтармен толықтырылсын:
      «11-1. Мүдделі тұлғаларды әзірленетін ұйым стандарты туралы хабарландыру мақсатында әзірлеуші ұйым, оның түпнұсқасын әлеуетті ұстаушы ол туралы ақпарат басылымдарда және Интернет-ресурстарында орналастырады.
      11-2. Егер ұйым стандартын әзірлеу кезінде Қазақстан Республикасында терминдер мен анықтамаларды, қабылдау тәртібін, бақылау, тасымалдау және сақтау, сондай-ақ өнімді жіктеуге қойылатын талаптарды белгілейтін техникалық регламенттер, мемлекеттік және (немесе) мемлекетаралық стандарттар болмаса, онда осы талаптарды әзірленетін ұйым стандартына енгізеді.»;
      14-тармақта:
      3)-тармақша алынып тасталсын;
      сегізінші абзац алынып тасталсын;
      тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тұрақты қысқартылған сөздерді қолданатын ұйымдар үшін стандарт белгілеуінде тұрақты қысқартылған сөздер және жоғары тұрған министрліктің (ведомствоның) шартты белгісі көрсетуге рұқсат етіледі.»;
      мынадай мазмұнда 14-1-тармақпен толықтырылсын:
      «14-1. Мемлекеттік және мемлекетаралық деңгейде стандартталмаған бақылау (сынау) әдістеріне және өлшемдерді орындау әдістемелеріне қойылатын талаптардан тұратын стандарттар Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасында белгіленген тәртіпте метрологиялық сараптауға жатады.»;
      16-тармақтағы бірінші абзацтағы «уәкілетті орган жүргізеді» деген сөздер «уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері жүргізеді.» деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші абзацта «Ұйым стандартын тіркеу алдында Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес белгілеуге жатады» деген сөздер алынып тасталсын.
      17-тармақтағы:
      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ұйым стандарты 30-күнтізбелік күнде қаралады. Оң шешім қабылданғанда 3 жұмыс күннен ұзақ емес күнде тіркеледі. Теріс нәтиже кезінде қайта қарауға жіберіледі.»;
      мынадай мазмұнда алтыншы абзацпен толықтырылсын:
      «Ұсынылатын ұйым стандарты нөмірленеді, тігіледі және мөрмен таңбаланады.».
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Ғ.М. Мұхамбетов) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Б.С. Камалиевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы                                  А. Рау