Ескерту. Күші жойылды - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 28.12.2012 № 495 Бұйрығымен (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қолданушылардың назарына!!!
Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
"Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ұйымдардың стандарттарын әзірлеу, бекіту, есепке алу, өзгерту, күшін жою, тіркеу, белгілеу, басып шығару ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
2. Техникалық реттеу және метрология комитеті мемлекеттік тіркеу үшін Ережені Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр А.Б. Баталовқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми түрде жарияланғаннан он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр
Қазақстан Республикасы
Индустрия және сауда министрінің
2007 жылғы 2 қыркүйектегі N 256
бұйрығымен бекітілді
Ұйым стандартын әзірлеу, бекіту, есепке алу, өзгерту,
күшін жою, тіркеу, белгілеу, басып шығару туралы ереже
Осы Ереже "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 23-бабына сәйкес әзірленді. Осы Ереже талаптары ұйым стандартын әзірлейтін және оны қолданатын мемлекеттік органдарға, меншік нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғаларға таратылады.
1. Жалпы ережелер
1. Ұйым стандарты өнімге, оның құрамдық элементтеріне, процестерге, оның ішінде іргелі немесе қолданбалы зерттеулер мен әзірленімдер нәтижесі болып табылатын көрсетілетін қызметтерге әзірленеді.
2. Ұйым стандарттарын әзірлеу және оны қолдану техникалық регламенттердің талаптарын орындауды қамтамасыз етуі және өнімдер мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, ресурстарды ұтымды пайдалануға ықпал етуге және ұйымды жетілдіру және өндірісті басқару, шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі халықаралық, өңірлік, ұлттық стандарттарын және нормативтік құжаттарын енгізуі тиіс.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2010.04.23 № 38 Бұйрығымен.
3. Ұйым стандарты оның түпнұсқасын ұстаушы-ұйымның рұқсатымен ғана таратылады. Стандарттың түпнұсқасын ұстаушы - оларды бекіткен ұйым немесе олармен келісім жасаған басқа да ұйымдар болып табылады.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2010.04.23 № 38 Бұйрығымен.
4. Ұйым стандартын әзірлеу барысында халықаралық, өңірлік, ұлттық және басқа да шет мемлекеттер мен ұйымдардың стандарттары қолданылады.
5. Әзірленетін ұйым стандартының адамдардың өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға арналған қауіпсіздік көрсеткіші, тұтынушыны алдаудан қорғау және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету нормалары мен талаптары техникалық регламенттерге және олармен үйлестірілген мемлекеттік стандарттардың талаптарына қайшы келмеуі керек.
6. Қазақстан Республикасында қажетті техникалық регламенттер, сәйкестікті растау процедураларын белгілейтін қабылданған ережелер мен стандарттар (мемлекеттік, мемлекетаралық) болмаған жағдайда, сәйкестігі міндетті түрде расталуы тиіс өнімдерге арналған ұйым стандартында сәйкестікті растауды жүзеге асыратын талаптарға, өнімді таңбалау және орау ережелері болуы тиіс.
7. Өнімді жеткізіп беру немесе қызмет көрсету барысында қолданылатын, ұйым стандарты, жасалған келісім-шарттардың талаптары негізінде міндетті түрде қадағалануы керек.
7-1. Ұйым стандарттарында әр түрлі параметрлер және (немесе) өлшемдер кезінде жалпы белгіге, бірдей құрастырылымға ие өнімнің бір немесе бірнеше нақты түрлеріне қойылатын талаптар белгіленеді.
Ескерту. 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2010.04.23 № 38 Бұйрығымен.
2. Ұйым стандарттарын әзірлеу, бекіту және
белгілеу тәртібі
8. Ұйым стандартын Қазақстан Республикасы аумағында кәсіпкерлікпен айналысатын заңды және жеке тұлғалар әзірлей алады.
9. Қауіпсіздік нормаларынан тұратын ұйым стандартының жобасы, стандарттау нысанына қарай әзірлеу барысында мемлекетте сәйкес техникалық регламенттер болмаса, құзіретіне стандарттау нысанының қауіпсіздігін нормалау және қадағалау кіретін мемлекеттік органмен (органдармен) келісуге жатады.
10. Ұйым стандартының жобасы бойынша келісім берген ұйымдардың ескертпелері мен ұсыныстары, нақты және негізге алынған себептері көрсетіліп, жазбаша түрде рәсімделуі тиіс.
11. Қазақстан Республикасы аумағында қолданылатын, қауіпсіздік нормаларын бекітетін техникалық регламенттер мен құжаттарға сілтемелер жасалған ұйым стандарты, оның ішінде тиісті уәкілетті мемлекеттік қадағалау органдарының көрсеткіштеріне енгізілген ұйым стандарттары, олардың қосымша келісімдерін алуға тиісті емес.
11-1. Мүдделі тұлғаларды әзірленетін ұйым стандарты туралы хабарландыру мақсатында әзірлеуші ұйым, оның түпнұсқасын әлеуетті ұстаушы ол туралы ақпарат басылымдарда және Интернет-ресурстарында орналастырады.
Ескерту. 11-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2010.04.23 № 38 Бұйрығымен.
11-2. Егер ұйым стандартын әзірлеу кезінде Қазақстан Республикасында терминдер мен анықтамаларды, қабылдау тәртібін, бақылау, тасымалдау және сақтау, сондай-ақ өнімді жіктеуге қойылатын талаптарды белгілейтін техникалық регламенттер, мемлекеттік және (немесе) мемлекетаралық стандарттар болмаса, онда осы талаптарды әзірленетін ұйым стандартына енгізеді.
Ескерту. 11-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2010.04.23 № 38 Бұйрығымен.
12. Ұйым стандартын стандарттың түпнұсқасын ұстаушы-ұйымның бірінші жетекшісі немесе оның міндетін атқарушы тұлға бекітеді.
13. Ұйым стандартын қолданысқа енгізу күні стандарттың енгізілуін қамтамасыз етуге қажетті іс-шараларды жүзеге асыру уақытын есепке ала отырып, бекітіледі.
14. Ұйым бекіткен әрбір ұйым стандартына мыналардан тұратын белгілер беріледі:
1) "СТ" аббревиатурасы;
2) заңды тұлғаның тіркелу барысында берілген бекітуші ұйымның ұйымдастырушылық-құқықтық нысанының қысқартылған атауы;
3) алынып тасталды
4) егер стандарт республикада қолданыстағы стандарттардың кез келген салааралық жүйесіне қатысты нысандарға арналып әзірленген болса, онда жүйенің (ұйымдастыру-әдістемелік, жалпы техникалық) шартты сандық белгісі;
5) стандарттардың әзірленген және бекітілген санына қарай, екіден бастап алтыға дейінгі сандардан тұратын реттік нөмірі;
6) бекітілген жылы.
Тұрақты қысқартылған сөздерді қолданатын ұйымдар үшін стандарт белгілеуінде тұрақты қысқартылған сөздер және жоғары тұрған министрліктің (ведомствоның) шартты белгісі көрсетуге рұқсат етіледі.
Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2010.04.23 № 38 Бұйрығымен.
14-1. Мемлекеттік және мемлекетаралық деңгейде стандартталмаған бақылау (сынау) әдістеріне және өлшемдерді орындау әдістемелеріне қойылатын талаптардан тұратын стандарттар Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасында белгіленген тәртіпте метрологиялық сараптауға жатады.
Ескерту. 14-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2010.04.23 № 38 Бұйрығымен.
3. Ұйым стандарттарын есепке алу және тіркеу
15. Қауіпсіздік нормалары мен көрсеткіштерінен тұратын ұйым стандарты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізілімінде есепке алынып және тіркелуі тиіс.
Ұйымның ішінде (оның ішінде, өнімнің құрама бөліктеріне, терминологияға, қабылдау және бақылау жүйесіне, технологиялық жабдықтауға, құралдарға сондай-ақ сапа менеджменті аясында ұйымның жұмысын басқаруға, әзірлеу және өндіріске жеткізуге және тағы басқаларға арналған) қолданылатын нысандар үшін (өнімдер, процестер, қызметтер) әзірленген ұйым стандарты есепке алу және тіркеуден өтуге тиісті емес.
16. Ұйым стандартын есепке алу және тіркеуден өткізуді техникалық реттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері жүргізеді.
Ұйым стандартына тіркеу жүргізу үшін өнім туралы негізгі ақпараттар жазылған каталогтық парақ ұсынылады.
Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Индустрия және сауда министрінің 2009.03.24. N 82 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз), 2010.04.23 № 38 Бұйрықтарымен.
17. Есепке алу және тіркеуден өтуге тиісті ұйым стандарты мемлекеттік және орыс тілінде әзірленуі керек.
Тіркелу үшін мыналар берілуі керек:
ұйым стандартының 4 данасы;
каталогтық парақтың 3 данасы.
Ұйым стандарты 30-күнтiзбелiк күнде қаралады. Оң шешiм қабылданғанда 2 жұмыс күннен ұзақ емес күнде тiркеледi. Терiс нәтиже кезiнде қайта қарауға жiберiледi.
Ұсынылатын ұйым стандарты нөмірленеді, тігіледі және мөрмен таңбаланады.
Ұйым стандартын тіркеуден өткізгеннен кейін тіркеу нөмірі беріледі.
Тіркеуден өткеннен кейін стандарттың бір данасы және катологтық парақтың бір данасы, төрелік құжат ретінде, есептік тіркеуден өткізген ұйымда қалады, ал стандарттың екінші данасы және катологтық парақтың екінші данасы электронды және қағаздағы түрінде Қазақстан Республикасының Өнімдері каталогын қалыптастыру үшін техникалық реттеу жөніндегі уәкілетті органның ведомстволық ұйымына беріледі, қалғаны түпнұсқаны ұстаушыға беріледі.
Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Индустрия және сауда министрінің 2010.04.23 № 38, РК Индустрия және жаңа технологиялар министрiнiң 2011.04.29 № 123 (ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрықтарымен.
18. Ұйым стандарты 5 жылдық мерзімге тіркеледі.
Есепке алу және тіркеуден өтпеген қауіпсіздік нормалары мен көрсеткіштері бар ұйым стандартын қолдануға болмайды.
Ұйым стандарты, ұйымның дайындығын ескере отырып, тіркелген күнінен ерте қолданысқа енгізіле алмайды.
4. Ұйым стандарттарын өзгерту, жою және басып шығару
19. Ұйым стандартына өзгерістер енгізу, және жою стандартты тексеру негізінде немесе қызығушылық білдірген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ұсыныстары негізінде жүзеге асырылады.
Ұйым стандартына өзгерістер енгізу шаралары өндірістік технологиялар жаңартылғанда, заңнамалар өзгергенде, техникалық регламенттерде, үйлестірілген стандарттар мен ұйым стандарттарында сілтеме жасалған стандарттардың өзара байланыстағы талаптары өзгергенде немесе біршама жетілдірілген жаңа талаптар енгізілгенде немесе қолданыстағы стандарт бойынша әзірленген өніммен жаңа өнімнің өзара орын алмасуы және бірге қолданылуында бір-біріне қайшы келетін жайттарды анықтаған халықаралық стандарттармен үйлестірілген талаптар пайда болған кезде жүзеге асырылады.
Ұйым стандартына өзгерістер енгізу стандарттың қолданылу мерзімін ұзарту, шектеу немесе шектеулерді алып тастау, сондай-ақ стандартты қайта қалпына келтіру және жою шараларын білдіреді. Стандарттың қолданылу мерзімін қалпына келтіру оның аяқталу мерзімінен кейін жарты жыл ішінде жүзеге асырылады.
20. Енгізілетін өзгерістерді стандартты әзірлеуші емес ұйымдар да бере алады, бірақ ол өзгерістер әзірлеуші ұйыммен келісілуі тиіс.
21. Ұйым стандартына енгізілетін өзгерістер жобасы, егер енгізілетін өзгерістердің стандартқа келісімін берген ұйымдардың құзіретіне қатысы жоқ болса, онда олардың келісімінсіз енгізуге болады.
22. Бекітілген өзгерістер стандарттар үшін бекітілген тәртіп бойынша есепке алу және тіркеуден өтуге тиісті.
Әрбір ұйым стандартының өзгерісін тіркеу барысында стандартқа берілген тіркеу нөмірінің тәртібі бойынша, көлбеу сызық қою арқылы, өзгеріс нөмірі беріледі және есептік тіркеу күнінен бұрын болмайтын, оның қолданысқа енгізілу күні көрсетіледі.
23. Ұйым стандартын жою шаралары осы стандарт бойынша өнімнің шығарылуы, қызметтің көрсетілуі тоқтатылған жағдайда, осы нысанға арналған техникалық регламенттер мен халықаралық стандарттарға өзгерістер енгізілген жағдайда жүзеге асырылады.
24. Есепке алу және тіркеуден өткен ұйым стандарттары туралы ақпараттар Қазақстан Республикасында қолданыстағы нормативтік құжаттардың жылдық және айлық ақпараттық көрсеткіштерінде жарияланып отырады.
25. Стандарттарды басып шығаруды оларды бекіткен ұйым немесе келісім бойынша басқа ұйым жүзеге асырады.