Об утверждении Правил проведения собраний (сходов) местного сообщества и принятия решений

Решение Акмолинского областного маслихата от 12 февраля 2010 года № 4C-20-12. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 25 марта 2010 года № 3351. Утратило силу решением Акмолинского областного маслихата от 28 августа 2013 года № 5С-16-10

      Сноска. Утратило силу решением Акмолинского областного маслихата от 28.08.2013 № 5С-16-10 (вступает в силу со дня подписания).

      В соответствии со статьей 39-3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" от 23 января 2001 года Акмолинский областной маслихат РЕШИЛ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила проведения собраний (сходов) местного сообщества и принятия решений.
      2. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии,
      секретарь Акмолинского
      областного маслихата                       У.Мусабаев

УТВЕРЖДЕНЫ
решением Акмолинского
областного маслихата
№ 4C-20-12 от 12.02.2010 года

Правила
проведения собрания (схода) местного сообщества и принятия решений

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила проведения собрания (схода) местного сообщества и принятия решений (далее - Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан» и определяют порядок проведения местным сообществом собрания (схода) и принятия решений на территории Акмолинской области.
      2. Собрание (сход) местного сообщества (далее – собрание (сход)), является одной из форм прямого волеизъявления населения, проживающего на территории административно-территориальной единицы, и проводится для обсуждения вопросов местного сообщества.

2. Порядок подготовки и проведения Собрания (схода)

      3. Собрание (сход) в своей работе руководствуется Конституцией Республики Казахстан, Законом Республики Казахстан «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республики Казахстан», актами Президента и Правительства Республики Казахстан и иными нормативными правовыми актами, а также настоящими Правилами.
      4. Собрание (сход) проводится по инициативе органов местного самоуправления и (или) не менее 10 процентов жителей соответствующей административно-территориальной единицы, которая определяет состав инициативной группы в количестве не менее 10 человек (далее - инициативная группа).
      5. Организация и проведение собрания (схода) возлагаются на органы местного самоуправления или инициативную группу.
      6. Объявление о проведении собрания (схода) с указанием даты, места проведения, вопросов, выносимых на рассмотрение, сведения об инициативной группе, в срок не позднее пяти календарных дней до проведения собрания публикуются в средствах массовой информации либо доводятся до сведения местного сообщества любым иным доступным способом.
      7. Собрания (сходы) созываются по мере необходимости. Собрания (сходы) считаются правомочными при участии в них не менее половины жителей соответствующей территории.
      8. В случаях затруднения созыва собрания (схода) местного сообщества, могут проводится собрания (сходы) членов местного сообщества составных частей административно-территориальной единицы. В таком случае, определение общих результатов для выявления мнения населения на соответствующей территории осуществляется путем обобщения решений собраний (сходов) членов местного сообщества составных частей административно-территориальной единицы.
      9. Перед открытием собрания (схода) проводится регистрация участников и приглашенных.
      10. Для ведения собрания (схода) открытым голосованием избираются председатель и секретарь. Повестка дня, регламент проведения собрания (схода) утверждаются простым большинством голосов участников собрания (схода).
      11. Секретарь собрания (схода) ведет протокол собрания (схода), содержащий в обязательном порядке следующие сведения: дата и место проведения собрания (схода), адреса домов, жители которых участвуют в собрании (сходе), количество присутствующих на собрании (сходе), сведения о приглашенных и выступивших, содержание выступлений, результаты голосования и принятые решения.
      12. Протокол составляется на государственном и русском языках, подписывается председателем и секретарем собрания (схода) не позднее трех дней со дня его проведения.

3. Решения собрания (схода)

      13. Решение собрания (схода) принимается простым большинством голосов от числа присутствующих на собрании (сходе) членов местного сообщества. В случае равенства голосов решающим считается мнение председателя собрания (схода). Собрание (сход) может принять решение о проведении тайного голосования, по какому - либо вопросу. В этом случае его участники избирают счетную комиссию.
      14. Решения, принятые на собрании (сходе), могут быть направлены в органы местного самоуправления, опубликовываются в средствах массовой информации, либо доводятся до сведения местного сообщества любым иным доступным способом.
      15. Изменения и дополнения в принятое решение собрания (схода) могут вноситься исключительно решением собрания (схода).
      16. В случае несогласия с принятыми решениями они могут быть обжалованы в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.

Жергілікті қауымдастықтың жиналыстарын (жиындарын) өткізудің және шешімдер қабылдаудың Ережелерін бекіту туралы

Ақмола облыстық мәслихатының 2010 жылғы 12 ақпандағы № 4C-20-12 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 25 наурызда № 3351 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 2013 жылғы 29 тамыздағы № 5С-16-10 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 29.08.2013 № 5С-16-10 (қол қойылған күннен бастап күшіне енеді) шешімімен.

      2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3 бабына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ұсынылып отырған жергілікті қауымдастықтың жиналыстарын (жиындарын) өткізудің және шешімдер қабылдаудың Ережелері бекітілсін.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      Ақмола облыстық
      мәслихатының хатшысы                       Ө.Мұсабаев

Ақмола облыстық мәслихатының
12.02.2010 жылғы № 4С-20-12
шешімімен
БЕКІТІЛДІ

Жергілікті қауымдастықтың жиналыстарын (жиындарын) өткізудің және шешімдерді қабылдаудың Ережелері

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жергілікті қауымдастықтың жиналысын (жиынын) өткізу және шешімдерді қабылдаудың ережелері (бұдан әрі – Ережелер) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және жергілікті қауымдастықпен Ақмола облысының аумағында жиналысты (жиынды) өткізу және шешімдерді қабылдау тәртібін белгілейді.
      2. Жергілікті қауымдастықтың жиналысы (жиыны) (бұдан әрі – жиналыс (жиын)) әкімшілік-аумақтық бірліктің аймағында тұратын халықтың еркін тікелей білдіру нысанының бірі болып табылады және жергілікті қауымдастықтың мәселелерін қарастыру үшін өткізіледі.

2. Жиналысты (жиынды) дайындау және өткізудің тәртібі

      3. Жиналыс (жиын) өз жұмысында Қазақстан Республикасы Конституциясын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін және басқа да нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережелерді басшылыққа алады.
      4. Жиналыс (жиын) жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және (немесе) сәйкес әкімшілік-аумақтық бірліктің кем дегенде 10 пайыз тұрғындарының бастамасымен өткізіледі, ол кем дегенде 10 адамнан тұратын бастамашы топтың құрамын (бұдан әрі – бастамашы топ) анықтайды.
      5. Жиналысты (жиынды) ұйымдастыру және өткізу жергілікті өзін-өзі басқару органына немесе бастамашы топқа жүктеледі.
      6. Жиналысты (жиынды) өткізу туралы хабарландыру өткізілетін күні, орны, қарауға енгізілетін мәселелер, бастамашы топ туралы мәліметтер көрсетіліп, жиналыс өткізілгенге дейін бес күнтізбелік күннен кешіктірілмейтін мерзімде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады немесе жергілікті қауымдастықтың назарына мүмкін болатын басқа да қолжетімді тәсілмен жеткізіледі.
      7. Жиналыс (жиын) қажеттілігіне қарай шақырылады. Жиналыс (жиын) сәйкес аумақ тұрғындарының жартысынан кем емес бөлігі қатысқан жағдайда құқылы деп саналады.
      8. Жергілікті қауымдастықтың жиналысын (жиынын) шақыруда қиындықтар туындаған жағдайда, әкімшілік-аумақтық бірліктің құраушы бөліктерінің жергілікті қауымдастық мүшелерінің жиналыстарын (жиындарын) өткізуге болады. Бұл жағдайда сәйкес аумақтағы халықтың пікірін білу үшін, жалпы нәтижелерді анықтау әкімшілік-аумақтық бірліктің құраушы бөліктерінің жергілікті қауымдастық мүшелері жиналыстарының (жиындарының) шешімдерін қорыту арқылы жүзеге асырылады.
      9. Жиналысты (жиынды) ашу алдында қатысушылар мен шақырылғандарды тіркеу жүргізіледі.
      10. Жиналысты (жиынды) жүргізу үшін ашық дауыспен төраға және хатшы сайланады. Жиналысты (жиынды) өткізудің күн тәртібі, регламенті жиналысқа (жиынға) қатысушылардың қарапайым көпшілік дауыс беруімен бекітіледі.
      11. Жиналыстың (жиынның) хатшысы жиналыстың (жиынның) хаттамасын жүргізеді, онда міндетті түрде келесі мәліметтер болуы тиіс: жиналысты (жиынды) өткізудің күні мен орны, жиналысқа (жиынға) қатысушы тұрғындар үйлерінің мекенжайлары, жиналысқа (жиынға) қатысушылардың саны, шақырылғандар мен сөз сөйлеушілер туралы мәліметтер, сөйленген сөздердің мазмұны, дауыс берудің нәтижелері және қабылданған шешімдер.
      12. Хаттама мемлекеттік және орыс тілдерінде құрылады, оны өткізген күннен бастап үш күннен кешіктірмей жиналыстың (жиынның) төрағасы мен хатшысы қолдарын қояды.

3. Жиналыстың (жиынның) шешімдері

      13. Жиналыстың (жиынның) шешімі жергілікті қауымдастық мүшелерінің жиналысқа (жиынға) қатысқандарының қарапайым басым көпшілік дауыс беруімен қабылданады. Дауыстардың тең болуы жағдайында жиналыс (жиын) төрағасының пікірі шешуші деп есептеледі. Жиналыстың (жиынның) белгілі бір мәселе бойынша жасырын дауыс беру туралы шешім қабылдауына болады. Бұл жағдайда оның қатысушылары есеп комиссиясын сайлайды.
      14. Жиналыста (жиында) қабылданған шешімдер жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына жiберiлуi мүмкiн, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады, немесе жергілікті қауымдастықтың назарына басқа қолжетімді тәсілмен жеткізіледі.
      15. Жиналыстың (жиынның) қабылдаған шешіміне өзгерістер мен толықтырулар тек жиналыстың (жиынның) шешімімен ғана енгізіледі.
      16. Қабылданған шешімдермен келіспеген жағдайда олар Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте шағымдануы мүмкін.