О Правилах благоустройства территорий, содержания, защиты зеленых насаждений в населенных пунктах Сарыкольского района

Решение маслихата Сарыкольского района Костанайской области от 16 июля 2010 года № 195. Зарегистрировано Управлением юстиции Сарыкольского района Костанайской области 23 августа 2010 года № 9-17-103. Утратило силу - Решением маслихата Сарыкольского района Костанайской области от 29 июля 2011 года № 270

      Сноска. Утратило силу - Решением маслихата Сарыкольского района Костанайской области от 29.07.2011 № 270.

      В соответствии со статьями 3300 и 387 Кодекса Республики Казахстан от 30 января 2001 года "Об административных правонарушениях", с подпунктом 8) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" Сарыкольский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила благоустройства территорий,содержания,защиты зеленых насаждений в населенных пунктах Сарыкольского района;
      2. Настоящее решение вводится в действие после дня первого официального опубликования.

      Председатель внеочередной
      сессии, секретарь районного
      маслихата                                  В.Айгулаков

      СОГЛАСОВАНО

      Начальник государственного
      учреждения "Отдел внутренних
      дел Сарыкольского района"                  Т.Ж. Киакбаев

      Начальник государственного
      учреждения "Управление
      государственного
      санитарно-эпидемиологического
      надзора по Сарыкольскому району"           В.В. Колодко
 

Утверждены          
решением маслихата     
от 16 июля 2010 года № 195 

Правила благоустройства территорий, содержания
защиты зеленых насаждений в населенных пунктах
Сарыкольского района

1.Общие положения

      1. Настоящие Правила благоустройства территорий, содержания и защиты зеленых насаждений в населенных пунктах района (далее - Правила) регулируют отношения в сфере благоустройства, содержания и защиты зеленых насаждений и распространяются на всех физических и юридических лиц, независимо от форм собственности.
      2. Основные понятия, используемые в настоящих Правилах:
      благоустройство - комплекс работ, обеспечивающих удобную, благоприятную и безопасную среду обитания человека. Данный комплекс работ предусматривает организацию уборки территории, содержание, эксплуатацию, ремонт и охрану объектов и элементов благоустройства;
      зеленые насаждения – деревья, кустарники, цветы, травянистые культуры, расположенные на специально отведенных для них участках и массивах: садах, парках, бульварах, скверах, газонах, цветниках.
      3. В целях благоустройства территорий населенных пунктов Сарыкольского района предприятиям и организациям всех форм собственности, физическим лицам не допускается:
      1) заезд и парковка автомашин на тротуары, пешеходные дорожки, детские площадки и бордюрный камень;
      2) выпас скота и птицы на улицах, скверах, садах, лесопарках, стадионах, пришкольных участках и других общественных местах, вне пастбищ;
      3) выброс отходов в неустановленных местах;
      4) вывоз отходов на непредназначенные для этих целей места, а также их захоронение на землях сельскохозяйственного назначения;
      5) сжигание мусора и отходов естественного происхождения в районах жилой застройки, скверах, парках;
      6) нарушение целостности сооружений в местах общественного пользования (в том числе элементов детских и спортивных площадок).
      4. В общественных местах устанавливаются урны, очистка которых производится по мере их накопления. Содержание урн в чистоте обеспечивают организации, предприятия, учреждения, осуществляющие уборку отведенных им территорий.
      5. В случае загрязнения домашним скотом территории населенного пункта испражнениями владельцу(-ам) животного(-ых) необходимо осуществить их незамедлительную уборку.

2. Содержание инженерных коммуникаций

      6. Хозяйствующим субъектам, в ведении которых находятся инженерные коммуникации, необходимо планировать сроки прокладки подземных коммуникаций и своевременно информировать об этом соответствующие службы, прокладку подземных коммуникаций осуществлять с разрешения уполномоченного органа, регулярно следить за техническим состоянием инженерных сетей и сооружений, которые могут вызвать повреждение объектов благоустройства населенного пункта, а именно:
      1)не допускать затопления территории;
      2) обеспечить исправное состояние и расположение крышек люков, перекрытий колодцев подземных коммуникаций на уровне твердого покрытия;
      3) следить за состоянием твердого либо грунтового покрытия над подземными сетями, которые могут нарушиться вследствие несоблюдения правил монтажа и привести к смещению каких-либо наземных строений и сооружений, обратной засыпки и эксплуатации;
      4) производить по мере необходимости уборку вынутого грунта и остатков строительного мусора, очистку каналов, колодцев, труб и дренажей, предназначенных для отвода поверхностных и грунтовых вод, очистку коллекторов ливневой канализации, дождеприемных колодцев.

3. Сбор, вывоз бытовых отходов

      7. Вывоз бытовых отходов с территории жилых домов и организаций, учреждений, предприятий торговли, общественного питания и сферы бытовых услуг производится юридическими и физическими лицами, являющимися собственниками данных территорий, за счет своих средств.
      8. Предприятия, организации, являющиеся собственниками территорий, на которых находятся мусоросборочные площадки:
      1) подходы и подъездные пути к данным площадкам обустроить;
      2) своевременно заключать договора на вывоз отходов;
      3) не допускать сжигания бытовых отходов в контейнерах.
      9. Вывоз трупов животных, конфискатов боен мясоперерабатывающих предприятий, обезвреживание которых должно производиться на скотомогильниках, на полигоны твердых бытовых отходов не допускается.

4. Порядок содержания и защиты зеленых насаждений

      10. При производстве строительных, ремонтных и других работ хозяйствующим субъектам и физическим лицам следует:
      1) производить снос зеленых насаждений по согласованию с уполномоченными органами;
      2) при мощении и асфальтировании автомобильных дорог, тротуаров, проездов, площадей оставлять приствольную лунку, ограниченную поребриком, размером не менее 1х1 метр, с целью создания оптимального открытого почвенного пространства вокруг зеленых насаждений.
      11. На территориях, занятых зелеными насаждениями, не допускается:
      1) ходить по газонам, ломать или надрезать деревья, кустарники, причинять другие механические повреждения;
      2) применять соль и другие вредные для зеленых насаждений вещества;
      3) срывать цветы, сбивать плоды, добывать грунт, песок;
      4) загрязнять стоками, твердыми бытовыми и промышленными отходами;
      5) портить сооружения и оборудования, служебный инвентарь;
      6) ездить на автомашинах, мотоциклах, велосипедах и других транспортных средствах (за исключением специального транспорта);
      7) устраивать парковки и стоянки транспортных средств на газонах;
      8) разжигать костры, нарушать другие правила противопожарной безопасности;
      9) прикреплять к деревьям провода, качели, веревки, делать надписи;
      10) обрезать кроны деревьев вне установленных агрономических сроков и без соблюдения правил обрезки;
      11) осуществлять самовольную вырубку деревьев и кустарников;
      12) самовольно устраивать изгороди.
      12. Землепользователям следует обеспечить охрану и воспроизводство зеленых насаждений, соблюдать чистоту и поддерживать порядок на отведенной им территории.

Сарыкөл ауданының елді мекендерінің аумақтарын көркейту, жасыл желектерді ұстау, қорғау Ережесі туралы

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 2010 жылғы 16 шілдедегі № 195 шешімі. Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 23 тамызда № 9-17-103 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 2011 жылғы 29 шілдедегі № 270 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 2011.07.29 № 270 шешімімен.

      Қазақстан Республикасы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 3300 және 387 баптарына,Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1-тармағы 8) тармақшасына сәйкес Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қоса ұсынылған Сарыкөл ауданының елді мекендерінің аумақтарын көркейту, жасыл желектерді ұстау,қорғау Ережесі бекітілсін.
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін бастап қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс сессияның
      төрағасы аудандық
      мәслихатының хатшысы                       У. Айғұлақов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Сарыкөл ауданының ішкі
      істер бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Т.Ж. Қиақбаев

      "Сарыкөл ауданы бойынша
      санитарлық-эпидемиологиялық
      қадағалау басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            В.В. Колодко
 

Мәслихаттың       
2010 жылғы 16 шілдедегі  
№ 195 шешімімен бекітілген 

Сарыкөл ауданының елді мекендерінің аумақтарын
көркейту, жасыл желектерді ұстау,қорғау Ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Ауданның елді мекендерінің аумақтарын көркейту, жасыл желектерін ұстау және қорғаудың осы Ережелері (бұдан әрі – Ережелер) көркейту саласындағы қатынастарды, жасыл желектерді ұстау мен қорғауды реттейді және де меншік нысанынан тәуелсіз барлық жеке және заңды тұлғаларға таратылады.
      2. Осы Ережелерде пайдаланылатын негізгі түсініктемелер:
      жасыл желектер – оларға арнайы бөлінген учаскелерде және алаптарда орналасқан: бақтардағы, саябақтардағы, желекжолдардағы, шағынгүлбақтардағы, көгалдардағы, гүлбақтардағы ағаштар, бұтақтар, гүлдер, шөп дақылдары;
      көркейту – адамның тұрған ортасында қолайлықты, жайлылықты және қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жұмыстар кешені. Берілген жұмыстар кешені аумақтарды жинауды ұйымдастыруды, нысаналарды және көркейту элементтерін ұстауды, пайдалануды, жөндеу мен қорғауды ұйымдастыруды қарастырады.
      3. Сарыкөл ауданының елді мекендерінің аумақтарын көркейту мақсатында барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарға, жеке тұлғаларға рұқсат берілмейді:
      1) тротуарларға, жаяу жүретін жолдарға, балалар алаңдарына және жол жиегі тастарына автокөліктердің өтуіне және қоюға;
      2) жайылымдардан тыс көшелерге, шағынгүлбақтарға, бақтарға, орманбақтарға, стадиондарға, мектеп жанындағы учаскелерге және басқа қоғамдық орындарына мал және құстарды жайлауға;
      3) белгіленбеген жерлерде қалдықтарды төгуге;
      4) осы мақсаттар үшін тиісті емес жерлерге қалдықтарды шығаруға, сондай-ақ оларды ауылшаруашылыққа тағайындалған жерлерге көмуге;
      5) тұрғын үй құрылысы аудандарында, шағынгүлбақтарда, саябақтарда табиғи текті қоқыс пен қалдықтарды өртеуге;
      6) қоғамдық пайдалану орындарындағы (соның ішінде балалар және спорттық алаңдар элементтері) имараттардың тұтастығын бұзуға;
      4. Қоғамдық жерлерде, тазартылуы олардың толу шамасы бойынша жүргізілетін, сауыттар орналастырылады.
      Сауыттарды ұстау, оларға бөлінген аумақты жинастыруды жүзеге асыратын ұйымдар, кәсіпорындар, мекемелер қамтамасыз етеді.
      5. Елді мекеннің аумағын нәжіспен үй жануары ластаған жағдайда, жануар (лар) иесі (лері) олардың жедел жинауын жүзеге асыруы қажет.

2. Инженерлік коммуникацияларды ұстау

      6. Инженерлік коммуникацияны жүргізетін шаруашылық субъектілері жер асты коммуникациялары төсемінің мерзімін жоспарлау және бұл туралы тиісті қызметтерді уақтылы ақпараттауы, жер асты коммуникацияларының төсемін уәкілетті органның рұқсатымен жүзеге асыруы, елді мекеннің көркейту объектілерінің зақымдануына мүмкіндік туғызатын инженерлік жүйелердің және имараттардың техникалық жағдайын үнемі қадағалауы қажет, атап айтқанда:
      1) аумақтың су басуын болдырмау;
      2) люктердің қақпақтары, жер асты коммуникация құдықтарының жабыны қатты жабу деңгейінде орналасуын және дұрыс жағдайда ұсталуын қамтамасыз ету;
      3) жинақтау ережелерін сақтамағандықтан бұзылуы мүмкін және қандайда-бір жер асты құрылысының және имараттарының жылжуына әкеліп соғатын жер асты жүйелерінің қатты немесе топырақпен жабынының, қайта көму және пайдалану жағдайын қадағалау;
      4) шығарылған топырақты және құрылыс қоқыстарының қалдықтарын жинау, сыртқы және топырақ суларын жіберуге арналған каналдарды, құдықтарды, құбырларды және дренаждарды тазалау, нөсерлік канализациялардың коллекторларын, жаңбырқабылдағыш құдықтарды тазалау қажеттілік шамасына қарай жүргізіледі.

3. Тұрмыстық қалдықтарды жинау, шығару

      7. Тұрғын үйлер мен ұйымдар, мекемелер, сауда кәсіпорындары, қоғамдық тамақтану орындары және тұрмыстық қызмет саласы аумақтарынан тұрмыстық қалдықтарды шығару, заңды және жеке тұлғалардың, осы аумақтың меншік иелері, өз қаражаттары есебінен жүргізіледі.
      8.Аумақтарында қоқысты жинау алаңдары бар меншік иелері кәсіпорындар, ұйымдар:
      1) берілген алаңдарға кіреберіс және кіріс жолдарын жайластыру;
      2) қалдықтарды шығаруға уақтылы шарттар жасау;
      3) контейнерлерде тұрмыстық қалдықтардың жағуын болдырмау.
      9. Залалсыздандыруы мал қорымында жүргізілуге тиісті малдардың өліктерін, ет өндіру кәсіпорындары қасапханаларының зиянсыздандыруы мал қорымында жүргізілетін қалдықтарын қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарына шығаруға рұқсат етілмейді.

4. Жасыл желектерді ұстау және қорғау тәртібі

      10. Құрылыс, жөндеу және басқа жұмыстарды жүргізгенде шаруашылық субъектілері мен жеке тұлғалар:
      1) өкілетті органдармен келісім бойынша жасыл желектердің көшіруін жасаулары тиіс;
      2) автокөлік жолдарын, тротуарларды, жүру жолдарын, алаңдарды, төсегенде және асфальттағанда, жасыл желектердің айналасында ұтымды ашық құнарлы кеңістікті құру мақсатында көлемі 1х1 метрден кем емес діңгек шұңқырлар қалдыруы тиіс.
      11. Жасыл желектер отырғызылған аумақтарда:
      1) көгалдардың үстімен жүруге, ағаштарды, бұталарды кесу немесе сындыру тағы да басқа механикалық залалдар келтіруге;
      2) жасыл желектер үшін тұз және басқа зиянды заттарды қолдануға;
      3) гүлдерді жұлуға, жемістерді түсіруге, топырақ, құм шығаруға;
      4) науалармен, қатты тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтармен ластауға;
      5) ғимараттар мен жабдықтарды, қызметтік саймандарды бүлдіруге;
      6) автокөліктермен, мотоциклдермен, велосипедтермен және басқа да көлік құралдарымен (арнайы көліктен басқа) жүруге;
      7) көгалдарға көлік құралдарын қою және тұрақ орнатуға;
      8) от жағуға, басқа да өртке қарсы ережелерді бұзуға;
      9) ағаштарға сым, әткеншек, жіптерді байлауға, жазу жазуға;
      10) агрономикалық белгіленген мерзімдерден тыс және кесу ережесін сақтамай ағаштардың ұштарын кесуге;
      11) ағаштар мен бұталарды өз еркімен кесуді жүзеге асыруға;
      12) өз еркімен қоршау жасауға рұқсат етілмейді.
      12. Жер пайдаланушылар, оларға бөлінген аумақтарда жасыл желектерді қорғауды және жаңғыртуды қамтамасыз етуі, тазалық сақтауы және тәртіптік ұстануы қажет.