О внесении дополнений в постановление акимата Железинского района от 1 апреля 2010 года N 103/4 "Об оказании социальных выплат отдельным категориям граждан района"

Постановление акимата Железинского района Павлодарской области от 25 ноября 2010 года N 385/12. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 09 декабря 2010 года N 12-6-101. Утратило силу постановлением акимата Железинского района Павлодарской области от 22 мая 2012 года N 194/5

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Железинского района Павлодарской области от 22.05.2012 N 194/5.

      В соответствии с подпунктом 14) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление акимата Железинского района от 1 апреля 2010 года N 103/4 "Об оказании социальных выплат отдельным категориям граждан района" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 12-6-86, опубликованное в районной газете "Родные просторы" 3 апреля 2010 года  N 14) следующие изменение и дополнения:
      пункт 1 дополнить подпунктом 33) следующего содержания:
      "33) молодые врачи, прибывшие на работу в сельскую местность в текущем году.";
      пункт 2 дополнить подпунктом 33) следующего содержания:
      "33) для категории, указанной в подпункте 33) – единовременная социальная помощь на обустройство в размере 200000 тенге на одного врача.";
      пункт 3 дополнить подпунктом 28) следующего содержания:
      "28) для категории, указанной в подпункте 33) – направление на работу, выдаваемое государственным учреждением "Управление здравоохранения Павлодарской области акимата Павлодарской области", копии приказа о принятии на работу, книги регистрации граждан, социального индивидуального кода, трудового договора, диплома об образовании.".
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      3. Контроль за выполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Каппасова Б.М.

      Аким района                                Ж. Шугаев

Железин ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі "Ауданның жеке санаттағы азаматтарына әлеуметтік төлемдерді көрсету туралы" N 103/4 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 25 қарашадағы N 385/12 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 09 желтоқсанда N 12-6-101 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 22 мамырдағы N 194/5 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2012.05.22 N 194/5 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14)-тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Железин ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі "Ауданның жеке санаттағы азаматтарына әлеуметтік төлемдерді көрсету туралы" (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде N 12-6-86 болып тіркелген, 2010 жылғы 3 сәуірдегі аудандық "Родные просторы" N 14 газетінде жарияланған) N 103/4 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 33) тармақшасымен толықтырылсын:
      "33) ағымдағы жылы ауылдық жерлерге жұмыс істеу ұшін келген жас дәрігерлер.";
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 33) тармақшасымен толықтырылсын:
      "33) 33) тармақшада көрсетілген санаттар үшін – әр дәрігерге 200000 теңгеден орналасу үшін біржолғы әлеуметтік көмек.";
      3-тармақ мынадай мазмұндағы 28) тармақшасымен толықтырылсын:
      "28) 33) тармақшада көрсетілген санаттар үшін – Павлодар облысы әкімдігінің Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесімен берілетін жұмысқа жолдама, жұмысқа қабылдау жөніндегі бұйрықтың, азаматтарды тіркеу кітабының, әлеуметтік жеке кодының, еңбек келісімшарты мен дипломның көшірмелері.".
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.М. Қаппасовқа жүктелсін.

      Аудан әкімі                                Ж. Шугаев