О дополнительных мерах по социальной защите молодежи и безработных из целевых групп

Постановление акимата города Семей Восточно-Казахстанской области от 3 марта 2010 года N 180. Зарегистрировано Управлением юстиции города Семей Департамента юстиции Восточно-Казахстанской области 5 апреля 2010 года за N 5-2-125. Утратило силу постановлением акимата города Семей Восточно-Казахстанской области от 23 января 2012 года N 48

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Семей Восточно-Казахстанской области от 23.01.2012 N 48.
      
      В соответствии с подпунктами 13)14) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», статьями 5718-1, Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О занятости населения», статьями 58 Закона Республики Казахстан от 7 июля 2004 года «О государственной молодежной политике в Республике Казахстан», акимат города ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Принять дополнительные меры социальной защиты по содействию в трудоустройстве безработной молодежи из числа выпускников учебных заведений начального, среднего и высшего, послевузовского образования (далее - Участники) в форме молодежной практики, безработных из целевых групп на организацию социальных рабочих мест.
      2. Осуществлять подбор безработных выпускников учебных заведений по следующим критериям:
      состоят на учете в отделе занятости и социальных программ в качестве безработных;
      отсутствие опыта и стажа работы по специальности;
      возраст до 27 лет;
      срок работы до 6 месяцев.
      3. Социальная защита молодежи организовывается и проводится в организациях, независимо от форм собственности (далее - Работодатель), на основе договора Работодателя с государственным учреждением «Отдел занятости и социальных программ города Семей» (далее - Отдел).
      4. Условия труда определяются трудовым договором, заключенным между Работодателем и Участником, принятым на работу, в соответствии с трудовым законодательством Республики Казахстан.
      5. Финансирование Участников осуществляется за счет средств местного бюджета, предусмотренных на выполнение плана по реализации комплексных мероприятий, направленных на совершенствование системы занятости населения.
      6. Оплата труда Участников производится в размерах:
      1) 1,2 минимальной заработной платы для выпускников учебных заведений начального, среднего профессионального образования за полный месяц;
      2) 1,5 минимальной заработной платы для выпускников высшего и послевузовского образования за полный месяц;
      3) из числа выпускников учебных заведений начального, среднего и высшего, послевузовского образования заработная плата выплачивается за счет средств республиканского бюджета. Размер среднемесячных отчислений на одного выпускника составляет 20000 (двадцать тысяч) тенге.
      Сноска. Пункт 6 дополнен подпунктом 3 в соответствии с постановлением акимата города Семей Восточно-Казахстанской области от 23.04.2010 N 401 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      7. Оплата труда осуществляется путем перечисления средств Отделом на лицевые счета Участников.
      8. Социальные рабочие места создаются Работодателями на договорной основе с Отделом для трудоустройства безработных из целевых групп с частичной компенсацией затрат Работодателя на оплату их труда.
      9. Отбор Работодателей, предлагающих организацию социальных рабочих мест, производится Отделом и осуществляется по следующим критериям:
      1) социальные рабочие места должны быть предназначены специально для безработных из целевых групп;
      2) работа на социальных рабочих местах носит временный характер и для ее организации не могут быть использованы постоянные рабочие места и вакансии.
      10. Прием безработного на социальное рабочее место Работодатель оформляет в соответствии с трудовым законодательством Республики Казахстан.
      11. Оплата труда безработных из целевых групп, принятых на социальные рабочие места, осуществляется ежемесячно из собственных средств Работодателя, в соответствии с условиями трудового договора и зависит от количества, качества и сложности выполняемой работы.
      12. Расходы Работодателей на оплату труда безработных из целевых групп, трудоустроенных на социальные рабочие места, частично возмещаются из средств местного бюджета, предусмотренных на выполнение программы занятости, в размере от 0,5 до 1,0 минимальной заработной платы на срок не более шести месяцев на основании справки и акта выполненных работ, ежемесячно представляемых работодателем Отделу, с указанием количества отработанных дней, вида и объема выполненных работ. Компенсацию по оплате труда безработным перечисляются Отделом на расчетный счет Работодателя;
      12-1. Оплата труда работодателем участникам социальных рабочих мест в рамках Дорожной карты должна быть не ниже суммы, перечисленной из республиканского бюджета. Размер среднемесячных отчислений на одного участника из республиканского бюджета составит 20000 (двадцать тысяч) тенге, которые перечисляются на лицевые счета безработных.
      Сноска. Постановление дополнено пунктом 12-1 в соответствии с постановлением акимата города Семей Восточно-Казахстанской области от 23.04.2010 N 401 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      13. Ответственность за нецелевое использование бюджетных средств, предоставляемые справки выхода на работу и акты выполненных работ несет Работодатель.
      14. Контроль за исполнением постановления возложить на заместителя акима города Мусапирбекова Т. Ж.
      15. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      
      
      Аким города Семей                        М. Айнабеков

Нысаналы топтардағы жастар мен жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қорғаудың қосымша шаралары туралы

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2010 жылғы 3 наурыздағы N 180 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Семей қаласындағы Әділет басқармасында 2010 жылғы 5 сәуірде N 5-2-125 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2012 жылғы 23 қаңтардағы N 48 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2012.01.23 N 48 қаулысымен.
      
      
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 1 тармағы 13)14) тармақшаларына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5718-1 баптарына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі Заңының 58 баптарына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бастауыш, орта және жоғары, жоғары оқу орнын бітіргеннен кейінгі оқу орындарының түлектері санынан жұмыссыз жастардың (бұдан әрі – Қатысушылар) жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу бойынша жастар тәжірибесі түріндегі, нысаналы топтардағы жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жолдауды ұйымдастыру арқылы әлеуметтік қорғаудың қосымша шаралары қабылдансын.
      2. Оқу орындарының жұмыссыз түлектерін іріктеу мынадай:
      жұмыссыз ретінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде есепте тұру;
      мамандығы бойынша тәжірибесі және жұмыс өтілі жоқтығы;
      жасы 27 жасқа дейін болу;
      жұмыс мерзімі 6 айға дейін болу критерийлері бойынша жүргізілсін.
      3. Жастардың әлеуметтік қорғалуы меншік нысанына қарамастан ұйымдарда (бұдан әрі Жұмыс беруші) «Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) және Жұмыс беруші арасындағы келісім-шарт негізінде ұйымдастырылып, жүргізіледі.
      4. Еңбек шарттары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес Жұмыс беруші және жұмысқа қабылданған Қатысушы арасында жасалған еңбек келісім - шартымен белгіленеді.
      5. Қатысушылардың қаржыландырылуы халықты жұмыспен қамту жүйесін жетілдіруге бағытталған кешенді іс-шаралар жоспарының орындалуына қаралған жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
      6. Қатысушылар еңбеқақысы мынадай:
      1) орта кәсіптік білім және бастауыш оқу орындарының түлектеріне толық айға 1,2 ең төмен еңбекақы;
      2) жоғары, жоғары оқу орнын бітіргеннен кейінгі оқу орындарының түлектері үшін толық айға ең төменгі еңбекақының 1,5 мөлшерінде жүргізіледі;
      3) бастауыш, орта және жоғары, жоғарыдан кейінгі оқу орындарының түлектеріне еңбекақы республикалық бюджет қаражаты есебінен төленеді. Бір түлекке орташа айлық аударымдар мөлшері 20000 (жиырма мың) теңгені құрайды.
      Ескерту. 6-тармақ 3-тармақшамен толықтырылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2010.04.23 N 401 қаулысымен (жарияланғанынан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      7. Бөлім Қатысушылардың еңбекақы төлемін жеке шоттарына қаражатты аударуы арқылы жүргізеді.
      8. Жұмыс берушілер Бөліммен арадағы келісім шарт негізінде нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін олардың еңбекақысына кеткен Жұмыс берушілер шығындарының жартылай өтелуімен әлеуметтік жұмыс орындарын құрады.
      9. Бөлім мынадай:
      1) әлеуметтік жұмыс орындары нысаналы топтардағы жұмыссыздар үшін арнайы арналған болу;
      2) әлеуметтік жұмыс орындарындағы жұмыс уақытша сипатта болу және оны ұйымдастыруға тұрақты бос жұмыс орындары пайдаланылмау критерийлері бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын Жұмыс берушілердің іріктеуін жүргізеді.
      10. Жұмыс беруші жұмыссызды әлеуметтік жұмыс орнына қабылдағанда оны Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес рәсімдейді.
      11. Әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған нысаналы топтардағы жұмыссыздар еңбекақысының төлемі жұмыс берушінің өз қаражаты есебінен және атқарылған жұмыстың мөлшеріне, сапасына және күрделілігіне байланысты еңбек келісімінің шарттарына сәйкес ай сайын жүргізіледі.
      12. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған нысаналы топтардағы жұмыссыздар еңбекақысының төлеміне кеткен Жұмыс берушілердің шығындары, Жұмыс беруші Бөлімге жұмыс істеген күндерді, атқарылған жұмыс түрлерін және көлемін көрсете отырып ұсынатын анықтама және атқарылған жұмыстар актісінің негізінде, ең төменгі еңбекақының 0,5–1,0 мөлшерінде алты айдан аспайтын мерзімге, жұмыспен қамту бағдарламасын орындауға қаралған жергілікті бюджет қаражаты есебінен жартылай өтеледі. Бөлім жұмыссыздар еңбекақысының төлемі бойынша өтемақыны Жұмыс берушінің есеп айырысу шотына аударады.
      12-1. Жұмыс берушілер төлейтін Жол картасы шеңберіндегі әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушылардың еңбекақы төлемі республикалық бюджеттен аударылған сомадан төмен болмауы тиіс. Бір қатысушыға республикалық бюджеттен орташа айлық аударымдар мөлшері 20000 (жиырма мың) теңгені құрап, жұмыссыздың жеке шотына аударылады.
      Ескерту. Қаулы 12-1-тармақпен толықтырылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2010.04.23 N 401 қаулысымен (жарияланғанынан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      13. Бюджет қаражатын мақсатсыз пайдаланғаны үшін, ұсынылатын жұмысқа шығу анықтамаларына және атқарылған жұмыстар актілеріне жауапкершілік Жұмыс берушіге жүктеледі.
      14. Қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т. Ж. Мүсәпірбековке жүктелсін.
      15. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғанынан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      
      Семей қаласының әкімі                         М. Айнабеков