Об утверждении критериев оценки степени рисков в сфере частного предпринимательства за охраной и использованием объектов историко-культурного наследия

Совместный приказ Министра культуры Республики Казахстан от 29 марта 2011 года № 51 и Министра экономического развития и торговли Республики Казахстан от 1 апреля 2011 года № 80. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 26 апреля 2011 года № 6915. Утратил силу совместным приказом и.о. Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 25 июня 2015 года № 225 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 7 июля 2015 года № 503

      Сноска. Утратил силу совместным приказом и.о. Министра культуры и спорта РК от 25.06.2015 № 225 и Министра национальной экономики РК от 07.07.2015 № 503 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
 

      Примечание РЦПИ!
      Порядок введения в действие приказа см. п. 4.

      В соответствии с пунктом 3 статьи 13 Закона Республики Казахстан от 6 января 2011 года "О государственном контроле и надзоре в Республике Казахстан" ПРИКАЗЫВАЕМ:
      1. Утвердить прилагаемые критерии оценки степени рисков в сфере частного предпринимательства за охраной и использованием объектов историко-культурного наследия.
      2. Комитету по культуре Министерства культуры Республики Казахстан:
      1) обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) после государственной регистрации настоящего приказа обеспечить его официальное опубликование;
      3) обеспечить опубликование настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства культуры Республики Казахстан.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра культуры Республики Казахстан Бурибаева А.И.
      4. Настоящий приказ вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Министр культуры                    Министр экономического
      Республики Казахстан                развития и торговли
      _____________ М. Кул-Мухаммед       Республики Казахстан
                                          _____________ Ж. Айтжанова

Утверждены             
приказом Министра культуры    
Республики Казахстан      
от 29 марта 2011 года № 51   
и Министра экономического развития
и торговли Республики Казахстан 
от 01 апреля 2011 года № 80   

Критерии
оценки степени рисков в сфере частного предпринимательства
за охраной и использованием объектов
историко-культурного наследия

      1. Критерии оценки степени рисков в сфере частного предпринимательства за охраной и использованием объектов историко-культурного наследия (далее - критерии) разработаны во исполнение статьи 13 Закона Республики Казахстан от 6 января 2011 года "О государственном контроле и надзоре в Республике Казахстан" и Закона Республики Казахстан "Об охране и использовании объектов историко-культурного наследия" для проведения проверок за использованием и порядком содержания памятников истории и культуры международного, республиканского и местного значения (далее - памятники истории и культуры).
      2. В настоящих критериях используются следующие понятия:
      1) риск - вероятность причинения вреда физическими и юридическими лицами памятникам истории и культуры с учетом степени тяжести его последствий;
      2) памятники истории и культуры - отдельные постройки, здания, сооружения и ансамбли, историко-культурные ландшафты и другие достопримечательные места, созданные человеком или являющиеся совместным творением человека и природы, связанные с историческим прошлым народа, развитием общества и государства, включенные в Государственный список памятников истории и культуры;
      3) субъекты контроля - физические и юридические лица в сфере частного предпринимательства, являющиеся пользователями памятников истории и культуры.
      3. В зависимости от степени риска контроля субъекты контроля относятся к группам высокого, среднего либо незначительного риска.
      4. Первично все субъекты контроля относятся к группе незначительной степени риска.
      5. В дальнейшем по результатам проверок с учетом набранных баллов по критериям субъекты контроля, прошедшие проверку, перераспределяются в соответствующие группы риска:
      1) к группе незначительной степени риска относятся субъекты контроля, набравшие по результатам проверок от 1 до 4 баллов;
      2) к группе средней степени риска относятся субъекты контроля, набравшие по результатам проверок от 5 до 20 баллов;
      3) к группе высокой степени риска относятся субъекты контроля, набравшие по результатам проверок от 20 и выше.
      6. Критериями для оценки степени риска являются:
      отсутствие охранной доски на памятнике истории и культуры - 1 балл;
      отсутствие решения государственного органа о предоставлении в пользование памятника истории и культуры - 1 балл;
      отсутствие охранного обязательства на памятник истории и культуры - 1 балл;
      отсутствие паспорта на памятник истории и культуры - 1 балл;
      отсутствие охранных зон, зон регулирования застройки или охраняемого природного ландшафта на объектах истории и культуры - 5 баллов;
      отсутствие охранных знаков или распаханной полосы или ограждений или кустарниковых насаждений по линии границ охранной зоны вокруг памятника истории и культуры - 5 баллов;
      несогласование с уполномоченным государственным органом проведения научно-реставрационных работ на памятниках истории и культуры - 5 баллов;
      проведение работ в границах охранных зон, оказывающие вредное воздействие на сохранность памятников истории и культуры, на их историко-культурное восприятие - 5 баллов;
      непринятие мер по регулированию характера строительства на территории зоны регулирования застройки памятников истории и культуры (этажность, плотность, функциональное назначение застройки) - 20 баллов;
      непринятие мер по предотвращению производства проектных, изыскательских, строительных, мелиоративных, дорожных и других видов работ, создающих угрозу для существования памятника истории и культуры - 20 баллов;
      повреждение либо изменение исторического, архитектурно-художественного облика, искажение, акт вандализма, фальсификация, мистификация, изъятие из исторического контекста, уничтожение, перемещение, вывоз за пределы Республики Казахстан памятника истории и культуры или его фрагментов - 20 баллов;
      проведение научно-реставрационных работ на памятниках истории и культуры без соответствующей лицензии - 20 баллов.
      7. Основанием для приоритетного отбора субъектов контроля внутри группы незначительной степени риска является наибольшая сумма набранных баллов.

Жеке кәсіпкерлік саласындағы тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалануға арналған тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің 2011 жылғы 29 наурыздағы N 51 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 1 сәуірдегі N 80 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 26 сәуірдегі N 6915 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2015 жылғы 25 маусымдағы № 225 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 7 шілдедегі № 503 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 25.06.2015 № 225 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 07.07.2015 № 503 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 13-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса беріліп отырған жеке кәсіпкерлік саласындағы тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалануға арналған тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдениет комитеті:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет вице-министрі А.И. Бөрібаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының      Қазақстан Республикасының
      Мәдениет-министрі              Экономикалық даму және
      ___________М. Құл-Мұхаммед     сауда министрі
                                     ____________Ж. Айтжанова

Қазақстан Республикасы   
Мәдениет министрінің   
2011 жылғы 29 наурыздағы 
№ 51 және         
Қазақстан Республикасы  
Экономикалық даму сауда 
министрінің         
2011 жылғы 1 сәуірдегі  
№ 80 бірлескен бұйрығымен
бекітілді        

Жеке кәсіпкерлік саласындағы тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалануға арналған тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері

      1. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалануға арналған тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі - критерийлер) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 13-бабын және «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңын орындау мақсатында халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін (бұдан әрі - тарих және мәдениет ескерткіштері) пайдалануды және күтіп ұстау тәртібіне тексеру жүргізу үшін әзірленді.
      2. Осы критерийлерде мынандай ұғымдар қолданылады:
      1) тәуекел - салдарының ауырлық дәрежесі ескеріле отырып, тарих  және мәдениет ескерткіштеріне жеке және заңды тұлғалардың зиян келтіру ықтималдығы;
      2) тарих және мәдениет ескерткіштері - тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген, халықтың өткен тарихымен, қоғам мен мемлекеттің дамуымен байланысты, адам жасаған немесе адам мен табиғаттың бірлескен туындысы болып табылатын жекелеген кесендер, ғимараттар, құрылыстар мен ансамбльдер, тарихи-мәдени ландшафттар және басқа да көрікті жерлер.
      3) Бақылау субъектілері - жеке кәсіпкерлік саласындағы тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланушы жеке және заңды тұлғалар.
      3. Тәуекел дәрежесіне байланысты бақылау субъектілері жоғары, орташа немесе төменгі тәуекел топтарына жатқызылады.
      4. Бастапқыда барлық бақылау субъектілері төменгі тәуекел дәрежесіндегі топқа жатқызылады.
      5. Бұдан әрі критерийлер бойынша жинаған баллдарды есепке ала отырып, тексеруден өткен бақылау субъектілері тексерулер нәтижелері бойынша тиісті тәуекел топтарына қайта бөлінеді:
      1) тәуекел дәрежесінің төменгі тобына тексеру нәтижесі бойынша 1-ден 4-ке дейін балл жинаған бақылау субъектілері жатады;
      2) тәуекел дәрежесінің орташа тобына тексеру нәтижесі бойынша 5-тен 20-ға дейін балл жинаған бақылау субъектілері жатады;
      3) тәуекел дәрежесінің жоғарғы тобына тексеру нәтижесі бойынша 20 және одан да жоғары балл жинаған бақылау субъектілері жатады.
      6. Тәуекел деңгейлерін бағалау критерийлері мыналар болып табылады:
      тарих және мәдениет ескерткішінде қорғау тақтасының болмауы - 1 балл;
      мемлекеттік органның тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру туралы шешімінің болмауы - 1 балл;
      тарих және мәдениет ескерткіштеріне қорғау міндеттемесінің болмауы - 1 балл;
      тарих және мәдениет ескерткіштерінің паспортының болмауы - 1 балл;
      тарих және мәдениет объектілерінің қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарының болмауы - 5 балл;
      тарих және мәдениет ескерткішінің айналасындағы қорғау аймағы қорғау белгілерімен немесе олардың шекара сызықтары бойынша жыртылған жермен немесе қоршаулармен, не бұталар отырғызу арқылы белгілердің болмауы - 5 балл;
      тарих және мәдениет ескерткіштерде ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді уәкілетті мемлекеттік органмен келісуінің болмауы - 5 балл;
      тарихи-мәдени мұра объектісінің қорғау аймақтарында ескерткіштің сақталуына, оның тарихи-мәдени қабылдануына теріс әсерін тигізетін жұмыстар жүргізілмеуі - 5 балл;
      тарих және мәдениет ескерткішінің құрылыс салуды реттеу аумағындағы құрылыс сипатын реттеу шараларының қабылданбауы (құрылыс салудың ауқымдылығы, қабаты, тығыздығы және функционалдық қызметі) - 20 балл;
      тарих және мәдениет ескерткіштерінің сақталуына қауіп төндіретін жобалау, іздестіру, құрылыс, мелиорация, жол жөндеу, өндірістік, сондай-ақ, басқа да жұмыс түрлерін жүргізуге жол бермеу шараларының қабылданбауы - 20 балл;
      тарих және мәдениет ескерткішінің тарихи, сәулеттік-көркемдік келбетін жоюға болатын өзгеруден, бұрмалаудан, тағылық актілерінен, зақым келуден, өңін айналдырудан, орынсыз өзгерістер енгізуден, тарихи түпмәтіннен үзіп тастаудан, зақымдаудан, жалған дәріптеуден, бұрмалаудан, ескеркіштің өзін немесе оның бөлшектерін Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуден қорғау қамтамасыз етілмеуі - 20 балл;
      Жеке және заңды тұлғалардың тарих және мәдениет ескерткішінде тиісті лицензиясыз ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу - 20 балл.
      7. Жиналған баллдардың неғұрлым көп сомасы төмендегі тәуекел тобының ішіндегі бақылау субъектілерін басымды іріктеудің негізі болып табылады.