Тексерілетін субъектілердің тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағының нысанын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2015 жылғы 25 маусымдағы № 225 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 7 шілдедегі № 503 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 6 тамызда № 11851 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 162 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 23 маусымдағы № 277 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 14.06.2016 № 162 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 23.06.2016 № 277 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 13-бабының 3-тармағына және 15-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Мыналар:
      1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес, тексерілетін субъектілердің тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері;
      2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы тексеру парағының нысаны бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бірлескен бұйрықтың мемлекеттік тіркелуінен кейін он күнтізбелік күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жолдауын;
      3) ресми жарияланғаннан кейін осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің тексерілетін субъектілердің тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағының нысанын бекіту туралы кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Ғ. Ахмедьяровқа жүктелсін.
      5. Осы бірлескен бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы            Қазақстан Республикасы
      Мәдениет және спорт министрі      Ұлттық экономика министрі
      міндетін атқарушы
      ______________ М. Әзілханов       ______________ Е. Досаев

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Бас прокуратурасының
      Құқықтық статистика және
      арнайы есепке алу жөніндегі
      комитетінің төрағасы
      ________________ С. Айтпаева
      2015 жылғы 30 маусым

Қазақстан Республикасы   
Мәдениет және спорт министрі
міндетін атқарушысының   
2015 жылғы 25 маусымдағы № 225
және Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 7 шілдедегі № 503
бірлескен бұйрығына 1-қосымша

Тексерілетін субъектілердің тарихи-мәдени мұра объектілерін
қорғау және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау
критерийлері 1. Жалпы ережелер

      1. Осы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі – Критерийлер) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласында тексерілетін субъектілерді іріктеу үшін және оларды тарих және мәдениет ескертіштерінің сақталуына әсер ететін іріктеп тексеру жүргізу кезінде тәуекелдер дәрежесіне жатқызуға арналған.
      2. Осы критерийлерде мынандай ұғымдар қолданылады:
      1) тәуекел – тексерілетін субъектінің қызметі нәтижесінде адам өмірі немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне салдарларының ауырлық дәрежесін ескере отырып зиян келтіру ықтималдылығы;
      2) тексерілетін субъектілер – тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласына қатысты олардың қызметіне бақылау және қадағалау жүргізілетін жеке және заңды тұлғалар, соның ішінде жергілікті атқарушы органдар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері;
      3) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті критерийлері (бұдан әрі – объективті критерийлер) – тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесіне байланысты және жеке тексерілетін субъектіге тікелей байланыссыз тексерілетін субъектілерді іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері;
      4) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті критерийлері (бұдан әрі – субъективті критерийлер) – тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы нақты тексерілетін субъектінің қызмет нәтижелеріне байланысты тексерілетін субъектілерді іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері;
      3. Іріктеп тексерулер үшін субъектілердің тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері объективті және субъективті критерийлер арқылы қалыптастырылады.
      4. Іріктеп тексерулер талдау және бағалау нәтижелері бойынша тиісті есептік кезең басталғанға дейін 15 күннен кешіктірмей құқықтық статистика және арнайы есептер бойынша уәкілетті органға жіберілетін іріктеп тексерулер тізімдері негізінде жүргізіледі.
      5. Іріктеп тексерулердің тізімдері:
      1) субъективті критерийлер бойынша ең жоғары тәуекел дәрежесі көрсеткіші бар тексерілетін субъектілердің басымдығын;
      2) мемлекеттік органның тексерулерді жүргізетін лауазымдық тұлғаларына түсетін жүктемелерін ескере отырып жасалады.
      6. Іріктеп тексерулер жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған тексерілетін субъектілерге қатысты қолданылады.
      Жоспардан тыс тексерулер мен өзге бақылау және қадағалау түрлері жоғары және жоғары емес тәуекел дәрежесіне жатқызылған тексерілетін субъектілерге қатысты қолданылады.
      7. Тәуекелдің жоғары дәрежесіне жататын субъектілерге жылына бір рет іріктеп тексерулер жүргізу мерзімі белгіленеді.

2. Тәуекел дәрежесін бағалайтын объективті критерийлер

      8. Тексерілетін субъектілерді тәуекел дәрежелері бойынша алғашқы топтастыру тәуекелдің объективті критерийлері негізінде жүзеге асырылады. Тәуекел айқындалғаннан кейін, тексерілетін субъектілер тәуекел дәрежесі бойынша жоғары және жоғары дәрежеге жатпайтын болып бөлінеді
      Тәуекелдің жоғары дәрежесіне:
      1) аумақтарында тарихи-мәдени мұра объектілері орналасқан жергілікті атқарушы органдар;
      2) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласы қызметін атқаратын жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімдері жатады.
      Тәуекелдің жоғары емес дәрежесіне тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланушы және оларды сақтауға, пайдалануға жауапты жеке және заңды тұлғалар жатады.
      9. Тәуекелдің жоғары дәрежесіне жататын субъектілерге іріктеп тексерулер, жоспардан тыс тексерулер жүргізіледі және өзге бақылау түрлері қолданылады.
      Тәуекелдің жоғары емес тәуекел дәрежесіне жататын субъектілерге жоспардан тыс тексерулер жүргізілед және өзге бақылау түрлері қолданылады.

3. Тәуекел дәрежесін бағалайтын субъективті критерийлер

      10. Субъективті критерийлерді айқындау:
      1) деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау;
      2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау кезеңдерін қолдана отырып жүзеге асырылады.
      11. Тексерілетін субъектілердің тәуекелдер дәрежесінің субъективті критерийлерін бағалау үшін бұрынғы тексерулер нәтижелері пайданылынады. Бұл жағдайда заң бұзушылықтың деңгейі (өрескел, маңызды, болмашы) тексеру парағында көрсетілген заң талаптары сақталмаған жағдайда белгіленеді.
      12. Субъективті критерийлер олардың маңыздылығы мен қоғамдық қауыптілігіне байланысты, осы Критерийлерге қосымшаға сәйкес, 3 ауырлық бұзушылық топқа - өрескел, маңызды және болмашы болып бөлінеді.
      Бір немесе одан да көп өрескел бұзушылық айқындалған жағдайда, тексерілетін субъект 100 көрсеткішке ие болады, бұл, тексерілетін субъектіге қатысты тексеру жүргізуге негіз болады.
      Өрескел бұзушылық болмаған жағдайда, тәуекел дәрежесінің көрсеткішін айқындау мақсатында маңызды және болмашы дәрежелерінің жиынтығы есептеп шығарылады.
      Маңызды тәуекел дәрежесінің көрсеткішін айқындау мақсатында 07 коэфиценті қолданылып, ол келесі формуламен есептелінеді:
      Р3 = (Р2 х 100/Р1) х 0,7
      сонда:
      Р3 – маңызды тәуекел дәрежесінің көрсеткіші;
      Р1 – тексерілетін субъектіге тексеру үшін (талдау) талап етілетін маңызды дәрежедегі индикаторлардың жалпы саны;
      Р2 - маңызды тәуекел дәрежесі талаптарының бұзушылық саны.
      Болмашы тәуекел дәрежесінің көрсеткішін айқындау мақсатында 03 коэфиценті қолданылып, ол келесі формуламен есептелінеді:
      Рн = (Р2 х 100/Р1) х 0,3
      сонда:
      Рн – болмашы тәуекел дәрежесінің көрсеткіші;
      Р1 – тексерілетін субъектіге тексеру үшін (талдау) талап етілетін болмашы дәрежедегі индикаторлардың жалпы саны;
      Р2 - болмашы тәуекел дәрежесі талаптарының бұзушылық саны.
      Тексерілетін субъектіні анықтау бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші: тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші 0-ден 100-ге дейінгі меже бойынша есептеледі және мынадай формула бойынша көрсеткіштерді қосу жолымен анықталады:
      Р = Рз + Рн
      сонда:
      Р - тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;
      Р3 - маңызды тәуекел дәрежесінің бұзушылық көрсеткіші;
      Рн – болмашы тәуекел дәрежесінің бұзушылық көрсеткіші.
      13. Белгіленген тәуекел дәрежесінің көрсеткішіне сәйкес, тексерілетін субъект:
      1) 60-тан 100-ге дейінгі тәуекел деңгейінің көрсеткішіне сай - жоғарғы деңгейлі тәуекелге жатады және оған байланысты іріктеп тексеру жүргізіледі;
      2) 0-ден 60-қа дейінгі тәуекел деңгейінің көрсеткішіне сай - жоғарғы деңгейлі тәуекелге жатпайды және оған байланысты іріктеп тексеру жүргізілмейді.

Тексерілетін субъектілердің   
тарихи-мәдени мұра объектілерін 
қорғау және пайдалану саласындағы
тәуекел дәрежесін бағалау   
критерийлеріне қосымша     

Тексерілетін субъектілердің тарихи-мәдени мұра объектілерін
қорғау және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау
критерийлері

Критерийлер

Бұзушылықтың деңгейі

Бұрынғы тексерулер нәтижелері (бұзушылықтың ауырлық деңгейі төмендегі талаптардың орындалмауы жағдайында қолданылады)

1.

Ресімдеу сәтінде тарих және мәдениет ескерткішінің жай-күйі тіркелген қорғау міндеттемесінің орындалуы

болмашы

2.

Тарих және мәдениет ескерткіші туралы негізгі деректер жазылған және ескерткіштің мемлекет қорғауында екендігін көрсететін қорғау тақтайшасының болуы

болмашы

3.

Тарих және мәдениет есерткіштері белгіленген қорғау аймағының, құрылыс салуды реттеу және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарының болуы

маңызды

4.

Тарих және мәдениет ескерткішінің айналасындағы қорғау аймағы қорғау белгілерімен немесе олардың шекара сызықтары бойынша жыртылған жермен немесе қоршаулармен, не бұталар отырғызу арқылы белгілердің болуы

болмашы

5.

Тарих және мәдениет ескерткішінің тарихи, сәулеттік-көркемдік келбетін жою, өзгерту, бұрмалау, тағылық актілері, зақым келуі, өңін айналдыру, орынсыз өзгерістер енгізу, тарихи түпмәтіннен үзіп тастау, зақымдау, жалған дәріптеу, бұрмалау, ескеркіштің өзін немесе оның бөлшектерін Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетудің болуы

өрескел

6.

Тарих және мәдениет ескерткішінің қорғау аймақтарында ескерткіштің сақталуына, оның тарихи-мәдени қабылдануына теріс әсерін тигізетін құрылыс жұмыстарының жүргізілуі

маңызды

7.

Тарих және мәдениет ескерткішінің сақталуына қауіп төндіретін жобалау, іздестіру, құрылыс, мелиорация, жол жөндеу, өндірістік, сондай-ақ, басқа да жұмыс түрлерінің жүргізілуін болдырмау

өрескел

8.

Тарих және мәдениет ескерткіштерінде тиісті лицензиясыз ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарының жүргізілуі

өрескел

9.

Тарих және мәдениет ескерткішін пайдалануға беру туралы мемлекеттік орган мен жергілікті атқарушы органның шешімінің болуы

болмашы

10.

Ғылыми және деректі мағлұматтар бар тарих және мәдениет ескерткішінің паспортының болуы

болмашы

11.

Тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми–қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге уәкілетті мемлекеттік орган мен жергілікті атқарушы органның келісілуі

маңызды

Қазақстан Республикасы   
Мәдениет және спорт министрі
міндетін атқарушысының   
2015 жылғы 25 маусымдағы № 225
және Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 7 шілдедегі № 503
бірлескен бұйрығына 2-қосымша

Нысан

Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану
саласындағы мемлекеттік бақылаудың тексеру парағы

Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган_____________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт______________________________________
                                               (№, күні)
_____________________________________________________________________
Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы__________________________
Тексерілетін субъектінің (объектінің) (БСН), (ЖСН)___________________
Орналасу орны________________________________________________________

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді



Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

1.

Ресімдеу сәтінде тарих және мәдениет ескерткішінің жай-күйі тіркелген қорғау міндеттемесінің орындалуы





2.

Тарих және мәдениет ескерткіші туралы негізгі деректер жазылған және ескерткіштің мемлекет қорғауында екендігін көрсететін қорғау тақтайшасының болуы





3.

Тарих және мәдениет есерткіштері белгіленген қорғау аймағының, құрылыс салуды реттеу және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарының болуы





4.

Тарих және мәдениет ескерткішінің айналасындағы қорғау аймағы қорғау белгілерімен немесе олардың шекара сызықтары бойынша жыртылған жермен немесе қоршаулармен, не бұталар отырғызу арқылы белгілердің болуы





5.

Тарих және мәдениет ескерткішінің тарихи, сәулеттік-көркемдік келбетін жою, өзгерту, бұрмалау, тағылық актілері, зақым келуі, өңін айналдыру, орынсыз өзгерістер енгізу, тарихи түпмәтіннен үзіп тастау, зақымдау, жалған дәріптеу, бұрмалау, ескеркіштің өзін немесе оның бөлшектерін Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетудің болуы





6.

Тарих және мәдениет ескерткішінің қорғау аймақтарында ескерткіштің сақталуына, оның тарихи-мәдени қабылдануына теріс әсерін тигізетін құрылыс жұмыстарының жүргізілуі





7.

Тарих және мәдениет ескерткішінің сақталуына қауіп төндіретін жобалау, іздестіру, құрылыс, мелиорация, жол жөндеу, өндірістік, сондай-ақ, басқа да жұмыс түрлерінің жүргізілуін болдырмау





8.

Тарих және мәдениет ескерткіштерінде тиісті лицензиясыз ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарының жүргізілуі





9.

Тарих және мәдениет ескерткішін пайдалануға беру туралы мемлекеттік орган мен жергілікті атқарушы органның шешімінің болуы





10.

Ғылыми және деректі мағлұматтар бар тарих және мәдениет ескерткішінің паспортының болуы





11.

Тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми–қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге уәкілетті мемлекеттік орган мен жергілікті атқарушы органның келісілуі





Лауазымдық тұлға (тұлғалар) _________________ ________ ______________
                                (лауазымы)     (қолы)    (Т.А.Ә.)
                            _________________ ________ ______________
                                (лауазымы)     (қолы)    (Т.А.Ә.)
Тексерілетін субъектінің
жетекшісі                   _________________ ________ ______________
                                (лауазымы)     (қолы)    (Т.А.Ә.)

Қазақстан Республикасы   
Мәдениет және спорт министрі
міндетін атқарушысының   
2015 жылғы 25 маусымдағы № 225
және Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 7 шілдедегі № 503
бірлескен бұйрығына 3-қосымша

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің және
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің
тексерілетін субъектілердің тарихи-мәдени мұра объектілерін
қорғау және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау
критерийлерін және тексеру парағының нысанын бекіту туралы күші
жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. «Жеке кәсіпкерлік саласындағы тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалануға арналған тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің 2011 жылғы 29 наурыздағы № 51 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 1 сәуірдегі № 80 бірлескен бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеудің тiзiлiмiнде № 6915 болып тiркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2011 жылғы 17 маусымдағы № 256-257/ 26655 жарияланған).
      2. «Жеке кәсіпкерлік саласындағы тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалануға арналған тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің 2011 жылғы 29 наурыздағы № 52 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 1 сәуірдегі № 81 бірлескен бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеудің тiзiлiмiнде № 6920 болып тiркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2011 жылғы 17 маусымдағы № 256-257/ 26655 жарияланған).
      3. «Жеке кәсіпкерлік саласындағы тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалануға арналған тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет министрiнiң 2011 жылғы 29 наурыздағы № 52 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 1 сәуірдегі № 81 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 5 желтоқсандағы № 286 және Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2013 жылғы 5 желтоқсандағы № 359/НҚ бірлескен бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеудің тiзiлiмiнде № 9060 болып тiркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2014 жылғы 15 қаңтардағы № 8 (28232) жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады