Об утверждении Критериев оценки степени риска в сфере частного предпринимательства за исполнением законодательства Республики Казахстан в области физической культуры и спорта

Совместный приказ Министра туризма и спорта Республики Казахстан от 14 апреля 2011 года № 02-02-18/56 и и.о. Министра экономического развития и торговли Республики Казахстан от 16 мая 2011 года № 134. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 22 июня 2011 года № 7026. Утратил силу совместным приказом председателя Агентства Республики Казахстан по делам спорта и физической культуры от 7 февраля 2013 года № 35-1 и Министра регионального развития Республики Казахстан от 16 апреля 2013 года № 01-04-03/49НҚ

      Сноска. Утратил силу совместным приказом председателя Агентства РК по делам спорта и физической культуры от 07.02.2013 № 35-1 и Министра регионального развития РК от 16.04.2013 № 01-04-03/49 НҚ.

      В соответствии со статьей 13 Закона Республики Казахстан "О государственном контроле и надзоре в Республике Казахстан" и подпунктом 27) статьи 23 Закона Республики Казахстан "О физической культуре и спорте" ПРИКАЗЫВАЕМ:
      1. Утвердить прилагаемые Критерии оценки степени риска в сфере частного предпринимательства за исполнением законодательства Республики Казахстан в области физической культуры и спорта.
      2. Признать утратившим силу совместный приказ Министра туризма и спорта Республики Казахстан от 3 марта 2010 года № 01-01-07/34 и Министра экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан от 10 марта 2010 года № 127 "Об утверждении Критериев оценки степени риска в области физической культуры и спорта" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6146, опубликованный в газете "Юридическая газета" от 27 апреля 2010 года № 59).
      3. Комитету по спорту Министерства туризма и спорта Республики Казахстан (Канагатов Е.Б.):
      1) обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) после государственной регистрации настоящего приказа обеспечить его официальное опубликование;
      3) обеспечить опубликование настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства туризма и спорта Республики Казахстан.
      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на Председателя Комитета по спорту Министерства туризма и спорта Республики Казахстан Канагатова Е.Б.
      5. Настоящий приказ вступает в силу со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.
      6. Настоящий приказ вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Министр туризма и спорта           И.о. Министра экономического
      Республики Казахстан               развития и торговли
                                         Республики Казахстан
      _________ Т. Ермегияев             _________ М. Кусаинов

Утверждены совместным приказом       
Министра туризма и спорта            
Республики Казахстан                 
от 14 апреля 2011 года № 02-02-18/56 
и и.о. Министра экономического       
развития и торговли                  
Республики Казахстан                 
от 16 мая 2011 года № 134            

Критерии оценки степени риска
в сфере частного предпринимательства за исполнением
законодательства Республики Казахстан в области
физической культуры и спорта

      1. Критерии оценки степени риска в области физической культуры и спорта (далее - критерии) разработаны для распределения физических и юридических лиц, оказывающих физкультурно-оздоровительные, спортивные услуги на основании лицензии на данную деятельность, за исключением деятельности в организациях образования (далее – физические и юридические лица) по категориям высокого, среднего и незначительного риска с целью отбора физических и юридических лиц для проведения плановых проверок в разрезе регионов.
      2. В настоящих критериях использовано следующее понятие, риск - вероятность причинения вреда в результате деятельности физических и юридических лиц жизни или здоровью человека, вызванных отсутствием постоянного квалифицированного тренерско-преподавательского состава, постоянного квалифицированного медицинского обслуживания, изношенности спортивного сооружения, оборудования и инвентаря.
      3. В зависимости от степени риска физические и юридические лица относятся к группам высокого, среднего и незначительного риска.
      4. Первичное распределение осуществляется в зависимости от категории спортивных сооружений, которые используют физические и юридические лица для оказания физкультурно-оздоровительных и спортивных услуг:
      1) к группе высокого риска отнесены физические и юридические лица, оказывающие физкультурно-оздоровительные и спортивные услуги на спортивных сооружениях высшей категории.
      К спортивным сооружениям высшей категории отнесены сооружения, основные параметры которых позволяют проводить международные соревнования (чемпионаты мира, Азии, Европы, этапы кубков мира, международные турниры класса "А" на кубок Президента Республики Казахстан и другие соревнования);
      2) к группе среднего риска отнесены физические и юридические лица, оказывающие физкультурно-оздоровительные и спортивные услуги на спортивных сооружениях первой категории.
      К спортивным сооружениям первой категории относятся сооружения, основные параметры которых позволяют проводить республиканские соревнования (спартакиады, чемпионаты, первенства, кубки Республики Казахстан, республиканские турниры и другие соревнования);
      3) к группе незначительного риска отнесены физические и юридические лица, оказывающие физкультурно-оздоровительные и спортивные услуги на спортивных сооружениях второй и третей категории, а также федерации по видам спорта, осуществляющие деятельность, направленную на развитие видов спорта, подготовку спортсменов к участию в соревнованиях.
      К спортивным сооружениям второй категории относятся сооружения, основные параметры которых по размерам и оснащению позволяют обеспечивать условия массовых физкультурно-оздоровительных и спортивных занятий или массовых соревнований.
      К спортивным сооружениям третьей категории относятся сооружения, параметры которых позволяют обеспечивать ведение физкультурно-оздоровительной работы.
      5. В дальнейшем, по результатам проведенных проверок в соответствии с суммой набранных баллов, исчисленной на основании критериев оценки степени риска, физические и юридические лица относятся к соответствующим группам риска.
      6. Сумма набранных баллов является основанием для отнесения физических и юридических лиц в соответствующую группу риска:
      физические и юридические лица, набравшие по результатам проверок от 14 баллов и выше, относятся к группе высокого риска;
      физические и юридические лица, набравшие по результатам проверок от 4 до 13 баллов, относятся к группе среднего риска;
      физические и юридические лица, набравшие по результатам проверок до 3 баллов, относятся к группе незначительного риска.
      7. Критерии определения степени риска, согласно которым начисляются соответствующие баллы:
      получение травм и увечий при занятиях физической культурой и спортом по вине физических и юридических лиц, оказывающих физкультурно-оздоровительные и спортивные услуги – 10 баллов;
      оказание физкультурно-оздоровительных и спортивных услуг в объектах, изношенность которых составляет свыше 30 % - 7 баллов;
      отсутствие постоянного квалифицированного тренерско-преподавательского состава – 7 баллов;
      отсутствие постоянного медицинского обслуживания - 4 балла;
      отсутствие заключений о соответствии спортивного сооружения санитарно-гигиеническим и противопожарным нормам и требованиям - 3 балла.
      8. Основанием для первоочередного отбора на проверку физических и юридических лиц внутри одной группы степени риска является наибольшая сумма набранных баллов.

Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасын орындау үшін жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2011 жылғы 14 сәуірдегі № 02-02-18/56 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 16 мамырдағы № 134 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде 2011 жылы 22 маусымда № 7026 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2013 жылғы 7 ақпандағы № 35-1 және Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2013 жылғы 16 сәуірдегі № 01-01-03/49нқ бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 07.02.2013 № 35-1 және Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 16.04.2013 № 01-01-03/49нқ бірлескен бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына және «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 27) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса беріліп отырған Дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасын орындау үшін жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері бекітілсін.
      2. «Дене шынықтыру және спорт саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2010 жылғы 3 наурыздағы № 01-01-07/34 және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 10 наурыздағы № 127 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6146 болып тіркеліп, 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 59 «Заң газеті» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті (Е.Б. Қанағатов):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін, оның ресми түрде жариялануын қамтамасыз етсін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің төрағасы Е.Б. Қанағатовқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
      6. Осы бұйрық ресми бірінші жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының         Қазақстан Республикасы
      Туризм және спорт министрі        Экономикалық даму және
                                        сауда министрінің
      ___________ Т. Ермегияев          міндетін атқарушы
                                        ___________ М. Құсайынов
 

Қазақстан Республикасы      
Туризм және спорт министрінің
2011 жылғы 14 сәуірдегі     
№ 02-02-18/56 және          
Қазақстан Республикасы      
Экономикалық даму           
және сауда министрінің м.а. 
2011 жылғы 16 мамырдағы     
№ 134 бірлескен             
бұйрығымен бекітілген       

Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт
саласындағы заңнамасын орындау үшін жеке кәсіпкерлік
саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері

      1. Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасын орындау үшін жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері (бұдан әрі - өлшемдер) білім беру ұйымдарындағы қызметті қоспағанда, осы қызметке арналған лицензияның негізінде дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық қызметтер көрсететін жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі - жеке және заңды тұлғалар) өңірлер бойынша жоспарлы тексерулер өткізу үшін жеке және заңды тұлғаларды іріктеу мақсатында жоғары, орта және болмашы тәуекел санаттары бойынша тәуекел дәрежесін анықтау үшін әзірленді.
      2. Осы өлшемдерде келесі түсінік қолданылған, тәуекел – тұрақты білікті жаттықтырушы-оқытушы құрамы болмауына, тұрақты медициналық қызметті көрсете алмауынан, спорт ғимараттарының жабдықтары мен мүліктерінің тозуынан қызметті жеке және заңды тұлғалардың көрсете алмауы салдарынан адамның өміріне немесе денсаулығына зиян келтіру ықтималдығы.
      3. Тәуекел дәрежесіне қарай жеке және заңды тұлғалар жоғары, орташа немесе болмашы тәуекел топтарына жатқызылады.
      4. Жеке және заңды тұлғалардың дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық қызметтерді көрсету үшін пайдаланатын спорт ғимараттардың санаттарына байланысты тәуекел деңгейі айқындалады:
      1) жоғары тәуекел дәрежесі тобына жоғары санатты спорт ғимараттарында дене шынықтыру және спорттық қызметтерді көрсететін жеке және заңды тұлғалар жатқызылған.
      Жоғары санаттағы спорт ғимараттарына – негізгі параметрлері халықаралық жарыстарды (әлем, Азия, Еуропа чемпионаттары, әлем кубогінің кезеңдері, Қазақстан Республикасы Президентінің кубогі үшін «А» дәрежелі халықаралық турнирлер және басқа жарыстар) өткізуге мүмкіндік беретін ғимараттар жатады;
      2) орташа тәуекел дәрежелі топқа – бірінші санатты спорт ғимараттарында дене шынықтыру және спорт қызметтерін көрсететін жеке және заңды тұлғалар жатады.
      Бірінші санаттағы спорт ғимараттарына негізгі параметрлері республикалық жарыстарды (Қазақстан Республикасының спартакиадасы, чемпионаттар, біріншіліктер, кубоктар, республикалық турнирлер және басқа жарыстар) өткізуге мүмкіндік беретін ғимараттар жатады.
      3) болмашы тәуекел дәрежелі топқа – екінші және үшінші санатты спорт ғимараттарында дене шынықтыру және спорттық қызметтерді көрсететін жеке және заңды тұлғалар, сонымен қатар спорт түрлерін дамытуға, спортшыларды жарыстарға қатысуға дайындауға бағытталған қызметті жүзеге асыратын спорт түрлері бойынша федерациялар жатады.
      Екінші санатқа өзінің көлемі мен жарақтандырылуы бойынша негізгі параметрлері бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық жаттығуларға немесе жаппай жарыстар өткізуге мүмкіндік беретін ғимараттар жатады.
      Үшінші санатқа ғимараттық параметрлері дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беретін ғимараттар жатады.
      5. Бұдан әрі, өткізілген тексерістер нәтижесіндегі алған баллдар сомасына сәйкес тәуекел дәрежесінің өлшемдері негізінде жеке және заңды тұлғалар тиісті тәуекел топтарына жатады.
      6. Алған баллдар сомасы жеке және заңды тұлғалардың тиісті тәуекел тобына өтуіне негіздеме болып табылады:
      жоспарланған тексерістер нәтижелері бойынша 14 баллдан жоғары алған жеке және заңды тұлғалар жоғары тәуекел тобына жатады;
      жоспарланған тексерістер нәтижелері бойынша 4-тен 13 балл алған жеке және заңды тұлғалар орта тәуекел тобына жатады;
      жоспарланған тексерістер нәтижелері бойынша 0-ден 3 балл алған жеке және заңды тұлғалар болмашы тәуекел тобына жатады.
      7. Мынадай есептелген баллдарға сәйкес тәуекел дәрежелерін айқындайтын өлшемдер:
      дене шынықтырумен және спортпен жаттығу кезінде дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық қызмет көрсетуші жеке және заңды тұлғалардың кінәсінен жарақат алғаны және зақымданғаны үшін – 10 балл;
      30 %-дан жоғары тозығы жеткен дене шынықтыру және спорттық объектілерде қызмет көрсеткені үшін – 7 балл;
      тұрақты білікті жаттықтырушы-оқытушы құрамы болмағаны үшін – 7 балл;
      тұрақты медициналық қызмет көрсете алмағаны үшін – 4 балл;
      санитарлық-гигиеналық және өрт қауіпсіздігі нормалары мен талаптарына сәйкес келетіндігі туралы қорытындылары болмағаны үшін – 3 балл.
      8. Бір тәуекел дәрежесіндегі топтың ішінде жеке және заңды тұлғаларды тексеру үшін алған баллдарының ең үлкен сомасы бірінші кезекте іріктеуге негіз болып табылады.