О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 15 марта 2011 года № 14-1/113 "Об утверждении сведений, указываемых в заявлении на выдачу разрешения на специальное водопользование в Республики Казахстан"

Приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 6 сентября 2011 года № 14-1/504. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 26 сентября 2011 года № 7201. Утратил силу приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 22 октября 2015 года № 19-1/940

      Сноска. Утратил силу приказом Министра сельского хозяйства РК от 22.10.2015 № 19-1/940.

      В целях упрощения порядка процедур выдачи разрешения на специальное водопользование, а также снижения административных барьеров, ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 15 марта 2011 года № 14-1/113 «Об утверждении сведения, указываемых в заявлении на выдачу разрешения на специальное водопользование в Республике Казахстан» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 6870, опубликованный в газете «Казахстанская правда» от 11 мая 2011 года № 152 (26573)) следующее изменения:
      заголовок указанного приказа изложить в следующей редакции:
      «Об утверждении сведений, указываемых в заявлении на выдачу разрешения на специальное водопользование»;
      пункт 1 указанного приказа изложить в следующей редакции:
      «1. Утвердить прилагаемые сведения, указываемые в заявлении на выдачу разрешения на специальное водопользование.»;
      пункт 3 указанного приказа изложить в следующей редакции:
      «3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего Вице-министра сельского хозяйства Республики Казахстан.».
      Сведения, указываемые в заявлении на выдачу разрешения на специальное водопользование, утвержденные указанным приказом изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему приказу.
      2. Департаменту стратегии использования природных ресурсов Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан (Мейрембеков К. А.) в установленном законодательством порядке обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан.
      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.

      Министр                                    А.Мамытбеков

Приложение           
к приказу Министра сельского
хозяйства Республики Казахстан
от 6 сентября 2011 года     
№ 14-1/504           

Утверждены           
приказом Министра сельского
хозяйства Республики Казахстан
от 15 марта 2011 года     
№ 14-1/113           

Сведения, указываемые в заявлении
на выдачу разрешения на специальное водопользование

      В заявлении о выдаче разрешения на специальное водопользование указываются следующие сведения:
      1. Сведения о физическом или юридическом лице:
      1) документы удостоверяющие личность физических лиц, РНН (ИИН) или свидетельства о регистрации для юридических лиц (№ кем и когда выдано), РНН (БИН);
      2) адрес (индекс, город, район, область, улица, № дома, телефон, факс);
      3) филиалы, представительства;
      4) фамилия, имя, отчество, контактный телефон лица, ответственного за водопользование.
      2. Ситуационная схема мест забора и (или) использования поверхностных вод (сброса сточных вод, источника подземных вод), с указанием координат.
      3. Цель водопользования.
      4. Наименование водного объекта, основные гидрологические и гидрогеологические характеристики, другие условия водопользования.
      5. Расчетный объем забора и (или) использования поверхностных вод (сбрасываемых сточных вод, забираемых подземных вод) кубический метр/год, кубический метр/месяц, кубический метр /сутки, литр/секунд.
      6. Удельные расходы поверхностных, подземных и сточных вод на единицу продукции.
      7. Предполагаемые сроки начала и окончания водопользования.
      8. Характеристика производственной деятельности водопользователя (объем выпускаемой продукции, численность работников, обслуживаемого населения, мощность, площади орошаемых участков).
      9. Данные ранее выданного разрешения на специальное водопользование (номер, дата выдачи, кем выдано, срок действия, если таковые имеются у заявителя, опыт эксплуатации по забору и (или) использованию поверхностных и подземных вод, сброса промышленных и других сточных вод в поверхностные водные объекты).
      10. Характеристика оборудования для учета использования вод, ведению режимных наблюдений и лабораторных анализов.

"Қазақстан Республикасында арнайы су пайдалануға рұқсат беруге арналған өтініште көрсетілетін мәліметтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 15 наурыздағы № 14-1/113 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 06 қыркүйектегі № 14-1/504 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 26 қыркүйекте № 7201 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 22 қазандағы № 19-1/940 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.10.2015 № 19-1/940 бұйрығымен.

      Арнайы су пайдалануға рұқсат беру рәсімдерінің тәртібін оңайлату, сондай-ақ, әкімшілік кедергілерді төмендету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасында арнайы су пайдалануға рұқсат беруге арналған өтініште көрсетілетін мәліметтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 15 наурыздағы № 14-1/113 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6870 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2011 жылғы 30 сәуірдегі № 178-181 (26583) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Арнайы су пайдалануға рұқсат беруге арналған өтініште көрсетілетін мәліметтерді бекіту туралы»;
      көрсетілген бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса беріліп отырған арнайы су пайдалануға рұқсат беруге өтініште көрсетілетін мәліметтер бекітілсін.»;
      көрсетілген бұйрықтың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген арнайы су пайдалануға рұқсат беруге арналған өтініште көрсетілетін мәліметтер осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті (Қ.А. Мейрембеков) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                     А. Мамытбеков

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2011 жылғы 6 қыркүйектегі 
№ 14-1/504 бұйрығына  
қосымша          

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2011 жылғы 15 наурыздағы  
№ 14-1/113 бұйрығымен   
бекітілген       

Арнайы су пайдалануға рұқсат беру туралы өтініште
көрсетілетін мәліметтер

      Арнайы су пайдалануға рұқсат беру туралы өтініште мынадай мәліметтер көрсетіледі:
      1. Жеке және заңды тұлғаның мәліметтері:
      1) жеке тұлғаларды куәландыратын құжаттар, СТН (ЖСН) немесе заңды тұлғалар үшін тіркеу туралы куәлік, СТН (БСН) (№, кім және қашан берген);
      2) мекен жайы (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй №, телефон, факс);
      3) филиалдар, өкілдіктер;
      4) су пайдалануға жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, байланыс телефоны.
      2. Жер үсті суларын (ағызылатын сарқынды суларды, жер асты су көзін) алу және (немесе) пайдалану орындарының координаттары көрсетілген ахуалдық схемасы.
      3. Су пайдалану мақсаты.
      4. Су объектісінің атауы, негізгі гидрологиялық және гидрогеологиялық сипаттамалары, су пайдаланудың басқа да шарттары.
      5. Жер үсті суларын (ағызылатын сарқынды суларды, алынатын жер асты су көзін) алу және (немесе) пайдаланудың есептік көлемі (текше метр/жыл, текше метр/ай, текше метр/тәулік, литр/секунд).
      6. Өнім бірлігіне кететін жер үсті, жер асты және сарқынды сулардың үлестік шығыстары.
      7. Су пайдалануды бастау және аяқтаудың болжанып отырған мерзімі.
      8. Су пайдаланушының өндірістік қызметіне сипаттама (шығарылатын өнімнің көлемі, қызметкерлердің, қызмет көрсетілетін халықтың саны, қуаты, суарылатын учаскелерінің алаңдары).
      9. Арнайы су пайдалануға бұрын берілген рұқсаттың деректері (нөмірі, берілген күні, кім берді, қолданылу мерзімі, егер осылар өтініш берушіде бар болса, жер үсті және жер асты суларын алу және (немесе) пайдалану жөніндегі пайдалану, өнеркәсіптік және басқа да сарқынды суларды жер беті су объектілеріне ағызу тәжірибесі).
      10. Суды пайдалануды есепке алуға, режимдік байқаулар мен зертханалық талдаулар жүргізуге арналған жабдықтардың сипаттамалары.