Об утверждении критериев оценки степени рисков в сфере частного предпринимательства за соблюдением законодательства Республики Казахстан о туристской деятельности

Совместный приказ и.о. Министра туризма и спорта Республики Казахстан от 13 сентября 2011 года № 02-02-18/179 и и.о. Министра экономического развития и торговли Республики Казахстан от 16 сентября 2011 года № 298. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 30 сентября 2011 года № 7218. Утратил силу совместным приказом Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 июня 2015 года № 743 и и.о. Министра национальной экономики Республики Казахстан от 31 июля 2015 года № 588

      Сноска. Утратил силу совместным приказом Министра по инвестициям и развитию РК от 30.06.2015 № 743 и и.о. Министра национальной экономики РК от 31.07.2015 № 588.

      В соответствии с подпунктом 20) статьи 11 Закона Республики Казахстан от 13 июня 2001 года «О туристской деятельности в Республике Казахстан» и пунктом 4 статьи 13 Закона Республики Казахстан от 6 января 2011 года «О государственном контроле и надзоре в Республике Казахстан» ПРИКАЗЫВАЕМ:
      1. Утвердить прилагаемые Критерии оценки степени рисков в сфере частного предпринимательства за соблюдением законодательства Республики Казахстан о туристской деятельности.
      2. Признать утратившим силу совместный приказ и. о. Министра туризма и спорта Республики Казахстан от 16 февраля 2010 года № 01-01-07/26 и Министра экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан от 18 февраля 2010 года № 70 «Об утверждении Критериев оценки степени рисков в сфере туристской деятельности (туроператорская, турагентская деятельность) и игорного бизнеса» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6117 и опубликованный в газетах «Казахстанская правда» от 20 апреля 2010 года № 97-98, «Егемен Қазақстан» от 21 апреля 2010 года № 147-149).
      3. Комитету индустрии туризма Министерства туризма и спорта Республики Казахстан (Какен К.Г.):
      1) обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) после государственной регистрации настоящего приказа обеспечить его официальное опубликование;
      3) обеспечить опубликование настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства туризма и спорта Республики Казахстан.
      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на Председателя Комитета индустрии туризма Министерства туризма и спорта Республики Казахстан Какен К.Г.
      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

И.о. Министра туризма и спорта       И.о. Министра экономического
Республики Казахстан                 развития и торговли
                                     Республики Казахстан
_______________ А. Пирметов          _______________ М. Кусаинов

Утверждены        
совместным приказом    
И.о. Министра туризма и спорта
Республики Казахстан   
от 13 сентября 2011 года
№ 02-02-18/179,     
И.о. Министра экономического
развития и торговли   
Республики Казахстан   
от 16 сентября 2011 года
№ 298          

Критерии оценки степени рисков в сфере частного
предпринимательства
за соблюдением законодательства о туристской
деятельности

      1. Настоящие Критерии разработаны в соответствии с Законами Республики Казахстан «О государственном контроле и надзоре в Республике Казахстан» и «О туристской деятельности в Республике Казахстан», для определения показателей рисков в целях отнесения субъектов туристской деятельности (туроператор, турагент) к степеням риска.
      2. В настоящих Критериях использованы следующие понятия:
      1) субъект контроля – туристские операторы (туроператоры), туристские агенты (турагенты);
      2) риск - вероятность причинения вреда в результате деятельности проверяемого субъекта жизни или здоровью человека, окружающей среде, законным интересам физических и юридических лиц, имущественным интересам государства с учетом степени тяжести его последствий.
      3. В зависимости от критериев оценки степени рисков субъекты контроля относятся к группам с высокой, средней либо незначительной степенью риска.
      4. Критерии оценки степени риска подразделяются на объективные и субъективные:
      1) объективные – основаны на значимости рисков, возможных при осуществлении деятельности субъектов контроля;
      2) субъективные – определяются в зависимости от допускаемых субъектами туристской деятельности (туроператор, турагент) нарушений установленных требований законодательства.
      5. Первичное отнесение субъектов контроля к группам рисков осуществляется на основе объективных критериев оценки степени риска, в зависимости от осуществляемой деятельности.
      По объективным критериям субъекты туристской деятельности подразделяются по следующим степеням риска:
      средняя степень риска – деятельность туроператоров, осуществляющих туристскую деятельность менее 5 лет;
      незначительная степень риска – деятельность туроператоров, осуществляющих туристскую деятельность более 5 лет, деятельность турагентов.
      6. Последующее отнесение субъектов контроля к группам рисков осуществляется с учетом субъективных критериев, к которым присваиваются соответствующие балы, в следующем порядке за:
      отсутствие договора обязательного страхования гражданско-правовой ответственности туроператора и турагента – 3 балла;
      непредставление, несвоевременное или неполное представление лицами, осуществляющими туристскую деятельность, туристам сведений об особенностях путешествий, опасностях, с которыми они могут встретиться при совершении путешествий, указанных в правилах предоставления туристских услуг, либо неосуществление предупредительных мер, направленных на обеспечение безопасности туристов – 3 балла;
      непредставление или несвоевременное предоставление лицами, осуществляющими туристскую деятельность, заинтересованным государственным органам и семье туриста информации о чрезвычайных происшествиях с туристами во время путешествий – 3 балла;
      оказание туристских услуг лицами, осуществляющими туристскую деятельность, без заключения письменного договора на туристское обслуживание – 2 балла;
      отсутствие работников с туристским образованием, в том числе гидов (гидов-переводчиков), экскурсоводов, инструкторов туризма, имеющих лицензию на оказание услуг инструктора туризма – 2 балла;
      отсутствие собственной или арендованной материальной базы и (или) договоров с лицами, предоставляющими отдельные туристские услуги, входящие в туристский продукт – 2 балла;
      отсутствие собственного или арендованного помещения для офиса – 2 балла;
      отсутствие программы обслуживания туристов – 1 балл.
      7. В зависимости от суммы набранных баллов:
      к высокой степени риска относятся субъекты контроля, набравшие 6 баллов и выше;
      к средней степени риска – от 4 до 6 баллов;
      к незначительной степени риска – до 4 баллов.
      8. Основанием для приоритетного планирования проверок субъектов контроля одного уровня степени риска является наибольшая сумма баллов.
      9. Планирование проверок проводится с учетом даты последней проверки.

Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының орындалуы үшін жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің м.а 2011 жылғы 13 қыркүйектегі № 02-02-18/179 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің м.а 2011 жылғы 16 қыркүйектегі № 298 Бірлескен Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 30 қыркүйекте № 7218 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 743 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 31 шілдедегі № 588 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.06.2015 № 743 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 31.07.2015 № 588 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы Заңының 11-бабының 20) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 13-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының орындалуы үшін жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдері бекітілсін.
      2. «Туристік қызмет (туроператор, турагент) және ойын бизнесі саласындағы қауып-қатерлер дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 16 ақпандағы № 01-01-07/26 және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 18 ақпандағы № 70 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6117 болып тіркелген және «Казахстанская правда» газетінің 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 97-98, «Егемен Қазақстан» газетінің 2010 жылғы 21 сәуірдегі № 147-149 сандарында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті (Қ.Ғ.Кәкен):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрайымы Қ.Ғ.Кәкенге жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы           Қазақстан Республикасының
      Туризм және спорт министрінің    Экономикалық даму және сауда
      міндетін атқарушы                министрінің міндетін атқарушы
      ___________ Ә. Пірметов           ___________ М. Құсайнов

Қазақстан Республикасы   
Туризм және спорт министрінің
міндетін атқарушының    
2011 жылғы 13 қыркүйек  
№ 02-02-18/179       
Қазақстан Республикасы  
Экономикалық даму және  
сауда министрінің     
міндетін атқарушының   
2011 жылғы 16 қыркүйек
№ 298 бірлескен бұйрығымен
бекітілген      

Туристік қызмет туралы заңнаманың орындалуы үшін
жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер дәрежесін
бағалау өлшемдері

      1. Осы Өлшемдер «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» және «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес туристік қызмет (туроператорлық, турагенттік қызмет) субъектілерін тәуекел дәрежелеріне жатқызу мақсатында тәуекел көрсеткіштерін айқындау үшін әзірленді.
      2. Осы Өлшемдерде мынадай ұғымдар пайдаланылған:
      1) бақылау субъектісі – туристік операторлар (туроператорлар), туристік агенттер (турагенттер);
      2) тәуекел - тексерілетін субъектінің қызметі нәтижесінде, адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне салдарының ауырлық дәрежесі ескерілетін зиян келтіру ықтималдығы.
      3. Тәуекел дәрежесіне байланысты бақылау субъектілері жоғары, орташа не болмашы тәуекел дәрежесі бар топтарға жатқызылады.
      4. Тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері объективті және субъективті өлшемдерге бөлінеді:
      1) объективті өлшемдер – бақылау субъектілерінің қызметін жүзеге асырған кезде болуы мүмкін тәуекелдің маңыздылығына негізделген;
      2) субъективті өлшемдер туристік қызмет (туроператор, турагент) субъектілері жол берген белгіленген заңнама талаптарды бұзушылықтарға байланысты анықталады.
      5. Тәуекел дәрежесі бойынша бақылау субъектілерін алғашқы реттік бөлу тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемдері негізінде жүзеге асырылады.
      Туристік қызмет субъектілері объективті өлшемдер бойынша мынадай тәуекел дәрежелеріне бөлінеді:
      - орташа тәуекел дәрежесі – туристік қызметті 5 жылдан аз жүзеге асыратын туроператорлардың қызметі;
      - болмашы тәуекел дәрежесі – туристік қызметті 5 жылдан артық жүзеге асыратын туроператорлардың қызметі.
      6. Бақылау субъектілерін тәуекел топтарына келесі бөлу тиісті балл берілетін субъективті өлшемдерді ескере отырып жүзеге асырылады:
      туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының болмауы – 3 балл;
      туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың туристерге саяхаттың ерекшеліктері, саяхат жасаған кезде олар кездесуі мүмкін қауіп-қатерлер туралы туристік қызмет көрсету ережесінде көрсетілген мәліметтерді ұсынбауы, уақытында немесе толық ұсынбауы, не туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шараларын жүзеге асырмауы – 3 балл;
      туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мүдделі мемлекеттік органдарға және туристің жанұясына саяхат жасау барысында туристермен болған төтенше оқиғалар туралы ақпарат бермеуі немесе ақпаратты уақтылы ұсынбауы – 3 балл;
      туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың туристік қызмет көрсетуге арналған жазбаша шартты жасаспай туристік қызмет көрсетуі – 2 балл;
      туристік білімі бар қызметкердің, соның ішінде гидтердің (гид-аудармашының), саяхат жетекшісінің, туризм нұсқаушысының қызметін көрсетуге лицензиясы бар туризм нұсқаушыларының болмауы – 2 балл;
      меншікті немесе жалға алынған материалдық базасының және (немесе) туристік өнімге кіретін жекелеген қызметтерді ұсынатын тұлғалармен шарттардың болмауы – 2 балл;
      меншікті кеңсесінің немесе кеңсе үшін жалға алынған үй-жайының болмауы – 2 балл;
      туристерге қызмет көрсету бағдарламасының болмауы - 1 балл.
      7. Алған баллдарының жалпы қосындысына байланысты:
      жоғары тәуекел дәрежесіне 6 және одан жоғары балл алған бақылау субъектілері жатқызылады;
      орташа тәуекел дәрежесіне - 4 балдан 6 балға дейін;
      болмашы тәуекел дәрежесіне - 4 балға дейін.
      8. Тәуекел дәрежесі бір деңгейдегі бақылау субъектілерін тексерулерді басымдықты жоспарлау үшін ең көп балл жиыны негіз болып табылады.
      9. Тексерулерді жоспарлау соңғы тексеру күнін ескере отырып жүргізіледі.