Об утверждении Правил проведения собрания (схода) местного сообщества и принятия решений

Решение Кызылординского областного маслихата от 29 июня 2011 года N 297. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 02 августа 2011 года за N 4273. Утратило силу решением Кызылординского областного маслихата от 21 августа 2013 года N 140

      Сноска. Утратило силу решением Кызылординского областного маслихата от 21.08.2013 N 140.

      В соответствии с пунктом 2 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" от 23 января 2001 года Кызылординский областной маслихат РЕШИЛ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила проведения собрания (схода) местного сообщества и принятия решений.
      2. Отменить решения Кызылординского областного маслихата "Об утверждении Правил проведения собрания (схода) местного сообщества и принятия решений в Кызылординской области" от 26 июня 2009 года N 163.
      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель XXXХІ
      сессии Кызылординского
      областного маслихата                    М. Абилкасимов

      Секретарь Кызылординского
      областного маслихата                     Н. Кудайбергенов

      Утверждено
      решением Кызылординского
      областного маслихата
      от 29 июня 2011 года N 297

Правила
      проведения собрания (схода) местного сообщества и принятия решений

      Настоящие правила разработаны в соответствии со статьей 39-3 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и определяют порядок проведения собрания (схода) местного сообщества и принятия решений.

1. Общие положения

      1. Собрание (схода) местного сообщества (Далее-Собрание), является одной из форм прямого волеизъявления населения, проживающего на территории административно-территориальной единицы, и проводится для обсуждения вопросов местного значения.
      2. Члены местного сообщества участвует в собрании лично, и каждый из них обладает одним голосом.
      3. Основанием для признания гражданина Республики Казахстан членом местного сообщества является факт его регистрации по месту жительства на территории административно-территориальной единицы, в границах которой осуществляется местное самоуправление.
      Иностранцы и лица без гражданства, имеющие постоянное место жительства на территории местного сообщества, имеют право на участие в осуществлении местного самоуправления в пределах, установленных Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" или международным договором.

2. Инициаторы проведения собрания

      4. Собрание может проводиться по инициативе:
      1) членов местного сообщества;
      2) соответствующего маслихата;
      3) соответствующего акима.

3. Порядок назначения и проведения собрания

      5. Собрание проводится не позднее 30 календарных дней со дня внесения письменного предложения (решения) об этом органом местного самоуправления.
      6. Дата и место проведения собрания, вопросы, выносимые на его рассмотрение, а также принятие по ним решения подлежат опубликованию в средствах массовой информации.
      7. Для ведения собрания избирается президиум, состоящий из председателя, секретаря президиума и других лиц по усмотрению участников собрания.
      Выборы состава президиума, утверждение повестки дня, регламента проведения собрания производится простым большинством голосов по представлению инициатора проведения собрания или участников собрания.
      Избранный председатель собрания одновременно является лицом, уполномоченным представлять собрание граждан во взаимоотношениях с органами местного самоуправления и должностными лицами местного самоуправления.
      8. Во время проведения собрания члены местного сообщества могут поднимать проблемы и вносить предложения по вопросам, относящимся к ведению местного самоуправления.

4. Правила принятия решений собрания

      9. Решения общих собраний членов местного сообщества принимаются большинством голосов и оформляются протоколом.
      Протокол должен содержать дату и место проведения, количество членов местного сообщества или их представителей, принявших участие в работе собраний и принятые на них решения, подписываться председателем и секретарем собрания.
      10. Решения собраний принимаются открытым или тайным голосованием.
      11. Решения, принятые на собрании, не нуждаются в утверждении какими-либо органами государственной власти, их должностными лицами или органами местного самоуправления и могут быть направлены в органы местного самоуправления.
      12. В случае несогласия с принятым решением оно может быть обжаловано членами сообщества и другими лицами в установленном законодательством Республики Казахстан.
      13. Финансирование подготовки и проведения собрания осуществляется за счет средств местного сообщества.

Жергілікті қоғамдастықтың жиналысын (жиынын) өткізудің және шешімдерін қабылдаудың ережесін бекіту туралы

Қызылорда облыстық мәслихатының 2011 жылғы 29 маусымдағы N 297 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 02 тамызда N 4273 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 2013 жылғы 21 тамыздағы N 140 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 21.08.2013 N 140 шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3-бабының 2-тармағына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген "Жергілікті қоғамдастықтың жиналысын (жиынын) өткізудің және шешімдерін қабылдаудың ережесі" бекітілсін.
      2. "Қызылорда облысында жергілікті қоғамдастықтар жиналысын (жиынын) өткізу және шешімдер қабылдау ережесін бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2009 жылғы 26 маусымдағы N 163 шешімі жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облыстық
      мәслихатының XXXХI
      сессиясының төрағасы                     М. Әбілқасымов

      Қызылорда облыстық
      мәслихатының хатшысы                     Н. Құдайбергенов

      Қызылорда облыстық мәслихатының
      2011 жылғы 29 маусымдағы
      N 297 шешімімен бекітілген

      Жергілікті қоғамдастықтың жиналысын (жиынын) өткізу және шешімдер қабылдау
      ЕРЕЖЕСІ

      Жергілікті қоғамдастықтың жиналысын (жиынын) өткізудің және шешімдерін қабылдаудың тәртібін айқындайтын осы Ереже Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді.

       1. Жалпы ережелер

      1. Жергілікті қоғамдастықтың жиналысы (жиыны) (бұдан әрі-Жиналыс) әкімшілік-аумақ шегінде тұратын тұрғындардың тікелей пікір білдіруінің бір түрі болып табылады және жергілікті маңыздағы мәселелерді талқылау үшін өткізіледі.
      2. Жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысқа өзі қатысады және олардың әрқайсысы бір дауысқа ие болады.
      3. Қазақстан Республикасының азаматын жергілікті қоғамдастық мүшесі ретінде тану үшін оның жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұрғылықты жері бойынша тіркелу фактісі негіз болады.
      Жергілікті қоғамдастық аумағында тұрақты тұратын жері бар шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңында немесе халықаралық шартта белгіленген шектерде жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыруға қатысады.

       2. Жиналыс өткізудің бастамашылары

      4. Жиналысын өткізуге:
      1) жергілікті қоғамдастық мүшелері;
      2) тиісті мәслихат;
      3) тиісті әкім бастамашы болуы мүмкін.

       3. Жиналысты тағайындаудың және өткізудің тәртібі

      5. Жиналыс ол туралы жазбаша ұсыныс (шешім) жергілікті өзін-өзі басқару органдарына енгізілген күннен бастап 30 күнтізбелік күннен кешіктірілмей өткізіледі.
      6. Жиналыстың өтетін күні мен орны, оның қарауына енгізілетін мәселелер, сондай-ақ, олар бойынша қабылданған шешімдер бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады.
      7. Жиналысты жүргізу үшін оған қатысушылардың қалауы бойынша төрағадан, хатшыдан және басқа да адамдардан тұратын төралқа сайланады.
      Жиналыстың төралқасының құрамын сайлау, күн тәртібін және оны өткізу регламентін бекіту Жиналысты өткізу бастамашысының немесе Жиналысқа қатысушылардың ұсынысы бойынша қатысушылардың көпшілік даусымен жүзеге асырылады.
      Жиналыс төрағасы жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және олардың лауазымды тұлғаларымен өзара қатынаста Жиналыс атынан сөйлейтін өкілетті тұлға болып табылады.
      8. Жергілікті қоғамдастық мүшесі Жиналыс өткізу кезінде жергілікті өзін-өзі басқаруды жүргізуге байланысты мәселелер көтеріп, ұсыныстар енгізе алады.

       4. Жиналыстың шешімдерін қабылдау тәртібі

      9. Жиналыстың шешімдері қатысушылардың көпшілік даусымен қабылданады және хаттамамен рәсімделеді.
      Хаттамада Жиналыстың өткізілген күні мен орны, оның жұмысына қатысқан жергілікті қоғамдастық мүшелерінің саны және онда қабылданған шешімдер көрсетіліп, оған Жиналыс төрағасы және хатшысы қол қояды.
      10. Жиналыстың шешімдері ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы қабылдануы мүмкін.
      11. Жиналыста қабылданған шешімдер қандай да бір мемлекеттік билік органдарының, олардың лауазымды тұлғаларының немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдарының бекітуін қажет етпейді және жергілікті өзін-өзі басқару органына жіберілуі мүмкін.
      12. Жиналыста қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда қоғамдастық мүшелері немесе басқа тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалары тәртібімен сәйкес оған шағым бере алады.
      13. Жиналысты дайындауды және өткізуді қаржыландыру жергілікті қоғамдастық қаражатының есебінен жүзеге асырылады.