Об установлении квоты на рабочие места

Постановление Кармакшинского районного акимата Кызылординской области от 20 июня 2011 года N 16. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 11 июля 2011 года за N 10-5-161. Утратило силу постановлением Кармакшинского районного акимата Кызылординской области от 10 июня 2013 года N 140

      Сноска. Утратило силу постановлением Кармакшинского районного акимата Кызылординской области от 10.06.2013 N 140.

      Сноска. Заголовок в редакции постановления Кармакшинского районного акимата Кызылординской области от 27.08.2012 N 228.

      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года N 148 "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и от 23 января 2001 года N 149-ІІ "О занятости населения" акимат Кармакшинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      Сноска. Преамбула в редакции постановления Кармакшинского районного акимата Кызылординской области от 27.08.2012 N 228.
      1. Установить квоту в размере трех процентов от общей численности рабочих мест для инвалидов и в размере одного процента рабочих мест для лиц, состоящих на учете пробации уголовно - исполнительной инспекции, а также для лиц, освобожденных из мест лишения свободы.
      Сноска. Пункт 1 в редакции постановления Кармакшинского районного акимата Кызылординской области от 27.08.2012 N 228.
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Е.Калиеву.
      3. Отменить Постановление акимата Кармакшинского района от 27 мая 2011 года за N 1218 "Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов и лиц, освободившихся из мест лишения свободы в Кармакшинском районе"
      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования.
      Сноска. Пункт 4 в редакции постановления Кармакшинского районного акимата Кызылординской области от 27.08.2012 N 228.
      5. Государственному учреждению "Кармакшинский районный отдел занятости и социальных программ" (начальник Кошалаков А.) обеспечить трудоустройством подавших заявление инвалидов и лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы в соответствии с установленной квотой.
      Сноска. Постановление дополнено пунктом 5 в соответствии с постановлением Кармакшинского районного акимата Кызылординской области от 27.08.2012 N 228.

      Аким Кармакшинского района                М. Ергешбаев  

Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 20 маусымдағы N 16 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2011 жылы 11 шілдеде N 10-5-161 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 10 маусымдағы N 140 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 10.06.2013 N 140 қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2012.08.27 N 228 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 және "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149-ІІ Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2012.08.27 N 228 қаулысымен.  
      1. Жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін және қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының бір проценті мөлшеріндегі квота белгіленсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2012.08.27 N 228 қаулысымен. 
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Е.Қалиевке жүктелсін.
      3. Қармақшы ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 27 мамырдағы "Қармақшы ауданында мүгедектер мен бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" N 1218 қаулысы жойылсын.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2012.08.27 N 228 қаулысымен.
      5. "Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бастығы Ә.Қошалақов) жұмысқа орналасу үшін өтініш берген мүгедектерді және қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарына орналастыруын қамтамасыз етсін.
      Ескерту. Қаулы 5-тармақпен толықтырылды - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2012.08.27 N 228 қаулысымен.

      Қармақшы ауданының әкімі                  М. Ергешбаев