Об организации и обеспечении на территории района имени Габита Мусрепова приписки граждан Республики Казахстан мужского пола, которым в год приписки исполняется семнадцать лет и старших возрастов, не прошедших приписку к призывному участку ранее

Решение акима района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области от 9 декабря 2011 года N 33. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 15 декабря 2011 года N 13-5-138. Утратило силу в связи с истечением срока действия (письмо аппарата акима района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области от 13 сентября 2012 года N 02.09.01-05/986)

      Сноска. Утратило силу в связи с истечением срока действия (письмо аппарата акима района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области от 13.09.2012 N 02.09.01-05/986)

      В соответствии с подпунктом 13) пункта 1 статьи 33 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года № 148 «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», статьей 17 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года № 74 «О воинской обязанности и воинской службе», постановлением Правительства Республики Казахстан от 5 мая 2006 года № 371 «Об утверждении Правил о порядке ведения воинского учета военнообязанных и призывников в Республике Казахстан», аким района РЕШИЛ:
      1. Организовать и обеспечить на территории района имени Габита Мусрепова приписку граждан Республики Казахстан мужского пола 1995 года рождения, которым в год приписки исполняется семнадцать лет, а также граждан мужского пола старших возрастов ранее не прошедших приписку к призывному участку с января по март 2012 года.
      2. Признать утратившим силу решение акима района от 26 ноября 2010 года № 24 «О проведении приписки граждан Республики Казахстан мужского пола 1994 года рождения к призывному участку отдела по делам обороны района имени Габита Мусрепова» (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 13-5-118 от 14 декабря 2010 года и опубликованное в районных газетах «Новости Приишимья» от 27 декабря 2010 года за № 52, «Есіл өңірі» от 27 декабря 2010 года за № 52).
      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на Тайшабаеву А.Ж., заместителя акима района.
      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого его официального опубликования.

      Аким района                                М. Тасмаганбетов

      СОГЛАСОВАНО:

      Начальник государственного учреждения
      «Отдел по делам обороны района имени
      Габита Мусрепова»                          Т. Бидайбеков

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан аумағында Қазақстан Республикасының тіркеу жылы он жеті жасқа толатын жынысы ер азаматтарды, сондай-ақ жасы үлкен тіркеуді өтпеген жынысы ер ересек азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеу жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімінің 2011 жылғы 9 желтоқсандағы N 33 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 15 желтоқсанда N 13-5-138 тіркелді. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімі аппаратының 2012 жылғы 13 қыркүйектегі N 02.09.01-05/986 хаты)

      Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімі аппаратының 2012.09.13 N 02.09.01-05/986 хаты)

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 33-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңы 17-бабына, «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысына сәйкес, аудан әкімі ШЕШТІ:
      1. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан аумағында Қазақстан Республикасының тіркеу жылы он жеті жасқа толатын жынысы ер азаматтарды, сондай–ақ жасы үлкен тіркеуді өтпеген жынысы ер ересек азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне 2012 жылғы қаңтар-наурыз аралығында тіркеу жүргізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. «1994 жылы туған Қазақстан Республикасының ер азаматтарын Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскерге шақырушылар учаскесіне тіркеу жүргізу туралы» аудан әкімінің 2010 жылғы 26 қарашадағы № 24 шешімінің күші жойылды деп танылсын («Новости Приишимья» 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 52, «Есіл Өңірі» 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 52 аудандық газеттерінде жарияланған және 2010 жылғы 14 желтоқсандағы № 13-5-118 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде тіркелген).
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Ж. Тайшабаеваға жүктелсін.
      4. Осы шешімі бірінші ресми түрде жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                М. Тасмағанбетов

      КЕЛІСІЛДІ:

      «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның
      Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Т. Бидайбеков