Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімінің 2011.12.09 N 33 Шешімімен
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы № 148 Заңы 33-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңы 17-бабына, «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысына сәйкес, 1994 жылы туған азаматтарды Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскерге шақырылушылар учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру мақсатында, аудан әкімі ШЕШТІ:
1. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан аумағында қорғаныс істері жөніндегі бөліміне Қазақстан Республикасының жынысы ер 1994 жылы туған азаматтарды және тіркеу жылы он жеті жасқа толатын, сондай–ақ жасы үлкен тіркеуді өтпеген ересек азаматтарды әскерге шақыру тіркеуіне қатыстырылуы 2011 жылғы қаңтар-наурыз айлары аралығында жүргізілуі ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. «1993 жылы туған Қазақстан Республикасының ер азаматтарын Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскерге шақырушылар учаскесіне тіркеу жүргізу туралы» аудан әкімінің 2009 жылғы 28 желтоқсандағы № 19 шешімінің күші жойылды деп танылсын («Новости Приишимья» аудандық газетінде 2010 жылғы 18 қаңтарынан № 3 жарияланған және 2010 жылғы 6 қаңтардағы № 13-5-105 мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тіркелімінде тіркелген).
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Алтыншаш Жұлдызбекқызы Тайшабаеваға жүктелсін.
4. Осы қаулы ресми түрде жарияланған он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа еңгізіледі.
Аудан әкімі М. Тасмағанбетов
КЕЛІСІЛДІ:
«Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның К.Г. Рожнов
Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығының
міндеттерін уақытша атқарушы