О внесении изменений в приказ Министра охраны окружающей среды Республики Казахстан от 7 мая 2007 года № 135-П "Об утверждении Правил проведения общественных слушаний"

Приказ Министра охраны окружающей среды Республики Казахстан от 2 апреля 2012 года № 88-Ө. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 23 апреля 2012 года № 7589. Утратил силу приказом и.о. Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 3 августа 2021 года № 286.

      Сноска. Утратил силу приказом и.о. Министра экологии, геологии и природных ресурсов РК от 03.08.2021 № 286 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 30) статьи 17 Экологического Кодекса Республики Казахстан от 9 января 2007 года № 212-III ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра охраны окружающей среды Республики Казахстан от 7 мая 2007 года № 135-п "Об утверждении Правил проведения общественных слушаний" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 4687, опубликованный в "Юридической газете" от 15 июня 2007 года № 90 (1293)) следующие изменения:

      Правила проведения общественных слушаний, утвержденные указанным приказом, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Департаменту экологического законодательства и правового обеспечения Министерства охраны окружающей среды Республики Казахстан обеспечить официальное опубликование настоящего приказа в средствах массовой информации после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня их первого официального опубликования.

Министр

Н. Каппаров


  Приложение к приказу
Министра охраны окружающей среды
Республики Казахстан
от 2 апреля 2012 года № 88-Ө
Утверждены приказом
Министра охраны окружающей среды
Республики Казахстан
от 7 мая 2007 года № 135-п

Правила проведения общественных слушаний
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила проведения общественных слушаний (далее - Правила) разработаны в соответствии с Экологическим Кодексом Республики Казахстан и устанавливают порядок проведения общественных слушаний с целью обсуждения проектов, реализация которых может непосредственно повлиять на окружающую среду и здоровье граждан, а также планов мероприятий по охране окружающей среды, разработанных для объектов I и II категории для получения разрешений на эмиссии в окружающую среду (далее - проекты планов мероприятий по охране окружающей среды).

      2. Правила основаны на принципах обеспечения конституционных прав граждан и общественных организаций Республики Казахстан на своевременное получение достоверной и полной информации о состоянии окружающей среды и участие общественности в процессе принятия экологически значимых решений.

      3. В настоящих Правилах используются следующие термины и определения:

      1) общественность - физические или юридические лица, включая общественные объединения, выражающие интересы населения;

      2) заинтересованная общественность - это общественность, на которую влияет реализация решений по вопросам, касающимся окружающей среды;

      3) общественные слушания - это процедура выявления общественного мнения с целью ее учета при принятии решений по вопросам, которые могут негативно повлиять на состояние окружающей среды;

      4) заказчик - инициатор намечаемой управленческой, хозяйственной, инвестиционной и иной деятельности;

      5) проект плана мероприятий по охране окружающей среды – документ, содержащий комплекс технологических, технических, организационных, социальных и экономических мер, направленных на охрану окружающей среды и улучшение ее качества.

      4. Общественные слушания проводятся по проектам, реализация которых может непосредственно повлиять на окружающую среду и здоровье граждан, а также по проектам планов мероприятий по охране окружающей среды.

      5. Общественные слушания предполагают равные для всех права высказать свое аргументированное мнение по обсуждаемому вопросу на основе изучения документальной информации, имеющей отношение к обсуждаемому вопросу и не содержащей конфиденциальных сведений.

      6. Участниками общественных слушаний являются:

      1) заинтересованная общественность;

      2) общественные и неправительственные организации и объединения;

      3) местные исполнительные и представительные органы, государственные органы, к компетенции которых относится принятие обсуждаемых решений;

      4) средства массовой информации (далее - СМИ).

      7. Общественные слушания по обсуждению проектов, реализация которых может непосредственно повлиять на окружающую среду и здоровье граждан и (или) проектов планов мероприятий по охране окружающей среды организует заказчик.

      8. Заказчик предварительно согласовывает с местными исполнительными органами (на территории которого планируется проведение работ) время и место проведения общественных слушаний и публикует объявление в СМИ о проведении общественных слушаний по проектам, реализация которых может непосредственно повлиять на окружающую среду и здоровье граждан и (или) проектов планов мероприятий по охране окружающей среды с указанием времени и места их проведения. Публикация объявления должна осуществляться на государственном и русском языках.

      Заказчик может использовать дополнительно и другие способы информирования общественности (информационные листки, стенды).

      9. В объявлении указывается также адрес по которому представители общественности могут ознакомиться с материалами проектов, реализация которых может непосредственно повлиять на окружающую среду и здоровье граждан и (или) проектами планов мероприятий по охране окружающей среды.

      10. Начиная с даты официального объявления об организации общественных слушаний по проектам, реализация которых может непосредственно повлиять на окружающую среду и здоровье граждан и (или) проектов планов мероприятий по охране окружающей среды Заказчик обеспечивает доступ представителей общественности к вышеуказанным проектам, осуществляет прием и регистрацию замечаний и предложений.

2. Порядок проведения общественных слушаний

      11. В день общественных слушаний в назначенное время и в назначенном месте проводится регистрация участников слушаний (15 - 30 минут перед началом слушаний).

      12. Общественные слушания открывает представитель местного исполнительного органа.

      13. Большинством голосов участников утверждается повестка дня, регламент, избираются председатель и секретарь.

      14. Заслушиваются доклады представителей Заказчика о проектах, реализация которых может непосредственно повлиять на окружающую среду и здоровье граждан и (или) проектов планов мероприятий по охране окружающей среды.

      15. На слушаниях предоставляется право высказаться всем желающим согласно установленного регламента и задать вопросы докладчикам. Докладчики отвечают на вопросы представителей общественности.

      16. Заказчик организовывает запись и сбор докладов, вопросов, ответов и выступлений. При выполнении аудио - и видеозаписей официальными представителями СМИ все участники слушаний ставятся в известность.

      17. Результаты общественных слушаний оформляются протоколом общественных слушаний, который подписывается председателем и секретарем. Один экземпляр протокола по результатам проектов, реализация которых может непосредственно повлиять на окружающую среду и здоровье граждан передается в местные исполнительные органы, по проектам плана мероприятий по охране окружающей среды – в орган выдающий разрешение, в соответствии с пунктом 3 статьи 71 Экологического кодекса Республики Казахстан.

      18. Заказчик проводит анализ результатов общественных слушаний и принимает решение о доработке проектов, реализация которых может непосредственно повлиять на окружающую среду и здоровье граждан и (или) плана мероприятий по охране окружающей среды с учетом общественного мнения.

      19. Общественные слушания проводятся независимо от количества присутствующих представителей общественности, в том числе заинтересованной общественности, пришедших в назначенное время.

"Қоғамдық тыңдауларды өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 7 мамырдағы № 135-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 2 сәуірдегі № 88-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 23 сәуірде № 7589 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 3 тамыздағы № 286 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 03.08.2021 № 286 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212-III Экологиялық кодексінің 17-бабының 30) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қоғамдық тыңдауларды өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 7 мамырдағы № 135-ө бұйрығына (Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 4687 тіркелген, 2007 жылғы 15 маусымдағы № 90 (1293) "Заң газетінде" жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қоғамдық тыңдауларды өткізу ережесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық заңнама және құқықтық қамтамасыз ету департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуінен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Н. Қаппаров


  Қазақстан Республикасы Қоршаған
ортаны қорғау министрінің
2012 жылғы 2 сәуірдегі
№ 135-ө бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Қоршаған
ортаны қорғау министрінің
2012 жылғы 7 мамырдағы № 135-ө
бұйрығымен бекітілген

Қоғамдық тыңдауларды өткізу ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қоғамдық тыңдауларды өткізу ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес әзірленген және оларды іске асыру қоршаған орта мен азаматтардың денсаулығына тікелей әсер ететін жобаларды, сондай-ақ қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар алу үшін І және ІІ санат объектілеріне әзірленген қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарларын (бұдан әрі – қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарларының жобалары) талқылау мақсатында қоғамдық тыңдауларды өткізу тәртібін белгілейді.

      2. Ереже қоршаған ортаның жай-күйі туралы шынайы және толық ақпаратты уақытылы алуға және жұртшылықтың экологиялық мәні бар шешімдер қабылдау процесіне қатысуға Қазақстан Республикасының азаматтары мен қоғамдық ұйымдарының конституциялық құқығын қамтамасыз ету қағидаттарына негізделген.

      3. Осы Ережелерде мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

      1) жұртшылық – халықтың мүддесін білдіретін қоғамдық бірлестіктерді қоса алғанда, жеке немесе заңды тұлғалар;

      2) мүдделі жұртшылық – бұл қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша шешімдерді іске асыру әсер ететін жұртшылық;

      3) қоғамдық тыңдаулар – бұл қоршаған ортаның жай-күйіне кері әсер етуі мүмкін мәселелер бойынша шешімдер қабылдау кезінде қоғамдық пікірді ескеру мақсатында оны анықтау рәсімі;

      4) тапсырыс беруші – көзделіп отырған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық және өзге қызметтің бастамашысы;

      5) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасы - қоршаған ортаны қорғауға және оның сапасын жақсартуға бағытталған технологиялық, техникалық, ұйымдастырушылық, әлеуметтік және экономикалық шаралар кешенін қамтитын құжат.

      4. Қоғамдық тыңдаулар іске асырылуы қоршаған ортаға және азаматтардың денсаулығына тікелей әсер етуі мүмкін жобалар бойынша, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарларының жобалары бойынша өткізіледі.

      5. Қоғамдық тыңдаулар талқыланатын мәселеге қатысы бар және құпиялы мәліметтері жоқ құжаттамалық ақпаратты зерделеу негізінде талқыланатын мәселе бойынша барлығы үшін тең өзінің дәлелді пікірін айтудың құқығын көздейді.

      6. Қоғамдық тыңдаулардың қатысушылары:

      1) мүдделі жұртшылық;

      2) қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдар мен бірлестіктер;

      3) талқыланатын шешімдерді қабылдау құзыретіне жататын жергілікті атқарушы және өкілетті органдар, мемлекеттік органдар;

      4) бұқаралық ақпараттар құралдары (бұдан әрі - БАҚ) болып табылады.

      7. Оларды іске асыру қоршаған орта мен азаматтардың денсаулығына тікелей әсер ететін жобаларды және (немесе) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарларының жобаларын талқылау жөніндегі қоғамдық тыңдауларды тапсырыс беруші ұйымдастырады.

      8. Тапсырыс беруші жергілікті атқарушы органдармен (олардың аумағында жұмыстар жүргізу жоспарланып отырған) қоғамдық тыңдауларды өткізу уақыты мен орнын алдын ала келіседі және БАҚ-та көзделіп отырған оларды іске асыру қоршаған орта мен азаматтардың денсаулығына тікелей әсер ететін жобаларды және (немесе) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарларының жобалары бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы хабарламаны оларды өткізу уақыты мен орнын көрсете отырып жариялайды. Хабарламаларды жариялау мемлекеттік және орыс тілдерінде жүзеге асырылуы тиіс.

      Тапсырыс беруші жұртшылықты ақпараттандырудың тәсілдерін (ақпараттық парақтар, стендтер және басқалары) қосымша пайдалана алады.

      9. Хабарландыруда жұртшылық өкілдері оларды іске асыру қоршаған орта мен азаматтардың денсаулығына тікелей әсер ететін жобалардың материалдарымен және (немесе) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарларының жобаларымен таныса алатын мекенжай көрсетіледі.

      10. Оларды іске асыру қоршаған орта мен азаматтардың денсаулығына тікелей әсер ететін жобаларды және (немесе) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарларының жобалары бойынша қоғамдық тыңдауларды ұйымдастыру туралы ресми хабарлау күнінен бастап Тапсырыс беруші жұртшылық өкілдерінің жоғарыдағы жобаларға қолжетімділігін, ескертулер мен ұсыныстар қабылдау мен тіркеуді қамтамасыз етеді.

2. Қоғамдық тыңдауларды өткізу тәртібі

      11. Қоғамдық тыңдаулар күні белгіленген уақытта және белгіленген орында тыңдауларға қатысушыларды тіркеу өткізіледі (тыңдаулар басталардан 15-30 минут бұрын).

      12. Қоғамдық тыңдауларды жергілікті атқарушы органның өкілі ашады.

      13. Қатысушылардың көпшілік дауысымен күн тәртібі, регламент бекітіледі және төраға мен хатшы сайланады.

      14. Оларды іске асыру қоршаған орта мен азаматтардың денсаулығына тікелей әсер ететін жобалар және (немесе) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарларының жобалары туралы Тапсырыс беруші өкілдерінің баяндамалары тыңдалады.

      15. Тыңдауларда белгіленген регламентке сәйкес тілек білдіргендердің барлығына сөз сөйлеуге және баяндамашыларға сұрақтар қою құқығы ұсынылады. Баяндамашылар жұртшылық өкілдерінің сұрақтарына жауап береді.

      16. Тапсырыс беруші баяндамаларды, сұрақтарды, жауаптарды және сөз сөйлеулерді жазу мен жинақтауды ұйымдастырады. БАҚ ресми өкілдері дыбыс және бейне жазбаларды орындау кезінде тыңдауларға қатысушылардың барлығын хабардар етеді.

      17. Қоғамдық тыңдаулардың нәтижелері қоғамдық тыңдаулар хаттамасымен ресімделеді, оған төраға мен хатшы қол қояды. Хаттаманың оларды іске асыру қоршаған орта мен азаматтардың денсаулығына тікелей әсер ететін жобалардың нәтижелері жөніндегі бір данасы жергілікті атқарушы органдарға, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарларының жобалары бойынша Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 71-бабының 3-тармағына сәйкес рұқсат беретін органға беріледі.

      18. Тапсырыс беруші қоғамдық тыңдаулардың нәтижелеріне талдау жасайды және қоғамдық пікірді ескере отырып, оларды іске асыру қоршаған орта мен азаматтардың денсаулығына тікелей әсер ететін жобаларды және (немесе) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарларының жобаларын пысықтау туралы шешім қабылдайды.

      19. Қоғамдық тыңдаулар белгіленген уақытта келген қатысушы жұртшылық өкілдерінің, оның ішінде мүдделі жұртшылықтың санына қарамастан өткізіледі.