Қоғамдық тыңдаулар өткізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 3 тамыздағы № 286 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 6 тамызда № 23901 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 58-бабының 2-тармағына, 73-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қоғамдық тыңдаулар өткізу қағидалары бекітілсін.

      2. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық саясат және тұрақты даму департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстардың жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің м.а.
А. Примкулов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің
міндетін атқарушы
2021 жылғы 3 тамыздағы
№ 286 бұйрығымен
бекітілген

Қоғамдық тыңдауларды өткізу қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 06.03.2024 № 58 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қоғамдық тыңдауларды өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Экология кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 58-бабының 2-тармағына, 73-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және онда қоғамдық тыңдауларды өткізу тәртібі айқындалады.

      2. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады:

      1) жұртшылық – бір немесе бірнеше жеке немесе заңды тұлға, коммерциялық емес ұйымдар, сондай-ақ қауымдастықтар, одақтар немесе өзге де бірлестіктер;

      2) мүдделі жұртшылық – қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша қабылданатын шешімдерде мүдделері қозғалатын немесе қозғалуы мүмкін немесе осы шешімдерді қабылдау үдерісіне қатысуға мүдделі жұртшылық;

      3) ықтимал әсерлер туралы есепті әзірлеуші – қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлға;

      4) қоғамдық тыңдаулар – қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – Ақпараттық жүйе) ашық жиналыстар өткізу, жария талқылауларын жүргізу арқылы қоршаған ортаны қорғау және Қазақстан Республикасының тұрақты дамуы мәселелері қозғалатын мемлекеттік және басқарушылық шешімдерді қабылдауға қоғамның қатысу нысандарының бірі;

      5) видеоконференцбайланыс – видеоконференц-байланыс – өзара қашық бірнеше абоненттің нақты уақыт режимінде аудио- және видеоақпарат алмасу мүмкіндігі беріліп, интерактивтік өзара іс-қимыл жасауы үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар пайдаланылатын көрсетілетін байланыс қызметі;

      6) әзірлеуші мемлекеттік орган – ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, балық шаруашылығы, энергетика, өнеркәсіп (пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруді қоса алғанда), көлік, қалдықтарды басқару, су шаруашылығы, телекоммуникация, туризм салаларындағы мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге, қалалық және ауылдық аумақтарды дамытуды, жерді пайдалану мен қорғауды жоспарлауға, сондай-ақ аумақтарды дамыту бағдарламалары мен елді-мекендердің бас жоспарларын әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган;

      7) қоғамдық тыңдаулардың бастамашысы:

      белгіленіп отырған қызметтің бастамашысы;

      облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы қоғамдық тыңдаулар өткізген жағдайда:

      Кодекстің 29-бабының 5-тармағына сәйкес қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарларының жобаларын;

      Кодекстің 205 бабының 8 тармағына сәйкес елді-мекендердің шекті жол берілетін шығарындыларының жиынтық томдарының жобаларын;

      Кодекстің 51-бабының 1-тармағында көрсетілген құжаттарды әзірлеуге жауапты әзірлеуші мемлекеттік орган;

      Кодекстің 113-бабы 6-тармағы екінші бөлігінің 5) тармақшасына сәйкес ең үздік қолжетімді техникалар бойынша анықтамалықтардың жобаларына қатысты қоғамдық тыңдаулар өткізілген жағдайда, ең үздік қолжетімді техникалар бойынша Бюро функцияларын жүзеге асыратын ұйым;

      қоғамдық экологиялық сараптама жүргізілген жағдайда Кодекстің 14-бабының 5) тармақшасына сәйкес коммерциялық емес ұйымдар.

      3. Қоғамдық тыңдаулар жөніндегі ақпаратты Ақпараттық жүйеде, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының және Кодекстің 52-бабының 3-тармағында санамаланған салалардағы мемлекеттік бағдарламалардың жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдардың (бұдан әрі – әзірлеуші мемлекеттік орган) ресми интернет-ресурстарында орналастыру үшін, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Қоғамдық тыңдаулар" арнайы айдары құрылады.

      4. Ақпараттық жүйені қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымы жүргізеді.

      Ақпараттық жүйе демалыс, мереке күндерін және жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы жұмыс істейді. Сағат 18.00-ден кейін келіп түскен сұрату хаттары мен қоғамдық тыңдауларды өткізу туралы хабарландыруларды тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      5. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына экологиялық рұқсат беруден бас тартуды (кодекстің 87-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайда) немесе мемлекеттік экологиялық сараптаманың теріс қорытындысын алғаннан кейін мемлекеттік экологиялық сараптамаға өтінішті қайта берген кезде, қоғамдық тыңдауларды қайта өткізу талап етілмейді, келесі жағдайларлы қоспағанда:

      1) егер қайта берілетін өтініш және (немесе) қоса беріліп отырған құжаттар Кодекстің 65-бабының 2-тармағында көзделген, бұрын қоғамдық тыңдауларда қаралмаған жоспарланған қызметке елеулі өзгерістерді болжаса;

      2) егер бұрын өткізілген қоғамдық тыңдаулардың хаттамасында осындай қоғамдық тыңдауларды өткізу барысында авторлары алып тастамаған жұртшылықтың ескертулері және (немесе) ұсыныстары болса;

      3) егер қоғамдық тыңдауларды өткізу кезінде Қазақстан Республикасы экология заңнамасының қоғамдық тыңдауларды өткізу тәртібіне қойылатын талаптарының бұзылуына жол берілген жағдайларды қоспағанда, қоғамдық тыңдауларды қайтадан өткізу талап етілмейді.

      Қоғамдық тыңдаулар мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу процесі басталғанға дейін аяқталған жағдайда, мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізуге арналған өтініш немесе экологиялық рұқсат беруге арналған өтініш қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімшілік-аумақтық бірліктеріне қоғамдық тыңдаулардың хаттамасына қол қойылған күннен бастап алты айдан кешіктірілмей жіберіледі.

2-тарау. Ашық жиналыстар нысанында қоғамдық тыңдауларды өткізу тәртібі

      6. Ашық жиналыс нысанындағы қоғамдық тыңдаулар келесі жағдайларда өткізіледі:

      1) Кодекстің 52-бабының 3-тармағында санамаланған салалардағы мемлекеттік бағдарламалардың жобаларына, аумақтарды дамыту бағдарламаларына және елді-мекендердің бас жоспарларына, стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есептің жобасына қатысты стратегиялық экологиялық бағалау жүргізу (оның ішінде трансшекаралық әсерлерді бағалау қоса жүргізілетін);

      2) ықтимал әсерлер туралы есептердің жобаларына қатысты қоршаған ортаға әсерді бағалау жүргізілген (оның ішінде трансшекаралық әсерлерді бағалау қоса жүргізілетін);

      3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының үш жылдық перспективаға арналған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарлары әзірленген;

      4) мыналар:

      экологиялық рұқсат алу үшін көзделген, қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін I санат объектілерін салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жобалау құжаттамалары;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 165 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10666 болып тіркелген) бекітілген Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларының (бұдан әрі – № 165 қағидалар) 9-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында ескерілген тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілерді қоспағанда, қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін II санат объектілерін, оның ішінде№ 165 қағидалардың 9-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында ескерілген өнеркәсіптік объектілерді, өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды, өзге де құрылыстарды салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жобалау құжаттамалары бойынша мемлекеттік экологиялық сараптама объектілеріне қатысты мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асырған;

      5) елді-мекендердің шекті жол берілетін шығарындыларының жиынтық томының жобалары әзірленген жағдайда жүргізіледі.

      7. Көзделіп отырған қызмет бір және одан да көп әкімшілік-аумақтық бірліктен (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтердің, кенттердің, ауылдардың) астам аумаққа әсер етуі мүмкін құжаттар бойынша қоғамдық тыңдаулар әрбір осындай әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында, оның ішінде:

      1) егер бүкіл республиканың аумағына қатысты болса – облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың әрбір әкімшілік орталығында және астанада;

      2) егер бірнеше облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және (немесе) астананың аумағына қатысты болса – облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың әрбір әкімшілік орталығында және (немесе) астанада;

      3) егер бірнеше ауданның аумағына қатысты болса – аудандардың әрбір әкімшілік орталығында;

      4) егер бірнеше ауылдың (ауылдық округтің), кенттің, облыстық және аудандық маңызы бар қаланың аумағына қатысты болса – әрбір ауылда (ауылдық округте), кентте, облыстық және аудандық маңызы бар қалада өткізіледі.

      Егер ауданда көзделіп отырған қызмет елді-мекендердің аумағына әсер етпесе, қоғамдық тыңдаулар осы ауданның көзделіп отырған қызмет объектісіне жақын елді-мекеннің аумағында өткізіледі.

      8. Қоғамдық тыңдаулардың бастамашысы (бұдан әрі – Бастамашы) жұртшылық үшін қолжетімді болатын, ұсынылатын орындарды, қоғамдық тыңдаулардың басталатын күні мен уақытын көрсете отырып, қатысы бар аумақтың шегінде толық немесе ішінара орналасқан тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) Ақпараттық жүйе арқылы қоғамдық тыңдауларды өткізуге сұрау салу хатын жібереді.

      9. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдары бес жұмыс күн ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылған қоғамдық тыңдаулар өткізуге сұрау салу хатын қарайды, қоғамдық тыңдаулар өткізуді келіседі және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Бастамашыға жауап хат жібереді.

      10. Осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес өткізу орны көзделіп отырған қызметті жүзеге асыру нәтижесінде ықпал етуі мүмкін әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағына жатпайтын, сондай-ақ өткізу күні мен уақыты демалыс және/немесе мереке күндеріне, жұмыс істемейтін уақытқа сәйкес келетін жағдайда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органы бас тартудың дәлелді себептерін көрсете отырып, қоғамдық тыңдаулар өткізуді келіспейді.

      11. Бастамашы қоғамдық тыңдауларды өткізу орны, күні мен уақыты келісілгеннен кейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымына және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдарына Ақпараттық жүйе арқылы мыналарды:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Қоғамдық тыңдаулар" айдарының толтырылған нысанын;

      2) осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес қоғамдық тыңдаулардың нысанасына қарай қоғамдық тыңдауларға шығарылатын құжаттар топтамасын;

      3) қоғамдық тыңдаулар өткізуді келісу туралы жауап хатты;

      4) қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы хабарландыруды немесе оның мерзімдік баспа басылымында (газетте) және кемінде бір теле немесе радиоарнада уақтылы орналастырылғанын растайтын құжатты жібереді.

      12. Ашық жиналыс арқылы өткізілетін қоғамдық тыңдауларға мынадай құжаттар ұсынылады:

      1) Кодекстің 52-бабының 3-тармағында санамаланған салалардағы мемлекеттік бағдарламалардың, аумақтарды дамыту бағдарламаларының және елді-мекендердің бас жоспарларының жобалары, стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есептің жобасы, оның ішінде Кодекстің 57-бабы 4-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10) тармақшалары бойынша қысқаша және жинақталған қорытындыларды қамтитын стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есептің резюмесі (стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есептерге қатысты стратегиялық экологиялық бағалау, оның ішінде трансшекаралық әсерлерді бағалау қоса жүргізілетін жағдайда);

      2) ықтимал әсерлер туралы есеп жобасы, оның ішінде Кодекстің 72-бабы 4-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12) тармақшаларында көрсетілген ақпарат жинақталған, қысқаша техникалық емес резюме (ықтимал әсерлер туралы есептердің жобаларына қатысты қоршаған ортаға әсерді бағалау, оның ішінде трансшекаралық әсерлерді бағалау қоса жүргізілетін жағдайда);

      3) үш жылдық перспективаға әзірленген қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобалары (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары әзірлейтін қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарларына қатысты);

      4) мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізілетін объектінің түріне байланысты міндетті мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізілетін объектілерге қатысты:

      экологиялық рұқсат алу үшін көзделген, қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін I санат объектілерді салу және (немесе) пайдаланудың жобалау құжаттамалары, жобалау құжаттамаларына қысқаша техникалық емес резюмесі;

      қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін II санаттағы объектілерді, оның ішінде № 165 Қағидалардың 9-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген өндірістік ғимараттар мен құрылысжайлардың өнеркәсіптік объектілерін, өзге де құрылысжайларды салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жобалау құжаттама топтамасы, жобалау құжаттамаларына қысқаша техникалық емес резюме.

      13. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымы және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдары Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды алғаннан кейін оларды екі жұмыс күні ішінде қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы хабарландырумен бірге ресми интернет-ресурстарға орналастырады.

      Қағидалардың 11 және 12-тармақтарында ескерілген құжаттар толық ұсынылмаған, сондай-ақ хабарландыруды орналастыру мерзімі сақталмаған жағдайда ведомстволық бағынысты ұйым оларды пысықтауға қайтарады.

      14. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдары тыңдауларды өткізу күні мен уақытын келісе отырып, Бастамашы мүдделі мемлекеттік органдардың, оның ішінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің (ауданның, облыстық және аудандық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің (ауданның, облыстық және аудандық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының әкімшілік-аумақтық бірліктердің (ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің), Бастамашы хабарлайтын және шақыратын ұйымдардың тізбесімен Ақпараттық жүйе арқылы хабардар етеді.

      15. Қоғамдық тыңдауға шығарылатын құжаттар Ақпараттық жүйеге және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының ресми интернет-ресурсына, сондай-ақ әзірлеуші мемлекеттік органның интернет-ресурсына қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күнге дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын танысу үшін орналастырылады.

      16. Қоғамдық тыңдауларды ашық жиналыстар нысанында өткізу үшін, көзделіп отырған қызметтің Бастамашысы қоғамдық тыңдаулар өткізілетіндігі туралы хабарландырудың:

      1) көзделіп отырған қызмет шегінде толық немесе ішінара қатысы бар, бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде кемінде бір мерзімді баспасөз басылымында (газет) және барлық тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің) аумағында таратылатын және/немесе орналасқан кемінде бір теле немесе радиоарна арқылы;

      2) жобаның атауы, қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күні, орны мен уақыты көрсетілген, Ақпараттық жүйеге сілтеме жасалған, еркін нысандағы хабарландырулардың мүдделі жұртшылық үшін қолжетімді орындарда таратылуын ұйымдастырады.

      Мүдделі жұртшылықты хабардар ету үшін ақпараттандырудың Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де тәсілдерін қосымша пайдалануға болады.

      17. Ашық жиналыстар арқылы қоғамдық тыңдауларды өткізу күні бұқаралық ақпарат құралдарында қоғамдық тыңдаулар өткізілетіндігі туралы хабарландыру орналастырылатын күннен бастап жиырма жұмыс күнінен ерте емес уақытқа белгіленеді.

      18. Мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылық ескертулері мен ұсыныстарын Ақпараттық жүйеде орналастырады, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органына қоғамдық тыңдаулар басталатын күнге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей қоғамдық тыңдауларға шығарылатын құжаттарға жазбаша нысанда (қағаз немесе электрондық жеткізгіште) ескертулері мен ұсыныстарын жібереді немесе қоғамдық тыңдаулардың өткізу барысында айтады.

      Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органы немесе әзірлеуші мемлекеттік орган мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылықтан алынған жазбаша нысандағы (қағаз немесе электрондық жеткізгіштердегі) ескертулер мен ұсыныстарды жиынтық кестеге енгізеді, ол жобамен бірге қоғамдық тыңдауларға шығарылады.

      19. Алынған ескертпелер мен ұсыныстарды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымы Ақпараттық жүйедегі "Қоғамдық тыңдаулар" айдарында және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдары ресми интернет-ресурсқа орналастырады.

      20. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың) немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің (ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің) әкімі аппаратының немесе әзірлеуші мемлекеттік органның өкілі ашық жиналыстың қоғамдық тыңдауларына қатысушыларды жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен жағдайда тіркейді және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес қоғамдық тыңдауларға қатысушылардың тіркеу парағына ақпаратты енгізеді.

      Қоғамдық тыңдауларға қатысушылар видеоконференцбайланыс арқылы конференция чатына тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) көрсете отырып хабарлама жолдау арқылы тіркеледі.

      21. Қоғамдық тыңдаулар аумағында тыңдаулар өткізілетін әкімшілік-аумақтық бірліктің (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органының немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің (ауылдар, кенттер, ауылдық округтер) әкімі аппараты өкілінің немесе әзірлеуші мемлекеттік орган өкілінің төрағалық етуімен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган өкілдерінің (I санат объектілері үшін), Бастамашысының (оның өкілінің) және мүдделі жұртшылықтың қатысуымен өткізіледі.

      22. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың) немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің (ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің) әкімі аппаратының жергілікті атқарушы органы немесе әзірлеуші мемлекеттік орган тіркеу басталғаннан бастап қоғамдық тыңдаулардың қорытындысы шығарылып, жабылғанға дейінгі барысының видео және аудиожазбасын қамтамасыз етеді. Видео-аудиожазба жасау барысында техникалық ақаулар туындаған кезде ашық жиналыс пен видеоконференция тоқтатылады және видео-аудиожазба мүмкіндігі қалпына келтірілген кезден бастап қайта жалғасады. Видео және аудиожазбадағы үзіліс туралы тыңдау хаттамасына жазба енгізіледі.

      Осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес, қоғамдық тыңдаулардың видео және аудиожазбасы бар электрондық жеткізгіш ашық жиналыс арқылы өткізілген қоғамдық тыңдаулардың хаттамасына (бұдан әрі – Хаттама) қоса тіркелуі тиіс.

      23. Қоғамдық тыңдаулар мынадай жағдайларда:

      1) мүдделі жұртшылықтың өкілдері болмаған кезде;

      2) қоғамдық тыңдаулардың құжаттары бойынша баяндама жасалмаған жағдайда;

      3) Ақпараттық жүйеде және ресми интернет-ресурста орналастырылған құжаттарда баяндалған ақпарат баяндамаға және ашық жиналыс арқылы өткізілетін қоғамдық тыңдауларда тыңдалатын құжаттарға сәйкес келмеген жағдайда;

      4) белгіленген қызметті жүзеге асыру нәтижесінде аумағына әсер етуі мүмкін әкімшілік–аумақтық бірліктер тізбесіне кірмейтін әкімшілік–аумақтық бірліктер аумағында қоғамдық тыңдауларды өткізген жағдайда өтпеді деп есептеледі.

      Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы үш жұмыс күні ішінде Ақпараттық жүйеде және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының және әзірлеуші мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарына өткізілмеген қоғамдық тыңдаулар туралы хабарламаны "Қоғамдық тыңдаулар" айдарында орналастырады.

      Жоғарыда аталған себептер бойынша өткізілмеген тыңдаулар туралы қоғамдық тыңдаулардың төрағасы хабарлайды.

      24. Қоғамдық тыңдаулардың төрағасы қоғамдық тыңдауларды ашады және оған қатысушылардың назарына қоғамдық тыңдаулар регламентін жеткізеді. Осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес, қоғамдық тыңдаулардың хатшысы қатысушылардың қатарынан қарапайым дауыс көпшілігімен сайланады және регламент бекітіледі.

      Бастамашы қоғамдық тыңдау тақырыбы бойынша баяндама жасайды.

      Қоғамдық тыңдауларды өткізу процесінде оған қатысып отырған кез келген адам белгіленген регламентке сәйкес өз ескертулері мен ұсыныстарын айтады.

      25. Қоғамдық тыңдауларды өткізу кезінде барлық ескертулер мен ұсыныстар қоғамдық тыңдаулар хаттамасына енгізіледі. Нақты тұжырымдалмаған және ескертулер мен ұсыныстардың мәнін көрсетпейтін немесе қоғамдық тыңдаулардың тақырыбына анық қатысы жоқ, мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың ескертулері мен ұсыныстары "Қоғамдық тыңдаулардың тақырыбына қатысы жоқ" деген белгімен ескертулер мен ұсыныстардың жиынтық кестесіне енгізіледі.

      26. Қоғамдық тыңдаулардың ашық жиналысын өткізу мерзімі қоғамдық тыңдаулардың өткізілетіні туралы хабарландыруда көрсетілген күннен бастап бес жұмыс күн қатарынан аспайды.

      27. Қоғамдық тыңдаулар аяқталғаннан кейін қоғамдық тыңдаулардың хатшысы Хаттама ресімдейді, оған мыналар енгізіледі:

      1) жазбаша нысанда ұсынылған немесе қоғамдық тыңдаулар өткізу барысында айтылған жұртшылықтың, мүдделі жұртшылықтың және мүдделі мемлекеттік органдардың барлық мәселелері, ескертулері мен ұсыныстары;

      2) барлық келіп түскен сұрақтарға, ескертулерге және ұсыныстарға Бастамашының жауаптары;

      3) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес сот тәртібімен және сотқа дейінгі тәртіппен хаттамаға шағымдану құқығы туралы ақпарат.

      28. Хаттамаға қоғамдық тыңдаулар аяқталған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қоғамдық тыңдаулардың төрағасы мен хатшысы қол қояды.

      29. Аумағында қоғамдық тыңдаулар өткізілген әкімшілік-аумақтық бірліктің (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органы немесе әзірлеуші мемлекеттік орган қол қойылған хаттаманы, қоғамдық тыңдаулардың видео және аудиожазбасын оған қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзім ішінде порталға және өзінің ресми интернет-ресурсына орналастырады.

      Хаттаманы Ақпараттық жүйеде орналастырған кезде әкімшілік-аумақтық бірліктің (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органы оны өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырады.

      30. Қоғамдық тыңдаулар аралас форматта (ашық жиналыс және видеоконференциялар) өткізіледі.

      Видеоконференцияны ұйымдастыру үшін уақыт пен қатысушылар саны бойынша шектеу қойылмайтын, тыңдауларды үздіксіз өткізу мүмкіндігін қамтамасыз ететін платформа пайдаланылады.

      Видеоконференция платформасы қатысушыларға нақты уақыт режимінде баяндамалар (презентациялар) және екіжақты байланыс материалдарын визуализациялау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

      Видеоконференцбайланысты ұйымдастыру мүмкіндігі болмаған жағдайда қоғамдық тыңдаулар ашық жиналыс форматында өткізіледі.

      Төтенше жағдай және (немесе) шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар енгізілген жағдайда, қоғамдық тыңдаулар видеоконференцбайланыс арқылы өткізіледі.

      31. Бастамашының қоғамдық тыңдау тақырыбы бойынша баяндамасы қазақ және орыс тілдерінде жоспарланған қызмет орны, оның шекараларын көрсететін жоспар, жоспарланған қызметті жүзеге асыру орны мен оған жақын орналасқан қоныстану аймақтары, елді-мекендер, су айдындары (оның ішінде су қорғау аймақтары, белгіленген жағдайда), ерекше қорғалатын аумақтар, ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын жерлер, мемлекеттік орман қоры жерлері), оларға дейінгі арақашықтықтар көрсетілген картографиялық материалдарды пайдалана отырып әзірленген электронды презентациясы қоса беріледі.

      Бастамашының баяндамасы:

      1) қоғамдық тыңдаулар стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі құжаттардың, есептердің жобалары бойынша өткізілген жағдайда, Кодекстің 57-бабының 4-тармағында санамаланған мәліметтерді (стратегиялық экологиялық бағалау кезінде, оның ішінде транспаренттік әсерлерді бағалаумен қоса);

      2) қоғамдық тыңдаулар ықтимал әсер ету туралы есептердің жобалары бойынша өткізілген жағдайда (қоршаған ортаға әсерді бағалау кезінде, оның ішінде трансшекаралық әсерлерді бағалаумен қоса), Кодекстің 72-бабының 4-тармағында санамаланған мәліметтерді;

      3) қоғамдық тыңдаулар қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарлары бойынша өткізілген жағдайда, Кодекстің 29-бабының 5-тармағында санамаланған мәліметтерді;

      4) әзірленетін құжаттарға қойылатын Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес міндетті түрде мемлекеттік экологиялық сараптамадан өтуі тиіс объектілер жөніндегі мәліметтерді;

      5) Кодекстің 119-бабының 6-тармағына сәйкес экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламалары бойынша мәліметтерді;

      6) көзделіп отырған қызметті жүзеге асырудың баламалы нұсқаларын бағалау туралы мәліметтерді қамтиды.

3-тарау. Ықтимал әсерлер туралы есептердің жобаларына қатысты ашық жиналыстар нысанында қоғамдық тыңдаулар өткізу

      32. Хаттамада мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың ескертулері мен ұсыныстары, сондай-ақ қоғамдық тыңдауларды өткізу барысында авторлары алып тастамаған ескертулер мен ұсыныстар болмаған жағдайда, қоғамдық тыңдаулардың төрағасы екі жұмыс күні ішінде қол қойылған хаттаманы Кодекстің 76-бабына сәйкес қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды дайындау үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға жібереді.

      33. Хаттамада қоғамдық тыңдауларды өткізу барысында авторлары алып тастамаған, мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың ескертулері мен ұсыныстары болған жағдайда, Бастамашы осындай ескертулер мен ұсыныстарға сәйкес ықтимал әсерлер туралы есеп жобасын пысықтауды қамтамасыз етеді.

      34. Төмендегі жағдайларды қоспағанда, ықтимал әсер ету туралы есептің жобасы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға қайтадан берілген кезде қоғамдық тыңдаулар қайтадан өткізу талап етілмейді:

      1) егер қайтадан берілетін ықтимал әсер ету туралы есептің жобасында қоғамдық тыңдауларда бұрын қаралмаған, осы Кодекстің 65-бабының 2-тармағында ескерілген, жоспарланып отырған қызметке енгізілетін елеулі өзгерістер қамтылған болса;

      2) егер бұрын өткізілген қоғамдық тыңдаулардың хаттамасында осындай қоғамдық тыңдауларды өткізу барысында авторлары алып тастамаған жұртшылықтың ескертулері және (немесе) ұсыныстары бар болса;

      3) егер қоғамдық тыңдауларды өткізу кезінде Қазақстан Республикасы экология заңнамасының қоғамдық тыңдауларды өткізу тәртібіне қойылатын талаптарының бұзылуына жол берілген болса.

      Қайталама қоғамдық тыңдаулар Кодекстің 73-бабының 1-15 және 18-тармақтарына сәйкес өткізіледі.

      35. Қоғамдық тыңдауларды қайтадан өткізу барысында ықтимал әсер ету туралы есептің жобасы бастапқы қоғамдық тыңдаулардың хаттамасына енгізілген ескертулер мен ұсыныстарға сәйкес пысықталған бөлігінде, сондай-ақ ықтимал әсер ету туралы есептің жобасына енгізілген және қоғамдық тыңдауларда бұрын қаралмаған, белгіленіп отырған қызметке осы Кодекстің 65-бабының 2-тармағында көзделген елеулі өзгерістер бөлігінде қаралады. Егер ықтимал әсер ету туралы есептің жобасын пысықтау кезінде бастапқы қоғамдық тыңдаулардың хаттамасына енгізілген қандай да бір ескерту мен ұсыныс ескерілмесе, онда қоғамдық тыңдауларды қайтадан өткізу барысында Бастамашының ықтимал әсер ету туралы есептің жобасын осы бөлікте пысықтаудан бас тартуының себептері де қаралады.

      Қоғамдық тыңдауларды қайтадан өткізу барысында оларға қатысушы кез келген адам осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес қоғамдық тыңдауларды қайтадан өткізу кезінде қаралуға жататын мәселелер шегінде өзінің ескертулері мен ұсыныстарын айтуға құқылы. Көрсетілген мәселелерге қатысы жоқ ескертулер мен ұсыныстар қоғамдық тыңдауларды қайтадан өткізу кезінде ескерілуге жатпайды.

      Егер алдыңғы қоғамдық тыңдауларды өткізу кезінде Қазақстан Республикасы экология заңнамасының қоғамдық тыңдауларды өткізу тәртібіне қойылатын талаптарының бұзылуына жол берілген болса, онда қоғамдық тыңдауларды қайтадан өткізу барысында ықтимал әсер ету туралы есептің жобасы толық көлемде қаралады.

      36. Бастамашы қайталама қоғамдық тыңдауларды өткізу барысында авторлары алып тастамаған, мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың ескертулерімен және ұсыныстарымен келіспеген жағдайда, Бастамашының тиісті пікірі қайта қоғамдық тыңдаулар хаттамасына енгізіледі, ол облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тиісті әкімшілік-аумақтық бірлігінің жергілікті атқарушы органы тарапынан сараптама комиссиясының отырысын өткізуге ұсынылатын өтінішпен бірге қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға жіберіледі, осыдан кейін даулы мәселелер бойынша келіспеушіліктер осы Кодекстің 74-бабына сәйкес шешіледі.

      37. Сараптама комиссиясы отырысының хаттамасы қол қойылған күнінен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей Ақпараттық жүйеде орналастырылады, сондай-ақ оны облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары және әзірлеуші мемлекеттік орган ресми интернет-ресурсқа орналастырады.

      38. Сараптама комиссиясы ықтимал әсерлер туралы есептің жобасын пысықтау қажеттігі туралы шешім қабылдаған жағдайда, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган сараптама комиссиясы хаттамаға қол қойған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірмей белгіленіп отырған қызметтің бастамашысына пысықтауға есептің жобасын жібереді, содан кейін осы Қағидалардың ережелері қайта қолданылады.

4-тарау. Жария талқылаулар нысанында қоғамдық тыңдауларды өткізу тәртібі

      39. Ақпараттық жүйеде жария талқылау нысанындағы қоғамдық тыңдауларды Бастамашы:

      1) мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу барысында № 165 Қағидалардың 9-тармағында көзделген тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілерді салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жобалар бойынша;

      2) Кодекстің 87-бабының 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8, 9) тармақшаларында санамаланған жобалар бойынша;

      3) экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламаларының жобаларын әзірлеу кезінде, оның ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен бұрын келісілген бағдарламаларды толық немесе ішінара қайта қарайтын жағдайда;

      4) ең озық қолжетімді техникалар жөніндегі анықтамалықтардың жобаларын әзірлеу кезінде өткізеді.

      40. Жария талқылаулар нысанындағы қоғамдық тыңдауларды өткізу үшін Бастамашы жария талқылаулар басталатын күнге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей, толық немесе ішінара қатысты аумақтың шегінде орналасқан барлық тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің) аумағында таратылатын кемінде бір бұқаралық ақпарат құралында (мерзімді баспасөз басылымында, телеарна немесе радиоарна арқылы), сондай-ақ мүдделі жұртшылық үшін қолжетімді орындарда еркін нысанда Бастамашысын, жобаның атауын, қоғамдық тыңдаулар өткізу мерзімдерін осы Қағидалардың 43-тармағына және Ақпараттық жүйедегі сілтемеге сәйкес көрсетілген, қазақ және орыс тілдеріндегі хабарландыруды жариялауды ұйымдастырады.

      41. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдары қоғамдық тыңдауларды үйлестіруге жауапты адамды жария талқылау нысанында айқындайды.

      42. Жария талқылаулар арқылы қоғамдық тыңдауларды өткізу үшін Бастамашы Ақпараттық жүйеге мынадай құжаттарды орналастырады:

      1) № 165 Қағидалардың 9-тармағында көзделген тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілерді салу және (немесе) пайдалану бойынша жобалау құжаттамасы;

      2) Кодекстің 87-бабының 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8, 9) тармақшаларында санамаланған объектілер бойынша жобалау құжаттамасы;

      3) экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламаларының жобаларын;

      4) ең озық қолжетімді техникалар жөніндегі анықтамалықтардың жобаларын;

      5) кемінде бір бұқаралық ақпарат құралында (мерзімді баспасөз басылымында, телеарна немесе радиоарна арқылы) жария талқылаулар арқылы қоғамдық тыңдаулар өткізілетіндігі туралы хабарландырудың уақтылы және мүдделі жұртшылық үшін қолжетімді орындарда орналастырылғандығын растайтын құжатты.

      Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымы осы Қағидалардың 42-тармағында көрсетілген құжаттарды екі жұмыс күні ішінде Ақпараттық жүйеде жариялайды.

      Ұсынылған құжаттар 39 және 43-тармақтарға сәйкес келмеген, сондай-ақ осы Қағидалардың 40-тармағында көрсетілген мерзім сақталмаған жағдайда, ведомстволық бағыныстағы ұйым оларды пысықтауға қайтарады.

      43. Жария талқылануы тиіс жобалар орналастырылған күнінен бастап мынадай мерзім ішінде ескертулер мен ұсыныстарды ұсыну үшін қолжетімді болады:

      1) Кодекстің 87-бабының 3), 4), 5), 6), 7), 8) тармақшаларында көрсетілген объектілер бойынша – жиырма жұмыс күні;

      2) экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламаларының жобалары бойынша жиырма жұмыс күні;

      3) экологиялық рұқсаттарды беру рәсімі шеңберінде:

      қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін II санат объектілеріне жатқызылатын, № 165 Қағидалардың 9-тармағында көзделген тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілерді салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жобалау құжаттамасы бойынша – он бес жұмыс күні;

      Кодекстің 87 – бабының 9) тармақшасында көрсетілген объектілер бойынша - он жұмыс күні;

      4) Кодекстің 87-бабының 2) тармақшасында көрсетілген объектілер бойынша - бес жұмыс күні ішінде;

      5) ең озық қолжетімді техникалар жөніндегі анықтамалықтардың жобалары бойынша – он жұмыс күні.

      Талқыланатын жобалар бойынша ескертулер мен ұсыныстар жария талқылаудың соңғы күнінің 18.00 сағатына дейін қабылданады.

      Мүдделі мемлекеттік органдардың және жұртшылықтың арнайы тұжырымдалмаған және ескертулер мен ұсыныстардың мәнін көрсетпейтін немесе қоғамдық тыңдаулардың тақырыбына анық қатысы жоқ ескертулер мен ұсыныстар "қоғамдық тыңдаулар тақырыбына қатысы жоқ" деген жазбамен ескертулер мен ұсыныстардың жиынтық кестесіне енгізіледі.

      44. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымы келіп түскен ескертулер мен ұсыныстарды бір күн ішінде Ақпараттық жүйеде орналастырады.

      Жария талқылау мерзімі кезеңінде көзделіп отырған қызметтің бастамашысы Ақпараттық жүйеге келіп түскен ескертулер мен ұсыныстарға жауап береді.

      45. Қоғамдық тыңдауларды жария талқылаулар арқылы өткізу нәтижелері бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органының жауапты адамы екі жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттама ресімдейді және оған электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қояды.

      46. Аумағында қоғамдық тыңдаулар өткізілген тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзім ішінде оны Ақпараттық жүйеде және өзінің ресми интернет-ресурсына орналастырады.

      47. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың жобалық құжаттарына келіп түскен ескертулер мен ұсыныстарға Бастамашының негізделген жауаптары болмаған жағдайда, мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын орган Кодекстің 87-бабының 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8, 9) тармақшаларда көзделген объектілер бойынша қайтадан жария талқылаулар жүргізу қажеттігі туралы жауап жібереді.

  Қоғамдық тыңдауларды
өткізу қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

"Қоғамдық тыңдаулар" арнайы айдары

      Қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы хабарландыру:

      1) жобаның атауын;

      2) аумағына ықпал ету мүмкін болатын және аумағында қоғамдық тыңдаулар өткізілетін әкімшілік-аумақтық бірліктердің тізімін (егер тыңдаудың бір тақырыбы бойынша қоғамдық тыңдаулар бірден артық әкімшілік-аумақтық бірлікте өткізілетін болса), учаскенің географиялық координаттары және әсер ету аумағының географиялық координаттары;

      3) қоғамдық тыңдаулар өткізілетін орнын, басталатын күні мен уақытын. Ашық жиналысты өткізу мерзімі қоғамдық тыңдауларға қатысушылардың шешімі бойынша қатарынан бес жұмыс күніне дейін ұзартылады;

      4) Бастамашының деректемелері мен байланыс деректерін;

      5) ықтимал әсерлер туралы есептерді әзірлеушілердің немесе стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есептерді дайындау бойынша сырттан тартылған сарапшылардың немесе мемлекеттік экологиялық сараптама объектілерінің құжаттамасын, тиімділікті арттыру бағдарламаларын, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлеушілердің деректемелері мен байланыс деректерін;

      6) қоғамдық тыңдауларға шығарылатын материалдармен, ал кейін қоғамдық тыңдаулардың жарияланған хаттамасымен танысу үшін, Ақпараттық жүйеге және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органының ресми интернет-ресурсына сілтемені;

      7) көзделіп отырған қызмет, өткізілетін қоғамдық тыңдаулар туралы қосымша ақпарат алуға, сондай-ақ көзделіп отырған қызметке қатысты құжаттардың көшірмелерін сұрату үшін электрондық мекенжайы мен телефон нөмірін (-лерін);

      8) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органының жұртшылық пен мүдделі жұртшылық өз ескертулері мен ұсыныстарын қоғамдық тыңдауларға шығарылатын құжаттар бойынша жазбаша немесе электрондық нысанда жіберетін электрондық мекенжайы мен пошталық мекенжайы;

      9) мерзімді басылымда (газетте) қоғамдық тыңдаулар өткізілетіндігі туралы хабарландырудың уақытылы орналастырылғандығын растайтын құжатты;

      10) кемінде бір теле- немесе радиоарнада қоғамдық тыңдаулардың өткізілетіндігі туралы хабарландырудың уақытылы орналастырылғандығы растайтын құжатты;

      11) түсіру күні мен уақыты көрсетілетін бұрыштық электрондық мөртабаны бар, көпшілікке қолжетімді жерлерде орналастырылған, ашық жиналыстар арқылы қоғамдық тыңдаулар өткізілетіндігі туралы хабарландырулардың суретін;

      12) видеоконференцбайланыс платформасына сілтемесін қамтиды.

  Қоғамдық тыңдауларды
өткізу қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Қоғамдық тыңдаулар өткізуге сұрату хаты

      __________________________________________________________________

      (хаттың тіркеу деректері, шығыс нөмірі, күні)

      "Сіздерге _________________________________________________________________

                        (жобаның атауы)

      қоғамдық тыңдаулар өткізілетіндігі жөнінде хабарлаймыз.

      Жоба келесі аумақта жүзеге асырылатын болады:

      _______________________________________________________________

      (әсер ету аумағының географиялық координаттары және учаскенің географиялық

      координаттары)

      Аумағына әсер етуі мүмкін және аумағында қоғамдық тыңдаулар өткізілетін әкімшілік-

      аумақтық бірліктердің тізбесін ұсынамыз:

      _______________________________________________________________

      Қоғамдық тыңдаулардың тақырыбы:

      _______________________________________________________________

      (қоғамдық тыңдаулар тақырыбы көзделіп отырған қызметтің нақты атауын,

      жүзеге асырылатын орнын, мерзімін және Бастамашының атауын қамтиды)

      Қоғамдық тыңдауларды өткізудің төменде көрсетілген шарттарын келісуді сұраймыз:

      _______________________________________________________________

      (қоғамдық тыңдаулар өткізілетін орны, күні және уақыты)

      Елді-мекенде (мекендерде) қоғамдық тыңдауларды өткізу орны олардың көзделіп

      отырған қызмет аумағына жақын орналасуына негізделген (__________км).

      Қоғамдық тыңдаулар өткізілетіндігі туралы қазақ және орыс тілдеріндегі хабарландыру

      мынадай тәсілдермен таратылатын болады:

      _______________________________________________________________

      (хабарландыру орналастырылатын газеттің, теле-және радиоарнаның атауы)

      _______________________________________________________________

      (жұртшылық үшін қолжетімді орындардың орналасуы)

      Сонымен қатар қоғамдық тыңдауларды өткізу кезінде видеоконференцбайланысты

      ұйымдастырудың техникалық мүмкіндігі болатындығын растауды сұраймыз.

      Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес

      қоғамдық тыңдауларға қатысушылардың тіркелуін және тыңдаулардың видео- және

      аудиожазбасын қамтамасыз етуді сұраймыз."

      ____________________________________________________________________

      (қоғамдық тыңдаулар бастамашысының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса),

      лауазымы, өкілі болып табылатын ұйымның атауы, қолы, байланыс деректері).

  Қоғамдық тыңдауларды
өткізу қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Қоғамдық тыңдаулардың бастамашысына ұсынылатын жауап хаты

      ____________________________________________________________________

      (хаттың тіркеу деректері, шығыс нөмірі, күні)

      "Сіз ұсынып отырған қоғамдық тыңдауларды өткізу шарттарын келісу туралы

      хатыңызға (_________________ (күні) шығ. №_________) жауап ретінде

      келесіні хабарлаймыз:

      Сіз ұсынып отырған ______________________ (қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күні,

      орны, уақыты) __________________________ тақырыбы бойынша қоғамдық тыңдаулар

      өткізуді келісеміз."

      немесе "Мынадай себептерге байланысты

      ____________________________________________

      (келіспеу себептеріне мыналар жатады: өткізілетін орынның көзделіп отырған қызметті

      жүзеге асыру нәтижесінде аумағына әсер етуі мүмкін әкімшілік-аумақтық бірліктердің

      аумағына жатпайтындығы; өткізілетін күні мен уақыты демалыс және / немесе мереке

      күндеріне, жұмыс істемейтін уақытқа сәйкес келеді)

      Сіз ұсынып отырған ______________________ (қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күні,

      орны, уақыты) __________________________ тақырыбы бойынша қоғамдық тыңдаулар

      өткізуді келіспейміз."

      "Қоғамдық тыңдаулар өткізілетіндігі туралы хабарландыруды таратудың

      Сіз ұсынып отырған тәсілдерін қолдаймыз".

      немесе "Жұртшылықты неғұрлым тиімді хабардар ету үшін мынадай тәсілдермен –

      ___________________________________ толықтыруды (ауыстыруды) ұсынамыз".

      "Қоғамдық тыңдауларды өткізу барысында видеоконференцбайланысты

      ұйымдастырудың техникалық мүмкіндігі болатындығын растаймыз".

      "Мүдделі мемлекеттік органдардың тізбесі:

      1.

      2. "

      ____________________________________________________________________

      (Бастамашының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), лауазымы, өкілі болып

      табылатын ұйымның атауы, қолы, байланыс деректері).

  Қоғамдық тыңдауларды
өткізу қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

Қоғамдық тыңдауларға қатысушылардың тіркеу парағы

№ р/с

Қатысушының аты-жөні

Қатысушы санаты
(мүдделі жұртшылықтың, жұртшылықтың, мемлекеттік органның өкілі, Бастамашы)

Байланыс телефон нөмірі

Қатысу форматы (жеке немесе конференц-байланыс арқылы)

Қолы (ашық жиналысқа қатысқан жағдайда)

1

2

3

4

5

6

  Қоғамдық тыңдауларды
өткізу қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

Ашық жиналыстар нысанында өткізілетін қоғамдық тыңдаулар хаттамасы

      1. Аумағында қызмет жүзеге асырылатын немесе аумағына ықпал етілетін әкімшілік-аумақтық бірліктің (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың) немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің (ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің) әкімі аппаратының жергілікті атқарушы органының атауы:

      ______________________________________________________________

      2. Қоғамдық тыңдаулардың тақырыбы:

      ______________________________________________________________

      (қаралатын жобалау құжаттардың толық, нақты атауы)

      3. Қоғамдық тыңдауларға шығарылатын құжаттар жіберілген қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның және облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органының (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың) немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің (ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің) әкімі аппаратының атауы.

      4. Көзделіп отырған қызметтің орналасатын жері:

      ______________________________________________________________

      (көзделіп отырған қызмет учаскесі аумағының толық, нақты мекенжайы, географиялық координаттары)

      5. Көзделіп отырған қызметтің ықтимал әсеріне қатысы бар барлық әкімшілік-аумақтық бірліктердің атауы:

      ______________________________________________________________

      (белгіленген көзделіп отырған қызметті жүзеге асыру нәтижесінде аумағына әсер етуі мүмкін және аумағында қоғамдық тыңдаулар өткізілетін әкімшілік-аумақтық бірліктердің тізбесі)

      6. Бастамашының деректемелері және байланыс деректері:

      ______________________________________________________________

      (оның ішінде нақты атауы, заңды және нақты мекенжайы, БСН, телефондары, факстары, электрондық пошталары, сайттары)

      7. Ықтимал әсерлер туралы есептерді әзірлеушілердің немесе стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есептерді дайындау бойынша сырттан тартылған сарапшылардың немесе мемлекеттік экологиялық сараптама объектілерінің құжаттамасын әзірлеушілердің деректемелері мен байланыс деректері.

      ______________________________________________________________

      (оның ішінде нақты атауы, заңды және нақты мекенжайы, БСН, телефондары, факстары, электрондық пошталары, сайттары)

      8. Қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күн, уақыт, орын (қоғамдық тыңдаулардың ашық жиналысы өткізілетін күн (күндер) және уақыт):

      ______________________________________________________________

      (қатысушыларды тіркеу басталатын күн, уақыт, қоғамдық тыңдаулардың басталу және аяқталу уақыты, тыңдаулар өткізілетін орынның толық және нақты мекенжайы. Қоғамдық тыңдаулар ұзартылатын жағдайда барлық күндер көрсетіледі)

      9. Бастамашы жіберген сұрату хатының көшірмесі және қоғамдық тыңдауларды өткізу шарттарын келісу туралы әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары ұсынған жауап хаттың көшірмесі осы қоғамдық тыңдаулар хаттамасына қоса беріледі.

      10. Қоғамдық тыңдауларға қатысушыларды тіркеу парағы осы қоғамдық тыңдаулар хаттамасына қоса беріледі.

      11. Қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы ақпарат қазақ және орыс тілдерінде келесі жолдармен таратылды:

      1) Ақпараттық жүйеде;

      2) жергілікті атқарушы органның (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ресми интернет-ресурсында немесе әзірлеуші мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында

      ______________________________________________________________

      (ресми интернет–ресурстардың атауы, сілтемелер және жарияланған күні)

      3) қоғамдық тыңдаулар басталған күнге дейін жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей, бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде кемінде бір газетте және қатысы бар аумақтың шегінде толық немесе ішінара орналасқан тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында таратылатын кемінде бір теле-немесе радиоарна арқылы бұқаралық ақпарат құралдарында:

      ______________________________________________________________

      (газеттегі хабарландырудың атауын, нөмірін және жарияланған күнін көрсету, сондай-ақ газеттің сканерленген титулдық беті мен қоғамдық тыңдаулар өткізілетіндігі туралы хабарландыру берілген бетті қамтитын, сканерленген хабарландыруды қоса ұсыну)

      ______________________________________________________________

      (теле- немесе радиоарнаның атауын, хабарландыру жарияланған күнді көрсету, теле немесе радиоарнада жарияланған қоғамдық тыңдаулар өткізілетіндігі туралы хабарландырудың видео және аудиожазбасы бар электрондық жеткізгіш қоғамдық тыңдаулардың хаттамасына қоса тіркелуі (жариялануы) тиіс)

      4) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің) аумағында мүдделі жұртшылық үшін қолжетімді орындарда, ______ мекенжайы бойынша _________ дана хабарландыру.

      Осы қоғамдық тыңдау хаттамасына фотоматериалдар қоса беріледі.

      12. Қоғамдық тыңдауларға қатысушылардың шешімдері:

      ______________________________________________________________

      (хатшыны таңдау туралы. Қоғамдық тыңдауларға қатысушылардың санын көрсету: "қарсы емес", "қарсы", "қалыс қалды")

      ______________________________________________________________

      (регламентті бекіту туралы. Қоғамдық қатысушылардың санын көрсету: "қарсы емес", "қарсы", "қалыс қалды")

      13. Барлық тыңдалған баяндамалар туралы мәліметтер:

      ______________________________________________________________

      (баяндамашының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), лауазымы, өкілі болып отырған ұйымның атауы)

      ______________________________________________________________

      (баяндаманың тақырыбы, беттердің, слайдтардың, файлдардың, плакаттардың, сызбалардың саны)

      Қоғамдық тыңдауларға шығарылып отырған құжаттар бойынша баяндамалардың мәтіні осы қоғамдық тыңдаулар хаттамасына қоса беріледі.

      14. Мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың осы Қағидаларының 18-тармағына сәйкес жазбаша нысанда ұсынылған немесе қоғамдық тыңдауларды өткізу барысында айтылған барлық ескертулер мен ұсыныстарын, әрбір ескерту және ұсыныс бойынша бастамашының жауаптары мен түсініктемелерін қамтитын жиынтық кесте. Қоғамдық тыңдаулардың тақырыбына мүлде қатысы жоқ ескертулер мен ұсыныстар кестеге "қоғамдық тыңдаулардың тақырыбына қатысы жоқ" деген белгімен енгізіледі.

      15. Қоғамдық тыңдауларға қатысушылардың жоба және қаралатындардың сапасы туралы пікірі (негіздемесімен), құжаттардың, тыңдалған баяндамалардың толықтығы және оларды түсінудің қолжетімділігі тұрғысынан, оларды жақсарту бойынша ұсынымдар:

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), лауазымы, өкілдігінің атауы ұйымдар, пікірлер мен ұсыныстар)

      16. Қоғамдық тыңдаулар хаттамасына шағымдану Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес сот және сотқа дейінгі тәртіппен мүмкін болады.

      17. Қоғамдық тыңдаулардың төрағасы:

      ______________________________________________________________

      (тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), лауазымы, өкілі болып табылатын ұйымның атауы, қолы, күні)

      18. Қоғамдық тыңдаулардың хатшысы:

      ______________________________________________________________

      (тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), лауазымы, өкілі болып табылатын ұйымның атауы, қолы, күні)

Қоғамдық тыңдаулар өткізілгенге дейін және өткізу кезінде келіп түскен ескертулер мен ұсыныстардың жиынтық кестесі

р/с

Қатысушылардың ескертулері мен ұсыныстары (қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, өкілі болып отырған ұйымның атауы)

Ескертулер мен ұсыныстарға жауаптар (жауап берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және/немесе лауазымы, өкілі болып отырған ұйымның атауы)

Ескерту
(алынып тасталған/алынбаған ескерту немесе ұсыныс, "қоғамдық тыңдау тақырыбына қатысы жоқ")





  Қоғамдық тыңдауларды
өткізу қағидаларына
6-қосымша

      Нысан

Ашық жиналыстар арқылы қоғамдық тыңдаулар өткізу регламенті

      Қоғамдық тыңдауларға қатысушыларды тіркеу.

      Келісілген уақытта қоғамдық тыңдаулардың ашылуы.

      Баяндамашылардың сөз сөйлеуі (ұзақтығы әрбір нақты жағдайда жеке белгіленеді).

      Баяндамаларды талқылау (ұзақтығы әрбір нақты жағдайда белгіленеді).

      Баяндамалар бойынша қоғамдық тыңдауларға қатысушылардың ескертулері мен ұсыныстары тыңдалады. Баяндамашылар өз кезегінде қоғамдық тыңдауларға қатысушылардың ескертулері мен ұсыныстарына жауап береді.

      Қоғамдық тыңдауларды қорытындылау (ұзақтығы әрбір нақты жағдайда белгіленеді).

  Қоғамдық тыңдауларды
өткізу қағидаларына
7-қосымша

      Нысан

Жария талқылаулар нысанында өткізілетін қоғамдық тыңдаулар хаттамасы

      1. Аумағында қызмет жүзеге асырылатын немесе аумағына ықпал етілетін әкімшілік-аумақтық бірліктің (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органының атауы:

      _________________________________________________________________

      2. Қоғамдық тыңдаулардың тақырыбы:

      ____________________________________________________________________

      (қаралатын жобалау құжаттардың толық, нақты атауы)

      3. Мекенжайына қоғамдық тыңдауларға шығарылатын құжаттар жіберілген, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының атауы

      _______________________________________________________________

      4. Көзделіп отырған қызметтің орналасқан жері:

      _______________________________________________________________

      (көзделіп отырған қызмет учаскесі аумағының толық, нақты мекенжайы, географиялық координаттары)

      5. Көзделіп отырған қызметтің ықтимал әсеріне қатысы бар барлық әкімшілік-аумақтық бірліктердің атауы:

      _______________________________________________________________

      (көзделіп отырған қызметті жүзеге асыру нәтижесінде оның аумағына әсер етуі мүмкін және аумағында қоғамдық тыңдаулар өткізілетін әкімшілік-аумақтық бірліктердің тізбесі)

      6. Бастамашының деректемелері және байланыс деректері:

      _______________________________________________________________

      (оның ішінде нақты атауы, заңды және нақты мекенжайы, БСН, телефондары, факстары, электрондық пошталары, сайттары)

      7. Құжаттаманы әзірлеушілердің деректемелері және байланыс деректері

      _______________________________________________________________

      (оның ішінде нақты атауы, ведомстволық бағыныштылығы, заңды және нақты мекенжайы, БСН, телефондары, факстары, электрондық пошталары, сайттары және басқа да ақпарат)

      8. Қоғамдық тыңдаулар өткізілген кезең:

      _______________________________________________________________

      9. Қоғамдық тыңдаулардың өткізілетіндігі туралы ақпарат мемлекеттік және орыс тілдерінде мынадай тәсілдермен таратылды:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      10. Қоғамдық тыңдаулар хаттамасының ажырамас бөлігі болып табылатын және жария талқылаулар нысанында қоғамдық тыңдаулар өткізу кезінде алынған Мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың ескертулер мен ұсыныстарды, әрбір ескерту және ұсыныс бойынша бастамашының жауаптары мен түсініктемелерін қамтитын жиынтық кесте. Қоғамдық тыңдаулардың тақырыбына мүлде қатысы жоқ ескертулер мен ұсыныстар кестеге "қоғамдық тыңдаулардың тақырыбына қатысы жоқ" деген белгімен енгізіледі.

      11. Қоғамдық тыңдаулар хаттамасына шағымдану Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес сот тәртібімен және сотқа дейінгі тәртіппен мүмкін болады.

      12. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органының жауапты адамы

      ______________________________________________________________

      (тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), лауазымы, өкілі болып табылатын ұйымның атауы, қолы, күні)

Жария талқылаулар нысанында өткізілетін қоғамдық тыңдаулар өткізілгенге дейін және өткізу кезінде келіп түскен ескертулер мен ұсыныстардың жиынтық кестесі

р/с

Қатысушылардың ескертулері мен ұсыныстары (қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, өкілі болып отырған ұйымның атауы)

Ескертулер мен ұсыныстарға жауаптар (жауап берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және/немесе лауазымы, өкілі болып отырған ұйымның атауы)

Ескертпе
(алынып тасталған ескерту немесе ұсыныс, "қоғамдық тыңдаулардың тақырыбына қатысы жоқ")





  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрінің м.а.
2021 жылғы 3 тамыздағы
№ 286 Бұйрығына
қосымша

Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 7 мамырдағы "Қоғамдық тыңдаулар өткізу қағидаларын бекіту туралы" № 135-ө бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4687 болып тіркелген).

      2. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 7 мамырдағы "Қоғамдық тыңдаулар өткізу қағидаларын бекіту туралы" № 135-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 2 сәуірдегі № 88-ө бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 7589 болып тіркелген).

      3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 7 мамырдағы "Қоғамдық тыңдаулар өткізу қағидаларын бекіту туралы" № 135-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 26 наурыздағы № 50-ө бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8427 болып тіркелген).

      4. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 7 мамырдағы "Қоғамдық тыңдауларды өткізу қағидаларын бекіту туралы" № 135-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 21 маусымдағы № 260 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13957 болып тіркелген).

      5. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 7 мамырдағы "Қоғамдық тыңдауларды өткізу қағидаларын бекіту туралы" № 135-ө бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 8 қыркүйектегі № 307 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15834 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады